ЖШС «Нұр бөбек-2016» бөбекжай бақшасы
Баяндама
Тақырыбы: «Мектепке дейінгі ұйым балаларын оқыту мен тәрбиелеуде жаңа технологиялардың дәстүрден тыс әдіс тәсілдерін пайдалану»
Хужанкулова Галия Демововна
2024 ж.
Жоспар:
Кіріспе:
Негізгі бөлім:
1.Мектепке дейінгі ұйымдарда арт терапиясының тиімділігі
2.Композицияның креативітілігі бұл- педагог-тәрбиешінің жеңісі.
Қорытынды:
Бала болмысын тану.
Кіріспе:
Мектепке дейінгі жастағы көркемдік эстетикалық тәрбиенің өрісі кеңейіп, өз деңгейінде жүргізілуі тәрбиешілердің ұлттық психологияны, халықтық тәлім-тәрбие дәстүрлерін тиянақты меңгеруіне және өз жұмысында сапалы пайдалана білуіне байланысты. Балабақша тәрбишісі бағдарламалық және оқу-әдістемелік талаптарды орындаушы ғана емес, ол балалармен жүргізілетін тәрбие жұмысында кездесетін күрделі мәселелерді өздігінен шешетін, оны жүзеге асыратын ұстаз.
Мақсаты:
Сапалы білім беруде жаңа технологияның әдіс – тәсілдерін тиімді пайдалана отырып, балалардың танымдық белсенділігін, қызығушылығын арттыру, шығармашылық іс - әрекетінде қабілетті, еркін және жан – жақты жетілген тұлға тәрбиелеу.
Міндеті:
Дүниежүзіндегі жаңалықтар мен дамуларды назарға ала отырып, одан да
жақсысын, тиімдісін ұсыну. Өйткені ғасырымызда барлық салада даму
өте жедел жүзеге асуда. Әрине, дамудың негізі –
білімде.
Қазіргі кезеңде баланы тұлға ретінде қалыптастыру, оның бойына ұлттық әдеп-ғұрып пен салт-дәстүр мұраларын сіңіру, имандылыққа тәрбиелеу бүкіл халықтық іске айналып, жұртшылық назарын аударуда.
Тәрбие тағлымы баланың нәрестелік шағынан бесік жырымен біртіндеп іске асырылып, санасына орнығып отыратын ұзақ үрдіс. Сол себептен қоғам өміріндегі білім беру саласындағы әрбір жаңалық мектепке дейінгі тәрбиеге тікелей әсер етіп, тәрбие мазмұнын жаңарту ісіне ықпал жамап келеді.
Бағдарламаға сәйкес бейнелеу өнері сабақтарына басшылық жасауда тәрбиеші баланың күнделікті өмірден алған әсерлері мен психикалық процестеріне: есте сақтауы, қабылдауы, ойлауы, қиялдауы және арнайы қабілеттілігінің дамуына ықпал етуін ескертуі тиіс. Бейнелеу өнері сабақтарын ұйымдастыруда айналаны бақылату үшін саяхаттар мақсатты серуендерге апарады, көргендерін ой елегінен өткізіп, танымдық қасиеттерін дамытуды, баланың белгілі бір затқа немесе құбылысқа зейінін тұрақтандырып, бейненің сипатына қарай іс-әрекет тәсілдерін таңдап алуға бағыттайды.
Осы орайда, тәрбиеші сурет салу түрлерін жетік біліп, балаға түсінікті түрде қарапайым мазмұнын шығармашылықпен әңгімелеп бере білуі баланың іс-әрекетке қызығушылығын арттырады. Сонымен қатар көркемөнер туындыларының мазмұнын түсінуге, бояу түстерін ажырата білуге, көркемдік мәнерін сезіне білуге баулиды.
Сурет салуды үйретуге мынандай мақсат алынады:
-
сурет түрлері жайында баланың қарапайым түсініктерін қалыптастыру;— өнерге деген қызығушылық, сүйіспеншілік сезімдерін ояту;
— жақсыға сүйсініп, жаманға күйіне білуге, өнер арқылы адамгершілік, ізгілік, мейірімділік қасиеттерін қалыптастыру;
— ұлттық өнердің айшықты нақыштарын сезіне білуге баулу;
— басқа халықтар өнерімен салыстыру, ерекшелігін сезіну;
Алға қойған мақсатты жүзеге асыруда баланың айналаны бақылау және қабылдауын дамытуға, көркемөнер туындыларымен таныстыруға, көркемдік талғамын арттыруға, іскелік дағдыларды меңгеруіне баса назар аударылады. Көркемөнер туындыларын, шағын көлемді мүсіндерді сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын қолданады. Сәулет өнеріне байланысты көркем суреттер, диафильмдер, слайдтар пайдаланылады.
Ұйымдастырылған қызметтерді жоспарлауда бейнелеу іс-әрекетнің барлық түрлерінің өзара байланысы қажетігін есте ұстаған жөн. Осы іс-әрекеттің әрбір түрінің өзіндік ерекшелігі болатынын ескеру маңызды: мүсіндеуде заттар мен қоршаған орта құбылыстарын — көлемде, сурет салуда – жазықтықта, түсте, кеңістікте, жапсыруда – түсте және сұлбалық (силуэттік) түрде беруге мүмкіндік береді.
Батылдыққа, шындыққа, имандылық пен әсемділікке, сұлулыққа үйір етіп тәрбиелеуді сәби жасынан ескергшен жөн. «Табиғатты аялау ата-баба салтымыз, тәрбиегеде мән берген дана халқымыз» демекші ата-бабамыз бастан-ақ табиғат пен тәрбиені бөле жарып көрмеген, екеуін қатар ұстаған. Балаға табиғат адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат, шапағатын ұялататын, сұлулық пен әсемдік әлемі екендігін тұла бойына сіңіру. Орман, дала, өзен-көл тау-тас, бау-бақша, жыл мезгілдері мен құбылыстары, құстар үні мен жануарлар дүниесінің қызығы, өсімдіктер әлемі бала сезіміне әсерлі суреттеліп, оларды сиқырлы сырды білуге ынтықтырады. Балалардың көркемдікті қабылдауы мен оны өз қолымен жасауға бағытталған әрекеттерінің арқасында бейнелеу өнерінің мәнерлілігі, көркемділігі баланың шығармашылық белсенділігіне сол арқылы олардың көркемдік талғамының дамуына зор ықпал етеді.
Балалар қоршаған ортаны суретке салу, сазбалшық пен ермексаздан мүсіндеу, түрлі-түсті қағаздан қиып жапсыру, табиғи материалдардан көркем өңдеу, музыка тыңдау т.б. жұмыстары кезінде танып білуге мүмкіндік алады. Олар қоршаған ортадағы түрлі заттарды көркем бейнелеу тәсілін меңгеруге, заттың көлемін, пішінін бояулар мен түстер арқылы айқындай білуге жаттыға отырып, бұл дағдыларды өз қиялымен пайдаланады. Түрлі материалдардан (қағаз, картон, мата, ермексаз т.б.) әшекейлеуді, бұйымдар үлгісін жасауды, оларды өрнектеуді үйренеді. құстардың пішінін бейнелеу тәсіліне машықтанады. Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық талғамын қалыптастыруда үйрету үлкен рөл атқарады. Оқу үстінде балалар әдебиеті, музыкалық, сурет өнерінің классикалық шығармаларымен толық игеруді үйренеді.Балалардың көркемдік қабілеттерін, жоктан бар жасай алуга, әсемдікті бағалай білуін дамыта отырып, педагог рухани байлығы қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеудің негіздерін қалай береді.
Жаңа технологияларды тиімді пайдалану
Тәрбиеші баланың сұлулықты қабылдауынан бастап, оған эмоциялық жауап қату, оны түсіну, эстетикалық ұғым, эстетикалық пікір, эстетикалық баға беру қасиетін қалыптастыруға дейін жетелеп отыруы тиіс.
Көрнекті педагогтар К.Д. Ушинский, Ы. Алтынсарин, А.С. Макаренко шығармаларында қабілеттерді дамытудың жолдары қарастырылса, бала шығармашылығына бағыт-бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген М. Жұмабаев болатын.
Балалардың бейнелеу шығармашылығы – баланың қоршаған ортадағы шынайылықты суреттеуі, мүсіндеуі, құрастыруы, өзінің бақылағандарын, қиялындағыны бейнелеуі. Қоршаған ортамен таныстыру арқылы баланың түсінігі мен білімін кеңейтуеді шығармашылығын дамытудағы негізгі қорек болып табылады.. Мысалы: ағаштың суретін салу үшін, оны қарау, бөліктерін ажырату, атай білуі, жыл мезгілдеріне байланысты өзгерістерін көре алуы және сипаттай білуі керек.
Балабақша балалрына домбырамен ортеке биін ұйымдастырамын.
Ортеке – қазақтың халық биі. Оның қуыршақ теке, жеке биші және бишілер тобы орындайтын түрлері бар. Біріншісінде үстел үстіне орнатылған қуыршақ-текенің аяғы, мойны, денесі қозғалмалы етіп жасалады да, жіңішке жіптер арқылы домбырашының саусақтарына байланады. Күй тартылғанда саусақтардың жоғары-төмен қозғалуына орай қуыршақ-текенің дене мүшелері де қимылдап, күй ырғағына сай билеп жүргендей әсер тудырады. Бидің бұл түрін Шашубай ақынның орындағаны туралы дерек бар. Екінші түрінде (жеке орындалуы) “Ортеке” биін алуан қимыл-қозғалыстар мен мимикалар арқылы орға түскен текенің, одан шықпақ болған нәтижесіз әрекетін бейнелейді. “Ортекенің” үшінші түрін (“Соқыр теке”) бишілер тобы орындайды. Мұнда жастар дөңгелене қол ұстасып, әндете жүріп билейді. Ортадағы көзі байлаулы адам шеңбердегінің біреуін ұстауға тырысады. Ұсталған ойыншы “айыбын” өтеген соң көзін байлап, ортаға шығады, сөйтіп ойын-би одан әрі жалғаса береді. 1934 жылы Алматы қаласында өткен Бүкілқазақстандық халық таланттарының слетінде “Ортеке” биін Ж.Оразәлиев орындаған. Ал сахналық нұсқасын Қазақ мемлекеттік академия опера және балет театрында (балет артистерінің орындауында) Д.Әбіров қойды. Музыкасы Н.Тілендиевтікі. Музыкалық өлшемі 2/4. Ырғағы баяу, жылдам және екпінді. 1957 жылы Мәскеу қаласыннда өткен Бүкілодақтық және VI дүниежүзілік жастар мен студенттер фестивалінде көрсетілді.
«Ортеке» жай ғана шертілетін күй емес, ағаштан ойып өрнектеп, текенің бейнесін жасап, оны тұғыр ағашта домбыра шерту арқылы билетеді. Мұны бүгінгі күнгі дамыған техниканың көмегімен жасайтын түрлі қуыршақ кескіндерінің бастамасы деп те айтуға болады
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығының бірінші белгісі:
-
орта заттары мен объектісімен таныстыруда тәрбиеші оның негізгі пішініне, салыстыруға, ұқсастығын ажыратуға үйретеді. Сол себептен бала бір
-
заттың түрліше пішінін, суретін салуда, мүсіндеуде және жапсыруда басқаша бейнелеудің амалын меңгереді.
Мектепке дейінгі балаларда болатын шығармашылықтың екінші белгісі – затқа жаңа қызмет беруі. Баланың затпен әрекетінде байқалатын құбылыс, бір затты екінші заттың орынбасары ретінде қолданып, қиялында таза образын жасап алуы. Сол кезде бізге ТРИЗ технологиясы көмекке келеді.
ТРИЗ технологиясы – Сурет салудағы тиімді әдістеме болып табылады.
ТРИЗ- Ойлап табу теориясының міндеттері.
ТРИЗ- балалардың неғұрлым ерте логикалық және абстракты ойлау қабілетін, қиялын дамытып, зейін қоюға үйретеді.
ТРИЗ-шілердің ұраны- «Ойдағының бәрін айтуға болады», сондықтан балалар өздері ойлап тауып, өз ойларын жасқанбай айтып, жеткізуге тырысады.
ТРИЗ-ді ойлап тапқан Генрих Саулович Альтшулер болып есептеледі.
Триз әдістерін қолданудың бір ерекшелігі – балалар нәтижеге тез қол жеткізеді. Мысалы, әр бала үшін саусақпен сурет салу, өз алақанының таңбасымен сурет салу, қағаз бетінде бояу тамызып, оны үрлеп сиқырлы бейнелерге айналдыру – өте қызықты.
Триз әдістері:
— Бастырма әдісімен сурет салу
— Монотипия әдісі-суреттің симметриялы бейнесі:
— Балауыз әдісі арқылы салынған сурет:
—қылқаламмен, мақта немесе поролонмен бейненің үстінен бастыра бояу;
—Картон арқылы сурет салу әдісі:
— Сия тамшысы арқылы сурет салу әдісі;
— Ұжымдық жұмыс әдісі:
-
балалар екі шағын топқа (4-5бала) бөлінеді;
-
бір тақырып белгіленеді (Отбасы, балабақша, т.б);
-
белгі берілгенде әр топтан 1-бала 40-50 сек. сурет салады, белгіден кейін келесі бала сурет салады, осылайша шеңбер бойымен айналып, сурет салу кезегі 1-балаға келеді;
-
соңында балалар өз суреттері туралы әңгімелейді, суреттер бағаланады.
— Саусақпен сурет салу — алақанмен, табанмен бейнелеудің тағы бір тамаша әдісі.
— Айна арқылы сурет салу әдісі:
— Дымқыл қағазға сурет салу:
— Умаждалған қағазбен сурет салу әдісі:
Арт-терапияның артықшылығы.
1.Эмоционалды көңіл-күйді анықтайды.
2.Үрей мен дағдарысты алып шығады.
3.Еркін бейнелеу қағидасында түс таңдау арқылы өзін тануға ықпал етеді.Арт терапия – термині «өнермен емдеу» деген мағынаны білдіреді. Оны ең алғаш қолданысқа енгізген Адриан Хилл болды.
Елбасымыздың «2019 жылдың 1 қыркүйегіне қарай мектепке дейінгі білім беру ісінде балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше оқу машығы балабақшасында «мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін дамытуда арт-терапия әдістерін қолданудың маңыздылығы» атты кластері өтті. Арт-терапия әдісінің маңыздылығы қандай?: «Арт-терапея арқылы тұлға бойындағы қабілетін көрсетіп, шығармашылығын шыңдайды. Ал шығармашылық қабілеттер қиялдың байлығымен, ойлаудың ерекшелігімен жаңа шешім, идеяларды ұсыну, оны жүзеге асыру барысында өмірлік белсенді ұстаным көрсете білумен сипатталады. Демек бала шығармашылығын дамытуда арт терапиялық әдістемелерді қолдану маңызды.
Жалпы, мектепке дейінгі білім
беру мекемелерінде арт-терапияны қолданудың тиімділігі неде деген
сауалға келсек:
«Арт-терапия –
тұлғаның дамуы мен логикалық ойлауын, кез келген жағдайды шешуге
көмек көрсету қабілеттігін арттырады Ал мында жаңа форматта өнердің
әртүрлі бағыттарын үйлестіріп жандандыра аламыз. Яғни, музыка,
бейнелеу, ойын, құм т.б терапиялар кірістіріліп отырса, мақсаты
айқын кірістірілген сабаққа
айналады».
Қорытындылай келе арт-терапияға баға берер болсам , ең бірінші, онымен жұмыс жасайтын балалардың ерекшелігі – өзара үндесе отырып бір-бірімен тату-тәттілігін көрсетті. Жалпы бұл бағытта топтың да көзқарасы өзгерді деп ойлаймын. Өйткені тәрбиеленушілердің алға қойған мақсаттары,талаптары, ізденістері сезіліп тұрды. Осыған мен өтте қатты қуандым. Өйткені біз көрсеткен жолды олар ары қарай алып кететіні көрініп тұр. Дәл осындай қарқынмен жұмыс жасай берсек МДҰ мамандары бастамасымен жоғары нәтижеге жетері сөзсіз».
А) жаттығулар кешендері.
Арт-терапия (арт-терапия) – психокоррекция әдісі, оны психотерапияда алғаш рет 1938 жылы А.Хилл қолданған. Қарапайым, балалық еркеліктерді,
жаттығуларды еске түсіру арқылы кез келген адамның (ересек адамның да,
баланың да көңіл-күйін диагностикалау ғана емес, сонымен қатар көптеген жүйке бұзылуларымен сәтті күресуге болады.
Мектепке дейінгі ұйымдарда арт терапиясының тиімділігі:
-
ішкі жан дүниеңізді тану;
-
өзін тұлға ретіндегі түсінікті қалыптастыру;
-
оң өзін-өзі имиджін қалыптастыру;
-
өз сезімдері мен эмоцияларын білдіруге үйрету;
-
психоэмоционалды стрессті жою;
-
коммуникативті дағдылар мен шығармашылық әрекеттің әртүрлі түрлеріне қабілеттер.
Б) 3-4 жастағы балалар үшін арт-терапия әлемді тануға, заттар мен заттардың қасиеттерін зерттеуге, ұсақ моториканы дамытуға көмектеседі.
«Іздер» арт-терапиялық жаттығу
іздері
Және бұл жаттығу үшін сізге акварель бояулары қажет. Саусақтардың үгінділерін әртүрлі түстерге кезекпен батырыңыз және олармен қағазға басып шығаруға мүмкіндік беріңіз.
Бір ғана баланың саусағымен неше түрлі сурет салуға болады екен.
Мектеп жасына дейінгі балаға немесе одан кіші оқушыға бояу құрғаған кезде қарындашпен басып шығаруды аяқтауды ұсынуға болады. Олардан қандай бейнелер жасауға болады?
Кішкентай суретшінің қандай көңіл-күйде екенін тап
автопортрет
Шамамен 3 жаста бала өзін жеке тұлға ретінде сезіне бастайды. Осы жаста сіз оның эмоционалдық күйін автопортрет арқылы талдауға тырысуға болады.
Нәрестеден өзін қалай көрсе, солай сурет салуын сұраңыз. Тақырыпты одан әрі дамыта отырып, бала өз отбасы мүшелерін бейнелейді. Мұндай суреттен сіз туыстарыңыздың баланың өмірінде қандай орын алатыны және олардың әрқайсысымен қалай байланысатыны туралы көп нәрсені біле аласыз.
«Автопортрет» жаттығуы
Арт-терапияның әдістері мен жаттығулары - үлкен әртүрлілік. Олар балаға өзінің ішкі әлемін материалдандыруға және оған сырттан қарауға мүмкіндік береді. Қозғалыс қабілеттерін, қиялын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Баланың жасын және оның психологиялық жағдайын ескере отырып, жаттығуларды таңдаңыз. Нәтижеге әсер етуге тырыспаңыз. Жақында арт-терапия сіздің сүйікті балаңыздың өмірінде және сәйкесінше сіздің өміріңізде көп нәрсені өзгерте алатынын көресіз
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдарға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу; білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделген.
Педагог үнемі шығармашылықпен, ізденіспен жұмыс жасап отырса, жаңашылдыққа жақын болғаны. Өзгелердің үлгісін өз ісінде пайдалана білсе, оған өзіндік қолтаңбасын қосып отырса –оқушы тәрбиелеу мен білім берудегі жетістігі сол болмақ.
Қазіргі заман талабына сай білім беру- бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамуының жоғары деңгейлік және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі екендігі белгілі.Жаңа заман баласы ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет.
Әрине, ол үшін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуында педагогтардың педагогикалық технологияларды қолдана білу сауаттылығына да байланысты.
Яғни, педагогикалық технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау қазіргі таңдағы әрбір педагогтың міндеті.
Білім беру жүйесінде педагогикалық технологияны қолдану келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау әрбір педагогтың міндеті болып табылады. Білім беру жүйесінде қолданылып жүрген педагогикалық технологиялар: ынтымақтастық педагогикасы, білім беруді ізгілендіру, ойын арқылы оқыту, проблемалық оқыту, модульдік оқыту, тірек сигналдары арқылы оқыту, дамыта оқыту, түсіндіре басқарып оза оқыту, өздігінен оқыту, сын тұрғысынан ойлауды дамыту, оқытудың компьютерлік технологиясы, бағдарламалап оқыту, деңгейлеп оқыту т.б.
Білім берудің алғашқы деңгейлері балабақшадан басталмақ. Мақсаты-мектепке дейінгі білім балалардың білім алуына бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету. Кез келген оқыту технологиясы тәрбиешіден терең теориялық, психологиялық, педагогикалық әдістемелік білімді, педагогикалық шеберлікті, бабалардың жан дүниесіне терең үңіліп оны ұғына білуді талап етеді.
Композицияның креативтілігі педагогтің жемісі.
А.Маслоу креативтілік тек шығармашылық қасиет қана емес нағыз адамгершілік. Мысалы баланы дарындылыққа жетелейді, интелектуалды қабілетін арттырады.
Қорытынды:
Мектепке дейінгі түрлі жастағы топтарда бейнелеу өнерінің өткізілуі сабақтарда балалар шығармашылығын дамыту үшін оқып үйретудің сан-алуан әдістері және ең алдымен балалар дербестігін, белсенділігін, өмір құбылысын көркемдік тұрғысынан қабылдау әрқашанда дара, әрі таңдамалы болады. Оның негізіне әсемдікке эмоция білдіру жатады. Бала әрқашанда табиғаттағы, заттық дүниедегі, өнердегі әсемдікке, адамдардың мейірбан сезіміне үн қосады. Мұның өзіне сәбидің басынан кешкен қуанышының, талпынысының, толғанысының маңызы зор деп білеміз.
«Баланың икемділігі мен дарынының қайнар көзі-оның саусағының ұшында» деп В.А.Сухомлинский айтқандай, баяндамамды қорытындылай келе айтарым: мектеп жасына дейінгі оқыту үрдісінде бейнелеу өнері жұмыстарында жаңа технологияларды тиімді қолданып, балалардың шығармашылық қабілетін одан әрі жетілдіру керек деп ойлаймын.
Өмірлік ұстаным
“Еліміздің болашағы – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, жас ұрпақтың болашағы – бүгінгі ұстаздың қолында”.
Н.Ә.Назарбаев.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Мектепке дейінгі ұйым балаларын оқыту мен тәрбиелеуде жаңа технологиялардың дәстүрден тыс әдіс тәсілдерін пайдалану»

шағым қалдыра аласыз