Материалдар / «Мектепке жол» жалпы Республикалық қайырымдылық акциясы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Мектепке жол» жалпы Республикалық қайырымдылық акциясы

Материал туралы қысқаша түсінік
«Менің таңдауым-балаларға көмек көрсету» атты ұранмен мектеп әлеуметік педагогы демеушілер мен кәсіпкерлерді тартып,жетім бала, аз қамтылған отбасы балалары, көп балалы отбасы балаларын акция төңірегінде көмек беру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қаңтар 2018
380
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы «П.Тәжібаева атындағы жалпы орта мектеп» КММ-нен  2017-2018 оқу жылындағы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясының қорытындысы туралы мәлімет ҚР Білім және ғылым министрінің бастамасымен, облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен, Қазығұрт ауданының білім бөлімінің 31.07.2017 жылғы хатын басшылыққа ала отырып, мектеп директорының №1-067 бұйрығына сәйкес 1тамыздан 30 қыркүйекке дейін «Мектепке жол» жалпы Республикалық қайырымдылық акциясы жұмыстары мектепте жүргізіліп отырды. Акция мақсаты: аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуеттік сеептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсетуАкция ұраны: «Менің таңдауым-балаларға көмек көрсету» Акция басталған күннен бастап, айлық жоспар құрылып, демеушілер мен кәсіпкерлерді тарту мақсатында ақпараттық парақшалар дайындалды. Акция мақсатын алға тарта отырып, мектеп оқушыларының әлеуметтік жағдайларын зерттеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеу барысында жетім бала, аз қамтылған отбасы балалары, көп балалы отбасы балалары, толық емес отбасы балаларын тізімге ала отырып, ондағы күн көрісі төмен отбасы балаларын, көмекке мұқтаж отбасы балаларын акция төңірегінде көмек беру көзделді.Жақсылық жасаушының жолы ашық демекші , 2- қыркүйек күні П.Тәжібаева атындағы жалпы орта мектебінде де «Мектепке жол» акциясы өтті. Акцияға ауылымыздың іскер азаматтары мен жеке кәсіпкерлер, мектеп ұстаздарынан 155,800 теңге көлемінде қаржы түсті. Қамқорлық кеңес және комиссия мүшелерімен шешім қабылданып,жиналған қаржыға әлеуметтік жағдайы төмен және жартылай жетім 19 оқушыға мектеп формасы мен оқу құрал жабдықтары алынып берілді. Республикалық «Мектепке жол» акциясына соңғы 9 жылдан бері мектебіміздің басшысы Ж.Жолаевтың бастамасымен және мектебіміздің ұстаздары, кәсіпкер азаматтар, мемлекеттік қызметкерлер, аудан білім бөлімі атсалысып келеді. Еске сала кетсек, өткен 2016 жылдың тамыз айында акцияны өткізу нәтижесінде 9 балаға материялдық көмек көрсетілсе ,Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына мектебіміздің директоры мен ұстаздары әлеуметтік аз қамтылған, жартылай жетім 9 оқушыға қыстық жылы киім кешек тарту етті . Мектебіміз жыл бойы қамқорлық пен қайырымдылыққа толы болғандықтан көңілге мейірім ұялатады.Жанашырлыққа жан риза демекші, демеушілерімізге Қазығұрт ауданы Рабат елді мекеннің жеке кәсіпкерлер: Нәлібаева Шекер ханымға,Смайылов Шойбек мырзаға,Қазығұрт аудандық мәслихат депутаты Батырбеков Саян мырзаға, мектебіміздің ұжымы атынан алғыс білдіреміз!

Орындаған : П.Тәжібаева атындағы жалпы орта мектебінің әлеуметтік педагогы : Г.Ізтілеуова («Мектепке жол» акциясынан көмек көрсетілген оқушылар)

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!