Материалдар / Математика сабағында ойын элементтерін пайдалану тиімділігі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Математика сабағында ойын элементтерін пайдалану тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен айқындалады»-деп айтылған.Елбасымыз білім саласын ешқашан тысқары қалдырмаған.Осы жарлықты қағида ете отырып,білім саласының деңгейін көтеру барысында мұғалімнің атқаратын рөлі зор.Оқушының білімді,жаңа технологияны игеруіне, бәсекелестік бола алуына себепкер бола алатын басты тұлға-мұғалім.Оқушылардың білім деңгейін,оқып жатқан пәндеріне қызығушылын арттыру барысында,мұғалімдер көптеген әдіс-тәсілдермен,жаңа технологияны,дидактикалық ойындарды игеруі қажет.Осы тұрғыдан мен «Жас маман» ретінде өзімнің пәніме деген қызығушылықтарын арттыра отырып,білім деңгейлерін көтеруді көздеймін.Мен математика пәнінің мұғалімі ретінде оқушыларды өз пәніме қызықтыру үшін түрлі ойын элементтерін қолданамын.Ойын элементтерін қолдану себебім:оқушылар ойын процесінде,өздерін еркін және ойларын нақты жеткізе отырып,пәнге деген қызығушылықтары артады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қараша 2020
787
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Математика сабағында ойын элементтерін пайдалану тиімділігі

Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен айқындалады»-деп айтылған.Елбасымыз білім саласын ешқашан тысқары қалдырмаған.Осы жарлықты қағида ете отырып,білім саласының деңгейін көтеру барысында мұғалімнің атқаратын рөлі зор.Оқушының білімді,жаңа технологияны игеруіне, бәсекелестік бола алуына себепкер бола алатын басты тұлға-мұғалім.Оқушылардың білім деңгейін,оқып жатқан пәндеріне қызығушылын арттыру барысында,мұғалімдер көптеген әдіс-тәсілдермен,жаңа технологияны,дидактикалық ойындарды игеруі қажет.Осы тұрғыдан мен  «Жас маман» ретінде өзімнің пәніме деген қызығушылықтарын арттыра отырып,білім деңгейлерін көтеруді көздеймін.Мен математика пәнінің мұғалімі ретінде оқушыларды өз пәніме қызықтыру үшін түрлі ойын элементтерін қолданамын.Ойын элементтерін қолдану себебім:оқушылар ойын процесінде,өздерін еркін және ойларын нақты жеткізе отырып,пәнге деген қызығушылықтары артады.

Математика сабағымда жиі қолданатын ойын түрлері.                                                         

   1. Ұйымдастыру кезеңінде:

Психологиялық жаттығулар,тренингтар ойнатамын.  

Мысалы:

«Жүректен-жүрекке»

Әр оқушы өзінің парталас досына қарап,сол досының бойындағы ең жақсы қасиетін бағалап айтады.

«Шаттық шеңбері»

Сынып оқушылары бір шеңбер бойымен тұрып,бір-біріне сәттілік тілейді.

Тиімділігі: Оқушылардың бір-бірінің жеке  қасиеттерін,өздерін бағалай білу.  

2. Есептер шығару кезеңінде:

Интербелсенді тақтаның көмегі арқылы.

«Бағдаршам» карточкалары.

Бағдаршам түсіне байланысты деңгейлік есептер жазылады.Қызыл карточкада А деңгейіне,сары карточкада В деңгейіне,жасыл карточкада С деңгейіне сәйкес есептерді шығара отырып кез-келген оқушы жасыл түсті карточкамен жұмыс жасауға талпынады.

3. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңіңде:

«Математикалық домино»

Домино карточкасына формулаларды жазып,оқушылар формуланың екінші жартысы жазылған формуланы іздей отыра,доминоны құрастырып шығады.

Тиімділігі: Формуланы тез жаттау,есте сақтай білу,ойынмен білімді ұштастыру.

Қорыта айтқанда,дидактикалық ойындардың математика сабағында алатын орны ерекше.Ол оқушылардың қызығушылығын арттырады.Сонымен қатар оқушыларды тез ойлануға,ауызша есептеулерге,логикалық ойлау қабілетін арттыруда ерекше орын алады.Сондықтан математика сабағында ойны элементтерін қолдануымыз керек.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!