Материалдар / Мақала "Ұлы Даланың 7 қыры
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мақала "Ұлы Даланың 7 қыры

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала мектеп оқушылары мен жалпы оқырман қауымға Елбасы мақаласының көрегендігін ұғындырып, таныстырады. Мақала жастар санасына елге деген ерекше көзқарас қалыптастыуға себеп бола отырып, патриоттық тәрбие береді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Сәуір 2019
1324
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Елбасы мақаласы салған айқын мақсат

Қазақтың қанына сіңген дүние өте көп. Бірақ, басынан небір кезең өткен ата-бабамыздан, заманның ызғары құнды дүниесін алысқа әкетті. Қазіргінің санасын шарламаса да, өткеннен жетіп, тарихтан өше қоймаған біраз мұрамыз бар. Бірақ, қазақ құнды мұра деп мұрағаттан лайықты орын бергенше шет елдің қанжығасына байланды. Осы күнге дейін Елбасының Қазақстан халқына жолдауында қазақтың дәстүрін, салт-санасын, мәдениетін, тілін, дінін сақтау жолында көп еңбек етілді. Әлі де ұлттық мұрамызды сақтауда есепсіз тер төгілмек. Соңғы мақала да соның дәлелі болмақ. Ұлы даланың жеті қыры түбі өзіміздікі болғанымен, өзгенің атымен танылған құндылықтарымызды ұлт санасына сіңіруге жұмыстандырады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы болып саналатын мақала 2 бөлімнен тұрады. Біріншісі, «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт» деп аталса, екінші бөлім «Тарихи сананы жаңғырту» делінген. Ендеше, «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт» туралы толығырақ. Ежелден қазақ өзіне серік болып, серінің сымбатын арттырған, жылқы малына ерекше сүйіспеншілік танытты. Мұны даңқты жауынгердің сырбаз бейнесін сәйгүліксіз елестете алмауымыз дәлел болмақ. Әдебиеттің эпостық жырларында , тарихтың жазбаларында сақталған жылқы малының халыққа тигізген пайдасы көл-көсір. Мақалада осы турасында сөз болады. Қазақтың қойнауы қазына – байлыққа өте бай дедік. Мұнайы, алтыны, мыс пен мырышы тек ел ішін ғана емес, шет елдерді де қамтамассыз етуге қауһарлы. Елбасы Н. Назарбаевтың мақаласы аясында қозғаған тақырыптарының бірі де осы. Жерімізден табылған қазба жұмыстары, археологиялық қазбалар, қару-жарақтардың барлығы ежелгі қазақ жерінде металлургияның дамығанын дәлелдеп тұрғанын мақала аясында көрсеткен.

Ұлы далада еркін көсілген қазақ халқы табиғаттың ажырамас бір бөлігіне айналды.

Кең өлкеде еркін өмір кешкен халықтың символына айналған – «аң стилі» қазақпен бірге өнді, дамыды. Тұрмысқа сіңген стилдің қазірде әлемдік аренаның феномені болып, индустрияның дамуына үлес қосарын ешкім болжаған да емес. Ақын, әдебиетші Тыныштықбек Әбдікәкімұлы «Ұлы дала туралы пайымымыз жарықтық Аман­тай Айзахметовтің «Біздің Ұлы дала – әлемдік барша көне патша­лық­тардың алтын бесігі» деген пікірімен сабақтасып жатады. Мәселен, ол кісі бір кітабында Крит аралынан табылған тастағы жазуды «Шеше көрген – тон пішер, Әке көрген – оқ жонар» түрінде оқиды. Ал біз мұқият қарап, ол жазудың «Шеше көрген ұл – тон пішер, Әке көрген қыз – оқ жонар. Таққа сол лайық» деген сөз екенін анықтадық» деген болатын. Демек, бұл жоғарыда айтылған пікірдің дұрыстығын айқындап тұр.

Өнертанушы, ғалымдар арасында «қазақстандық Тутанхамон» деген атпен танылған «Алтын адамның» тарих беттеріндегі алар орны зор. 17 ғасыр мұрасы – сақ жауынгерінің мүрдесі ежелгі қазақтың алтын өңдеу технологиясының аса үлкен дәрежеде екенін айқындап тұр. Қорымдағы сән-салтанат қазақтың патшаға көрсеткен құрметінің ерекше екендігін дәлелдемек. Президент мақаласы барысында дәл осы тақырыптың қозғалуы тарихтың жаңғыруы, қазіргі заман жаңғыруына айналатынын көрсетпек.

Ұлы дала елінде түріктердің бір жерге бас қосуы білім мен ғылымның, мәдениет пен өнердің өркендеуіне үлес қосты. Елбасы мақаласы, сол ғасырдың өркендеуіне үлес қосқан Ахмет Яссауи, Әбу насыр Әл-Фараби секілді тұлғалардың да есімін елеусіз қалдырмаған.

Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақытта қарастырылған тағы бір тақырып «Ұлы Жібек жолы». Қазақ жеріндегі сауда-саттықтың дамып, экономиканың қарыштауына пайдасын тигізген Жібек жолы Еуразия елдерін байланыстырушы үлкен сауда жолына айналды. Алғашқы жүрісі Түркі елдерін ғана қамтыған Жібек жолы уақыт өткен сайын аумағын кеңейтіп, халықтың әл-ауқатын жақсарта түскен болатын.

Мақалада қамтылған тағы бір тақырып, Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны деп аталды. Тарихтан Алатау қызғалдағы пен алманың ежелгі отаны екені дәлелденген дүние. Қазір әлемде 3 мыңнан астам түрі бар қызғалдақтардың басым көпшілігінің түп тамыры қазақстандық қызғалдақтар. Міне, мақала аясында қозғалған тақырыптар осындай еді.

Өткеніміз бен бүгінімізді қамтып, бір арнаға тоғыстырған Елбасы мақаласының ауқымы үлкен. Ұлы даланың жеті қыры әлі де қойнауына көп сырды бүгіп жатыр. Біз білмейтін тұстары, мәлім болмаған құпиялары көп Ұлы даланың ашар жаңалығы алда. Елбасы мақаласы қазақтың дәстүрін, тілін, дінін айшықтап, ұрпаққа аманат етер тағы бір көрнекті еңбектің бірі болып қалмақ.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!