Материалдар / «Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін театрлық іс-әрекет арқылы дамытудағы ертегілердің ролі»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін театрлық іс-әрекет арқылы дамытудағы ертегілердің ролі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ халықының және әлем халықтарының ертегілерін қолдану арқылы балаларды туған өлкенің, мемлекетінің мәдениетімен таныстыру және ойын іс-шараларына қатысуы арқылы шығармашылық байланысын қолдауға, отбасындағы ертегілерді оқу және айту дәстүрлерін жалғастыруға, педагогтермен қатар, сонымен бірге ата - әже мен әке - шешенің отбасындағы рөлін, ең алдымен рухани құндылықтардың бастысы ретінде анықтауға бағытталған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Маусым 2022
192
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласы

«Нұрбөбек» бөбекжайы КМҚК

әдіскер

Сейтжапбарова Гульнар Бухарбаевна


«Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін театрлық іс-әрекет арқылы дамытудағы ертегілердің ролі»


Қазақ халықының және әлем халықтарының ертегілерін қолдану арқылы балаларды туған өлкенің, мемлекетінің мәдениетімен таныстыру және ойын іс-шараларына қатысуы арқылы шығармашылық байланысын қолдауға, отбасындағы ертегілерді оқу және айту дәстүрлерін жалғастыруға, педагогтермен қатар, сонымен бірге ата - әже мен әке - шешенің отбасындағы рөлін, ең алдымен рухани құндылықтардың бастысы ретінде анықтауға бағытталған.

Аймақтық деңгейдегі әлеуметтік-педагогикалық «Әжемнің ертегісі» жобасын жүзеге асыру мақсатында «Нұрбөбек» бөбекжайы «Ертегі білуге құштар балабақша» айдарымен шығармашылық топ жұмыс жоспарын құрып, жүзеге асыруда. Жобаға қатысушылар ұзақ, шаршатпайтын шығармаларды: қазақ тіліндегі және әлем халықтарының ертегілерін өздері таңдап ата - аналармен білесе отырып жүргізуде.

Жобаны жүзеге асыруда келесі модел басшылыққа алынды. Жоба - педагогтер - балалар - ата-аналар. Бөбекжайды келесі технологиялар басшылыққа алынды - оқып беру яғни ата - аналардың ертегіні үйде оқып берулері, ертегіні ұйымдастыру үшін қажетті декарациялармен костюмдер, компьютер, картиналар топтамалары жинақталған орта яғни кеңістік бөбкекжайда ұйымдастырылды, және әр топта, әсіресе бұрыннан бар ересектер мен мектепалды даярлық топтарындағы арнайы театр бұрыштары толықтырылып жандындырыла түсті.

Басшылыққа алынған технологияларды жүргізу бағытында бөбекжайда семинар ұйымдастырылынып онда шебер - сыныптар мен тәжірибе жұмыстары ұйымдастырылды. Іс - шараларға сараптама жасалынып, балалар мен ата - аналардың тілдік құзіреттілігі дамуына және педагогтердің шығармашылық деңгейінің жоғарлауына септігі мол екендігін атап өтуге болады. Сондай - ақ бөбекжай педагогтардан құрылған шығармашылық топтың «Ертегі телеарнасы» студиясы құрылып тәрбиеленушілерге қызықты ертегілерді ұсынуда.

Бөбекжайда жобаның жұмысын жандандыра түсу мақсатында бірнеше жұмыс түрлерін қамту арқылы жүзеге асыруды жоспарланды. Атап өтетін болсақ: бірнеше ертегіні драматизациялау театр түрлерімен (картинаны иллюстрациямен, ормалмен, тантамарескамен, конуспен) қойылымдар арқылы ұйымдастырылды.

Картиналарды иллюстрация жасаумен және қозғалмалы мультфильмді сөйлету тәсілдері арқылы бірнеше ертегі құрастырылды.

Picture 6 Қасық және қуыршақ театрымен бірнеше ертегі қойылымы ұйымдастырылды. Сондай-ақ, «Екі лақ» яғни ақ лақ пен қара лақ ертегісін эстафеталық спорттық жарыстармен байланыстыра отырып қойылым ұйымдастырылды. Ересек «Лучик» орыс тілінде білім беретін топ тәрбиеленушілері «Қолғап» ертегісін мемлекеттік тілде ертегі қойылымын ұйымдастырса, ересек «Айгөлек» топ тәрбиеленушілерінің орындауында қазақ халық «Құмырсқа» ертегісін иллюстрация - құбылыстардың жанды сипаттамасын, графикалық бейнесін, суретпен көрнекі мысалдардың көмегімен түсіндірумен балалар ертегілерінің мәтінін сүйемелдеп айту арқылы орындап шықты.

ТPicture 20 антамареска театры - балаларға қуаныш сыйлайды, балалардың көп адамдармен және бейтаныс адамдармен сөйлесуіне кедергі болатын психологиялық тосқауылды түзеуге көмектеседі. Суреттердің артына тығылған балалар өздерін оңай және еркін сезінеді. Олар рөлдерді ойнаудан үлкен қуанышқа ие болады. Мектепалды даярлық «Балапан» топ тәрбиеленушілерінің орындауындағы ертегі «Қарлығаш пен дәуіт». Ертегіні ролдерде ойната отырып, Қарлығаш адамға дос екенін, дәуіттің адалдығын балаларға түсіндіріп және балаларды бір - біріне көмектесуге, қиналған кезде көмек беруге, бір - біріне қамқор болуға үйретуде осы ертегінің тәрбиелік мәні зор.

ЕPicture 8 ресек «Гүлдер» топ тәрбиеленушілерінің орындауында қазақ халықының «Алтын домбыра» ертегісі ормал театры арқылы драматизация жасаумен орындалды.

Орамал қуыршақ - театр қойылымындағы ерекше атрибут. Бұл балаларға қызықты, сөйлеуді, қиялды, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. Оны жасау үшін тек үшбұрышты мата мен қиял қажет. Бұл идея балаларымен бірге орамал театрын құруға қатысқан ата-аналардың қызығушылығын тудырады. Домбыра – қазақтың қасиетті дүниесі, көзінің қарашығындай сақталған алтын қазынасы. Оны тарта алмасаң да қадірлей білу керектігіне үйрету.

Ересектер мен мектепалды даярлық топ тәрбиеленушілері бөбекжайдың ерте жас пен кіші топ бөбектеріне арнап шығармашылық топтың құрған «Балақай» атты қуыршақ тетры қойылымдар көрсетті. Қуыршақ театры - бұл сахналық өнер, ол кішкентай көрермендерге көркемдік құралдар жиынтығымен әсер етеді. Қуыршақ театрының қойылымдарын көрсету кезінде көркем сөз, көрнекі сурет – қуыршақ, көркем және сәндік дизайн, музыка - ән, музыкалық сүйемелдеу қолданылды. Қуыршақ театрын шебер пайдалану балабақшаның күнделікті жұмысында мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл - ой, аPicture 5 дамгершілік, эстетикалық тәрбиесіне үлкен көмек көрсетеді. Қойылымдарды атап өтсек мектепалды даярлық «Солнышко» топ тәрбиеленушілері қасық театры арқылы «Күшік пен мысық» ертегісі қойылымын ұсынды. Мектепалды даярлық «Балапан» топ тәрбиеленушілері «Аю мен маса» ертегісін көрсетті. Мектепалды даярлық «Құлыншақ» топ тәрбиеленушілері «Түлкі мен тырна» ертегісі. Және ересек «Лучик» топ тәрбиеленушілері Иван Андреевич Крыловтың «Қарға мен түлкі» баснясын қойып берді.

Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы - туған ұясы, өз отбасындағы тәрбиесі, тілі. «Баланың бас ұстазы - ата-ана» дегендей мемлекеттік тілге деген құрметінде көріп жүрміз. Ата - аналар тек топқа қолдау жасаумен шектеліп ғана қоймай «Әжемнің ертегісі» жоба жұмысынада белсене қатысуда деп нық айта аламыз.

Тәрбиеленушілердің, ата-аналар мен педагогтардың тілдік құзыреттіліктерін дамыту саласында бөбекжайдағы тәрбие мен оқыту сапасын басқару моделін әзірлеу бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. Балалар үнемі ертегілерге қызығушылық таныта бастады. Балалар ертегі бейнелерінің мазмұнын дұрыс түсінетінін, олардың мағынасын шын жүректен түсінуге тырысатынын көрсетті. Жоғары эмоционалды - эстетикалық келбетімен және тәрбиенің жоғары белсенділігімен сипатталатын педагогтердің шығармашылық деңгейі кеңейтілді. Жобаны жүзеге асыру барысында алдыңғы қатарлы технологиялар қолданылды. Бөбекжай қорында 15-ке тақау қойылым яғни драматизация театр түрлерімен, бірнеше аудио ертегілер мен мультфильмдер бар, оларды бөбекжайдың Instagram Facebook, сайттарында жарияланған.



Қолданылған әдебиеттер:

1.Баймұратова Б. Мектеп жасына дейінгі балалар тілін дамыту методикасы. 2 - 6 жас аралығы. Алматы: Рауан, 1999.

2.Л.П. Федеренко, Г.А.Фомичева, В.К. Лотарев, Мектеп жасына дейінг балалардың тілін дамыту методикасы. А., «Мектеп», 2005ж.

3.Ертегі терапиясы, Төлеген. А., Қазақстан мектебі, № 8, 2012 жыл.

4.Қазақ ертегілері.(құраст. Е.Дүйсенбайұлы) - Алматы,2009.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!