Материалдар / «Мен және менің әлеуметтік рөлдерім» атты психологиялық жаттығу
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Мен және менің әлеуметтік рөлдерім» атты психологиялық жаттығу

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға өзін, өзінің мықты жақтарын тануға көмектесу, өзіндік абырой, сезімін дамыту, сенімсіздікті жеңу. Өзіндік қасиеттерін сараптауды дамыту, өзін-өзі өзгертуге апаратын, өзін-өзі тереңірек ашуға ықпал жасау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Желтоқсан 2020
1433
3 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Психологиялық жаттығу: «Мен және менің әлеуметтік рөлдерім»


Тақырыбы: Мен және менің әлеуметтік рөлдерім

Мақсаты: Оқушыларға өзін, өзінің мықты жақтарын тануға көмектесу, өзіндік абырой, сезімін дамыту, сенімсіздікті жеңу. Өзіндік қасиеттерін сараптауды дамыту, өзін-өзі өзгертуге апаратын, өзін-өзі тереңірек ашуға ықпал жасау.


Психологиялық жаттығудың барысы

Психологиялық қосымша

І. «Амандасу жарысы»

1. «Қарлы кесек» жаттығуы. (Бірінші адам өзінің атын атайды, екінші адам бірінші адамның атын және өзінің атын атайды, т.с.с., соңғы адам барлығының атын атайды және өзінің атын атайды.)

Зейін, есті дамыту үшін жағымды жағдайлар құру

2. «Мен кіммін?» жаттығуы

(Материалдық әлемнің бір обьектісіне айналу керек болатын жағдайда елестетіңіз. Бір жануарға, әлде өсімдікке айналу керек болса, қайсысын таңдар едіңіз) Мысалы:

  • Мен құсқа айналар едім, өйткені...

  • Мен жолбарысқа айналар едім, өйткені...

  • Мен жел болар едім, өйткені...

  • Мен құмысрқа сияқтымын, өйткені...

  • Мен стакандағы сумын, өйткені

  • Мен еріп жатқан кесек мұз сияқтымын, өйткені

  • Мен әсем гүлмін, өйткені...

  • Мен жартаспын, өйткені...

  • Мен қазір шаммын...

  • Мен-жол...

  • Мен балық сияқтымын, өйткені...

  • Мен қызықты кітаппын, өйткені...

  • Мен өлеңмін...

  • Мен тышқанмын...

  • Мен «О»әрпі сияқтымын...

  • Мен –макаронмын...

  • Мен-өзімді тәтті таңғы ас сияқты сезінемін

Өзіндік диагностика және өзіндік ашылу әдіс-тәсілдерін игеру.


Оқушының топтағы шиеленісін азайту

ІІ. Ұжыммен танысу

2. Әр біреуіміз өзін қоршаған әлемнің бір затымен теңеп, таныстыру. Ал енді қазір әр адам өзіне сырт көзбен қарап, айналасындағылардың өзі туралы пікірін біледі.


1. «Ең, ең » жаттығуы

Нұсқау: Біздің жаттығуды президент сайлауларымен салыстыруға болады. Алдарыңызда 5 сайлау қорабы тұр:

Ең көңілді, тапқыр

Ең әдемі, сүйкімді

Ең мейірімді, ықыласты

Ең ақылды

Ең, ең

Сіздер құпия түрде дауыс беру, жаттығу қортындысы бойынша «Ең ақылды»т.б. медальдармен марапаттау.


2. «Ерекше дарын» және «Жұлдызды сәт» жаттығуы

- Балалар, сіздер адам аяғы баспаған аралға түскілерің келе ме?

- Қандай мақсатпен? Онда немен айналысар едіңдер? /оқушылар жауаптары/

Өзін және айналасындағы адамдарды бағалау және құрметтеу білігін дамыту. Өзінің сезімін білдіру қабілетін, жолдастарының қылықтарын талдау қабілетін қалыптастыру










Армандауға, жоспарлауға үйрету

3. «Сал» жаттығуы

Нұсқау: Қазір біз ауыр «дене» еңбегімізбен айналысамыз, салға жүк артамыз; Адам аяғы баспаған аралда өмір сүруге арналған ең керекті заттарды саламыз.

Тапсырма оңай емес, өйткені барлық заттар «А» әрпімен басталуы керек.

Мысалы: ананас, апельсин т.б. (хатшы дайындалып, ол оқушылардың жауаптарын жазып отырады.)

Сөйлеуді дамыту, сөйлеу қорын байыту, ой-өрісін кеңейту

4. «Комиссиялық дүкен» жаттығуы

Нұсқау: комиссиялық дұкенге сізде артығымен артылатын мінез-құлық қасиеттеріңізді тапсырыңыз. Мысалы: мейірімділік, сіз онымен бөлісіңіз де, ал өзіңізге жеткіліксіз қасиетті алуыңызға болады.

Мысалы: сатушы «мейірімділікке» айырбасқа «батылдық» сатады.

Ұқыптылық

Дербестік

Шыншылдық

Сыпайлық

Батылдық

Ерік күші, қайрат

Тәртіптілік

Саяхатқа материалдық және моральдық жағынан біз дайындалдық, енді біздің ұжымның қаншалықты дос екенін білу ғана қалды.

Жеке құндылықтарды анықтауда көмек көрсету. Өзін-өзі бара-бара бағалаудың қалыптасуы

5. «Достық» жаттығуы

Нұсқау: 2 топ және әр топта 3 орындықтан. (3 орындықта мүскіндігінше көбірек қатысушыларды сиғызып отырғызу керек)

Ұйымшылдыққа ойын, денелік байланыс, коммункативтік дағдыларды дамыту

ІІІ. Аутотренинг «Ғажайып түс»

(жеңіл әуенмен демалу)

Сонымен, біз аралдамыз. Онда аңдар мен өсімдіктер әлемі бай, бірақ өмірге қауіп көп.

Диалог: Қалай ойлайсыз, бізді қандай қауіп-қатер күтіп тұр?(улы өсімдіктер, нөсер жаңбырлар, суықтық, адам жегіштердің келуі)

Сіздер өздеріңізге өмір сүру үшін қауіпсіз жағдайлар құруыңыз керек. Аралмен танысып, оны игеріп, өзіңізге шаруашылық ұйымдастырып, қызметтеріңізді , міндеттеріңізді бөлісу керек. Билік сұрағын шешу, көсемді таңдау, Конститутция құру,санкциялар, марапаттаулар, мерекелер тағайындау

Оқиға болып жатқандай жағдай қалыптастыру. Жоспарлауға үйрету.

IV. Шығармашылық жоспар

Сонымен, 3 топқа бөлінуді ұсынамыз.

І- топқа тапсырма:

Арал Конститутциясының әзірлемесін жазыңыздар

ІІ-топқа тапсырма:

«Аралдағы мерекелер» әзірлемесін дайындап жазу

ІІІ-топқа тапсырма:

«Аралдағы еңбек» әзірлемесін дайындап, жазу. (Әр топта ватман парағы, маркерлер, 10 минут уақыт беріледі, сосын жоба қорғалады.)

Басқа адамдармен қарым-қатынас ұстанымдарымен танысу, олардың пікірін есепке алу

V. Қортынды

«Аралдықтар кеңесі»

Сұрақтар:

  • Сіздің аралда тамақ қалай бөлінеді? (тең бе әлде еңбегіне қарай ма?)

  • Сіздің аралда адам өз бетімен, ешкімге бағынбай, ешкімді тыңдамай өмір сүруге құқылы ма?

  • Аралда маңызы шешімдерді кім қабылдайды?

  • Көсем?

  • Сыйлы адамдар тобы?

  • Барлық тұрғындар?

Қортынды жасауға үйрету, болып жатқан жағдайларды талдауға үйрету

VI. Рефлексия

«Жақсы, жаман» жаттығуы

(Маған бүгін жақсы...өйткені, ал жаман...өйткені)


Өзіндік ашылу

Өзін-өзі тану

Өзіндік талдау


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!