Материалдар / Мен таңдаған мамамандық
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мен таңдаған мамамандық

Материал туралы қысқаша түсінік
Мамандық жайлы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Мамыр 2020
352
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мен таңдаған мамамандық
Мамандық- бұл әрбір адамның сүйіп, әрі қуана жасайтын ісі, оның ертеңгі
болашағы. «Адам өмірде екі нәрседен қателеспеуі керек: бірі- жар
таңдауда, екіншісі – мамандық таңдаудан». Біз өзіміз таңдаған
мамамандық саласында өмір бойы қызмет ететін боламыз.
«Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ соны таңдауда дұрыс шешім қабылдай
білу керек». Барлық мамандық жақсы, өзіне тән пайдасы бар.
Мамандық таңдау- сені үлкен өмірге жетелейтін көптеген
баспалдақтардың алғашқысы. Дұрыс таңдаған мамандық болашақтағы
бақытты өміріңнің кепілі. Сондықтан да әр адам өз жүрегі қалаған
мамандықты таңдауы керек.
«Дүниедегі ең қиын мамандық- адам болып қалу»
Хосе Хулиан Марти
Менің таңдаған мамандығым – мұғалім. Қиындығы мен қызығы мол осы
мамандықты бала күнімнен армандадым. Қазір осы арманыма жету үшін
білім алу үстіндемін. Болашақта жақсы маман иесі болып, адамгершілігі
мол, білімді азамат тәрбиелегім келеді.
Ұстаз- жас ұрықтық, жалпы адамды ізгілікке баулып, жақсылықа
тәрбиелейтін, білім беретін оқытушы.
Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Мұғалім барлық
мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді абзал жандар.
«Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаз
алдынан тәрбие алмайтын жан жоқшығар. Сондықтан бүкіл адам баласы
ұстаздарға құрметпен бас иеді.
Адам тәрбиелеу – ұлы міндет. Ол міндетті атқарушы- ұстаз. Ал ұстаздың
негізгі құралы- сабақ. Сабақта тек білім беріп қана қоймай, оларға
тәрбиені қатар алып жүруші.
Қазіргі таңда мұғалімге қойылатын талаптар зор. Әр ұстаз – XXI ғасыр
педагогына сай болуы үшін – ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, жанжақты шебер, тынымсыз еңбекқор, терең қазыналы білімпаз, кез келген
ортаның ұйытқысы болуы керек.
Мұғалімде балаға деген сүйіспеншілік пен махаббат болуы керек.
Балаларды шын жақсы көріп түсіне алатын адам ғана нағыз мұғалім бола
алады. Менің ойымша алғашқы мұғалім ғана оқушының бойында оқуға

деген қызығушылығын немесе жеккөрінішін оята алады. Тек мұғалім ғана
қоғамның дамуына оқушыларды тәрбиелеп оқыту арқылы үлкен үлес
қосады. Ол олардың тәртібін қадағалай отырып өмірде өз жолдарын табуға
көмектеседі.
Ұстазға құрмет – адамзатқа міндет. «Адамның адамшылығы- жақсы
ұстаздан» деп Абай айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі оқушының
болашақ азығы. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім-тәрбие алған шәкірт өмір
майданында мойымай күресіп, болашақ жастарды бағытынан тайпасы
анық. Маған бар білгенін үйреткен ұстаздарыма бас иемін. Сіздерге көп,
көп рахмет. Менде болашақта сіздер сияқты жақсы мұғалім бола аламын
деп ойлаймын.
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!