Материалдар / Математика әлеміне саяхат
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Математика әлеміне саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика сабағына көмегі тиер деген үміттемін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Мамыр 2021
358
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қарапайым математикалық ұғымдарын

қалыптастыру.

Мақсаты:5 көлемінде санды есептеуге үйрету. Сандарды тура және кері санау.

Балалардың ұсақ қол маторикасын дамыту.

Білімділік: Балалардың қарапайым математикалық дағдыларын қалыптастыра

отырып, сандар жайлы түсініктерін тереңдету. Геометриялық

пішіндерді тануға, тура және кері жаңылмай санауға ынталандырып,

тапсырмалар арқылы ықпал ету.

Дамытушылық:Баланың логикалық ойлау қабілетін, танымын дамыту, зейінін,

тез ойлауын, шапшаңдыққа қызығушылықтарын ояту.

Тәрбиелік:Балалардың бойында мейірімділік, достық сезімдерге тәрбиелеу.

Керекті құралдар:жеке балаға жұмыс жасауға арналған монтессори құралдар,

5 көлемінде сандар карточкасы. Музыка, текшелер, геометриялық пішіндер.

Оқу қызметінің кезеңі Тәрбиешінің қызметі Балалардың іс-әрекеті

Мотивация-

лық қозғаушы Шаттық шеңбері:

-Балалар бүгінгі оқу қызметі ерекше болмақ. Себебі бүгін біздің оқу қызыметімізге көптеген тәрбиеші апайлар қонаққа келіп отыр. Апайларымыз бен достарымызбен, амандасып алайық.

Сәлем досым! саған да,

Саулық тіле, маған да.

Сәлеметсіздерме, сіздерде,

Қуанып тұрмыз , біздерде.

Жарайсыңдар, балалар,

Бүгінгі күнге сәттілік!

-Балалар, білесіңдер ме?

Қонақтар бүгін неге келгенін. Сендердің білімдеріңді, ойындарыңды тамашалауға келген екен. Біз ойынымызды көрсетеміз бе?

Ал, балалар дайынсыңдар ма?

Ендеше балалар мен с ендермен бірге«Математика әлеміне саяхатқа» аттанамыз.

Балалар мына жерде автобус тұр, мен сендерге билет таратамын.Ал сендер қолдарыңдағы билетке қарап, өз орындықтарыңа отырасындар.

(Балалар орындарына отырады. Ал жүргізуші мен боламын).

Жүрер алдында тәрбиеші барлық балалардың билеттерін тексеріп, балалардан қай орында отырғанын сұрайды. Енді балалар ешқайсымыз шатаспай орнымызға отырған екенбіз, енді жол жүруге болады.

(Әуен ойнап, автобус жүреді. Әуен тоқтағанда тәрбиешінің қасына балалар жиналады).

Бір-бірімен

қол беріп амандасады

Балалар қимылмен көрсету арқылы орындайды.

-Иә.

-Иә.

Балалардың жауаптары.

-1, 3, 5,4. т.б. айтады.

Іздену – ұйымдастыр

ушылық Ал, Математика әлеміне саяхат жасауға хош келдіңдер. Балалар билеттерімізді, мына қалташаға салып қояйық. Бізге әліде қажет болады.

1 -аялдама:

-Балалар, қараңдаршы қандай әдемі жер.

-Бұл жер сендерге ұнады ма?

-Неге ұнамады?

Балалар, қатты жел болып, гүлдерді ұшырып жіберген ғой. Ендеше шашылып жатқан гүлдерді, жинастырып қояйықта. Мына жеріміз әдемі болсын. Өздерің ұқыпты, ақылды балалар екенсіңдер.

-Мына гүлдердің түсі қандай?

-Балалар гүлдерді санайықшы?

Барлығы неше гүл болды?

Енді мына менің қолымдағы сандардан гүлдің құрамын табайық.

Дұрыс таптыңдар.

Сандардың ішінен ағаш саның тауып көрейік.

-Балалар ағаштарда көбелектер қонып тұр екен, кәне көбелектерді санайықшы?

Дұрыс таптыңдар.

Дұрыс айтасыңдар балалар.

2- аялдама:

-Ендеше мен сендерді кілемшеге шақырамын.

Ойын ойнаймыз ба?

Мен сендерге жұмбақ жасырамын сендер шешуін табасыңдар. Келістік пе?

Жұмбақ:

Сылдырдан қорқады.

Шошынып жортады.

Бұл не?

Жұмбақтың шешуін дұрыс таптыңдар балалар.Енді ойын ойнаймыз.

Ойынның шарты: Қимылды ойын:«Кім шапшаң!»Мен қолымдағы сылдыр-мақты сылдырлатамын, ал сендер қоян болып секіресіңдер. Мен мына жерде жатқан шеңберлерге сандар тастаймын, сылдырмақ тоқтағанда сандарға байланысты шеңберге орналасасыңдар. (ойын 2-3 рет қайталанады). Жарайсындар балалар, жақсы ойнап шықтыңдар!

Енді мына менің қолымдағы текшеге назар аударамыз. Бұл текшеде не жазылған балалар.

Дұрыс айтасыңдар.

Ойынның шарты: Қолымдағы текшені мен бір балаға лақтырамын, ал бала өзіне қарап тұрған санды атайды.

Тәрбиешінің қасына балалар келеді де қалташада тұрған, карточкаларды алады.

3-аялдама:

Бұл карточкада тапсырмалар берілген, «Жұбыңды тап». 5 бала сандар алады, 5 бала домино карточкаларды алады. Мысалы:5саныңы жұбын табу, 5деген доминосын немесе 3 снының 3 деген доминосын табу.Содан кейін сандарды тура және кері санату.

-Балалар енді біз геометриялық пішіндер қалашығына барамыз. Оған бару үшін мына көлден өтуіміз керек.

-Қазір бізде қай мезгіл?

-Көктем мезгілінде дала қандай болады?

Ендеше геометриялық пішіндер қалашығына бару үшін мына көлден, реттік сан бойынша өтуіміз керек.

Балалар столға барып жайғасады.

Тақтамен жұмыс:

-Балалар мына тақтадағы қандай пішіндер?

Дұрыс айтасыңдар.

-Ал, мынау қандай пішін?

-Ал мынау қандай пішін?

Ал мынау қандай пішін?

Үстелде отырып тапсырмаларды орындайды.

1-үстел: Геокант тақтасына үшбұрыш, шаршы, дөңгелек салады.



2- үстел: "Әдемі моншақтар тізбегі"(Түрлі моншақтарды кезектестіре отырып тізіп шығу).

3- үстел:5 бала сипап сезу арқылы қалташадағы түймелерді табу керек, қонақтармен.

Тапсырма орындалғаннан кейін ортаға жиналамыз. Автобусқа отыру үшін билеттер таратылады. Балалар балабақшаға оралады.

- Жоқ.

-Себебі бұл жерде гүлдер шашылып жатыр.

-көк, ақ, сары, қызыл, күлгін.

1-2-3-4-5.

-5.

-3.

-4

-Иә.

-Иә.

-Қоян.

Балалар ойын ойнайды.

-2,3,4.

-5,3,2.

-Санадар.

Балалар жұптарын тауып ойнайды.

Тура және кері санайды.

-Көктем.

-Далада қар еріп, күн жылынады. Батпақ, су болады.

-1,2,3,4,5 деп.

-Геометриялық пішіндер.

-Шаршы.

-Үшбұрыш.

-Дөңгелек.

Балалар геокант тақтасына шаршы, үшбұрыш, дөңгелек салады.

2 бала отырып моншақтарды тізеді. 1 бала 5 моншақ. 2 ші бала 3 моншақ тізеді.

Қонақтармен бірге қалташада қанша түйме орналасқаның сипап сезу арқылы айтады.Рефлексивті- коррекциялау

шы Қорытынды.

-Балалар, біз бүгін қайда бардық?

-Саяхатта не істедік.

-Балалармен ұйымдастырылған ашық оқу қызметі бүгін сендерге ұнады ма?

-Балалар математика әлемінің патшайымы сендерге арнап сыйлық беріп жіберіпті.

-Бүгін сендер жақсы, білімді, тәртіпті болдыңдар.

Қонақтармен қошатсу шеңбері:

Балалар, «Әрқашан күн сөнбесін, аспаннан бұлт төнбесін» демекші, аспанымыз ашық болсын деп, мына алдымыздағы күндермен бұлттардың шуақтарын орналастырып әрқашан күніміз осындай болсын деген мақсатпен бүгінгі оқу қызыметімізді аяқтаймыз.

Осымен бүгінгі «Қызықты математика әлеміне саяхат» атты ұйымдасқан оқу қызметіміз аяқталды.

Балалар:

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау саламат болайық!

Балалардың жауабы.

Оқу қызметінен алған әсерлерімен бөліседі.



Балалар, күннің бұлттың шуақтары мен нөсерлерін қысқышпен орналастырады.



Күтілетін нәтиже:

Жаңғырта алады:

5-көлеміндегі сандарды тура және кері санайды,заттың кеңістікте орналасу ретін түсін,пішінін ажыратады.

Қолданады:

Геометриялық пішіндерді ұғымдарын дұрыс қолданады. Геокант тақтасымен қолдану біледі.

Түсінеді:Берілген тапсырманы түсініп,өз бетінше әрекет етуді.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!