Материалдар / Математика 3 сынып Көбейту және бөлу
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Математика 3 сынып Көбейту және бөлу

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мамандарға көмегі болып қалар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қараша 2019
1972
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Көбейту және бөлу амалдарын орындауда 1 санының қасиеті /Қазақстан табиғаты жазушылар шығармаларында

Мектеп:

Күні:23.09.19

Мұғалімнің аты-жөні: Исанова Б.К.

3-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.1.2.2. Көбейту және бөлуді орындауда 0 мен 1 сандарының қасиеттерін қолдану; санды 0 санына бөлуге болмайтынын білу.

3.1.2.3. Көбейтудің ауыстырымдылық, үлестірімділік, терімділік қасиеттерін тиімді есептеулер жүргізу үшін қолдану.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар :

көбейту және бөлуді орындауда 0 мен 1 сандарының қасиеттерін қолдану; санды 0 санына бөлуге болмайтынын білу.

Бірқатар оқушылар:

Есептеуді тиімді ету үшін көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін қолданады.

Кейбір оқушылар:

Санаудың тиімді тәсілдерін түсіндіре алады.

Тілдік мақсаттар





Дағдыларын дамыту:

көбейту және бөлуді орындауда 0 мен 1 сандарының қасиеттерін қолдану; санды 0 санына бөлуге болмайтынын білу.

Пәндік лексика және терминология:

Амалдың қасиеттері, амалдың ауыстырымдылық қасиеті.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

1-ге көбейту мен бөлу ережесін құрастыр.

Көбейтудің ауыстырымдылық қасиетінің мәнін түсіндір.

Жазылым:

Өрнектерді жазу.

Тірек білім, білік, дағдылар

Көбейту мен бөлу амалындағы 1 санының қасиеті.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Қоры


0-3

Ынталандыру.

Оқушылар оқулықтағы 1-тапсырманы орындайды, шығарманың атауы мен авторын және өзара байланысты өрнекті анықтайды.



4-6

Өзектендіру.

Көбейту компоненттерін атаңыз. (Көбейткіш, көбейткіш, көбейтінді)

Бірінші көбейткіш нені білдіреді? (Қосындыдағы тең қосылғыштар)

Екінші көбейткіш нені білдіреді? (Осындай қосылғыштардың саны.)

Қосуды көбейтумен ауыстырыңыздар.

2+2+2+2 3+3+3+3+3+3+3 1+1+1+1 4+4+4+4+4

Біз кестеден қандай жағдайды үйренбедік?

  • 1 · 4

Рас, бұлерекше жағдай.

Оқулық.



7-11


Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

4 1 өрнегі қандай мағына береді? (Мәселе!)

  • Оның ақиқаттығын қалай тексеруге болады?

Бірақ бұл үшін көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін пайдалану керек.

Сонымен, біздің сабақтың мақсаты 4 1 = 4 анықтау, теңдікті тура теңдік дей аламыз ба?

Оқулық.



12-29


Жаңаны ашу.

Оқушыларды 1 санына көбейту және бөлу тәсілдерімен таныстыруды келесі тапсырмамен байланыс ретінде өткізуге болады:

Көбейтіндіні қосындымен алмастырып, есепті шығарыңыз.

1 · 7 1 · 12 1 · 4

1-ді санға көбейту кезінде не байқадыңыз?

(қандай санға көбейтсеңіз, сол сан шығады.)

1 саны қосылғыш ретінде неше рет алынады? (Екінші көбейткіште неше бірлік болса, сонша.)

Яғни, көбейтіндіде қай сан әрқашан болады? (Көбейтіндіде әрқашан екінші көбейткішке тең жауап болады).

Мұғалім 2(а)- тапсырманы орындауды ұсынады. Оқушылар есептеп, шешім шығарады.

2(ә)- тапсырмада оқушылар көбейту мен бөлуге өзара байланысты 2 мысал құрастырады, шешім шығарады:

егер көбейтіндіде көбейткіштің біреуі 1-ге тең болса, есептің жауабы екінші көбейткішке тең.

егер санды дәл сол санға бөлсе 1 шығады.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

Оқулықтағы 3 тапсырманы оқушылар түсіндіріп орындайды.

1∙6=6 15∙1=15 9:9=1 1∙78=78

35∙1=35 15:15=1 28:28=1 40∙1=40


Оқулықтағы 4-тапсырманы оқушыар топпен орындайды. Мұғалім балалардың С.Бабенконың «Түйетас» ертегісін біле ме екен деп сұрайды, онда қандай ауыл атаулары кездеседі? Тапсырманы орындап, сұраққа жауап беруге болады. Оқушылар бірмен көбейтілген өрнекті тауып, тапсырма сұрақтарына жауап береді.

1∙5=5 Амансай 1∙3=3 Қызылсай 9∙1=9 Түйетас

1∙8=8 Бурабай

Оқулық, разрядтар кестесі, дәптер, жаттықтырғыш.


30-36


Өзіндік жұмыс.

Оқулықтағы 5-тапсырмада оқушылар есеп шығарады.

Мұғалім дәптердегі тапсырманы бағалау критерийлерімен қарауды ұсынады.

Мен:

- 1 санының қасиетін көбейту және бөлу амалдарында қолданады;

- көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін есепті ұтымды ету үшін қолданады.


5 а

Алан-15 мин.

Сәкен- ? 9 мин

Санжар-? 3мин кем жұмсады

Ш:15+9=24 24-3=21

Ж:Санжар өлеңді 21 минутта жаттады


5 ә

3 сынып -209 оқушы

1000 2 сынып -358 оқушы

4 сынып -? оқушыларға түскен сұраныс саны

Ш: 209+358= 567

1000-567=433

Ж: 4 сынып оқушыларға түскен сұраныс саны 433.


5 б.

Әрбір қатысушыға -5 минут

9 қатысушыға -? Мин уақыт берілді.

Ш:5∙9=45

Ж: 9 қатысушыға 45 мин уақыт берілді.


5 в.

Өзеннің -120

Таудың -245 ? суретін салды

Жануардың -198

Ш:120+245+198=563

Ж: Оқушылар көрмеге қою үшін барлығы 563 сурет салды.


Өткенмен жұмыс.

6-тапсырманы оқушылар топпен орындайды, әр топ өз бағанындағы мысалдарды орындайды. Оқушыларға мысалды үлкен сандармен А3 форматына жазуға болады, сосын барлық сыныптастарының алдында таңдалған амалдар тәртібін түсіндіру керек. Оқушыларға өрнекті жазып, амалдар тәртібін, олардың мәнін жазып, топтар арасында тексеру үшін алмастырады.

37+12:6=39 27+6-3=30

12:6∙3=6 (6+10):2+5=13

5∙2+4:2=12 54-14-7=23

18:9∙5=10 50+(98-90)∙2=66

450+6:1=456 540-40∙1=500

8∙1:4=2 850-(1∙6+12) =832


Оқулықтың 7-тапсырмасында оқушылар есептейдің тиімді тәсілдерін пайдаланып, уақытқа шығарады.


11+22+33+44+66+77+88+99=440

(350+105+250)-(111+28+459) =705-598=107

(450+20+50)+(450-20-50) =520+380=900

(45+12+95)-(91+42+19) =152-152=0


Оқушылар оқулықтағы зерттеушілікті талап ететін 8 тапсырманы орындайды. Жақшалардың теңдіктер дұрыс болатындай етіп, орнын ауыстыру керек.


(3+5)∙4=32 (3+5)∙4-2=30 5-(4∙1)=1

3+(5∙4)=23 3+5∙4-2=13 (5+4) ∙1=9

Оқулық, дәптер.

37-40

Рефлексия.

Мұғалім оқушыларға сөйлемдері аяқталмаған үлестірмелі қима қағаз таратады, оқушылар жалғасын жазады:

Мен үйрендім

Мен жасай алдым.

Менің… қолымнан келді.

Оқулықтағы үй тапсырмасы үшін ұсынылған 6(ә)-тапсырма жаңа тақырыпты пысықтау үшін міндетті болып табылады.

Тапсырмалардың басқа бөлігі балалардың сабақтағы тапсырмаларды орындау деңгейлерін ескеріп саралап беріледі.

6 (ә) тапсырмада оқушылар амалдар тәртібі бойынша қателерін түзетеді.

370+12:4+7=380

(68-50):3+506=512

850-(24:3+232) =610




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!