Материалдар / Математика пәні бойынша мәселелік оқытуды қолдану арқылы оқушылардың жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын қалай дамытуға болады?
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Математика пәні бойынша мәселелік оқытуды қолдану арқылы оқушылардың жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын қалай дамытуға болады?

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика пәні бойынша мәселелік оқытуды қолдану арқылы оқушылардың жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын қалай дамытуға болады деген сұраққа жауап табылады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Наурыз 2023
180
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Математика пәні бойынша мәселелік оқытуды қолдану арқылы оқушылардың жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын қалай дамытуға болады?

Ұстаздың қолында ел болашағы мен ұлт келешегі бар десек артық айтпағанымыз. Басқа елдермен тереземіз тең болуы үшін қазіргі уақытта білім жолына өте үлкен назар аударуымыз керек. Өсіп келе жатқан ұрпағымыздың саналы, білімге құштар, көшбасшылық қабілеттерге ие болуына өз ықпалымызды тигізсек нұр үстіне нұр болары анық. Егеменді еліміздің бүгінгі таңдағы ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, оған жетудің бірден – бір жолы әлемдік білім кеңістігінен орын алу болып табылады.

Сондықтан да білім мазмұнын байыту, оқыту үрдісін жетілдіру, жан – жақты дамыған, рухани жетілген жас ұрпақты қалыптастыру - өз шешімін қажет ететін, кезек күттірмейтін мәселе.

Мәселелік оқытудың ерекшелігі – мұғалімнің шығармашылық қабілеті арқасында проблемалық сұрақ туып, оқушылар оны шешу жолында дағды мен қабілеттерін пайдаланып, ойлау қабілеттерін дамытады.

Ғылыми білім логикасының түп - төркіні проблемалы жағдайлардың логикасы болып табылады. Проблемалы жағдайлар мазмұнның белгісіздігіне қарай, проблемалықтың деңгейіне қарай, ақпарат сәйкессіздігінің түріне қарай, басқа да әдістемелік ерекшеліктеріне қарай әртүрлі болуы мүмкін. Мәселелік оқыту технологиясы – бұл проблемалы жағдайларды, оқушылардың белсенді танымдық қызметін ұйымдастыруға негізделген технология. Психологиялық – проблемалық жағдай жасаудың өзіндік жеке ерекшеліктері бар. Тым қиын не тым жеңіл танымдық міндет оқушылардың ойында проблемалық жағдай туғызбайды.

      Мәселелік оқыту тәсілін жаңа тақырыпқа шығу кезінде, жаңа сабақты бекіту, тексеру кезеңдерінде ойластыруға болады. Мұғалім проблемалы жағдай (ситуация) туғызып, оның шешімін іздеуге оқушыларды бағыттайды. Сөйтіп, бала өз оқуының субьектісіне айналады, соның нәтижесінде бала жаңа білім игеріп, әрекет әдістерін меңгереді. Бұл күрделі әрі кейде бірсарсынды келетін математика сабақтарында оқушылардың ойын дамытуға, әрекет етуге, терең ойлануға таптырмас құрал.

Қазіргі уақыттағы білім берудің ерекшелігінің біріне оқушыны шығармашылыққа дайындау екені даусыз. Ал мәселелік оқыту шығармашылық процесс болып табылады: мұғалім жаңа білімді дайын түрде баяндамай, оқушылардың алдына проблемалық сұрақтарды қойып, оларды шешудің жолдары мен тәсілдерін іздеуге бейімдейді.

Ал енді математикада мәселелік оқытудың тиімді жақтарына келетін болсақ:

—         Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттырады;

—         Оқу еңбегіне қызығушылығын арттырады;

—         Оларды өздігінен саналы жұмыс істеуге үйретеді;

—         Берік білімге, оқытудың жоғары нәтижесіне жеткізеді.

Кейбір кемшіліктеріне келер болсақ:

—         Оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруға әлсіз ықпал ету;

—         Мақсатқа жету үшін көп уақыт жұмсау.



Ендігі кезекте математика пәні бойынша мәселелік оқытуды қолдану арқылы оқушылардың жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын қалай дамытуға болады? Деген сұраққа тоқталсақ.

Ең әуелі мұғалімнің сабақ түсіндіру міндетін сәл шектеп, оқу проблемаларын шешу жолында оқушылардың жаңа ұғымдарды өз бетінше талдау, ашу, түсіндіру, ары қарай ойын дамыту әркеттеріне көңіл бөлу. Бұл тәсіл ең маңызды болып табылады, себебі мәселелік оқыту кезінде жаңа ұғымдарды оқушылардың өздері шығармашылық, ойлау дағдыларының барысында ашады, жоғарғы деңгейлі , логикалық қабілеттері шыңдалады, демек жаңа білімді де өз бетінше игеруге тырысады. Бұл процесс сапалы және берік есте қалдыру үшін оқу материалдарын жеңілдету жолымен емес, қайта оқу процесін біртіндеп күрделендіру арқылы интеллектуалдық қиындықтар жүйесін жасау жолымен жүруге тиіс. Бұл өз кезегінде мәселелік оқытудың басты бағыты және білімдерді саналы, терең әрі берік меңгерудің шешуші шарты болып саналады.

Соңғы жылдардағы зерттеу нәтижелері бойынша, егер мұғалімнің әрекеттері оқушының танымдық қасиеттерін қалыптастыруға және неғұрлым жоғарғы дәрежеде қорытылған білімдерді меңгеруді қамтамасыз ететін оның ойлау қызметінің құрылымын өзгертуге бағытталса, оқытудың ғылыми дәрежесі артатыны туралы тұжырым жасауға негіз береді.

Мәселелік оқытудағы оқушының жоғарғы деңгейлі ойлау дағдысын дамытатынын төмендегідей тұжырымдауға болады: 

  1. Берілген есептің мазмұнын талдау, саралау.

  2. Проблеманы ашу, есептің дұрыс шешу жолына қол жеткізу.

  3. Қорытынды жасау, өзіне-өзі баға беру, саралау.

Мәселелік оқытуға негізделген тапсырмалардың қай түрі болмасын, оқушылардың логикалық ойлауын талап етеді, ол тапсырмалардың барлығы – оқушылардың жоғарғы деңгейлі ойлау қабілетін дамытуға бағытталады.

Мәселелік оқыту технологиясы дұрыс іздене білгенде, ол тіл дамытуда өнімді нәтижелі қорытынды берері сөзсіз. Мен мәселелік оқыту технологиясынынң тек математика пәні сабағында ғана емес, сонымен қатар бірқатар мектеп пәндерінде қолдануға болатынына көзім жетті.







Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!