Материалдар / Мен Ұстазбын
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мен Ұстазбын

Материал туралы қысқаша түсінік
студенттерге,оқушыларға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қырқүйек 2020
284
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мен – Ұстазбын!

Менің есімім Ыбрай Назым Ширатбекқызы. Мен дәл қазір Тараз Мемлекеттік Педагогикалық Университетінде білім алудамын, иә осы оқу ордасын таңдап, жарқын болашағымды осы жерден бастау, «Ұстаз» университетінен ұстаз болып шығу мен үшін үлкен бір мәртебе.

Кішкентай кезімнен ұстаз болу арманым болды, оған бірден бір себепкер әкем болды десемде болады. Әкеме қарап нағыз үлгі аларлық ұстаздың қандай боларын сездім және ішкі жан дүнием ұстаздықты қалаған соң, өзімнің жүрек қалауым ұстаз болуды жөн санадым. Әйтсе де, ұстаз болу оңай болып көрінгенмен, нағыз ұстаз болу екінің қолынан келе бермейді.

«Ұстаздық алтын діңгекке теңер едім»,– деп ұлы педагог Ы. Алтынсарин айтқандай, ұстаз жолы қиыншылығы мен рахатын бір басқа жетерлік мамандық атаулының ұлысы. Ұстаз – ұлы есім, бұл сөз өте құдіретті. Ұстаз – парасатты, балаларды жанындай жақсы көретін, жауапкершілікті, төзімді, ізденімпаз,ұлағатты адам.

Нағыз ұстаз болу бақыт, әрі абырой, шәкіртке өзінің жиған бар білімін, өзіне берілген барлық уақытын шәкірт тәрбиелеуге арнайтын қадірі мол қызмет! Ұстаздың бар мақсаты – жинақталған тәлім-тәжірибені болашаққа аманат етіп, өскелең ұрпақтың бойына білімді дарытып, дарынын аша білу. Ұстазсыз шәкірт, шәкіртсіз-ұстаз болмайды. Ушинский айтқандай «Шәкірті жоқ ұстаз –мылқау ұстаз». Шынында да, адам баласының ұлы тұлға болып қалыптасуы ұстазға байланысты.

Ұстаз менің ұғымымда– алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі, ар-намысын ардақтайтын, батыл, ержүрек болуы керек. Ең бастысы мұғалім шын мәнінде баланы жан тәнімен беріле сүюі керек. Баламен тең жағдайда сырласу, оның мүмкіндіктеріне сену, кешіре білу, мейірімділік, шыдамдылық тәрізді қасиеттері арқылы мұғалім өз мәртебесін көтере алады. Мұғалім әр оқушының мінез-құлқын, көз қарасын, талғамы мен әдет дағдыларын зерделеп, алға қойған мақсаттарға кедергі келтіретін себептерді дер кезінде айқындап оның алдын алу немесе болған жағдайларға сәйкес тәрбие бағдарын жедел өзгертуі тиіс. Бүгінгі ұстаз оқушылардың тәрбиесіне көп көңіл бөлуі қажет.

Білім– барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Баланы білімге, оқуға деген қызығушылықтарын оята білу ол ұстаздар қауымының басты міндеті деп білемін. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады.

Мен Ұстазбын! Осы жауапты жолда бар білген түйгенімді келешек жастарға жеткізуге, ұстаз мәртебесін көтеретін, абыройын асқақтатын, ұрпақ тәрбиесіне бей-жәй қарамайтын, келешектің ұстазы!

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!