Материалдар / Мектеп тынысы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мектеп тынысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Материалда мектеп өмірі туралы мәліметтер берілген. 2018 -2018 оқу жылында "Мемлекеттік бағдарлама" негізінде салынған мектептің оқу әдістемелік жұмысының барысы, мұғалімдер қызметі туралы мәліметтер берілген. мектепте атқарылып жатқан іс шаралар, оқу жылында жеткен жетістіктері бағаланады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Желтоқсан 2018
1602
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектеп тынысы

«Бүгінгі күн – кешегінің жемісі, ертеңгінің болмысы», - дейді дана халқымыз. Қай мемлекеттің болсын ертеңi – бiлiмдi жастардың қолында. Алдыңғы толқын аға буынның орнын басар, ізін жалғастыратын кейінгі толқын жастар. Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев осындай жан-жақты дамыған білімді, елжанды, еңбекқор, өзінің атқарған ісіне жауапкершілікпен қарауды азаматтық парызы санайтын ұрпақ тәрбиелеуді білім беру саласы қызметкерлеріне жүктеді. Бұл үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай да жасалуда.ХХІ ғасырда қоғам мен мемлекет дамуының басты тетігі білім беру болып отыр. Рухани, мәдени саламыздың нығаюына, адами қасиеттердің жоғарылауына, жеке адамның сапалық ерекшелігінің өрлеуіне білімнің ғана құдіреті жететіні күннен - күнге айқындалып келеді. Әрбір елдің өркендеуі, тұғырының берік болуы да білімге келіп тіреледі. Заңғар жазушы М.Әуезовтің сөзімен айтар болсақ, «Халықпен халықты, адам мен адамды теңестіретін білім болмақ» десе, көреген ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте     оның білімдік деңгейімен айқындалады» деп тұжырымдайды. Егемендік алған тәуелсіз Қазақстанның әлемдік өркениетке жетудегі бірден - бір дара жолы - білім жүйесі. Орта мектеп - білім жүйесінің ең басты буыны. Орта мектепте  қаланған білім негізі оқушының болашағына жол ашады.Елбасымыздың «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» атты Халыққа Жолдауында баса назар аударылған үш ауысымды мектептер мәселесін шешу мақсатында Бобровка кентіндегі 6 сыныптық «№44 ЖОББМ» КММ үлкейтіліп салынып 11 сыныптық 600 орындықтық мектептің іргетасы қаланып, 2017 – 2018 оқу жылында пайдалануға берілді. Мектептің оқу кабинеттері заманауи талаптарға сай жабдықталған. Бүгінгі таңда мектепте 1500 жуық оқушы білім алуда. Мектеп директоры С.Ж. Елеусызов басшылық жасап отырған және директордың оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Садыбекова Г.А., Қазыбаева С.С., Сапанова Ш.А., Атиева Р.К. аталмыш білім ордасының жас ұрпақты білім беру мен тәрбиелеуде атқарып отырған жұмысы өз нәтижесін көрсетуде. Әр оқу жылы сайын дәстүрлі түрде өтетін жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп оқушылары арасындағы олимпиада үстіміздегі оқу жылында да оң жалғасын тапты. Биылғы оқу жылында мектебіміздің оқушылары олимпиаданың қалалық кезеңінен жүлделі орындарға ие болды. Тунгатарова А.М., Кутумбаева А.Б., Жұмағалиев О.Ж., Нургалиева Г.Р., Қонысбек Д.Т., Әнуарбекова И.Ә., Берикболова Б.Т., Едыгенова Г.С., Сулейменова А.Ж., Тәти Е.И., Абенов К.Ж., Кусайнова Р.Е, Коканова А.Т., Жетмекова К.С., Тулеугалиева М.М., Жумадилова Ш.С. сынды ұстаздар жас ұрпақ бойына білім мен тәрбие беруде, жас мамандарға әдістемелік көмек көрсетуде еңбектері аса құнды. Мектептің қоғамдық өміріне белесене қатысып жүрген Қасымов Б.Б., Байбатырова Б.Е., Манбекова А.К., Еркинбекова М.А. сынды жас мамандардың оқушының жан – жақты, тәрбиелі, жауапкершілігі зор тұлға болып қалыптасуы жолында бірқатар жұмыстар атқарып жүр. Сонымен қатар, желтоқсан айының алғашқы он күндегінде өткен «Педагогикалық идеялар фестиваліне» қатысқан ұстаздарымызда өздерінің құзыретті маман екендіктерін көрсете білді. Музыка пәнінің мұғалімі Тастанбекова Ж.Т. мектепте өнерлі оқушыларды түрлі сайыстарға дайындап, республикалық деңгейдегі жарыстардан жүлделі орындармен оралуда. Алғашқы айлардың өзінде-ақ білім баспалдағына нық қадаммен көтерілген білім ордасы қандай үлгідегі сайыс болса да, қатарынан қалыс қалмауды мақсат еткен. Жаңа 2018 – 2019 оқу жылының бірінші жартыжылдығында мектебіміздің білімді шәкірттері мен білікті мамандары білім додасындағы сайыстардың жеңіс тұғырынан көрініп, мектептің марапат қоржынына сүбелі үлестерін қосуда.Мектебімізде жас ұрпаққа сапалы білім берумен саналы тәрбие беру де оң жолға қойылған.Жас ұрпақты елжандылыққа, отансүйгіштікке, ынтымақ пен бірлікке баулуда сыныптан тыс шаралардың орны ерекше екені баршамызға аян. Осы бағытта мектебімізде айтарлықтай игі шаралар атқарылуда. Ағымдағы оқу жылында мектептің спортзалы «Үздік спортзалы» конкурсында жүлделі орынды қанжығасына байлады. Салуатты өмір салтын ұстану мектеп ұжымының әр мүшесінін және шәкіртінің басты қағидасы іспетті.Қыркүйек айының 5 күні өткен Денсаулық фестиваліне мектеп ұжымы мен оқушылары бір кісідей ат салысып, барлығы да мектеп жанындағы спорт алаңына жиналды.Жас ұрпақты спортқа баулып, салауатты өмір салтын насихаттауда дене тәрбиесі мұғалімдерінің де еңбектері зор. Мектеп жанында таэквон-до, волейбол, футбол, жеңіл атлетика, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақтан тегін үйірмелері тұрақты түрде жүргізіліп келеді.Мектеп әкімшілігі мен педагогтар ұжымы мектеп абыройын арттырыап, оқу мен білім сапасын арттыруда талмай еңбек етуде. Қазақтың ХХ ғасырдың белгілі ағартушысы Ж. Аймауытов «Қазіргі қазақ мектебіне қажеттісі – тек білім беруші мұғалім ғана емес, баланы өмір сүруге үйретуші ұстаз!» - деген еді. Бұл сөздердің бүгінгі күні де мәні өте жоғары. ХХІ ғасыр ғылым мен білімнің қарыштап дамыған ғасыры болады деп күтілуде. Сондықтан бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәліметтер беріп қана қоймай, оны дүнежүзілік білім, ақпарат, эканомика кеңістігіне шығуға, қатаң бәсеке жағдайында өмір сүріп еңбек етуге дайындайды.

«№44ЖОББМ» КММ-сі директорының әдістемелік істері жөніндегі орынбасары Нукенова Т.К.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!