Материалдар / Мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиешілері үшін компьютерлік технологияларды қолданудың маңызы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиешілері үшін компьютерлік технологияларды қолданудың маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиешілері үшін компьютерлік технологияларды қолданудың маңызы. Балабақшадағы ақпараттық коммуникациялық технологиялар – заманауи мектепке дейінгі тәрбиелеудің өзекті мәселесі. Ғылыми-техникалық ілгерілеу барысында білім беру үдерісін ұйымдастыру мен мазмұнына жаңа талаптарды ұсынады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Маусым 2022
223
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиешілері үшін компьютерлік технологияларды қолданудың маңызы

Курманбаева Молдир Ерболовна

«Қостанай гуманитарлық колледжі» мекемесінің

информатика пәні оқытушысы

Балабақшадағы ақпараттық коммуникациялық технологиялар – заманауи мектепке дейінгі тәрбиелеудің өзекті мәселесі. Ғылыми-техникалық ілгерілеу барысында білім беру үдерісін ұйымдастыру мен мазмұнына жаңа талаптарды ұсынады. Мектепке дейінгі ұйымдарда ақпараттық коммуникациялық технология құралдарын қолданудағы мақсаты – баланың танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Балада танымдық қызығушылықтың болуы олардың ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерге белсенді, білімінің сапалы болуына, жағымды мінез құлықтарын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Заман талаптарына сай мектепке дейінгі ұйымдарда АКТ оқыту процесінде кеңінен пайдаланады. Түрлі танымдық салаларына арнаулы компьютерлік бағдарламалар құрылуда. Баланың жас ерекшелігіне және пайдаланатын компьютерлік бағдарламаларға сай интерактивті тақта ойындағы баланың оппоненті, бағдарлаушы (әңгімелеуші), жаттықтырушы, емтихан қабылдаушы болуы мүмкін.

Мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттерін дамытуда ақпаратты технологияларын пайдалану.

Міндеттері:

  • Балабақша жас ерекшелігіне сәйкес ақпаратты технологияларды пайдаланудың тиімді жолдарын айқындап алу;

  • Ақпараттық технологиялық құралдармен жабдықтау;

  • Арнайы сабақтарда қолданылатын технологиялық құралдарды анықтау;

  • Бос уақыттарында ақпараттық технология құралдарын қалай пайдалану керектігін дайындау;

  • Осыны жүзеге асыруға арналған әдістемелік көмекші құрал дайындау.

Егер балалардың ойлау қабілеттерін дамытуда ақпаратты технологиялар тиімді пайдаланып, көрнекіліктер, көмекші құралдар жасалса, онда іс-тәжірибе оң нәтиже береді.

Оқытуда балалардың түрлі психикалық функцияларын дамытуға арналған пайдаланатын компьютерлік құралдар бар: олар көру, есту арқылы қабылдау, зейін, есте сақтау, логикалық ойлау, т.б. Сонымен қатар, мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық білім беру құралдарын қолданудың да маңызы зор. Инновациялық білім беру құралдарына: аудио, видео, құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет мультимедиалық құрал, электрондық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады. Қазіргі таңда көптеген интерактивті бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы объектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып, қолданыс табуда.

Осындай құралдардың бірі – LearningApps сервисі – әртүрлі интерактивті дидактикалық материалдар, соның ішінде дидактикалық ойындар жасауға арналған.

Мысалы: Жемістер мен көкөністер тақырыбын өткенде, суреттерді тақтаға шығарып, экранды екіге бөліп жазып қояды: жемістер және көкөністер. Балалар ұсынылған суреттерді жеміске немесе көкөніске бөліп орналастырылады. Дұрыс жауап берген жағдайда, сурет жасыл түспен, дұрыс болмаған жығдайды қызыл түспен белгіленеді.

LearningApps сервисінің көмегімен сәйкестендіру, пазл, лабиринт, дұрыс жолды табу, суреттерді ретімен орналастыру, суреттердің көлеңкесін табу сияқты қызықты тапсырмалар құрастыруға болады.

Мектепке дейінгі білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану педагогтың шығармашылық мүмкіндіктерін кеңейтуге, балалардың психологиялық дамуының сан алуан жақтарына оң әсерін тигізуге ықпал етеді. Оларды қолдана отырып дамыту сабақтар анық және серпінді болады. Компьютерлік техникаларды іске асыру сабақтарды тартымды және заманауи етуге, көрнекіліктерді қолдана отырып танымдық және шығармашылық міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.

Ақпараттық технологияларды қолдану тәрбиешілерге балаларды үйрету уәждемесін арттыруға көмектеседі және бір қатар жағымды себептерге әкеп соғады: — балалардың материалдарды меңгеру үрдісін психологиялық жағынан жеңілдетеді; — заттарды тануда жанды қызығушылыққа еліктіреді; — балалардың жалпы ой-өрісін кеңейтеді; — ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне көрнекіліктерді қолдану деңгейі өседі; — еңбекке деген нәтижелігі артады. Сонымен, ақпараттық технологиялар құралдарын қолдану балаларды айтарлықтай оңай және тиімді ерте жастан дамуына, ескішіл қол жұмысынан босатуға мүмкіндік береді, мектепке дейінгі білім үшін жаңа мүмкіндіктерін ашады.


ӘДЕБИЕТТЕР

1. «Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде педагогикалық технологияларды қолдану», Педагогика, психология кафедрасының оқытушысы Калмурзина Р.С.

2. Мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы. Нұр-Сұлтан, 2019

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ақпараттандыру инфрақұрылымын дамыту саласындағы шетел тәжірибесін сараптамалық шолу». Алматы: «ҰАО» АО, 2012.

4. Мектепке дейінгі ұйымдарда заманауи әдістер мен технологияларды қолданудың жаңа үрдістері. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Астана, 2016

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!