Материалдар / Менің кіші Отаным
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Менің кіші Отаным

Материал туралы қысқаша түсінік
туған жер туралы шығарма іздеген оқушыға керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Желтоқсан 2019
4742
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ауылым- алтын бесігім

Ауылым -алтын бесігім. Міне, осы бір ауыз сөздің астарында қаншама мән, қаншама мағына жатыр десеңші! Шіркін-ай, Беріктасыма жетер жер бар ма екен! Табиғаты әсем, ауасы таза, сылдырап аққан тау суы адамды еріксіз өзіне баурайды. Әр адамға өзінің туған жері әрқашан да ыстық көрінеді емес пе? Маған да туған ауылым -өте ыстық. Беріктастан артық жерді Қазақстанның қай қаласынан іздесем де таппасым анық. Себебі балалық шағымның қызығына куә болған, алыс шықсам, сағынып келіп бауырына тығылатын, бетімді самал желі жылы леппен сүйіп тұратын ауылым -менің жұмақ мекенім. Берекелі Беріктас ауылымның ұйтқысы болған көне көз қариялары- біз үшін баға жетпес байлығымыз. «Өнегелі қарт жоқ жерде, өнерлі бала да жоқ» деген сөз бекер айтылмаса керек. Аузы дуалы қарияларымыз көрген білгенімен, өмірден түйгенімен бөлісіп, жастарға ақылдарын айтып, шыбықтай майысқақ өскелең жастарды өнегелі өсиет сөздерімен сусындатып отырады. Соның дәлелі менің де ауылымыздың тарихы жайлы аталарымыздан естігендерім бар еді. Ауыл төріндегі Берікқара тауының жан-жағы берік қамал іспетті үлкен тау екен. Бұл тауға қиын-қыстау жылдары батырларымыз жауларын шегіндіріп, қамап ұстап жеңіске жеткен екен. Жан-жаққ. а қашатын жол болмаса керек. Осы Берікқара тауы қажет кезде еліме қорған, жауға бермес қамал балған екен . Ал Беріктас деп сол таулар үлкен-үлкен берік тастардан тұрғандықтан аталған деген тарих бар екен. Менің ауылым соншалықты үлкен болмаса да, онда мекен еткен әр жанның жүрегі кең, пейілі ақ, жүздері жылы, жаны жайсаң, көкіректері толған өлең-жыр. Ауылға келген кез-келген адамға құшақтарын айқара ашып, барын беріп бауырына басады. Осындай қасиетіміздің арқасында ауылымзға келіп қоныстанушы өзге ұлт өкілдерінің саны да жылдан-жалға көбейіп келеді. Тіпті, туған ана тілімізді де жетік меңгеріп алғандары да аз емес. Аулымыздың білім ошағынан қаншама жас қанат қағып ұшып, қияға қонып жатса, әлі де жүздеген түлек білім баспалдағын аттап, қара шаңырақта құлшына білім алып келеді. Бұл менің бала қиялымның, арманымның есігін ашып берген алтын ұям-мектебім. Осы ұядан түлеп ұшар кезім де алыс емес. Ауылымның ажарын келтірген білім бесігім-мектебім, кіндік қаным тамған топырағым, туған жерім - жырға қосар мақтанышым:

Туған жерім-Беріктасым ыстық мекен, Талай батыр,талай ақын шыққан екен. Жас жүректің лүпіліне ілесіп , Бірге соққан қунышты жыр етем.

Сенде өтті сәби кезім, бар күнім, Иіскеймін туған жердің әр гүлін . Тыныштығың бұзылмасын туған жер, Жоғалмасын берекең мен бірлігің.

Менің бала жүрегімді тербеген, Сенен артық өлкені мен көрмегем. Сенде туып самғап кетсем алысқа, Сағынармын жолдап сәлем желменен.

Беріктас ауылы

Беріктас орта мектебінің

5ә-сынып оқушысы

Жұмахан Мирас


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!