Материалдар / Математика пәнінен ашық сабақ. Қағаз ақша. 3-сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Математика пәнінен ашық сабақ. Қағаз ақша. 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
1000 теңгелік, 2000 теңгелік, 5000 теңгелік қағаз ақшаларды ұсақтап, құрамын ажыратады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қазан 2019
5011
36 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзім жоспары

Пәні: математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Жазбаша көбейту және бөлу.

Күні: 5.03.2019ж

Сынып: 3 «А»


Мектеп: №10 «Асыл мұра» ЖОМ

Мұғалім: Каратаева Сапаркул Аязбековна.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қағаз ақша.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.3.6 - 1000 теңгелік, 2000 теңгелік, 5000 теңгелік ақшаларды ажырату және түрліше төлем жасау.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы:1000 теңгелік, 2000 теңгелік, 5000 теңгелік қағаз ақшаларды ұсақтап, құрамын ажыратады.

Көбісі:1000 теңгелік, 2000 теңгелік, 5000 теңгелік қағаз ақшалардыжинақтап, есептің шартын құрып, мәнін табады.

Кейбірі:1000 теңгелік, 2000 теңгелік, 5000 теңгелік қағаз ақшалардықолданып, төлем жасайды.

Бағалау критерийлері:

Ақшаларды ұсақтайды, берілген соманың құрамын біледі.

Өрнектер мен суреттер бойынша есептер құрастырады. Өрнектерді есептеу арқылы Қазақстандағы өзендердің ұзындығын анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Дағдыларды дамыту:

Қағаз ақшаларды ажырата алады.

Қағаз ақшаларды қолданып, есептеулер жүргізеді.

Пәндік лексика және терминология:

Ақша, теңге, мәлімет, атау, құндылық, көрсету, түсіндіру.

Сөйлеуге\хат жазуға пайдалы сөйлемдер топтамасы:

- Ақшамен нені өлшейміз?

Сендер ақша неге керек екенін айта аласыңдар ма?

Құндылықтарды дарыту

Судың тіршілік көзі екенін түсіну.

Ақшаны дұрыс жұмсауға, үнемділікке тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар:

Дүниетану, әдебиеттік оқу.

Алдыңғы білім:

50 теңгелік, 100 теңгелік монеталарды, 200 теңгелік, 500 теңгелік купюраларды ажырату және түрліше төлем жасау.

АКТ қолдану дағдылары:

Таныстырылым

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3минут












4 минут

Психологиялық дайындық.

Ақ көңіл,адал ниетпен,

Мөп-мөлдір,таза жүрекпен.

Қайырлы күн, досым!-деп,

Күніміз сәтті болсын деп,

Сабағымызды бастаймыз!

Топқа бірігу.

Өзен атауларыарқылы топқа біріктіру.

«Есіл», «Сырдария», «Ертіс» топтары.

Картамен жұмыс.

Есіл-Астана қаласы осы өзеннің бойында орналасқан.

Ертіс-Қазақстандағы ең ірі өзен.

Сырдария-Мақтааралға ең жақын өзен.

Өткенді қайталау. Ұжымдық жұмыс.

«Сандар сөйлейді» әдісі.

-103 санын 5 есе арттыр. (515)

-636 санын 6 есе кеміт. (106)

-145 санын 4 есе арттыр. (580)

-Көбейтудің компоненттерін ата.

-Бөлудің компоненттерін ата.

Дұрыс жауап берген оқушыларға 200 теңгелік ақшалар беремін.

-Балалар, сендер үстеріңдегі киімді, қағаз-қаламдарыңды қайдан алдыңдар?

-Оны тегін берді ме? Қалай алды?

-Ақшаны қайдан алды деп ойлайсыңдар?

-Дұрыс, ақша еңбекпен келеді. Сондықтан ақшаның қадірін біліп, үнемдеп жұмсау керек.

-Бәрекелді! Бүгінгі сабағымыздың да тақырыбы «Қағаз ақша».

Бүгінгі сабақта біз ақшаларды танып, біліп, ұсақтап, берілген соманың құрамын білетін боламыз.

Өрнектер мен суреттер бойынша есептер құрастырып, өрнектерді есептеу арқылы Қазақстандағы өзендердің ұзындығын анықтайтын боламыз.


Слайд






Өзен атаулары.

ҚР картасы.



Ламинатталған қағаздағы сандар.

Интерактивті тақта.

Picture 3






Сабақтың ортасы

25 минут


Таныстырылым. «Ұлттық валюта»

Picture 1

-Қағаз ақшалардың қайсылары саған таныс?

-Мынау неше теңгелік қағаз ақша?

-Таныс емес ақша бар ма?

1. Жеке жұмыс. «Балық аулау» әдісі.

Әр топтан екі оқушыдан шақырып, қармақпен балық аулатамын. Қармаққа ілінген ақшаның неше теңгелік екенін атайды.


Критерий:

Қармаққа ілінген қағаз ақшаларды таниды, неше теңгелік екендігін айтады.

Дескриптор:

1.Қармаққа ілінген қағаз ақшаны таниды.

2. Қағаз ақшаның неше теңгелік екенін атайды.

ҚБ. «Қор жинау» әдісі бойынша 200 теңгелік қағаз ақшамен бағалау.


2. Топтық жұмыс. «Сәйкестендіру» әдісі.

І топ орындайды.


Picture 2

Критерий:

2000 теңгелік, 5000 теңгелік қағаз ақшаларды ұсақтайды.

Дескриптор:

  1. 2000 теңгелік қағаз ақшаны ұсақтайды.

  2. 5000 теңгелік қағаз ақшаны ұсақтайды.

  3. Тағы қалай ұсақтауға болатынын көрсетеді.

ҚБ. «Қор жинау» әдісі бойынша 500 теңгелік қағаз ақшалармен бағалау.

3. Топтық жұмыс.«Топтастыру» әдісі.

ІІ, ІІІ топтар орындайды.


Picture 3


Критерий:

Көрсетілген соманы әр түрлі тәсілмен жинайды.

ІІ топқа дескрипторлар:

  1. 9000 теңгені әр түрлі тәсілмен жинайды.

  2. 700 теңгені әр түрлі тәсілмен жинайды.

ІІІ тоқа дескрипторлар:

  1. 6000 теңгені әр түрлі тәсілмен жинайды.

  2. 1000 теңгені әр түрлі тәсілмен жинайды.

ҚБ. « Қор жинау» әдісі бойынша 500 теңгелік қағаз ақшалармен бағалау.


4. Ұжымдық жұмыс. «Бәйге» ойыны.Есептің сұрағына жауап беру үшін саған мәліметтердің қайсысы қажет болғанын анықтап, оны шығар.

Есіл өзенінде теплоходпен серуендеуге 9 турист келді. Олар ересек адамдарға арналған 1000 теңгелік 3 билет және балаларға арналған 500 теңгелік 6 билет сатып алды. Олар билетке барлығы неше теңге төледі?


1000*3+500*6=3000+3000=6000(тг)

Критерий:

Есеп мазмұнын түсініп, маңызды мәліметтерді тауып, есепті шығарады.

Дескрипторлар:

  1. Есеп мазмұнын түсінеді.

  2. Маңызды мәліметтерді таба біледі.

  3. Есептің жауабын дұрыс табады.

ҚБ. « Қор жинау» әдісі бойынша 1000 теңгелік қағаз ақшалармен бағалау.


Сергіту сәті. «Дүкенде» ойыны. Топтар өздері жинаған қағаз ақшаларына дүкеннен қажетті заттарын сатып алады.

5. Топтық жұмыс. «Ойлан, жұптас, топтас».

Әр топқа бір өрнек беремін.


Критерий:

Өрнектер мен суреттерді қолданып, есептер құрастырады.

Дескрипторлар:

  1. Өрнектегі сандарға сәйкес заттардың бағаларын суреттен табады.

  2. Өрнектер мен суреттер арқылы есептер құрастырады.

ҚБ. « Қор жинау» әдісі бойынша 2000 теңгелік қағаз ақшалармен бағалау.

7. Жұптық жұмыс. «Социограмма» әдісі.

Picture 6

Критерий:

Амалдардың орындалу ретін анықтап, өрнектердің мәнін тауып, нәтижелерін өсу ретімен жазады.

Дескрипторлар:

  1. Амалдардың орындалу ретін анықтайды.

  2. Өрнектің мәнін табады.

  3. Шыққан нәтижені кему ретімен жазады.

ҚБ. « Қор жинау» әдісі бойынша 5000 теңгелік қағаз ақшалармен бағалау.

АКТ

Таныстырылым, оқулықпен жұмыс












Аквариум макеті, қармақ, қатты қағаздан жасалған балықтар.





Picture 3





Қима қағаз ақшалар














Picture 3




Қима қағаз ақшалар














Picture 3















Picture 3






Бағалары көрсетілген түрлі заттар


















Picture 3






«Сандық сәуле»















Picture 3

Сабақтың соңы

8 минут


Үйге тапсырма:

7. Теңдеулерді шешу.

Бағалау:

ҚБ. « Қор жинау» әдісі бойынша топ басшылары топта жинаған қағаз ақшаларын есептеп, оған кімдер үлес қосқанын айтады.

Picture 1

Өзара бағалау. «Бағдаршам» әдісі.

Топтар бірін-бірі бағалайды.

  • Қызыл түс – түсінген жоқпын;

  • Сары түс – әлі де практика қажет/сұрақтар бар;

  • Жасылтүс – барлығы түсінікті.


Кері байланыс:«Ламинаттағы белгі» әдісі бойынша ламинатталған ақ қағазға бүгінгі сабақ түсінікті болған болса, «+», түсінбеген жері болса, «-« белгісін жазып, көрсетеді.




Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау- оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Көбірек қолдау көрсетуді қажет ететіноқушыларға саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілін қолданамын. Оқушылар қармақпен аквариумнан балық аулап, ондағы қағаз ақшаның неше теңгелік екенін айтады.

Көпшілігі “Ойлан, жұптас, топтас”әдісінде өрнектер мен суреттербойынша есеп құрастырады.

Кейбір оқушылар “Социограмма” әдісінде үш топ бір тапсырманы жұптасып орындаса да нәтижелері әртүрлі болады. Амалдардың орындалу ретін анықтап, өрнектерді есептеп, өзендердің ұзындығын кему ретімен жазуда кейбір оқушылар

басқаларға қарағанда жылдам жұмыс істейді.

ҚБ. « Қор жинау» әдісі бойынша 200, 500, 1000, 2000, 5000 теңгелік қағаз ақшалармен бағалау.

Picture 1

Өзара бағалау. «Бағдаршам» әдісі.

Топтар бірін-бірі бағалайды.

  • Қызыл түс – түсінген жоқпын;

  • Сары түс – әлі де практика қажет/сұрақтар бар;

  • Жасылтүс – барлығы түсінікті.

Қауіпсіздік ережелерін сақтауды қадағалау

АКТ қолдану барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?


Сабақ мақсаттары SMART-қа сай қойылған.


Оқу мақсаттары қолжетімді болғандықтан қолжеткізді деп ойлаймын.

Саралау тәсілдерін оқушы мүмкіндігіне қарай дұрыс қолдандым деген ойдамын.


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!