Материалдар / Математика сабағында өз бетімен жұмысты ұйымдастыру
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Математика сабағында өз бетімен жұмысты ұйымдастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика сабағында өз бетімен жұмысты ұйымдастыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Мамыр 2021
516
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Математика сабағында өз бетімен жұмысты ұйымдастыру

Жұмабаева Фариза Төлеуқызы

Атырау облысы, Махамбет ауданы

Е. Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінің

математика пәні мұғалімі


Баланы оқытудың мақсаты-оны әрі қарай

мұғалімнің көмегінсіз-ақ дамуға қабілетті ету. Э.Хаббард.

Қазіргі уақытта еліміздің білім кеңістігінде болып жатқан реформалар Қазақстанның болашақ мектебінің мазмұны мен білім беру бағдарлама-

ларын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.

Қазіргі білім берудің ең негізгі міндеті-өзгермей әлеуметтік-экономика -лық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес ,айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын,бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып отыр. Оқушыларға математи- ка білімінің қыр-сырын жетік таныту, қабілеттерін шыңдау, кез-келген ортада өзін еркін ұстауға және қазіргі кезеңдегі оқушылардың білімді өз бетінше игеру, оны бағалау және практикада қолдану қабілетін дамытуға баса назар аудара отырып, оны сапалы дайындау – біздің міндетіміз болмақ. Осы орайда оқушылардың білім деңгейін арттыру – маңызды іс. Бұл мәселе көптеген жылдар бойы қарастырылып келе жатыр. «Математика, оқыту әдісіне сан алуан жетілдірулері болатындығына қарамастан, шәкірттер үшін әрдайым қиын жұмыс болып қала береді» - деген атақты ғалым Писарев Д.И. Сондықтан, математиканың қиындығына, күрделілігіне қарамастан, болашақ ұрпақты осы пәнге қызықтыру, білім деңгейін көтеру біз үшін орасан зор жауапкершілікті қажет ететін оқыту әдісі болуы тиіс.[2]

Оқушының білім деңгейін көтеру дегеніміз – оқушыны жан-жақты тәрбиелеп, ғылым негіздерінен берік білім беру, болашақ қоғамға пайдалы қызмет ететін азамат етіп шығару. Оқушының бойындағы білімін ары қарай тереңдетіп, жетілдіре түсу.

Осы заман талабын ескере отыра, «Математика сабағында өз бетімен жұмысты ұйымдастыру » деген өзекті тақырыппен жұмыс істеп жүрмін. Өйткені «Шайнап берген ас болмас» деген ата – баба сөзіне сүйенетін болсақ өздігінен, өз бетімен алған білім мен ғибрат қана адам ойында қалып, дағдыға ұласады. Яғни қазіргі кезде жалпы білім беретін орта мектептердегі оқу - тәрбие үрдісін дұрыс ұйымдастырудың бірден-бір жолы ғылым негіздерінен білім берумен қатар, сол білімді алуға ынталылықты, яғни оқушылардың танымдық қызығушылығын ояту, шығармашылық белсенділікті өз бетінше ізденуді арттыру.

Бұл тақырыпты алғандығы мақсатым: математика сабағында өз бетімен жұмыстың педагогикалық-психологиялық теориялық негіздемесін жасап, өз бетімен жұмысты практикалық жүзеге асырылуын көрсету.

Жұмысты жасау үшін келесі міндеттер атқарылады:

1. Математика сабағындағы өз бетімен жұмыс теориялық жағынан негізделеді

2. Бір математика сабағы мысалында өз бетімен жұмыс сипатталады.

Осы тақырыппен жұмыс жасай отырып мынындай нәтижелер күтемін:

  1. Оқушылардың шығдармашылық ойлау деңгейі артады

  2. Оқушылар сабаққа белсенділікпен қатысады және сапа көрсеткіші артады

Өзіндік жұмыс-бұл әр адамның әрекетті саналы түрде таңдап алып,оны табандылықпен орындау арқылы сипатталатын қасиет.

Өздік жұмыстарының негізгі түрлері: оқулықпен жұмыс, тексеру, бақылау, рефераттар мен баяндамалар жасау, тест жұмысын орындау болып табылады.

Оқушылардың өзіндік жұмысы – бұл мұғалімнің тікелей қатысуынсыз, бірақ оның тапсыруымен, оның басшылығымен және бақылауымен орындайтын жұмысы. Өзіндік жұмысты орындау кезінде оқушы теориялық білімін кеңейтеді, тереңдетеді, белсенді іс -әрекет барысында ойлау қабілеттері дамиды, ал ең бастысы өзіне деген сенімі нығайып, жауапкершілікті сезіну қалыптасады.

Өздік жұмыстарды ұйымдастыру талаптары:

  • өздік жұмыстың мазмұны бағдарламаға қойылатын талаптарға сәйкес келу қажет;

  • оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға тиісті;

  • өздік жұмыстар түрі және мазмұны жағынан әр түрлі болуы керек;

  • әрбір өздік жұмыс тексеріледі және бағаланады.

  • өздік жұмыс тек қайталау кезінде ғана жүргізбей сабақтың барлық кезеңдерінде, орынды жерінде өткізу керек.

Өздік жұмыс ұйымдастыру формасы мынадай: жеке оқушымен, топпен жұмыс, барлық оқушымен болады.

Оқушылардың орындайтын өзіндік жұмыстарының барлығына мұғалім жетекшілік рөл атқарады. Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруға дидактикалық талаптардың орындалып отырылуы қамтамасыз етіледі. Олардың ішінен мыналар басшылыққа алынады:

  • жоспарлы түрде, жүйелі, түсінікті, бір ізіділікпен жүргізілуі;

  • жаттығулардың біртіндеп, яғни қиындық дәрежесіне қарай өз кезегімен күрделеніліп отырылуы;

  • теориялық, практикалық даярлықтары мен оқушылардың жеке дара ерекшеліктерінің ескерілуі;

  • сабақта орындалатын өзіндік жұмыстар мен сабақтан тыс орындалатын өздік жұмыстардың бір – бірімен үйлесімі;

  • теорияның практикамен байланысы;

- үздіксіз, жүйелі түрдегі бақылаудың үнемі болуы қажет.
Өздік жұмыстарға басшылық жасауда бұл дидактикалық талаптарды пайдаланудың кейбір ерекшеліктері бар. Әрбір өзіндік жұмыстың мазмұн көлемі оқушылардың шамасы келетіндей, жас және дара ерекшеліктері ескеріліп берілуі тиіс.

Оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарды мақсатына қарай: оқыту; жаттықтыру; бекіту; қайталау; дамыту; шығармашылық яғни іздену мақсатында; бақылау болып бөлінеді.

1-кесте. Мақсат бойынша оқушылардың өздігінен орындайтын бақылау жұмыстарының сипатаммасы


Реті

Түрлері

Ерекшелігі

1

Оқыту

Мұндай мақсаттағы өзіндік жұмыс жаңа тақырыпты түсіндіру барысында тапсырмалар беру арқылы жүргізіледі. Оның мақсаты – жаңа материалға қызығушылығын дамыту, мұғалім нені түсіндіріп жатқанына әрбір оқушының көңілін аудару.

3

Бекіту

Мұндай мақсаттағы өз бетімен жұмыстар оқушылардың логикалық ойлау қабілетінің дамуына септігін тигізеді және әр түрлі ережелерді араластыра отырып қолдануды талап етеді.

4

Шығармашылық

Мұндай мақсаттағы өзіндік жұмыс өте жоғары деңгейде жүргізіледі.Мұндай тапсырмалар шығарылған есептің екінші, үшінші тәсілдерін табуға беріледі немесе кейбір теоремалардың дәлелдемесінің басқа тәсілдерін табу тапсырылады.

5

Қайталау

Мұндай мақсаттағы өз бетімен жұмысты мұғалім жаңа сабақты түсіндіргенге дейін жүргізеді, яғни оқушылардың дайындығын тексеру мақсатында, қиындық келтірген сұрақтар болса, анықтауға көмектеседі.

6

Дамыту

Мұндай мақсаттағы өзіндік жұмыс белгілі бір тақырыпқа байланысты баяндама дайындауға үйге тапсырма беру арқылы жүргізіледі немесе олимпиадаға дайындау, ғылыми – конференция, т.с.с.

Өзіндік жұмыс үшін ұсынылатын тапсырмалар оқушылардың ғылыми-танымдылық қызығушылығын ояту, ерік-жігерін тәрбиелеу, білім деңгейін ескерту, сондай-ақ өзін-өзі бақылауға үйретеді.

Оқушылардың сабақта өздігінен орындайтын жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін математика кабинеттерінде дидактикалық материалды, үлестірмелі материалдар, тағы басқа оқу құралдары жинастырылуы қажет. Дегенмен оқушыларға оқулықпен жұмыс істеуді үйретудің орны ерекше. Барлық ғылыми-техникалық білімнің көзі – кітапқа, оның ішінде оқулыққа оқушылардың сүйіспеншілігі мен құрметін арттыру, олармен өздігінен жұмыс істеуді үйрету мұғалімнің басты міндетінің бірі. Әр сынып оқулықтары қажетіне орай орындалуға тиісті жаттығулармен, есептермен, практикалық тапсырмалармен, суреттермен қамтамассыз етілген. Өздігінен жұмыс істеуді оқушылардың сабақ үстіндегі қызметіне енгізу сабақтың құрылымына да, элементтеріне де әсерін тигізеді.

Математиканы оқыту мектепке сабақ және сабақтан тыс жүргізілетін сабақтар формасында жүзеге асырылады. Сабақтарда балалардың математикаға деген ынтасын арттыруға, олардың өз бетінше жұмыс істей білу дағдысын тәрбиелеуге ерекше назар аударылады. Пәнге деген ынтасы мен өз бетінше ойлай білу өзара тығыз байланысты. Сабақ балалар үшін қызықты өткенде, олардың оқу жұмысында да белсенділігі артып, өз бетінше жұмыс жасап, белсенділігін арттырғандығынан олардың пәнге деген ынтасы өседі. Оқушыларды өз бетімен ойлауға тәрбиелеп, математикаға деген ынтасын арттыру үшін оқыту әдістерін дұрыс таңдап алудың маңызы зор. Оқудың белсенді әдістерінің бірі – оқушыларға өз бетімен жұмыс істете білу.[6]

Өзіндік жұмыс үшін оқулықтан берілген жаттығулармен қатар көбінесе тақтаға жазылған тапсырмалар ұсынылады. Өзіндік жұмыс үшін кейде тапсырма әрбір оқушыға жеке түрде беріледі. Бұл жағдайда тапсырмаларды әр оқушының шама-шарқын ескере отырып, сараптауға болады. Сонда жұмыстың өз бетімен орындалу дәрежесінің жоғары болуы қамтамасыз етіледі. Өзіндік жұмысты сыныпта жүргізу оқушыларға дағдыларын игертеді және олардың сабаққа деген ынтасын арттырады. Өзіндік жұмыстарды жүргізгенде тапсырмаларды карточкалар бойынша ұсынған тиімді. Мұнда оқушылардың жеке дара ерекшеліктері және үлгерім деңгейлерін барынша ескеру мүмкін болады. Оқушыларды жалықтырып жібермес үшін, өзіндік жұмыс түрлерінің өзгермелі болғаны жөн.

Балалардың сабақта өз бетімен орындаған жұмысы сыныпта қандай формада болса да ескерілуі тиіс. Мұғалім тапсырманың орындалуын қарап шығуға уақыт бөлуі және өз бағасын айтып, жақсы жұмыстарды атап көрсетіп, қатесін табуға көмектесуі тиіс.[5]

Көрнекті қоғам қайраткерінің бірі Н.К. Крупская: «Балаларды өздігінен жұмыс істеуге үйретудің төтенше қажет нәрсе екендігін, техниканың ғылымның алға басып өркендеуі, жаңадан пайда болған проблемаларды ойланып шеше білудің қажеттігі адамның өздігінен үйреніп, білімін толықтырып отыруын талап ететіндігін, жасөспірім ұрпағымызды өздігінен жұмыс істеуге үйрете білуіміз керектігін» - көрсеткен болатын.

Мектеп оқушыларының өз бетінше жұмыстарын ұйымдастырудың басты формасы – жұмыстарды орындау, ептілік, іскерлік, шеберлік дағдысын дамыту. Бұл үшін төмендегідей тиісті талаптарды орындауға тура келеді:

1. Өз бетінше істелетін кез-келген жұмыстың нақты мақсаты болу керек. Әрбір оқушы жұмыстың орындалу тәртібін жетік білу керек.

2. Өз бетінше жұмыс оқушылардың бойындағы танымдық қабілетін, творчестволық ойлау жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

3. Жұмыстың мазмұны оқушының қызығуын, талпынысын оята білуі тиіс. Яғни оның тілегі жұмыстың соңына дейін бәсендемейтіндей болуы керек.

4. Өз бетінше жұмысты оқушылар еңбек дағдылары мен әдістерін жетік игеріп түсетіндей етіп ұйымдастыру қажет.

Қорыта келгенде, оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмыстары: карточкалар, сауалнама,өздік жұмыстар, есептер шығарту, кестелер толтыру арқылы жүзеге асады.


Өз бетімен орындайтын жұмыстары біріншіден, олардың ақыл-ойын таным белсенділігін, екіншіден сабаққа ынталарын, қызығушылығын, үшіншіден ешкімнің көмегінсіз дербес жұмыс істеу қабілеттерін дамытады.[1]

Қазіргі кезде сабақты дұрыс жүргізуге қойылатын негізгі талап оқушылардың белсенді іс-әрекетін сезімін басқара білу. Ол біріншіден тек дайын ақпаратты деректер, заңдар, ережелер түрінде ғана беріліп қана қоймай оқушыларды өз бетінше іздендіретін одан жаңа ақпарат алатындай оқу материалдарды берудің құрылуын қайта құруды талап етеді.

Екіншіден оқушылардың іс-әрекетіне деген мұғалімнің іс-әрекетінің көзқарасын өзгеруді талап етеді, яғни мұғалім оқушылардың өзі белсенді, жасампаз күш болатын оқытудың ұйымдастырушысы және басқарушысы болуы қажет. Ол оқытудың әр кезеңінде үй жұмысын тексерген кезде,оқушылардың жауап беруді . Меңгеруге дайындығы кезінде жаңа білімді енгізіп, оны тұжырымдаған және оларға сүйенген кезде алынған білімді қорытып бір жүйеге келтірген кезде де көрініп отыруы керек. Осы орайда математика сабағының әртүрлі кезеңдеріне тоқтала кетейік.

Оқу тәжірибелерінде жиі кездесіп жүргендей тиімді жұмысқа жеке емес, барлық оқушыларды қатыстырады яғни оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруды,сабақтың бас кезінде дедактикалық ойындардың көмегімен үй жұмысының орындалуын мұғалімнің ұсынған үлгісі мен салыстыру, түсінік беру, кішкене өзіндік жұмыстар,математикалық диктанттар арқылы жүзеге асыруға болады.

Жаңа білімдерді енгізу кезеңінде оқушылардың оқу танымдық іс-әректін белсендіру анықтамаларды,ережелерді,заңдарды,тиісті қасиеттерді тұжырымдардың айқындылығын дәлелдейтін шығармашылық тапсырмалар арқылы жүзеге асырады.Алынған біліммен білікті баянды еткен кезде әртүрлі танымдық,есептер шығарылады. Мұғалімнің берген ақпараты оқушыларардың өзіндік жұмысына сай келеді және оқушылардың ізденімпаздығының дәрежесі үлгі білім орындалатын белгілі амалдар принцпті жаңа жағдайға орындалатын обьектілермен құбылыстарды салыстыру арқылы орындауға дейін өседі.[4]

Өз бетімен жұмыс істеуге үйрету кезінде екі міндетті ескерген дұрыс. Бұл міндеттердің біріншісі-оқушылардың танымдық қызметіндегі дербестікті дамыту,оларды білімді өздігінен игеруге,дүниеге көзқарастарын қалыптастыруға үйрету; екіншісі –оқушылардың алған білімін іс жүзінде қолдана білуге баулу.

Өз бетімен жұмыс істей алатын оқушы, тек білім білік дағдысы ғана емес, сонымен бірге ойлау қабілеті, еркін сөйлеу мәдениеті, саяси сауаттылығы өзіне деген сенімділігі, пәнге деген қызығушылығы, шығармашалық қабілеті оянады. Сондықтан өз бетімен жұмыстың мақсаты айқын, оқушыға түсінікті болуы қажет. Өз бетімен жұмыс тапсырылғанда оның ауыр – жеңілділігі, қанша уақыт орындалатынына назар аударған жөн. Өз бетімен жұмыс сабақтың кез келген уақытында беруге болады:

  • Жаңа сабақ түсіндіру кезінде

  • Қайталау сабағы кезінде

  • Сабақты бекіту кезінде


Осы орайда дәстүрлі оқыту кезіндегі және қашықтықтан оқыту кезіндегі жинаған тәжірибемді ортаға салғым келеді.

Дәстүрлі оқыту кезінде 7- сыныпқа өткізіген «үшбұрыш және оның түрлері» тақырыбында жаңа сабақты ашу мақсатында оқушыларға картоннан қиылған әр түрлі үшбұрыштар жиынтығын ұсынып, оларды классификациялауды, қандай белгі бойынша классификациялағандарын тұжырымдауды сұрадым.

Үшбұрыштың түрі оның қабырғаларының ұзындығына (теңқабырғалы, теңбүйірлі, әрқабырғалы) және үшбұрыштың түрі оның бұрыштарының (сүйірбұрышты, тікбұрышты, доғалбұрышты) шамасына байланысты болатынына көңіл бөліп зеттеу тапсырылған болатын. Оқушылар өз бетімен зерттеулер жүргізіп, жақсы нәтижеге қол жеткізді.

Өзіндік жұмыстың ең негізі-қайталау.

Жедел тест 5 -10 тапсырмадан есептен сұрақтан құралады. Уақытты тиімді пайдалану, оқушы белсенділігін арттыру.

Кез-келген сабағымда қолданамын, қайталау кезінде өзіндік жұмыс ретінде қолданамын. Мысалға, 9 –сыныпта «Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы» тақырыбын өту барсында өткенге шолу пысықтау арқылы жедел тест жүргіздім. Сонымен қатар осы тақырыпта өткенді пысықтау арқылы «Миға шабуыл»оқушыларға сұрақтар қоямын.

Егер жаңа тақырып бұрын өтілген материалдармен байланысты болса, онда оқушыларға оны сыныпта жазылған жоспар бойынша үйде өз бетімен қарастыруға ұсынамын, кей жағдайларда тақырыптағы негізгі мәселелерді тез табулары үшін келесі сабақта қойылатын сұрақтарды беремін.

Сабақтарда жаттығулар мен есептер шығаруда, негізгі тақырыптарды меңгеруде өзіндік жұмыстар үлкен мүмкіндіктер береді. Әр сыныпта берілген тапсырманы бүкіл сыныппен салыстырғанда тез орындайтын оқушылардың кездесетіні сөзсіз. Мұндай оқушыны бірден тақтаға шақыру бұл басқа оқушылардың берілген тапсырманы өз беттерімен орындауына мүмкіндік бермейді. Сондықтан бұл жұмысты мен былай жүргіземін: тапсырманы алған оқушылар түгел оны өз беттерімен шығаруға кіріседі. Кім бұрын шығарса, оның жұмысын тексере отырып, дұрыс болса, тағы да тапсырма беремін. Егер қате кездессе, оны өз бетімен түзеуіне мүмкіндік беремін. Сонан соң бүкіл сынып болып есептің шығарылу жолдарын талқылаймыз. Бұл кезде жаңадан тапсырма алған оқушы өз жұмысын тағыда көрсетеді. Сабақ соңында олар өз сыныптастарына қарағанда 3 - 4 есепті артық орындап шығады. Оларды жұмыстарының дұрыстығы мен тездігіне қарай бағалап отырамын.

Сыныпта жүргізілетін өзіндік жұмыстардың ішінде 5 - 7 сыныптар үшін математикалық диктант маңызды роль атқарады. Диктантты оқулықтағы жаңа пунктті оқыр алдында, өткенді қайталау кезінде жүргіземін. Мұндағы мақсатым: өтілген материалдарды оқушылардың қалай игергенін бақылау, жаңа материалды меңгеруге деген оқушының даярлығын байқау.

Диктантты өтілген материалдар бойынша өзім құрастырамын және оны сабақтың басында жүргіземін. Сұрақтар жеңіл, қысқа жауаптар беруге құрылады. Диктантты сол бойда не бір параққа жаздырып, жинап алып тексеремін.

Ал енді қашықтықтан оқыту кезеңіне келетін болсақ, қашықтықтан оқыту оқушыларға өз бетімен жұмыс жасау үшін үлкен мүмкіндік беріп отыр.

Мысалы біздің мектептің таңдаған платформасында , яғни daryn.online –да оқушылар өз бетінше сабақтың түсіндірмесін көріп , тапсырмалары мен тест жұмысын орындайды. Бұл платформаның бір тиімдісі оқушының орындаған тапсырмасы бірден бағаланады.

Қашықтықтан өткізген сабақтарымда оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында сабағымның кейбір элементтерін ойын түрінде өткізіп жүрмін. Мысалы 6- сыныпқа «Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер» тақырыбында Learnis.ru сайты арқылы квест ойындар құрастырып, сілтемесін алдын алы жібердім. Оқушылар ойын шарты бойынша тапсырмаларды іздеп, сол тапсырмалардың шешімі арқылы есікке код жазып бөлмеден шығулары керек. Әр оқушының неше минутта орындап шыққаны маған жеке парақшама келіп тұрады. Сосын келесі сабақта оны топ болып талқылаймыз.

Және тағы бір сайт ол Learningapps.org. Ол сайтта оқушыларға алдын ала тапсырмалар жасақтап сілтеме жіберіледі. Бұнда тек өткен білімдерін пысықтау үшін сәйкестендіру жұмыстары беріледі.

Бұл аталған әдіс – тәсілдер оқушылардың қызығушылықтарын арттырып қана қоймай, сабаққа белсенділікпен қатысуға және өз бетімен жұмыс жасап бәсекеге қабілетті тұлға қалыптасуына септігін тигізеді деп есептеймін.

Оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру, пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында 5 - 11 сыныптар үшін математикадан тестік тапсырмалар жинағын жасақтап , оны толықтырудамын.

Алдағы уақытта да оқушылардың өздігінен еңбектенуі мен шығармашылық ізденісін дамыту мақсатында әртүрлі өзіндік жұмыстар түрлерін қолданып, оларға жан - жақты көмек беріп, оқыту мен тәрбиелеуді қатар жүргізу – басты міндетіміз деп білемін.


Shape1

Оқушының пәнге барынша қызығуы


Shape2

Оқуға деген ынтасының артуы


Shape3

Оқушының өмірге бейімділігі



Shape4

Shape6 Shape5

Оқушыларға өз бетімен жұмыс істетудің нәтижесі


Shape7


Shape8

Қиындықтарды жеңе білуге дағдылануы



Shape10 Shape11 Shape9

Білім деңгейінің артуы


Shape12

Shape13

Өз бетімен ізденіс дағдыларының қалыптасуы








1- сурет. Оқушыларға өз бетімен жұмыс істетудің нәтижесі


Өзіндік жұмысты орындау кезінде оқушы теориялық білімін кеңейтеді, тереңдетеді, белсенді іс әрекет барысында ойлау

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!