Материалдар / Мектеп жасына дейінгі балалардың қиялы.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мектеп жасына дейінгі балалардың қиялы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала дамуының, өсуінің, тәрбиелиенуінің алғашқы баспалдағы екені бәрімізге мәлім.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қаңтар 2021
532
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Әбдікәрім Айзада Саятқызы

ҚShape1 арағанды облысы, Сәтбаев қаласы

«№33 «Күншуақ» бөбекжай балабақшасы» КМҚК

тәрбиеші




Мектеп жасына дейінгі балалардың қиялы.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында айтып өткендей, барлық дамыған елдердің сапалы бірдей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. «Ғасырдағы экономикалық және әлеуметтік ұмтылыстағы негізгі жетекеші күш – адамдар, олардың еркі, жігері, табандылығы, білімі, біліктілігі» делінгіен. Осыған орай, алға қойылған мақсаттарға жету үшін еліміздегі мектеп жасына дейінгі балаларымыздан бастап жастарымыздың шығармашылық қиялын жан-жақты дамытуға ден қою қажеттілігі туындайды. Сондықтан осы жағдайларды ескере отырып, біз осы бағыттағы мәселені әрі қарай терең ашуға деген өз үлесімізді қосу қажетпіз. Оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды.

Қиял дегеніміз – тек адамға тән, меншікті психикалық процесс. Жануарлар дүниесінде мұндай функция болмайды. Өйткені, қиял – адамның еңбек әрекетімен дамитын психикалық қызмет. Ол басқа да психикалық процестердің түрлері сияқты шындықты бейнелеп, болмыстағы оқиғалармен бірлікте пайда болып отырады. Қиял арқылы пайда болып отыратын, жаңа бейнелер адамның білім қорына, нақты образдарға, тұрақты елестерге негізделеді. Адамның әрқилы психикалық әрекеттерінде бір ғана процестің дараланып жеке кездесуі мүмкін емес. Осындай процестер бір бағытпен, арнамен ұштасып, араласып жатады. Солардың ішінен адам әрекетінде бір-екеуі жетекшілік қызмет атқарады. Сонымен, қиял дегеніміз – бізді қоршаған сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың образдарын жаңартып, оларды өңдеп бейнелеуден тұратын, тек адамға тән психикалық процесс.

Психологиялық энциклопедиялық сөздікте қиялға екі түрлі анықтама берген, біріншісі: қиял – психикалық үрдіс:

а) мәселелі жағдай белгісіз болғанда мінез – құлық бағдарламасын жасайды;

ә) іс-әрекетті бағдарламайды, бірақ онын орнын ауыстыратын бейнелерді жасайды;

б) объектінің суреттелуіне сәйкес бейнелерді жасайды.

Қиялдың маңызды мәні – іс- әрекет басталғанға дейін нәтижесін көруге мүмкіндік беріп, адамды сол арқылы іс-әрекет үрдісіне бағдарлайды.

Екінші анықтамасы: қиял – психологияда сыртқы дүние заттары мен құбылысатрының субъективті бейнелерін қайтадан өңдеп бейнелеуде тек адамға ғана тән психикалық үрдіс. Адамның миында қиял пайда болған кезде ми қабығында бұрын жасалған уақытша байланыстар түрлі өзгерістерге түседі де, жаңа заттар мен құбылыстардың бейнесі туып отырады. Әрбір адамның қиял ерекшеліктері сол адамның құмартып қызығуына, жекелік ерешеліктеріне алдына қойған мақсатына байланысты.

Мектеп жасына дейінгі кезеңде қиял – қоғамдық тәжірибені меңгерудегі алғы шарттары болып келеді, өйткені балалар қоршаған ортаны, адамгершілікті, эстетикалық идеяларды өзіндік көзқараспен қабылдайды. Баланың қиялы ересектерге қарағанда әлсіз. Біз бұрын қабылдаған заттар мен құбылыстардың образына сүйене отырып, еш уақытта көрмеген нәрселерді де санамызда бейнелей аламыз. Мәселен, өткен заманда болған оқиғаларды суреттейтін материалды оқып отырғанда, не өзіміз көрмеген алыстағы елдер туралы әңгіме тыңдағанда, не кітап оқығанда (Мәселен, алыстағы Африка, Австралия, Индия т.б.) бізде түрлі елестеулер пайда болады. Бұл қиял процесінің жемісі болып саналады. Л.С. Выготскийдің тұжырымына сүйенсек, «Бала қиялының дамуы біртіндеп, шамасына қарай қабылдауынан басталады. Қиялда болатын барлық образдар, қаншама таңғажайып болып көрінгенмен де, баланың өмірден көрген-білгенінен негізделеді. Кейде бала өмірде кездескен кейбір жағдайларды өзіндік қабылдаумен түсіндіргенде, бізге үлкендерге күтпеген таңқаларлықтай болып естіледі».

Л.С. Выготскийдің тұжырымына сүйенсек, «Баланың қиялы біртіндеп, шамасына қарай қабылдауынан басталады. Қиялда болатын барлық образдар, қаншама таңғажайып болып көрінгенімен де, баланың өмірден көрген-білгенінен негізделеді. Кейде бала өмірде кездескен кейбір жағдайларды өзіндік қабылдауымен түсіндіргенде, бізге үлкендерге күтпеген таңқаларлықтай болып естіледі».

Мектепке дейінгі балалардың қиялының дамуына зерттеу әдістерінің тигізетін әсері өте үлкен. Қазіргі мектепке дейінгі балалардың қиялын дамыту жолдарын ескере отырып жасалған оқулықтар қиялды дамытуға үлкен үлес қосады. Дегенмен, осы проблеманы шешу үшін әр болашақ тәрбиеші қиялдың ерекшеліктерін, оны дамыту жолдарын, зерттеу әдістерін толық түсіну қажет. Мектепке дейінгі білім берудің алдында тұрған негізгі мақсат – балаларға білім бере отырып қиялын дамыту, қызығушылығын арттыру. Мектепке дейінгі балалардың қиялын дамытуды дұрыс ұйымдастыру үшін балалардың қиялының дамуының заңдылықтары мен мүмкіндіктерін білу керек.

О.М.Дьяченко мен А.И.Кирилованың тәжірбиелік зерттеулерінде бала дамуында қиялдың екі түрі (сезімдік және танымдық) жүзеге асады. Танымдық қиялдың басты міндеті – ақиқат өмірдің белгілі бір түрде бейнеленуі. Сезімдік қиял, белгілі бір жағдайға байланысты қайшылық болғанда, баланың өзіндік «Мені» қалыптасқанда және оның құрастырудағы бір механизм болады.

Е.Е.Кравцованың зерттеуінде қиялдың даму қызметінде үш түрлі компонентті бөліп көрсетті: көрнекілікке сүйену; өткен тәжірбиесін қолдану; ерекше ішкі позицияны қолдану.

Мектеп жасына дейінгі баланың негізгі әрекеті болып табылатын ойын – бала қиялын дамытуда ерекше орын алады. Ойын үстінде ойын баланың шығармашылық талабына кең жол ашылады. Бала өз қиялынан ылғи да бір нәрсені жасау, құрастыруға әрекет жасау нәтижесінде баланың ойлау белсенділігін күш – қуатын барынша жұмсауға мүмкіндік туғызады. Ойын үстінде бала айналадағы шындықты сын көзімен қарап аңғара алмайды да, қиял бейнелерінің жетегінде кетеді. Бала психикасының осы жағы да қиял тәрбиесінде есте болатын жай. Сонымен, мектепке дейінгі балалардың қиялының дамуына оның әлеуметтік ортасы, отбасындағы қарым - қатынас, ойын, білім, заттық іс - әрекеттер арқылы ықпал ету, онымен санасу, оны қызықтыратын барлық нәрселерге үлкен мән беріп, ықпал ету жатады. Бала дамуын балабақшада тәрбиешілер, үйінде ата-анасы үлкен назарға алуы тиіс.

Қорыта келе, мектепке дейінгі ұйым – бала дамуының, өсуінің, тәрбиеленуінің алғашқы баспалдағы екені бәрімізге мәлім. Бала тәрбиесі – күрделі процесс. Бала бойында көрінетін әр түрлі өзгерістер ең бірінші тәрбиешілердің көмегімен жүзеге асырылады. Сондықтан, болашақ тәрбиеші ретінде балалардың қиялын дамыту арқылы, баланы шығармашылыққа, ұшқырлыққа, ойлау процесінің жүйелі болуына тәрбиелейміз. Баланың дамуы, танымдық процестердің қалыптасуы, қарым-қатынасының жүйелілігі-балабақшаларда оқыту барысында жүзеге асады. Қиялдың адам өмірінде маңыздылығы өте жоғары екені белгілі. Бала бойындағы танымдық процестер, соның ішінде қиялдың көрініс табуы үлкен маңызға ие. Қиял – баланың ойлауы мен қиялдауын қалыптастырады. Қиялды балада дамыту мен қалыптастыру өте жас кезінен қадағалап, болашақ ұрпағымыздың саналы да ақылды, ойы ұшқыр болуы үшін қиялдылықты тәрбиелеуіміз қажет. Бала дамуында танымдық процестерді жетік игере алсақ, онда болашақ бүлдіршіндердің сана – сезімінің қалыптасуы жоғары деңгейде көрініс табатын еді.



Әдебиеттер:

  1. Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жолдауы, 2014, Астана.

  2. Тебенова Қ.С., рымханова А.Р. Арнайы психология. – А., 2011.

  3. Жарықбаев Қ., Саңғылбаев О. Психология энциклопедиялық сөздік. – А., 2011.

  4. Түрікпен – Ұлы Ж., Мұздыбаева Б. Тәрбие психологиясы. – А., 2008.

  5. Мухина В.С. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы. – А., 1986.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!