Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 8.3 А Квадрат теңдеулерМектеп: Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Сулейменова Н.С.Сынып: 8 Қатысқандар: Қатыспағандар: |
Сабақтың тақырыбы | Мәтінді есептерді шығару |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.4.2.1 Мәтінді есептерді квадрат теңдеуледің көмегімен шешу |
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар: мәтінді есептердің мазмұнын түсініп, квадрат теңдеу құра алады.Оқушылардың басым бөлігі: түрлендірулерді орындай отырып, мәтінді есептерді квадрат теңдеудің көмегімен шешеді.Кейбір оқушылар: квадрат теңдеудің көмегімен шығарылатын мәтінді есеп құрастырып, шығара алады. |
Бағалау критерийі | Мәтінді есептерді квадрат теңдеулердің көмегімен есептерді шешеді. |
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:Мәтінді есептің шартын түсіндіреді, талдайды, алгоритмін тұжырымдай алады.Пәнге қатысты лексика мен терминология:Айнымалы, теңдеу, азайту, қосу, көбейту, бөлу, өрнекті ықшамдау.Диалогқа, жазылымға қажетті тіркестер:Квадрат теңдеу деп - ...Егер теңдеуіндегі немесе с нөлге тең болса, ...Теңдеу толымсыз квадрат теңдеу деп аталады, егер ... теңдеуінің екі түбірі болады, егер ... |
Құндылықтарға баулу | «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» 5 –ші құндылығы негізінде оқушыларды еңбекке баулуға, үздіксіз білім алуға тәрбиелейді. |
Пәнаралық байланыс | Физика |
Алдыңғы білім | Квадрат теңдеу, квадрат теңдеуді шешу, квадрат үшмүше. |
Сабақтың барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар |
Сабақтың басы(10 мин.) | І. Ұйымдастыру кезеңіОқушылармен амандасуОқушыларды түгендеуПсихологиялық ахуал туғызу. («Алақан» тренингін ұйымдастыру)Оқушылар екі қатар бір-біріне қарама-қарсы тұрады, көрсетілген алақандар бойынша тапсырмаларды орындайды.«Қызыл түсті» алақанды көрсетеді, бір-біріне қол беру арқылы амандасады.«Сары түсті» көрсеткенде құшақтасып амандасады.«Көк түсті» көрсеткенде бір-біріне қол бұлғап амандасады.Нәтижесінде:оқушылардың бойында еркіндік пайда болып, көңіл-күйлері көтеріледі.ІІ. Топқа бөлу.«Алақандар» әдісі (қызыл, сары, көк) түстерін таңдату арқылы шағын 3 топқа бөлінеді.Нәтижесінде:топқа бөліну арқылы ынтымақтасқан шағын орта құрылады.Оқушылар алдарында таратылған кеспе қағаздарға өз тілектерін жазып, досына ұсынады. Тілек жазылған қағаздың түсіне қарай үш топқа бөлінеді. 1-топ 2-топ 3-топ
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Ыстық орындық» әдісі бойынша сұрақ қою арқылы тексеріледі.Квадрат теңдеу деп - ...Егер теңдеуіндегі немесе с нөлге тең болса, ...Теңдеу толымсыз квадрат теңдеу деп аталады, егер ... теңдеуінің екі түбірі болады, егер ...
Мақсат пен бағалау критерийлерін оқушылармен талқылаймын. |
|
Сабақтың ортасы(20 мин.) | І. Топтық жұмыс. «Джигсо » әдісіТапсырма:1-топ № 151.2Егер тіктөртбұрыштың бір қабырғасы екіншісінен 4 см-ге артық және ауданы 96 см2 болса, тіктөртбұрыштың қабырғаларын табыңдар. 2-топ № 2.150Екі бригада өнімді 12 күнде жинап бітіруі керек. Олар бірігіп 8 күн жұмыс істегеннен кейін бірінші бригада басқа жұмысқа ауысып, қалған жұмысты екінші бригада 7 кұнде аяқтады. Осы бригадалар өнімді жеке-жеке неше күнде жинап бітіреді?3-топ № 2.144Катер өзен ағысымен 18 км жүрген соң, өзен ағысына қарсы 20 км жүріп, барлық жолға 2 сағат жұмсады. Егер катердің тұнық судағы жылдамдығы 20 км/сағ болса, онда өзен ағысының жылдамдығын табыңдар.Оқушылар мәтінді есптеді квадрат теңдеудің көмегімен есептеп шығарады.Бағалау: «Бір сөйлемде барлығын айтып беру» әдісіОқушылардан оқытылған тақырып бойынша «Кім? Не? Қайда? Қашан? Неге? Қалай?» деген сұрақтарға жауап беретін бір-ақ сөйлем құруларын ұсынады. Сергіту сәті. «Африка жауыны»
|
Алгебра 8 сынып (есептер жинағы) Алматы «Мектеп» 2018, В.Е.Корчевский, З.Ә.Жұмағұловаhttp://expert.mektep.kz/ru/shop/48649-8_klass/65226-algebra_jesepter_zhinay/122 бет
Алгебра8 сынып,Алматы «Атамұра» 2018,А.Н. Шыныбеков, Д.А. Шыныбековhttp://expert.atamura.kz/kz/books/409105 б
|
Сабақтың соңы(10 мин.) | Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар:
a) Квадраты берілген санның өзінен 72-ге артық болатын санды табыңыз. b) Архат тіктөртбұрыш тәріздес бақшаны декоративті тастармен қоршағысы келді. Бақшаның периметрі 68м, ал ауданы 240 м2 болу үшін оның өлшемдері қандай болуы керек? Дескриптор: Білім алушы - есептің шарты бойынша теңдеу құрады; - теңдеуді шешу әдісін таңдайды; - теңдеуді шешеді; - теңдеудің түбірлерінің есеп шартына сай екендігін тексеріп, жауабын жазады.
ҚБ: оқушылар экранға қарап жауаптарын тексереді.
Рефлексия: «3 минутық үзіліс» стратегиясы. Жаңа түсіндірілген тақырыпты ой елегінен өткізу мақсатында 3 минуттық үзіліс ұсынылады..... маған қиындық туғызды.Мен .... жайлы хабардар болдым...Алдағы уақытта мен ....
Үйге тапсырма: №2.141, №2.151 |
Үлестірмелер
Алгебра8 сынып, Алматы «Атамұра» 2018,А.Н. Шыныбеков, Д.А. Шыныбековhttp://expert.atamura.kz/kz/books/409105, 106 б |
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? | Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
Саралау тәсілдері: тапсырма, диалогқа түсу және қолдау, жіктеу. Оқушыны мақсатқа жеткізу барысында диалог және жеке тапсырмалар тәсілін қолданамын
| «Бір сөйлемде барлығын айтып беру» әдісі арқылы «Кім? Не? Қайда? Қашан? Неге? Қалай?» деген сұрақтарға жауап беретін бір-ақ сөйлем құруларын ұсынамын.
Дескрипторы бар тапсырмалар құрастырдым | Оқушыларды топтастыру кезінде денсаулықтарын ескеремін. Сергіту сәтін өткізу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаймын. |
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен? |
|
|
|
Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?1:
2:
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?1;
2:
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? |