Материалдар / МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ ТҰТЫҚПАСЫ БАР БАЛАЛАРДЫ ТЫНЫС АЛУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ ТҰТЫҚПАСЫ БАР БАЛАЛАРДЫ ТЫНЫС АЛУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ.

Материал туралы қысқаша түсінік
логопед-дефектолог мамандарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қаңтар 2021
595
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ ТҰТЫҚПАСЫ БАР БАЛАЛАРДЫ ТЫНЫС АЛУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ.

Аты-жөні: Назарова Аида Ғалымжанқызы

Лауазымы: Логопед

Мекеме атауы: №40 жалпы білім беретін орта мектеп

Өзектілігі:

Білім туралы заңның 2-тарау, 8-бабының 6-тармақшасында мемлекет даму мүмкіндігі шектеулі азаматтардың білім алуын, дамуындағы ауытқуларды түзетуін және әлеуметтік жағдай жасауды қамтамасыз етеді делінген.

Тұтығу сөйлеудің белсенді қалыптасуының негізінде (2-6) жасында пайда болады да, балалардың коммунакативті мүмкіндіктерін шектейді, оның психологиялық дамуын тежейді. Сонымен қатар, баланың жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына кедергі келтіріп, оның әлеуметтік бейімделуін қиындатады. Тұтығуды мектепке дейінгі кезеңде түзетудің алғаш негізін алып дамытқан Б.А.Гиляровский болды. 1931 жылы Москвада тұтығатын балалар үшін балабақша ашылды. Онда Е.Рау логопедиялық жұмыстар жүргізуді және Н.А.Власова жұмыс істеді. Ресейлік зерттеушілердің көпшілігі тұтығуды (И.А.Сикорский, И.К.Хмелевский, Э.Андересс) құрысу неврозынан, сөйлеудің функционалдық бұзылуынан болады деп анықтаған. Тұтығуды қоршаған ортадағы түрлі келіспеушіліктердің әсерінен, саналы түрде орындалатын психикалық соққылардың әсерінен болуы деп өз теорияларын ұсынғандар (А.Адлер, Шнайдер) тұтығуды инвидтің жағымсыз жағдайлардан қашқақтауы кезінде болатынын анықтайды. Бала дамуының жалпы заңдылықтарын, сөйлеудің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық дамуын, белсенді сөйлеудің дамуын қарастырда зерттеушілер тұтығудың күшейетінін немесе әлсірейтін (Р.М.Боксис, Р.Н.Левина, Е.Пишон) нақтыланған. Н.И.Жинкин жұтқыншақ жұмысының физиологиялық анализін жасауда тұтығу феномені түрлі буындарды құрастырудағы сөздік қимылдық қозғалыстардың бұзылымы деп түсіндіріледі.

1970 жылдары психиатрияда невроздық және невроз типтес бұзылуларға сәйкес клиникалық зеттеулер тұтығуды невроздық және невроз типтес бұзылуларға бөлу тенденциясы ұсынылады. (Н.М.Асатиани, Б.З.Драпкин, В.Г.Казаков).

Тұтығудың нейрофизиологиялық позициялары сөйлеу әрететі кезінде тұтықпаның ерекшеліктері туралы (И.А.Данилов, И.М.Черепанов, 1970) еңбектерінде қарастырылады.

Х.Лагузен 1838 жылы тұтығудың себептеріне аффекті, ұялу, қорқу, үрей, бас миының қатты соққы алуы, күрделі инфекциялық аурулар, анасының немесе әкесінінің қате сөздеріне еліктеуді жатқызған.

Барлық тұтықпасы бар балаларда өз ойын анық жеткізу барысында қиындықтар кездеседі, мәтіннің байланысының бұзылуы, синтаксистік және лексикалық тұрғыда аяқталмаған тіркестер қажетті сөз іздеп тұрған сияқты сөздік кідірістер байқалады. Баланың дұрыс сөйлеу тынысы сөйлеу дағдысының даму процесінде қалыптасады. Тіл дамуының кешеуілдеуі баланың кеш сөйлеуінде ғана емес, сонымен бірге оның сөздік қорының аз болуында, дыбыстарды бұзып айтуында, сөздердің грамматикалық құрылысын бұзып сөйлеуінде. Ойлау қабілеті мен сөйлеу мүмкіншіліктерінің нашарлауы сөйтіп тұтығуға әкеп соқтырады. Ата-аналар балаларына жан-жақты тәрбие беру үшін оларды жиі-жиі киноға апарады, телевизордан бірнеше сағат бойына үзбей мультфильмдер, ертегі-ойындар көруге рұқсат етеді. Бала осылардың бәрінен шамадан тыс әсер алып, сол алған әсерлерін басқаларға тезірек жеткізуге тырысады. Сөйлеу үстінде қақалып, бір ойын айтып болмай жатып, екінші ойға көшеді.Осыдан кекештену, сақаулану пайда болады. Осы кекештену тұрақты тұтығуға айналып кетуі әбден мумкін.

Мектепке дейінгі тұтықпасы бар балаларды тыныс алу жаттығулары арқылы түзету толық зерттелмеген.

Зерттеу мақсаты: Мектеп жасына дейінгі тұтықпасы бар балаларды тыныс алу жаттығулары арқылы сөйлеу әрекетін қалыптастыру.

Зерттеу нысаны: Мектеп жасына дейінгі тұтықпасы бар балалар.

Зерттеу пәні: Мектеп жасына дейінгі тұтықпасы бар балаларды тыныс алу жаттығулары арқылы сөйлеу әрекетін қалыптастыру.

Зерттеу міндеттері:

  1. Тұтықпасы бар мектеп жасына дейінгі балалар мәселесіне байланысты ғылыми зерттеу жұмыстарын талдау;

  2. Тұтықпасы бар мектеп жасына дейінгі балаларды түзету үшін логопедиялық тыныс алу жаттығуын пайдалану;



Зерттеу әдістері: Бақылау,нысанын анықтаушы қалыптастырушы әдістер,

статистикалық әдістер

Зерттеу болжамы:

Егер мектепке дейінгі тұтықпасы бар балалардың сөйлеу әрекетін қалыптастыру бойынша жүргізілетін түзету жұмысы барысында тыныс алу жаттығуларын мақсатты бағытталған түрде қолданса, онда осы топтағы балалардың сөйлеу тілі жағдайы максималды түрде жақсартуға болады.

Егер түзетуде тыныс алу жаттығуларын белгілі авторлардың айтуына сүйеніп, тереңірек, нақтырақ зерттесек, онда сөйлеу тілінде тұтықпасы бар балалардың тілін түзетуде ұйымдастырылатын логопедиялық тыныс алу жаттығуларын пайдаланып, түзету жұмыстарында нәтижеге жете аламыз.













Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!