Материалдар / Мектеп тренерінің қызметі - әріптестеріне қолдау көрсету
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мектеп тренерінің қызметі - әріптестеріне қолдау көрсету

Материал туралы қысқаша түсінік
Қандай істе де, еңбегіңнің нәтижелі болуы үшін,оқушыға берген біліміңнің нақты болуы үшін әрбір мұғалім ізденеді, жетістік биігінен көрінсем деген ой да қалыптасады. Кей жағдайда күнделікті сабақ жоспарын жазған кезде де ойланып, әртүрлі әдіс-тәсілдердің қайсысын алған дұрыс, қандай тапсырмаға сәйкес келеді деген сияқты ойлар мазалайды. Сол тұста әріптестеріміздің пікірі қажет-ақ. Әрбір мұғалім заман ағымы, қоғам өзгерістеріне ілесе отырып, оқушының таным көкжиегін дамыта білуге жұмыстануы қажет.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қырқүйек 2022
216
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектеп тренерінің қызметі - әріптестеріне қолдау көрсету



Қандай істе де, еңбегіңнің нәтижелі болуы үшін,оқушыға берген біліміңнің нақты болуы үшін әрбір мұғалім ізденеді, жетістік биігінен көрінсем деген ой да қалыптасады. Кей жағдайда күнделікті сабақ жоспарын жазған кезде де ойланып, әртүрлі әдіс-тәсілдердің қайсысын алған дұрыс, қандай тапсырмаға сәйкес келеді деген сияқты ойлар мазалайды. Сол тұста әріптестеріміздің пікірі қажет-ақ. Әрбір мұғалім заман ағымы, қоғам өзгерістеріне ілесе отырып, оқушының таным көкжиегін дамыта білуге жұмыстануы қажет.

Мұғалім ең алдымен өзі оқытатын пәнді білуге,ал онан соң оны жеткізе алуы тиіс. Білімді оқушыларды қызықтыру үшін қажет жағынан бастап, түсінікті формада айтып жеткізу, ең басты мәселеге тоқтала білу,ең мәнді нәрсені екінші қатардағы мәселеден ажырата білу, осының бәрін нақты мысалдар келтіре отырып айтып беру-зор өнер...

Бұл-өте үлкен өнер,мұның өзі оншалықты оңай дүние емес.Міне сондықтан мұғалім ең жауапты міндетті орындайды деп ойлаймын.Осы бағытта өзім үйрене жүріп,әріптестерімді қолдау мақсатында 2016 жылы Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша мектеп тренерлерін оқыту курсын аяқтадым.Сол жылы қараша айында аталған курсты бітіріп келіп,өзім еңбек ететін мектепте жас мамандарға алғашқы курсымды өткізе бастадым.Әрине алғашқы курс тыңдаушыларына яғни әріптестеріме кәсіби дағдыны қалыптастыру жолындағы бастамам көп дайындықты,ғаламтор көздерінен іздену,жеті модуль әдіс-тәсілдерін саралау,мектептің даму жоспарындағы басты талаптарды курс нәтижесімен жүзеге асыру үлкен жауапкершілікті талап етті.Дегенмен курсқа қатысушы әріптестерімнің үйренсем,білсем деген талпыныстары мені олармен бірге бірлесіп жұмыс жасауға қанаттандырды.Алғашқы күннен-ақ постер құрастырып,сабақ барысында кездесетін қиындықтар мен қателіктерге жол бермеу мақсатында проблемалық сұрақтарға топ болып жауабын іздестірудің мүмкіндіктеріне қадам жасадық.Сабақтың әр кезеңінде қолданылатын әдіс-тәсілдер,сергіту сәтінің әр сәті ерекше қимыл-қозғалыс екендігін,топқа бөлудің өзі бір-біріне ұқсамайтын түрліше әдіс-тәсілдерден тұратындығын ұғындырды.Әріптестеріме курс өткізе отырып,өзім де педагогикалық тәжірибемді толықтыра түстім. «Басқаларды үйрете отырып,біздің өзіміз де үйренеміз»,-деп Рим философы Сенека айтқандай, курста алған білімімді әріптестеріммен бөлісе жүріп,өзім де XI ғасырда талап етілетін дағдылардың мәнін түсіне біліп,шешімдер мен іс-әрекеттерді ұйымдастыра білетін, әріптестеріме қолдау көрсете алатын мектеп тренері болатындығыма сенемін.

Picture 1







Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!