Материалдар / Математика сабағында оқытудың жаңартылған әдіс- тәсілдерін қолдану оқушының белсенді танымдық қызметін арттыруда көмегі бар ма?
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Математика сабағында оқытудың жаңартылған әдіс- тәсілдерін қолдану оқушының белсенді танымдық қызметін арттыруда көмегі бар ма?

Материал туралы қысқаша түсінік
математика пәні мұғалімдеріне арналған тәжірибе алмасуға бағытталған жұмыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қаңтар 2019
399
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру мазмұнын жаңарту білім берудегі қазіргі заманғы үрдістерін және қазақстандық білім берудің үздік практикасын кіріктіруге бағытталған. Оқу бағдарламаларында оқу мақсаттарының жүйесі түрінде берілген күтілетін нәтижелер тұжырымдалған. Күнделікті білім беру үдерісі оқу мақсаттарына жетуге және оқушыларда алынған білім мен дағдыларды кез- келген оқу және өмір жағдайында шығармашылық пайдалануға дайындығын қалыптастыруға бағдарланған.Жаңартылған білім беру жүйесін енгізумен қатар оқытудың түрлі әдіс- тәсілдері де енгізілуде. Білім беру сапасы да оқушының алған білімін қолдана білуі арқылы бағалануда.Осы орайда бүгінгі таңдағы ең ауқымды проблемалардың бірі «Оқушының математика пәніне деген қызығушылығын қалай арттыруға болады?» деген сұрақ болып отырғаны сөзсіз. Бұл сұрақтың жауабы әрине төмендегідей: «Оқушы әрбір сабаққа қызығушылықпен, белсенді қатысып отыруы керек. Мұғалімнің бағыт- бағдар беруі арқылы өздігінен білімге қол жеткізе білуі керек ». Дәстүрлі емес, жаңаша білім берудің түрлі әдіс- тәсілдері осындай нәтижеге қол жеткізудегі бірден- бір құрал деп жатырмыз. Кейбіреулеріміз жаңаша білім берудің әдіс- тәсілдерін математика сабағында қолдану тиімсіз, қолдану қиын, уақыт тапшылық етеді деп жатырмыз. Шынымен де «Математика сабағында оқытудың жаңартылған әдіс- тәсілдерін қолдану оқушының белсенді танымдық қызметін арттыруда көмегі бар ма?», «Оны қалай тиімді түрде жүзеге асыруға болады?» деген сияқты көптеген сұрақтар көкейде жүргені сөзсіз.Осы сұрақтарға жауап іздей жүріп, математика сабағын үнемі болмаса да жиі- жиі төмендегідей формада өткізіп тұрса деген ой түйдім.Жаңаша білім беруде әр сабақ оқушыларға жағымды психологиялық ахуал тудырудан басталады, одан әрі түрліше қайталау, әр түрлі әдістермен үй тапсырмасын сұраумен жалғасады. Сабақтың ортаңғы бөлігінде топтық жұмыс, жұптық жұмыстар ұйымдастырылады. Сергіту сәтін жүргізу және рефлексия, яғни кері байланыс тағы бар дейміз. Осының барлығына кейбір кездерде уақытымыз жетпей қалды, есеп шығаруға уақыт жетіспеді деп жатамыз. Сол себепті мен сабағымды ұйымдастыру жолын қарастырдым. Яғни уақытты тиімді қолдану, оқушылардың математика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, сонымен қатар жаңа форматтағы сабақ ұйымдастыру мақсатында сабағымды былайша ұйымдастыруды жөн көрдім.Ең алдымен сабақтың ұйымдастыру кезеңі:Бұл кезеңде оқушыларға жағымды психологиялық ахуал тудыруымыз қажет, оқушыны сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттарымен таныстыруымыз керек. Кез- келген ауыр атлетші спорт залға келе салып штанга көтере кетпейді, алдымен дене қыздыру жаттығуларын жасайды, каратэшілер медитация жасайды ғой. Сол сияқты математика сабағына да кіріспес бұрын миға жаттығу жасау қажет деп ойлаймын. Сол себепті шаттық шеңберінде тұрған бойда математика пәніне кірісіп тұрғанымызды оқушыларға сезіндіру үшін түрлі математикалық жұмбақтар қою, математикалық жаңылтпаштар құрастырып айтқызу немесе жеңіл логикалық сұрақтар қойған жөн деп ойлаймын. Сабақтың тақырыбын ребус түрінде жасырып, оны шешкізу арқылы өздеріне тапқызған да үлкен ой салады деп есептеймін. Сұрақ- жауап кезеңі:Сұрақ- жауап кезінде көбінесе мұғалім сыныпқа ортақ сұрақ қояды, кейбір оқушылар оған жауап береді. Ал кейбір оқушылар қалыс қалып немесе жай ғана тыңдаушы болып отырып қалады. Сұрақ- жауапты ұйымдастыруда оқушылардың әрқайсысына қызыл- жасыл түсті сигналдық карточкаларды беру керек. Ортақ сұрақ қойылған кезде дайын оқушылар жасыл түс, дайын емес немесе жауабы жоқ оқушылар қызыл түс жағын мұғалімге көрсетеді. Сол арқылы мұғалім қай оқушылар дайын емес немесе сұраққа жауап таба алмай отырғандығын біліп, олармен диалогқа түсу арқылы олқылықтардың орнын толтыру мақсатында жұмыс жасайды. Есеп шығару кезеңі:Бірнеше амалдардан тұратын есеп шығару барысында оқушылардың кейбірі есептің шешіміне жетпей жатып жалығып кетеді, немесе басқаларды күтіп отырып көшіре салғанды жөн көріп жатады. Осындай жағдаяттарды болдырмау үшін оқушыларға мотивация беру мақсатында әр қадамды орындаған оқушы көрнекті суреттерді толықтыруға мүмкіндік алатындығын ескертіп ынталандыруға болады. Яғни, қандай да бір суреттің бөлігін салып қойып оқушыларға жалғастырып салу мүмкіндігі беріледі. Мысалы, бірінші оқушы тапсырманы орындаған соң пештің суретін, келесі оқушы екі баспалдағын салса, үшінші оқушы пештің ішіне ағаш салса, келесі оқушы от жағып, одан кецінгі оқуш түтінін салуға болады. Осылайша есепті шығаруға қызығушылықтарын арттырып, ынталандыруға болады. Сергіту сәтін ұйымдастыру кезеңі:Қазіргі таңда сергіту сәтін ұйымдастырудың түрлі тәсілдері бар. Сергіту сәтінде оқушылардың миын тынықтыру, саусақтарына жаттығу жасату үшін оригами өнерін қолдануға болады деп есептеймін. Яғни, оригами өнері геометриялық фигуралардан жасалынады, ендеше оригами математикамен тығыз байланысты. Бірақ оригами фигураларын сызуға арналған аспапсыз да, жасауға болады. Квадратпен жұмыс жасағанда мынаны білу қажет: бұрыш, жақ, диагональ, центр, ортаның сызығы, кесіндіні бөліктерге бөлу, бұрыштарды бөліктерге бөлу, квадратты бүктеу және квадраттан басқа геометриялық фигураларды жасау деген сияқты математикалық терминдер мен сөз тіркестері оқушының санасына сіңіріле түсетіні сөзсіз.Математика сабағын жиі- жиі осылайша ұйымдастырып тұрсақ оқушының пәнге қызығушылығы арта түсетіні сөзсіз.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!