Материалдар / Мектепалды даярлық сыныптарында жаңартылған білім берудің өзектілігі мен маңыздылығы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мектепалды даярлық сыныптарында жаңартылған білім берудің өзектілігі мен маңыздылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
материалда жаңартылған бағдарлама бойынша біраз түсінік қалыптастыруға болады.Мектепалды мұғалімдеріне қает деп ойлаймын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қаңтар 2021
928
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Абдраймова Ләйлім Оразханқызы

Алматы облысы,Кеген ауданы,Кеген ауылы

Сәдуақас Серкебаев атындағы мектеп-гимназиясының

Мектепалды даярлық сынып мұғалімі



Мектепалды даярлық сыныптарында білім беру мазмұнын жаңартудың өзектілігі мен маңыздылығы

Бүгінгі күні мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту,тәрбиелеу,өсіріп жетілдіру жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр.Осы орайда мектепке дейінгі ұйымдардағы бала тәрбиесінің маңыздылығы мен ерекшелігі орасан роль атқарады. «Тәрбие тал бесіктен басталады»,- демекші мектеп қабырғасына барғалы отырған бүлдіршіндерге сапалы білім беру заман талабы болып саналады.Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі 1998-1999 жылдары еліміздің «Білім беру туралы» Заңының жаңа жобасын дайындау барысында жаңа заңнамалық ереже жалпы білім беру бағдарламасы аясында мемлекеттік білім беру ұйымдарында міндетті және тегін 5 және 6 жастағы балаларды мектепалды даярлыққа қабылдау туралы ережені жасауды ұсынған еді.Мемлекеттік білім беру ұйымдарында ол тегін болып табылады. Заңның аталған нормасына сәйкес ҚР Үкіметінің №1762 шешімімен «Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен жалпы білім беретін мектептерінде бес-алты жастағы балаларды міндетті мектеп алдындағы даярлаудың ережесі»бекітілді.

Сөйтіп, 1999 жылы еліміздің білім беру саясатының негізгі жетістігіне айналған 5-6 жастағы балаларды міндетті мектепалды даярлау енгізілді. Қазақстан баланың мектепалды даярлыққа құқығын нормативтік-құқықтық негізде бекіткен ТМД елдерінің ішінде жалғыз мемлекет.Қазіргі таңда ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы «12» тамыз №499 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына сүйене отырып, оқытылады.

Бағдарлама «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5 және 14- баптарына, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленді.

1.Бағдарламаның мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктері емн жеке мүмкіндіктеріне сәйкес,білім,білік,дағдыларын рухани –адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру болып саналады.

2.Бағдарламаның міндеттері:баланың өмірін қорғауды және денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ететін заттық – кеңістіктік дамытушы орта құру.балалардың дене,зияткерлік,коммуникативтік,адамгершілік,эстетикалық дамуына бағытталған білім беру салаларын кіріктіру,бағдарлама баланың коммуникативтік дағдыларының қалыптасуына, танымдық және әлеуметтік мотивтерінің көрінуіне, қызығушылығы мен білім алуға деген құштарлығының дамуына мол әсер етеді.Аталған бағдарлама білім беру салаларын кіріктіру қағидаттарын ескеріп отыр.Барлық сабақтар мен іс-шаралар болашақ бірінші сынып оқушыларын оқытуға емес,олардың белсенділігін,дербестігін шығармашылық қабілеттерін,танымдық қызығушылығын,құрдаситарымен және ересек балалармен қарым- қатынасқа түсе білу біліктерін дамытуға ерекше мән береді.Коммуникативтік-тілдік құзіреттіліктің кіші салалары: тілдің грамматикалық құрылымы,тілдің дыбыстық мәдениеті,сөздік,байланыстырып сөйлеу,мемлекеттік тіл т,б талаптар қойылған.Осы талаптарды орындау үшін балалар:- грамматикалық дұрыс сөйлеуге тырысады,тілге сыни қатынасын білдіруді;- сөздерді орынды қолданады,дыбыстарды ажыратуды,мәнерлеп оқудың түрлі тәсілдерін пайдалануды;-өлеңдерді жатқа айтып үйренеді.Ерте жаста балалар оқуға ерекше қабілетті,сондықтан олар мектептегі оқуға қажетті өте көп дағдыларды меңгере алады.Мектепке дейінгі білім беруге жаңаша көзқарас,балаға деген жаңаша көзқарас ( 4К моделі), мектепке дейінгі педогогтерінің кәсіби дамуына басымдық болып саналады.


Shape1


Мектепке дейінгі ұйымның білім беру процесінде Стандарт талаптарын орындау кезінде 5-6 жастағы балаларда мектепке жігерлілік және мотивациялық даярлығының алғышарттары қалыптасады.

Стандарт мектепке дейінгі ұйымның түлегінің моделін белгілейді:

1) дене бітімі дамыған;

      2) білуге құмар;

      3) өзіне сенімді және белсенді;

      4) эмоционалды елгезек;

      5) әлеуметтік дағдыларды және ересектермен, құрдастарымен өзара қарым-қатынас жасаудың, өз бетінше үйренудің дағдылары мен әдістерін меңгерген;

      6) өзі, отбасы, қоғам (жақын әлеумет), мемлекет (ел), әлем және табиғат жөнінде алғашқы түсініктері бар;

      7) орта білім беру ұйымында оқуға қажетті біліктер мен дағдыларды игерген.

Оқу және жаңашылдық дағдылары

Оқу және жаңашылдық дағдылары – ол балалардың зейінін шығармашылыққа, қарым-қатынасқа, сыни ойлау мен ынтымақтастыққа бағыттайтын дағдылар (Griffin, P., McGaw, B. andCare, E., 2012). Балаларымызды болашаққа дайындауда шығармашылық, сыни ойлау, қарым-қатынас және бірлесіп әрекет ету мәселелеріне назар аудартатын дағдылар:

  1. Criticalthinking (сыни ойлау).

  2. Communication (қарым-қатынас).

  3. Creativity (креативтілік).

  4. Collaboration (командалық жұмыс).

Көптеген зерттеушілер осы дағдыларға қызығушылықты да қосады, бірақ олар дағды емес, сапа, яғни адамның жеке қасиеті болып табылады.

Әрбір педагог тырысу керек балаларды дағдыландыруға:

- өз бетімен, жұпта/топта, жоғарытехнологиялық кеңістіктік ортада ойнауға қабілетті болуды;

- педагогтермен және басқа балалармен өзара әрекеттестікке қабілетті болуды;

- икемді және креативті ойлауға қабілетті болуды.

Сыни ойлау

Сыни ойлауды дамыту үшін балаларға зияткерлік ойындар (мысалы, басқатырғыштар және жұмбақтар), топта пікір-таластарды өткізу және түрлі проблемалық жағдаяттарды талқылау пайдалы. Сыни ойлауды меңгерген бала икемді, жоспарлау мен сезінуге, ымыралық шешімдерді іздеуге дайын болады.

Коммуникативті дағдылар

Қарым-қатынас балаларға өз идеяларын жүзеге асыруға көмектеседі. Өз идеяларын балалар ойындарда іске асырады, эмоциялар арқылы білдіреді, жарқын сөйлеуімен тартады, өзімен идеяны бөлісуге шақырады және барлық қатысушыларға қызықты болуын қадағалайды.

Балалар өз пікірлестерін немесе құрдастарын ұйымдастыру және оқыту барысында өз сөздік қорын, қуаты мен эмоцияларын максималды пайдаланады.Бұл дағдыда 4К моделінің барлық компоненттерінің көрініс табуы маңызды.

Креативтілік

Көп адамдар баланың әлеуеті болмаса оның креативтілігін, яғни шығармашылығын дамытуға болмайды деп қате ойлайды. Зерттеушілердің пікірі оған қайшы. Шығармашылық ойлауды дамыту үшін баланы өзін еркін бос ұстауға, қарым-қатынас және жаңа танысулар үшін (балалар үшін тән, себебі олар жеңіл танысады және құрдастары мен ересектермен диалогқа түседі) ашық болуға, қателіктерді жіберуге және сәтсіздіктерді кешуге қорықпауға үйрету. Педагог басшылығымен өткізілетін «мен келесі ойыншықтарды жақсы көремін....» атты коллаж құру және балаларға өзінің сүйікті ойыншықтарын таңдауға немесе әкелуге, фотосуретін жасауға, суретін салуға және құрдасына немесе педагогке бұл ойыншық неліктен сүйікті екендігін түсіндіру бойынша ойын қызықты болады.

Командалық жұмыс

Кішкентай балалар бірлескен жұмыс үшін жаралған. Өздерінің болмысының алғашқы күндерінен бастап олар әрдайым біреумен немесе бір жерде өзара әрекеттестікте болады. Екінші немесе үшінші адам көмегімен бала түсініктерді меңгереді және өмірлік дағдыларды шынықтырады.

Командалық жұмыста және ынтымақтастықта бала басқа пікір болатынын түсінеді. Сол үшін ол сол пікірмен келіседі немесе келіспейді, өз ұстанымын қорғауға және дәлелдеуге, басқаның пікірін тыңдауға үйренеді. Көзқарастарды салыстыруға және өз шешімін құрастыруға дағдыланады.

Сонымен, командалық жұмыс жағдаятты және пікірді бағалауға, көшбасшы болуға және пікірлестерін табуға көмектеседі.

Бала үні

Ғылымның қазіргі деңгейі бала үніперинаталды (құрсақ ішіндегі) кезеңде анықтала бастайтынын анықтауға көмектесті: ананың таңертеңгі жүрек айнуы, бас айналуы, талғамы мен күн тәртібінің ауысуы, егер бірдеңе ұнамаса баланың тебінуі, егер үрейленіп немесе көңілсіз болса ауырсынудың болуы.

5-6 жастағы балаларда сөйлеу жақсы дамыған, олар өз пікірлерін еркін айта алады және болып жатқан жағдайларға қатысты өз қатынасын білдіре алады. Тең дәрежелі диалог бала үнін естуге мүмкіндік береді. Мәдениеттің жаңа типі балалар білімді желілік кеңістік пен түрлі гаджеттер арқылы құрдастарынан алатынын қарастырады. Баланың өте құнды сапасы – ойнауы, ойында көшбасшылық пен басқару тәрбиеленеді, өз әрекетінің субъектісіне айналады. Онымен бірге, бала осы жаста эксперимент жасаудан және сынап көруден, өз күштерін және басқа адамдармен қатынаста өз шекараларын сынауға қорықпайды.

Бала үні оны басқалар есту үшін ғана емес, ең маңыздысы ол есеюі мен оқуы үшінқажет. « Жаңартылған бағдарлама жағдайында мектепте дейінгі тәрбиелеу мен оқыту үдерісіндегі тиімді әдіс-тәсілдерді»тиімді пайдалануды ұсынамын.


  • Оқытудың түрлері, әдістері мен тәсілдері

  • Үйлесімділік оқытудың түрлері, әдістері мен тәсілдеріне ғана емес, сонымен бірге жас ерекшеліктерін анықтауға да қатысты. Педагогтер қолданып жүрген оқыту әдістері мен тәсілдері әрбір жас категориясының оқу бағдарламаларын жүзеге асыруды қолдайтынына көз жеткізу керек, ал бақылау тәрбие мен оқытудың әрбір кезеңінде баланың жетістіктерін ақпараттандыруға және қолдауға көмектеседі. Бұл педагог үшін үш негізгі компоненттердің маңыздылығын атап көрсетеді: оқу бағдарламалары, оқыту әдістемелері және балалардың іс-әрекетін бақылау.

  • «Болжау әдісі», «Жеке жұмыс Әдісі», «Саралау», «Бақылау әдіс», т,б әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып,балаға нақты ,өлшемді мақсат қою арқылы біз өз мақматымызға жетуіміге болады.



Пайдаланған ресурстар

https://goo.kz/blogs/view/1/50802

http://fb.ru/article/444432/osnovnyie-novoobrazovaniya-doshkolnogo-vozrasta-obschaya-harakteristika-razvitiya-rebenka

https://spravochnick.ru/pedagogika/principy_obucheniya/princip_dostupnosti_obucheniya/мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы 2016ж/




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!