Материалдар / МЕКТЕП ГЕОГРАФИЯ КУРСТАРЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДҮНИЕТАНЫМДЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДАҒЫ ТОПОНИМИКА ҒЫЛЫМЫ ЖАЙЛЫ КІРІСТІРУ САБАҚТАРЫ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

МЕКТЕП ГЕОГРАФИЯ КУРСТАРЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДҮНИЕТАНЫМДЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДАҒЫ ТОПОНИМИКА ҒЫЛЫМЫ ЖАЙЛЫ КІРІСТІРУ САБАҚТАРЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
МЕКТЕП ГЕОГРАФИЯ КУРСТАРЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДҮНИЕТАНЫМДЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДАҒЫ ТОПОНИМИКА ҒЫЛЫМЫ ЖАЙЛЫ КІРІСТІРУ САБАҚТАРЫ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қазан 2020
389
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ӘОЖ 911.37.091.373


МЕКТЕП ГЕОГРАФИЯ КУРСТАРЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДҮНИЕТАНЫМДЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДАҒЫ ТОПОНИМИКА ҒЫЛЫМЫ ЖАЙЛЫ КІРІСТІРУ САБАҚТАРЫ


Ахметқалиқызы Айдана, Ізтай Ұлжан Артықбайқызы

aidanamarzhan@gmail.com

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, 7М01506 – География мамандығының 1 курс магистранты, Өскемен, Қазақстан

Ғылыми жетекші – Женсикбаева Назгуль Жаныбековна

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, экология және география кафедрасының PhD докторы,

Өскемен, Қазақстан


Топономика география ғылымында географиялық жалпы атауларды зерттейтін ерекше бір ғылым саласы ретінде қолданылып, географиялы жалқы атаулар топонимдер деп аталып жүр.

Топонимдер заман ағымына сай толысып, жаңарып, қазіргі уақытта маңызды қызмет атқаруда. Өйткені жер бетіндегі өзен, су, тас, елді мекендер мен алуан түрлі ірілі-ұсақты нысандардың бәрі де нақтылы есім-атауға ие. Мысалы, орта ғасырда өмір сүрген ғұлама ғалым, Орта Азияның картасын жасаған Махмұт Қашғари география ғылымының дамуына зор үлесін қосты. Оның «Диуани лұғат ат-түрік» атты еңбегі тіл, география ғылымдарына және бүкіл түрік әлеміне ортақ ірі энциклопедиялық қазынасын, ғалымдар «XI ғасырдың Орталық және Орта Азияда жасалған түріктің географиялық ескерткіші деп атайды».

Ал, ішкі Азияны зерттеушілерінің ішінен топонимика мәселелеріне айрықша көңіл бөлген тұңғыш ғалым әрі ағартушы шығыс халықтарының география саласында айтарлықтай толымды да жемісті ғылыми зерттеулер жүргізген Ш.Уалиханов болды. Географиялық саяхаттар нәтижесінде жинаған ғалымның жер-су атаулары жөніндегі мәліметтері кейінгі ұрпақ үшін баға жетпес бай мұра болып табылады [1].

Қазіргі уақытта мектеп қабырғасында оқушылардың отан сүйгіш қасиеттерін (патриотизм) арттыру үшін өлкетанулық тұрғыдан жер-су атауларын (топонимика) оқыту мәселелерін қарастыруымыз керек деп ойлаймыз. Әрбір азамат туған жердің географиялық атауларын білуі қажет. Мектепте оқушыларды еркін ойлау мен талпынысқа баулу мұғалімге қажетті әдістердің ең бастысы дейміз. Топонимикалық материалдарды жүйелі түрде қолдану арқылы оқушылардың білімін тиімді түрде жетілдіруге болады.Қазіргі уақытта география сабағында жаңа әдістер мен тәсілдерді қолдану аясында білім берудің технологиясы мен жаңа бағыттары қолға алынуда. Соның ішінде топонимика мәселелерін оқытудың жаңа бағытын қарастыру маңызды рөл атқарады. География сабағында топонимика пәнінің дағдыларын меңгерту, қызықтыру, ойлау, есте сақтау ерекшеліктерін дамыту үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады [2].

  • Әдебиеттермен жұмыс (тарихи, мұрағаттық, картографиялық, географиялық, лингвистикалық және т.б);

  • Қазақстанның халықтық және географиялық терминологиясын топтастыру;

  • Топонимикалық карталарды кескін картаға түсіру;

  • Топонимикалық диктант жазу;

  • Топонимикалық викторина, ойын-сөз жұмбақ құрастыру т.б.;

  • Туристік нысандарды анықтаудағы маршруттық бағыттарын құрастыру;

  • Топонимдерді қалпына келтіру (унификация) реттеу және тілдік қабаттарды (стратиграфия) анықтау.

Оқушылардың топонимика ғылымы жайлы түсініктерін қалыптастыру үшін ең алдымен жалпы топонимикалық сөздіктерге назар аударған жөн. Ғылым салаларының аталу мағынасы туралы мәліметтерден бастаған дұрыс.

Қазақстан топонимдерінің қазіргі физикалық географияны оқытуда пайдалану үшін, тарихи мәліметтерге сүйеніп, Қазақстан жерінде болған халықтар туралы материалдарды пайдалана отырып, олардың болғандығын дәлелдейтін топонимдерді, сонымен қатар, қазақ халқымен туыстас басқа да, түрік және қазақ тайпаларының ертедегі дәуірінен бастап, қазіргі ұлт болып қалыптасуына дейінгі дәуірдегі топонимдермен байланыстыра зерттеу жұмыстың басты мақсаты болып табылады. Оқушыларға ең алдымен топонимиканың ғылым салаларының мағынасы жайлы жұмыс атқарған дұрыс. Топонимикамен тығыз байланыстағы ғылым салалары туралы мәліметтерді 1-кестеден көруге болады.


Кесте 1. Топонимикамен тығыз байланыстағы ғылым салалары


Ғылым салалары

Мағынасы

Астронимика

ауа кеңістігінде жарық дүниелер аттары туралы ілім

Гидронимика

өзен, су, көл және теңіз аттары туралы ілім

Зоонимика

хайуанаттар аттары туралы ілім

Космонимика

галактика және жұлдыздар тобының аттары туралы ілім.

Ойконимика

үй, ауыл, туған ел аттарының қойылуы (аталуы) жолдары туралы ілім

Оронимика

тау аттары туралы ілім

Фитонимика

өсімдіктермен байланысты аттары туралы ілім

Урбанимика

қала, көше, аттарының даму, өгеру заңдылықтары туралы ілім

Хрематонимика

әр заман тұсындағы түрлі мекемелердің, газет-журналдардың, кинофильмдердің, пароход және поездардың, самолеттердің аттары туралы ілім


Сонымен қатар, тұған өлкеге байланысты географиялық нысандардың лингвистикалық топонимикалық сипаттамалары маңызды рөл атқарады. Мысалы:

1. Алтай дәуіріндегі атаулар (Арғанаты, Сілеті. Бақанас т.б.).

2. Көне түркі дәуіріндегі атаулар (Балқаш, қыпшақ).

3. Көне қазақ тіуііндегі атаулар (Қарқарау\ы т.б.)

4. Жана қазақ тіліндегі атаулар (Ақсу, Сарысу, Шалсүрінген).

5. Басқа тілден енген атаулар:

6. а) «Иран» тілінен- Бетпакдала; б) «Араб» тілінен- Мазарлар; в) «Монғол» тілінен — Баянаул, Дегерес; г) «Угор» тілінен; д) «Орыс» тілінен енген топтар.

«Қазақстанның физикалық географиясы» курсынан сарамандық жұмыс атқардық. Мақсаты: оқушыларға Қазақстанның физикалық картасынан адам және ру аттарына топонимдерді анықтап, дүниетанымдылығын арттыру болып табылды. Оқушылар топ бойынша бірігіп адам атына және ру аттарына қойылған топонимдерді картадан іздестірді.

Адам атына қойылған топонимдер: Абай, Абыралы (аудан, Семей облысында), Айса (станция, Қарағанды облысында), Ақболат (станция, Семей облысында), Аманкелді (Қостанай облысында), Байғанин (аудан, Ақтобе облысында), Байжансай (жұмысшы поселкасы, Оңтүстік Қазақстан облысында), Байқадам (аудан орталығы, Жамбыл облысында), Байсерке (станция, Алматы облысында), Елтай (станция, Ақмола облысында), Жамбыл (облыс, қала, аудан), Жәнібек (аудан, Батыс Қазақстан облысындад, Жоламан (станция, Алматы облысында), Ескендір (жұмысшы поселкасы, Оңтүстік Қазақстан облысында), Кенжалы (станция, Гурьев облысында), Малдыбай (станция, Жамбыл облысында), Сапақ (станция, Қызылорда облысында), Таңсық (станция, Семей облысында), Тарғын (станция, Шығыс Қазақстан облысында). Оқушылардың қызығушылықтарын арттырған топонимикалық атауларды 1-суреттен көруге болады.


Сурет 1. Оқушылардың қызығушылықтарын арттырған топонимикалық атаулар


Оқушыларға гидрологиялық сипаттамасын беретін индикатор терминдерді талқылап дәптерлеріне талдау жасау ұсынылады. Гидронимдер құрамындағы индикатор‑терминдер 2-кестеден көруге болады.

Кесте 2. Гидронимдер құрамындағы индикатор‑терминдер

Гидронимдер

Индикатор‑терминдер

Өзен аттары (потомонимдер)

айрық, ақсу, ағын, аща, ащысу, бақанас, еспе, ирек, жайма, жайылма, жарма

Көл аттары (лимнонимдер)

ащы, балқаш, батпақ, бидайық, былқылдақ, жалаңаш, жалпақ, жалтыр, көп, қақ, қайыр,

Микрогидронимдер

Индикатор‑терминдер

Табиғи

арасан, бұлақ, бастау, көз, қайнар, жылға, жыра, тамшы, тұма, үйірім, шүмек

Антропогендік әрекетті бейнелейтін су нысандары

апан, арық, бөгет, бөген, еспе, канал, кемежай

Гидрографиялық метафаралар

ауыз, аяқ, бас,ерін, қолтық, көз, кіндік, құлақ, қолқа, мойнақ, тамақ

Жоғарыда көрсетілген топонимикалық атаулармен жұмыс істеуде оқушылардың тұған өлкеге деген қызығушылықтары артып, картамен жұмыс істеу дағдысы қалыптасып, топонимика ғылым саласының маңыздылығын зор екендігін көруге болады.

Қорыта айтқанда оқушылардың туған жеріндегі жер-су атауларының шығу себептерін білу олардың туған жерді сүюге ынтасын арттырып, белсенділігін шындайды. Әдістемелік оқу-жаттығу, тәрбие жүйесі, топонимикалық карталарды пайдалану, оқу-жаттығу технологиясын пайдалану арқылы (оқушыларды туған жердің табиғатын аялау) оқу үрдісінде ғылыми нәтижелер мен мол жетістіктерге қол жеткізуге болады.


Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.Қ.Т. Сапаров «Топонимиканың геоэкологиялық негіздері». Павлодар: ПМУ «Кереку» баспасы. 2007.-129б.

2. Г.Б.Мәдиева, С.К. Иманбердиева. Ономастика: зерттеу мәселелері. 2005.-240б.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!