Материалдар / "Мен елімнің ертеңімін" (тәрбие сағаты)
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Мен елімнің ертеңімін" (тәрбие сағаты)

Материал туралы қысқаша түсінік
"Мен елімнің ертеңімін" (тәрбие сағаты)
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қазан 2019
5130
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағатының тақырыбы: Мен елімнің ертеңімін

Мақсаты: Отанды сүю, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлей білу, туған жерге деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке, парасаттылыққа, туған елінің болашағына үлес қосып, елі, жері үшін қызмет етуге үйрену.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасы рәміздерінің, елбасшыларының суреттері, нақыл сөздер, көгершін суреттері, конверттер

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу. Оқушылар «Туған жер» әуенімен ортаға билеп шығады

Мұғалім: -Балалар, сендер жаңа әдемі әуенмен, жақсы көңіл-күймен ортаға билеп шықтыңдар. Барлығыңа рахмет. Олай болса, менің сендерге қояр сұрағым бар:

-Билеген әуендерің қалай аталады?

-Неге осы әуенге билеп шықтыңдар? (Оқушылардың ойлары)

-Олай болса, қымбатты ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің «Мен елімнің ертеңімін» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

ІІ. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні

Мұғалім: Менің елім-Қазақстан! Бұл әрбір дала перзентінің көкірегінде мақтанышпен айтатын сөзі. Тұңғыш елбасымыз: «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық мемлекетінің нығайып көркеюі жолында жан теріңді аянбай жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі екеніңді ұмытпа»,-дейді. Расында да, болашақта өз елінің қожасы да, иесі де сендерсіңдер. Сендер жаңа ғасыр, жаңа мыңжылдықтың жас ұрпағы, егеменді еліміздің ертеңісіңдер.

Топқа бөлу: -Ендеше балалар, осы жерден бәріміз көгершіндерге тағылған түрлі ленталардың түстерін таңдай отырып, топқа бөлініп алайық.

ІІІ. Ойашар:

-Балалар, біз қандай мемлекетпіз?

-Еліміздің тұңғыш президенті кім болды?

-Қазіргі таңда елімізде бірнеше өзгерістер болып жатыр. Тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаев мерзімінен бұрын өкілеттілігін тоқтатты.

-Ендігі елді басқару ісі уақытша Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа бұйырды. Сондай-ақ елордамыз Астана қаласының да атауы өзгертіліп, Нұр-Сұлтан деп аталды.

ІV.Топтық жұмыс:

1-топ: «Қазақ жері» (топтастыру жұмысын жүргізеді)

2-топ: Суреттер сөйлейді: «Тәуелсіз ел» (пазлдармен суреттер құрастырады, сурет мазмұны бойынша өз ойларын айтады)

3-топ: Поэзия минуты: М.Мақатаевтың «Отан» өлеңін үнтаспадан тыңдайды. (Өз ойларын айту, топ мүшелері отан, туған жер туралы кез-келген ақынның бір өлеңін жатқа айтып береді)

Мұғалім: Отан дегеніміз-адамның туып өскен жері, туған-туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны-Қазақстан Республикасы. Бүгінгі таңда Қазақстан өз алдына Тәуелсіз мемлекет. Біздің еліміздің өз рәміздері бар. Қане, атап шығайықшы: Ту, Елтаңба, Гимн. Олай болса, мына сұрақтарды ата-аналарымыздан сұрап көрейік:

V. Жеке жұмыс: «Сұрақ-бізден, жауап-сізден» (конверттегі сұрақтарға жауап беру)

1. Елтаңбаның авторлары кімдер?

/Шота Аман Уалиханов, Жандарбек Мәлібеков/

2. Қазақстанның ұлттық ақшасы, ол қашан айналымға енді?

/теңге, 1993 жыл, 15 қараша/

3. Еліміздің рәміздері қабылданған күн? /1992 ж. 4 маусым/

4. Қазақстан Туының авторы кім? /Шәкен Ниязбеков/

5. Қазақстанның Ата Заңы қабылданған күн? /1995 ж. 30 тамыз/

6. Мемлекеттік Гимніміздің авторлары кімдер? / Сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев Әні: Шәмші Қалдаяқов. 2006 жылы 6 қаңтарда жаңа Мемлекеттік Гимні бекітілді/

Мұғалім:

-Балалар, бізде алдағы уақытта қандай мереке келе жатыр?

-Неге біз көгершінді бейбітшілік құсы деп атаймыз?

1949 жылдың 20-25 сәуірі аралығында Париж және Прага қалаларында бір мезгілде бейбітшілік жақтаушыларының Бүкіләлемдік Конгрессі өтеді. Талайларды боздатқан Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталысымен АҚШ пен КСРО сынды әлемдегі екі алпауыт мемлекет атом бомбасын жасап, тіпті бірі Жапонияның екі қаласына тастап та үлгеріп еді. Дәл осындай қатыгездікдер Конгресстің өтуіне себепші болды. Бейбітшілік жақтаушыларына шұғыл түрде танымбелгі керек болады да, олар атақты Пабло Пикассодан танымбелгі үшін сурет салып беруін сұрайды. Осылайша дүниеге ықшамды және көзге бірден түсетін тұмсығымен зәйтүн бұтағын алып бара жатқан ақ көгершіннің сұлбасы келеді.
Халық арасындағы аңызға сенсек, күндердің күнінде танымал суретшіге бір өте кедей адам келіп: «Пабло, сен ұлы шеберсің, маған қайырым ете көр... Маған әйтеуір бір сурет салып берсең, мен оны өзгелерге сатып, адам секілді тамақтанған болар едім»,-дейді. Аң-таң болған Пикассо қолына қағаз алып, бірер минуттің ішінде «бейбітсүйгіш» құстың суретін салып береді. Бұл аңыздың ақиқат болуы әбден ықтимал. Өйткені Конгресс оқиғасынан бұрын, Паблоға суретші әкесі кішкентай кезінде (4 жастан бастап сурет салған екен) суреттерінде көгершін табандарын салуды бұйырып отырған көрінеді.
VІ. Тапсырма: «Мен елімнің ертеңімін» Мен бүгіннен бастап ....( Оқушы өзіне -өзі міндеттер жүктейді.) Мысалы: мен бүгіннен бастап тәртібімді жөндеймін, дәлізде жүгірмеймін, жаман сөз айтпаймын т.с.с.

VІ І. Қорытынды: -Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Белгілі ақын атамыз

Ж. Молдағалиев:

Өткеніңді еске алсаң,

Өскеніңнің белгісі.

Өткеніңді ұмытсаң,

Өшкеніңнің белгісі-деген екен. Елбасымыз Н.Назарбаевтың: «Әлеммен бірге біз де өзгеруге тиіспіз. Жас қазақстандықтарға айтарым: тәуелсіз Қазақстанымызды, ортақ Отанымызды, Мәңгілік елімізді сақтай біліңіздер. Бұл-біздің халқымыз, біздің ұлы бабаларымыздың жері. Сондықтан халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ еліміздің егемендігін танытатын ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол.

VІ І. Аналарымыздың кәде-сыйы: «Бір үйдің баласындай» әні

1. Елтаңбаның авторлары кімдер?

2. Қазақстанның ұлттық ақшасы, ол қашан айналымға енді?

/теңге, 1993 жыл, 15 қараша/

3. Еліміздің рәміздері қабылданған күн? /1992 ж. 4 маусым/

4. Қазақстан Туының авторы кім? /Шәкен Ниязбеков/

5. Қазақстанның Ата Заңы қабылданған күн? /1995 ж. 30 тамыз/

6. Мемлекеттік Гимніміздің авторлары кімдер? /


МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР ТУРАЛЫ

«Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі.

Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын  білдіреді».

Нұрсұлтан Назарбаев

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ  «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні

Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның гимні Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.

Әннің авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

 


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!