Материалдар / Мектепалды даярлықтағы білім берудің мазмұны мен сапасын артырудың тиімді жолдары.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мектепалды даярлықтағы білім берудің мазмұны мен сапасын артырудың тиімді жолдары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қараша 2018
604
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектепалды даярлықтағы білім берудің мазмұны мен сапасын артырудың тиімді жолдары. Бүгінгі таңда мемлекетіміздегі саяси- эканомикалық өрлеу және әлеуметтік саланы заманауи биіктерге жеткізу бағытындағы атқарылып жатқан рухани жаңғырту жұмыстары білім саласындағы қызыметкерлерге үлкен жауапкершілік жүктеп отыр. « Біз әлеуметтік жаңғыру жолында жаңа ауқымды қадам жасауға міндеттіміз»,-деген Президентіміздің бес әлеуметтік бастамасы бізді межелерге жігерлендіріп отыр. Қазіргі кезеңде білім беру саласына күрделі өзгерістер енгізілуде. Мектепалды даярлық тобындағы балаларды мектепке дайындау ісіне жаңа заманауи белестерге жеткізу – бүгінгі күннің ең көкей кесті мәселелерінің бірі болып табылады. Осыған байланысты білім саласының алғашқы сатысы болып саналатын мектепалды даярлық тобының тәрбиешілеріне болашақ ұрпақты жеке тұлға ретінде қалыптастыру, дүниетанымын дамыту,білімге деген қызығушылығын ояту сынды аса жауапты міндеттер белгіленді. Осы міндеттерді қазіргі заман талабына сай жүзеге асыру тәрбиешілерден күнделікті ізденісті талап етеді. Өйткені бастауыш буын сатыларында білім мен мазмұн бірлігін қамтамасыз ететін көрнұсқа бағдарлама жеткіліксіз. Осы себепті оқытудың тиімді әдістерін және оқу құралдарын балалардың даму ерекшеліктеріне сай таңдауда көптеген қиындықтар туындайды. Инновация ағылшын тілінен аударғанда жүйе ішіндегі өзгерістер деген мағынаны білдіреді. Құрал мен үрдіс ретінде инновация қандай да бір жаңалық енгізу деген мағынаны білдіреді. Педагогикалық үрдіске қатысты инновацияны оның мақсатына, мазмұнына , оқыту әдістері мен формаларына, мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекетін ұйымдастыруға жаңалық енгізу деп анықтауға болады. Сондықтан күнделікті дайындық жұмыстарын түпкі бір мақсатқа баланы неғұрлым жүйелі сатылы дамыту арқылы бір буынның екінші буынға,нақтылай айтқанда дайындық тобынан бастауыш сатыға сәтті өтуге бағыттау қажет. Мектепалды даярлық тобындағы қаланатын білім мен тәрбиенің негіздемесі: баланың білуге деген қызығушылығын ояту; шығармашылық тапсырмаларды өз бетінше орындай алу қабілетін дамыту; еркіндігін дамыту; интелектуалдық және жеке тұлғалық дамуына байланысты ойлау қиялын дамыту, тілдік қарым-қатынасын жетілдіру, өз қатарларымен тіл табысып, сөйлесе білуге үйрету, айналадағы қоршаған орта және білім дайындау танымдық түсінік беру болып табылады. Жас жеткіншектің тамырын тереңге, тұғырын билікке жетелеу үшін күнделікті оқыту үрдісіне озық педагогикалық тәсілдерді ұтымды қолана білу қажет. Ойын технологиясы – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды педагог пен балалардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады. Балалардың негізгі іс-әрекеті ойын болғандықтан, әсіресе ойын арқылы баланың интеллектуалдық және эмоционалдық жағы белсенді дамиды. Ойын балалардың қарапайым сипаттағы түсініктері мен іс-әрекет әдістерін дамытуға ықпал етеді. Балалар ойын кезінде бақылайды, байқап көреді және тәжірибе жасайды, тексереді, талдайды, заттардың ұқсастығы мен айырмашылығын, ерекшелігін салыстыра отырып, сұрақтар қояды және жағдайларға өзіндік қорытынды жасайды, танымдық іс-әрекеттерінің дамуына зор ықпал етеді. Себебі, ойын барысында баланың дене және рухани жан-дүниесі, ақылы, қиялы дамиды, тұлғалық бейнесі қалыптасады. Ойын баланың қоғамдық тәжірибені меңгеру тәсілі, яғни, ол өзгелердің пікірімен санасуға, ортақ тіл табысуға, шешім қабылдауға т.б. көптеген әлеуметтік, өмірлік дағдыларға осы ойын арқылы қол жеткізеді. Ойын үстінде бала оқып-біліп жатырмын деген ойда емес, ойнаудамын деген түсінікте болады. Сонымен «дамытушы орталықтарда» мақсатты ұйымдастырылған іс-әрекеттер нәтижесі қалыптасып келе жатырған бала тұлғасына әлеуметтік, рухани жағынан өмір сүруіне аса керек қажеттіліктерді дер кезінде қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп, оның әрі қарай дамуына жол ашады.Дамыта оқыту технологиясы – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр баланың өзін өзі өзгертуші субьект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдай жасалады. Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында дамытушылардың негізгі факторында. Педагогтың рөлі мен атқаратын қызметінде, әдіс тәсілінде, т.б. Бұл бағдарлы идеялар бүгінгі білім беру аясында қолдау табуда. Педагогика ғылымының зерттеушілері тәлім – тәрбие беру үрдісінің негізгі мақсаты бала тұлғасын дамыту деп таниды. Бірақ, тұлға дамуы туралы ізденушілігі психологияның айтуы бойынша, әр адамның өз қолында, оны сырттан әсер ететін күшпен дамытуға болмайды. Осы пікірден туған білім беру мақсатының басқа да тұжырымы бар. Бала тұлғасын дамыту, ол оның толық өзіндік қалыптасуының, өзіндік жетілуінің амалы ретінде қарастырылады. Сондықтан білім беру жүйесінің мақсаты баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің өзіндік ашылуына қолайлы жағдай жасау болып табылады. Ол үшін тұлғаның дамуын көздейтін білім беру үрдісін, ұйымдастырудың түрлі әдістері мен амалдарын анықтап, жүзеге асыру қажет.Деңгейлеп –саралап оқыту технологиясының мақсаты әрбір бала өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді. 1) Деңгейлеп оқыту әр балаға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді. 2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді. 3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір бала меңгеруі тиіс. Деңгейлеп оқыту технологиясы тиімді нәтижелі болу үшін: а) жеке тұлға ерекшеліктеріне, б) психологиялық даму ерекшеліктеріне, в) пән бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөліп отыру қажет.. Тәрбие жайында белгілі мәліметтер адам баласының тәрбиесіне сүйенеді. С.А Назарбаеваның «Ұстаздан ұлағат» кітабында; Тәрбие дегеніміздің өзі, ең алдымен баланың сезімін оятып, әсершілдігін дамыту, сезімді тәрбиелеу – баланы қоғамдық мәні бар, адамдарға жақсылық әкелетін қылық қасиеттерден рахат, қуаныш табуға баулу деген сөз, Парасаттылық дегеніміз- адамзатқа қызмет ету»,- деп жазылған.Бала тәрбиесі ең алдымен аға ұрпақтың жас жеткіншекке деген сүйіспеншігі мен қамқорлығынан, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан адамгершілік ізгі қасиеттердің жиынтығынан туындайды. Атадан балаға ұласатын ұлттық құндылықтар үлкендердің әңгімесінен, іс- қимылынан танылып, сезім арқылы жүректен жүрекке беріліп отырған. Сондықтан егеменді ел жастардың санасына осы ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіре білудің мәні зор. Адамның адам болып қалыптасуында ата-аналармен қатар, тәрбиеші мен мұғалімнің де ролі зор.Ф. М Достаевскийдің « Өзіңнен өзіңді ізде, өзіңе өзің бағын өзіңді өзің тани біл»,- дегеніндей әр ұстаз өзінің бала болғанын, өзінің ата-ана екенін , өзінің оқытушы болып қалыптасып келе жатқанын ой елегінен жиі-жиі өткізіп отырса , өзге алдындағы жауапкершіліктің сыры бірден айқындала бастайды. Н, А. Добролюбовтың «Мұғалім өзіне шәкірттердің қаншалықты жоғары бағалап қарайтынын есіне сақтаса , оның балаларға тигізетін ықпалы соншалықты күшті болады, жүрегіне терең орнығады, демек барлық тәрбие жұмысы игілікті болады»,- деп айтқанындай ,баламен кездескен сәттен бастап, оның үйіне қайтатын уақытына дейінгі кезеңде баламен тікелей қарым-қатынаста екенін, онымен ішкі сезімі байланыста болатынын бір сәт естен шығармағаны абзал. Сонда ғана ел білікті , парасатты, жан-жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу ісінде едәуір табысқа қол жеткізе алады. Тәрбие кезеңдеріндегі оның өзіне тән заңдылықтарын сәтті пайдалану ұрпақ тәрбиесінің жемісті болуының ең үлкен кепілі болады. Қазақстан Республикасының баянды да тәуелсіз мемлекет болуы үшін ұлттық құндылықтар тәрбие арқылы халық педагогикасынан нәр алып, адами құндылықтардың барлық саласын бойына сіңірген, таза елжанды азамат керек. Ұлтжанды, адами құндылықтарды бойына жиған, қиыншылықтан жол табатын, экономикалық бәсекелестікке қабілетті, ары таза, иман жүзді, біреудің қолдауынсыз өз еңбегімен білім алған, елі мен жерін сүйетінін атқарған ісімен дәлелдеген жеткіншек тәрбиелеу міндетіміз. Бала тәрбиесі дегеніміз сана -сезім мен сенім қалыптастыру. Н.Ә Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында; «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз және оны қалыптастыру басты міндетіміздің бірі» - деген сөзін басшылыққа ала отырып, «Менің Отаным- Қазақстан»- деп ойлайтын әрбәр азамат ұлттық құндылықтарды бала бойына сіңіретін тәрбие жұмысын жүргізуге міндетті.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!