Материалдар / «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты №6 орта мектептің орыс мектебіндегі мұғалімдер арасында өткен танымдық сайыстың сценарийі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты №6 орта мектептің орыс мектебіндегі мұғалімдер арасында өткен танымдық сайыстың сценарийі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі ұстаздарына дайын сценарий
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қараша 2018
643
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты №6 орта мектептің орыс мектебіндегі мұғалімдер арасында өткен танымдық сайыстың сценарийі


Мақсаты: орыс мектептерінде жұмыс істейтін пән мұғалімдері арасында қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, мемлекеттік тіл - қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, мемлекеттік тілді құрметтеуге баулу. Мемлекеттік тілді әрбір қазақстандық этнос өкілінің мәдениетінің ажырамас тіліне айналдыру.

Көрнекілігі: қанатты сөздер, суреттер, буклеттер, слайд.

1-жүргізуші:

- Құрметті ұстаздар! Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» күшіне енді. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз.

2-жүргізуші.

«Адамға екі нәрсе тірек тегі,

Бірі – тіл, бірі - ділің жүректегі», - деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез келген мемлекеттің, елдің ең негізгі ұраны да, тірегі де – сол елдің ана тілі болмақ.

3-жүргізуші:

Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Отанымыз – Қазақстан. Қазақстан Республикасының өз Гербі, Гимні, Туы бар. Сонымен қатар өз тілі бар.

1-жүргізуші.

Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,

Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.

Қай елде жүрсең де бұл дұрысы,

Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар,- демекші «Мемлекеттік тіл -менің мәртебем» атты танымдық сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Барысы:

Залда ұлтымыздың әсем күйінің әуені естіліп тұрады.

2-жүргізуші.

Сонымен, сайысымызға кезек берсек:

«Кім білімді, өнерпаз,білейікші,

Мұғалімдер алғыр деп жүрейікші.

Әділқазылар алқасына тек әділдікті,

Сайыскерлерге сәттілік тілейікші», - деп бүгінгі сайысқа қатысамыз деп ниет білдірген білімді де, білікті, өнерлі ұстаздарды ортаға шақырамыз.

1

2

3

4

5

6

3-жүргізуші.

- Шын жүйрік шабысынан танылады.

Нақты білім, терең ой сыналады.

Баға берер әділқазы ортамызда,

Оларға құрметпен қол соғылады,- дей келе, сайыскерлерімізді бағалайтын, шындықты жарып айтып, қара қылды қақ жаратын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

Әділқазылар алқасының төрайымы Султанова Кунслу Макуновна – мектебіміздің басшысы.


Әділқазылар мүшелері:

1. Жәрдемғалиева Сая Бақытқызы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

2. Акашева Кенжегүл Нұрғалиқызы

3.

1-жүргізуші.

- Даланың терең жұтсақ ауасы кең,

Танысайық бұл кештің шарасымен:

Сайыстың өтілу барысымен таныстыру.

  1. «Сәлемдесу» немесе таныстыру (ерікті формада)

  2. «Бәйге» (сұрақтарға жауап беру)

  3. «Шешуін тап» (жұмбақтар жауабы үш тілде)

  4. Өнерлі өрге жүзер (өнер сайысы)

  5. «Сөз тапқанға қолқа жоқ» 
    Әр қатысушы бір әріп таңдайды: 
    Қатысушы қойылған сұрақтарға тек сол әріптен басталатын, сөздермен жауап береді. Дұрыс жауап – 1 ұпай. 

  6. Алғыр болсаң озып көр» берілген бір сөзден сөздер құрау.

  7. «Өнер алды қызыл тіл»»,тілге , сөз өнеріне,білімге,Отанға, еңбекке,халыққа  байланысты мақал –мәтелдер жарысы.

І белес: «Танысу» Әр команда мүшелері өздерін ерікті түрде таныстырып өту қажет. Сөз саптаулары, яғни сөз мәдениеті, өзін-өзі ұстай білу, сахна мәдениеті ескеріледі.


«Сәлем – сөздің анасы» таныстыру.

«Әдепті елдің баласы

Алыстан сәлем береді» дейді данышпан халқымыз. Бұл белесте қатысушылар өзін-өзі таныстырады.

2-жүргізуші.

ІІ белес: «Бәйге» Бұл белестің шарты әр қатысушы берілген танымдық бағыттағы сұрақтарға мүдірмей, тез жауап берулері керек.

1. Халықаралық қарым қатынас тілі қай тіл? (ағылшын)
2. Халықаралық би тілі? ( француз)
3. Халықаралық опера тілі? ( Италиян тілі)
4. Халықаралық музыканттар тілі? ( нота)
5. Халықаралық ғылым мен әдебиет тілі? ( латын тілі)
6. 1 млрд. 300 млн. халық сөйлейтін тіл? ( қытай тілі)
7. Әлемдегі телеграфистер сөйлесетін тіл? ( морзы алфавиті)
8. ССР мемлекетінде тұрған халықтардың ортақ тілі? (орыс тілі)
9. Тіл мерекесі қашан тойланады? (22 қыркүйекте)
10. Қай тіл көп тараған? (қытай)

  1. Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялаған жыл? (1991)

  2. Тіл туралы Заң қашан шықты? (1997)

  3. 1986 жылғы желтоқсан құрбандарын ата.(Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев)

  4. Диалог деген не? (екі кісінің сөйлесуі)

  5. Қазақ тіліне тән неше дыбыс бар? (9)

  6. Үш би? (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)

  7. Үміт сөзінің синонимі (арман, қиял)

  8. М.Әуезовтің атақты роман-эпопеясы? («Абай жолы»)

  9. «Қазақстан -2030» кітабының авторы? (Н.Ә.Назарбаев)

  10. Ұлттық ойындарды ата? (бәйге, қыз қуу, теңге алу, қазақша күрес)

  11. Шапшаңдықты көрсететін ұлттық ат ойыны? (бәйге)

  12. Тіл білімінің атасы? (А.Байтұрсынов)

  13. 100 жасаған ақын? (Жамбыл)

  14. «Наурыз» сөзі қай тілден алынған? (парсы)

  15. Мұғалім сөзінің синонимі?( ұстаз, тәлімгер, оқытушы)

  16. Оқушы сөзінің синонимі? (шәкірт)

  17. Асар дегеніміз не? (көмек)

  18. Діни мейрамдар ? (ораза айт, құрбан айт)

  19. Ұлттық ішекті аспап?( домбыра)

  20. Экологиялық апатқа ұшыраған теңіз?(Арал)

  21. Экспо - 2017 қайда өтті?(Қазақ мемлекетінде)

  22. Абайдың неше қара сөзі бар? (45)

  23. Аптаның үшінші күні қалай аталады? (сәрсенбі)

  24. Отбасындағы екі қыз бір-біріне кім болады? (апалы-сіңлі)

  25. Шешеңнің шешесі кім болады?(нағашы әже)

  26. Лондонда өткен олимпиада жеңімпаздарын ата?(Серік Сапиев, Илья Ильин...)

  27. Қазақтың батыр қыздары?(Әлия, Мәншүк)

  28. Тұсау кесу, шілдехана, тілашар бұлар не?(салт-дәстүр)

  29. Жергілікті ақындарды білесіз бе?( Қадыр Мырза Али, Ақұштап Бақтыгереева)

  30. Қазақстан қандай мемлекет?(тәуелсіз, егемен, көпұлтты, демократияшыл мемлекет)

3-жүргізуші.

ІІІ белес. «Шешуін тап» деп аталады. Әр топқа жекелеген жұмбақтар жасырылады. Жұмбақ шешімін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде табуы тиіс. Үш тілде де тапқан жағдайда үш ұпай қойылады. Екі тілде ғана айтылса, екі ұпай. Ал тек қазақ тілінде табылса, бір ұпай беріледі. Жұмбақ шешімі табылмаса, ұпайдан қағылады.


1.Үлкен алтын табақтан,

Әлемге нұр таратқан.

(Күн, солнце, sun)

  1. Доптар жатыр жемісі бар,

Қабат – қабат терісі бар.

(Қырыққабат, капуста, cabbage)

  1. Зәулімде тұрағы,

Тіреусіз тұрады.

(Бұлт, облако, cloud)

  1. Аспаннан ақ ұлпа борады,

Қырқаны сейсепке орады.

(Қар, снег, snow)

  1. Өртесең де ерімейді,

Не тот басып шірімейді.

Өн бойына су сіңбейді,

Ылғал тартып ірімейді.

(Тас, камень, stone)

6.Сайқымазақ қулығы бар,

Барған жерде ұрлығы бар.

(түлкі, лиса, fox)

7.Сылдырдан қорқады,

Шошынып жортады.

(Қоян, заяц, hare)



8.Күндіз білінбейді,

Түнде күлімдейді.

(Жұлдыз, звезда, star)

9.Сырнайынан төгіп жыр,

Күнге сәлем беріп тұр.

(Күнбағыс, подсолнечник, sunflower)

10.Келістіріп өрнегін,

Құрып қойды өрмегін.

(Кемпірқосақ, радуга, rainbow)

11.Еш тесікке тұрмайды,

Ол жоқта жер құрғайды.

(Су, вода, water)

12.Көктемде

Ақ гүлге оранады.

Күзде

Қолға доп боп оралады.

(Алма, яблако, apple)

13.Қаймықпайды күшті аңнан,

Қорқады тек тышқаннан.

(піл, слон, elephant)

14.Еріксе,

Құйрығымен ойнайды,

Зеріксе,

Ұйқыға бір тоймайды.

(Мысық, кошка, cat)

15.Адамға серік,

Күзетке берік.

(Ит, собака, dog)


1-жүргізуші.

4 белес Өнер сайысы. Келесі белеске өтер кез келді. Бәрімізде бала тәрбиелеп отырған анамыз. Ертеңгі күні ұл-қыз өсіп немере бағатын да күн келер, біз осы кезеңге дайынбыз ба? Қазір ортаға шығып, білетін халық әні ме, әлде Шәмші ағамыздың сүйікті әуендері ме , қарапайым қазақ әнін шырқап жіберсек қалай қарайсыздар? Ән шырқалады.

  1. V белес «Сөз тапқанға қолқа жоқ» 
    Әр қатысушы бір әріп таңдайды: 
    Қатысушы қойылған сұрақтарға тек сол әріптен басталатын, сөздермен жауап береді. Дұрыс жауап – 1 ұпай. 

Бүгін қандай күн?
Сен қайда тұрасың?
Жазда қайда болдың?
Нені жақсы көресің?
Сенің сүйікті ақының?

Сенің калаң  қандай?
Қандай құсты білесің?

Қандай фильм көрдің?
Жақсы көретін күнің?
Күз мезгілі ұнай ма?
Сенің сүйіп оқитын жазушың?
Саған қандай тағам  ұнайды?

6 белес Алғыр болсаң озып көр» берілген бір сөзден сөздер құрау Берілген сөз Қазақстан

  1. 7 -белес«Өнер алды қызыл тіл»»,тілге , сөз өнеріне,білімге,Отанға, еңбекке,халыққа  байланысты мақал –мәтелдер жарысы.


Осы белестер аяқталғаннан кейін әділқазылар алқасы сайысқа қатысушы командаларды алған ұпайлары бойынша марапаттайды.

1-жүргізуші.

- Қымбат маған ана тілім, бал тілім,

Қымбат маған дана тілім, ар тілім.

Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,

Ана тілім – ардақ тұтар алтыным.

«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды , тарихымызды ұмыту» деген Б.Момышұлы. Ана тілімізді құрметтеп, сүйе білейік.Мемлекеттік тілде көп оқып, бір-бірімізбен қазақша сөйлесейік.

2-жүргізуші.

Бүгінгі әрбір қазақстандық ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болуы шарт дей отырып, бүгінгі «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты мұғалімдер арасында ұйымдастырылып отырған сайысымыз осымен өз мәресіне жетті. Қош, сау болыңыздар! Марапаттау.








Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!