Материалдар / мен өз елімнің патриотымын
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

мен өз елімнің патриотымын

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағаты жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Тамыз 2018
413
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: 02.09.2017Сыныбы: 7б Білім алу сабағының тақырыбы: «Мен – өз елімнің патриотымын»Сабақтың мақсаты:
  • Оқушыларды Отанды құрметтеуге, қорғауға, өз елінің тарихын білуге тәрбиелеу.
  • Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылығын арттыру.
  • Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін ашық білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер, кескіндемелер, бейне таспалар, слайд.Жоспары:Ән ұранТопқа бөлінуМұғалім: Армысыздар оқушылар, ата-аналар, ұстаздар. Сіздерді білім күнімен құттықтай отырып, бүгінгі білім алу сабағына қош келіпсіздер дегім келеді. Білім алу сабағының тақырыбы: «Мен – өз елімнің патриотымын». Ендеше өз шәкірттеріме мынадай сұрақ қойғым келіп тұр, балалар, өз елінің патриоты болу дегенді қалай түсінесіңдер? Тақтада үш түрлі таңдау тұр олар:өз елін құрметтеу, қорғау, адал болу. Сәйкес түсті таңдап орындарыңа жайғасыңдар. Оқушылар таңдаулары бойынша үш топқа жіктеледі:Өз еліне адал саясаткерлер Өз елінің әдебиетін құрметтейтін ақындар Өз елін қорғайтын сарбаздарВидио ролик: «Мен – өз елімнің патриотымын».Топтық тапсырма: Саясаткерлер мен сарбаздар тобы суреттердер қабырға газетін құрастырады. Ақындар тобы мақал-мәтелдер, өлең шумақтарын айтып береді.Мұғалім: Оқушылар, алдарыңда «Мақсат қорабы» тұр міне осы қорапқа өз елдеріңнің патриоты ретінде болашақта қандай маман иесі болып жұмыс жасар едіңдер және қандай пайда әкелер едіңдер сол туралы қысқаша жазып қоюларыңды сұранамын, жылдар өткенде сол мақсатқа қол жеткіздіңдерме байқайтын боламыз.Виктариналық сұрақтар:
  • Еліміз қай жылы тәуелсіздігін алды?
1991жылы
  • Еліміздің тұңғыш президенті кім?
Н.Ә.Назарбаева
  • Қазақстан Республикасының рәміздерін атап бер.
Ту, Әнұран, Елтаңба
  • Туымыздың авторы кім, қай жылы қабылданды?
Шәкен Ниязбеков 1992ж.4 маусым
  • Әнұранымыздың авторлары кім, қай жылы қабылданды?
Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжмединов, Н.Ә.Назарбаева 2006ж.7 қаңтар
  • Елтаңбамыздың авторлары кім, қай жылы қабылданды?
Жандарбек Мәлібеков, Шота-Аман Уалиханов 1992ж.4 маусым
  • Ата заңымыз қай жылы қабылданды?
1995ж.30 тамызМақалдатып жауап бер
  • Отан қайдан басталады?
Отан отбасынан басталады.
  • Туды қайда тіге керек?
Туған жерге туыңды тік.
  • Оттан ыстық не бар?
Отан оттан да ыстық.
  • Елдің құлағы нешеу?
Ел құлағы – елу.
  • Ел болу үшін нені түзету керек?
Ел боламын десең, бесігіңді түзе.
  • Туған елдей ел барма?
Туған елдей ел болмас,Туған жердей жер болмас.Мұғалім: Балалар сендер әлем назарын аударған, беделді де тәуелсіз елдің тумасысыңдар, сондықтанда сендер өздеріңе сенімді, өз ойын ашық білдіре алатын, әлем жастарының қатарында беделі жоғары тұлға болуларың керек. Ел басымыздың «Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен, оны айбынды ету оданда қиын» дегеніндей дархан даламызды қорғау, салт-дәстүрімізді берік ұстанумен қатар жаңалықтан тыс қалмау ол біздің міндетіміз. Біз ата-бабамыздың жасаған ерліктері мен даналықтарын айтып мақтан тұтамыз әрі үлгі алуға тырысамыз, сол секілді әр азамат ішкі жан дүниесімен «Мені болашақ ұрпағым мақтан тұту үшін нендей әрекет жасадым?»-деген оймен өмір сүріп, сол сұраққа қатысты жақсы әрекет көбірек жасаса сонда біз ең алдыңғы қатарлы ел боламыз. Қадірменді қонақар, бүгінгі білім алу сабағымызда өз соңына жетіп қалды. Қош, сау болыңыздар!Ән: «Жаса Қазақстан!»
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!