Материалдар / Мектептің жанында ойнаймыз
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мектептің жанында ойнаймыз

Материал туралы қысқаша түсінік
2 сыныптың қазақ тілі мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қазан 2020
407
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар


Пән: Қазақ тілі Т2

2-бөлім «Менің отбасым және достарым»


1 сабақ. «Бұл-менің отбасым»

Мектеп: №4 ЖОББ мектеп




Күні:


Мұғалімнің аты-жөні:Коксегенова Э.М.


Сынып: 2

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін о қу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.4.1 тыңдаған мәтіннің тақырыбын, ондағы жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді анықтау

2.6. Орфоэпиялық нормаларды сақтау

2.2.6.1 қазақ тілінің төл дыбыстарын артикуляциялау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:тыңдаған мәтіннің тақырыбын, анықтайды.Қазақ тілінің төл дыбыстарын артикуляциялайды.

Көптеген оқушылар:мұғалім көмегімен тыңдаған мәтіннің тақырыбын, ондағы жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді анықтайды.Қазақ тілінің төл дыбыстарын артикуляциялайды

Кейбір оқушылар: өз бетінше тыңдаған мәтіннің тақырыбын, ондағы жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді анықтайды.Қазақ тілінің төл дыбыстарын артикуляциялайды.

Бағалау критерийлері

Тыңдаған мәтіннің тақырыбын анықтайды.

Тыңдаған мәтіннің жағымды және жағымсыз кейіпкерлерін анықтайды.

Қазақ тілінің төл дыбыстарын артикуляциялайды.

Tілдік мақсаттар


Пәнге тән лексика мен терминология:

Қамқор, қамқорлық, көмекші

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Менің ойымша.., біздің ойымызшы...

Құндылықтарды баулу

Отбасына қамқорлық, мейірімділік көрсетуге үйрету

Пәнаралық байланыстар

Әдебиеттік оқу,орыс тілі сабағы

Алдыңғы оқу

Нәтиже сабақ.Мен не үйрендім?



Жоспар

Жоспарланған уақыт

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Ертеңгілік шеңбер

С.

Оқушыларды топтарға бөлу.

Әр топқа ақ қағаз беру. Сол ақ қағазды «пицца» деп есептейді. Бес отбасы мүшелерін «пицаның» бөліктеріне жазады.( ата, әже, әке, ана, аға) Әр топ мүшелері «пицаның» бір бөлігін алып, сол бөлікте жазылған сөзге сөйлем құрастырады.

Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру.


Сабақтың ортасы

33минут

О.

Мұғалім өлеңді мәнерлеп оқиды.

Кішкентай қарындасым

«Ағатайым келді!» -деп,

Қара көзің күлімдеп,

Қарсы аласың елжіреп,

Қарындасым –

Қарлығашым!

Сен құшасың күлімдеп,

Мен құшамын «гүлім» - деп,

Жайнай берші, күнім боп.

Қарындасым –

Қарлығашым!

авторы Ә. Табылды

С.

Оқушылар өлеңді дауыстап, бір мезетте хормен оқиды.

Өлеңді оқығаннан кейін сұрақтарға жауап береді.

Сұрақтар:

  1. Өлең кімге арналған?

  2. Үлкендер кішілерге қандай қамқорлық көрсетеді?

  3. Кішілер үлкендерге қалай көмектеседі?

Дескриптор:

  1. Сұрақтарға дұрыс жауап береді.

Сергіту сәті

           Бас бармағым - әкем.

            Балан үйрек - анам.

            Ортан терек- ағам.

             Шілдір шүмек-апам.

                Кішкентай бөбек -мен.


Ж.

Тыңда және жауап бер.

Динаның әпкесі бар. Ол Динаға ертек оқып береді. Сабағына көмектеседі. Ол өте білімді.

Ал Надяның ағасы оны сабаққа апарады, оған коньки тебуді үйретеді. Ол ағасымен мақтанады.Себебі ол мәнерлеп сырғанаудан чемпион.


Сұрақтар:

1.Дина кімді өте жақсы көреді?

2. Надя кіммен мақтанады?

3. Динаның әпкесі қандай?

4.Дина мен Надяға кімдер көмектеседі?

Дескриптор:

Сұрақтарға дұрыс жауап береді.


Дифференциация:

қабылдау деңгейі жоғары оқушылар

отбасыға қатысты тыңдалған мәтін бойынша қарапайым түрде өз пікірін білдіреді;

қабылдау деңгейі орташа оқушылар

отбасына қатысты басым сөздерді суреттер бойынша әңгімелейді.




Сабақтың соңы

2минут

Рефлексия.

Мұғалім түрлі смайликтер таратады. Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смайликтерді көрсету арқылы білдіреді.


Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай

Міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Отбасыға қатысты тыңдалған мәтін бойынша қарапайым түрде өз пікірін білдіреді.


Меңгеруді бақылау

Жұптар бір-бірін бағалайды.

Дескрипторлар арқылы бағалау




Жұптар жұмыс істеу дағдылары (құрмет көрсету, кезекпен сөйлеу және т.б.)


























































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!