Материалдар / Мен ұстазбын
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мен ұстазбын

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаз... Қандай қасиетті сөз! «Ұстаз» деген қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. Ұстаз болуды балалық шағымнан армандап,бүгінде Б.Ахметов атындағы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Сәуір 2018
364
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұстаздық еткен жалықпас , үйретуден балаға...Ұстаз... Қандай қасиетті сөз! «Ұстаз» деген қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. Ұстаз болуды балалық шағымнан армандап,бүгінде Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінде оқып жүрмін. Ұстаз болу үшін біліммен қатар тәжірибе алу қажет, сондықтан бізді практикадан өтуге Павлодар қаласының №7 мектебіне жіберді. Осылай мен 4-сынып мұғалімі Данагүл Советқызымен таныстым. Қиындығымен қызығы бірге жүретін осынау мамандықтың шынайы иесі болу үшін Данагүл Советқызы көп еңбек етеді. Әр сабағына жете дайындалып, балаларға білім беріп қана қоймай, тәлім - тәрбие беріп, өмірге икемдеп, адалдыққа баулып, адамгершілік қасиеттерді бойларына дарытып, балалармен сырласа отырып жан дүниесін ұғынуға тырысады. Данагүл Советқызы уақытпен санаспай балалардың болашағы үшін аянбай жұмыс жасасаң, еңбегің еш кетпейді деп үйретеді. Ұстаз үнемі ізденіс үстінде болуы керек. Өмір бір орнында тұрмайды, үнемі алға жылжып отырады, осыған орай жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелеу, оқыту үшін үнемі ізденіп, білім мен біліктілікті арттырып отыру қажет екенін түсіндім. Келесі оқу жылы 1-сыныпқа келетін оқушылардың ата-аналарына өз балаларыңызды №7 мектептің мұғалімі Данагүл Советқызына оқуға берсеңіздер жаңа заманға сай жігерлі де намысты ұлдарымызды, инабатты да ибалы қыздарымызды білім нәрімен сусындатып қана қоймай, қазақы болмысымызбен тәрбиелейді деген үміттемін. Есеналы Жанат Сералықызы Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледж студенті.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!