Материалдар / менің оқыту философиям
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

менің оқыту философиям

Материал туралы қысқаша түсінік
пәнге деген оқушы қызығушылыған арттыру мақсатында сол пәннің биігіне шыққан тқлғалардың қызықты тарихмен танысу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қырқүйек 2022
181
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Менің оқыту

философиям
Физика пәнінің мұғалімі
Жарыс Оразбайұлы
206 мектеп - гимназия

Алматы қаласы
2022жыл

Кірспе
«Армандар орындалады, мақсатың айқын болса!» Көп адамның, жетістікке
жетуіне жол ашқан, өзіне деген сенімін күшейткен, осыбір ұран болған сөз, менің
де өмірлік ұстанымыма айналған еді.
Менің алдымдағы оқушыларым, олар тек білім алушылар ғана емес,
болашақтың ірге тасын тұрғызушылар. Шапқан аттың тұяғы тозатын, ұшқан
құстың қанаты талатын дархан даланың иегерлері. Ата - бабамыздың аманатын
арқалаушы ізбасар тұлғалар. Мен оларды жақсы көремін. Бірақ бұрын өткен
батыр бабаларымыз аттың жалында, түйенің құмында өмір сүрді, еркін халық
үшін аянбай қанын да, жасын да төкті. Тәуелсісзіктің тамры терең, тұғыры биік
болу үшін, малын жанына, жанын арына садақа етті. Ендігі міндет біреу-ақ.
Заманның ауқымы, білімнің беталысы, техниканың өркендеуі, менің алдымда
отырған оқушыларды бей – жәй қалдырмауы тиіс.
Мен оқушыларды өз пәніме қызықтырудан бұрын, алдымен өзіме
қызықтырамын. Меніңше, қандай пән болсада, өмірмен, айналамызбен
байланыстыруға болады. Әр саланың өз биігіне шыққан тұлғалар хақында аз кем
әңгіме айтудыңда әбестігі жоқ. Әрине ол үшін жетістікке жеткен адамдардың
балалығымен бүгінгі болмысы жайында, қиын да қызықты өткелдерін өмірлік
сабақ ретінде пайымдап жеткізе алсаңыз, оқушылардың да өзіне деген сенімін
күшейте түссеңіз, ұтымды тәсілдің тура жолы болмақ. Мысалы: Дыбыстық
графиканың атасы, Томас Эдисон небәрі 3 айлық қана білімі болса да, анасына
жазылған мектеп директорының хатын оқып, «Болашақта сен ғалым боласың»,деп жазыпты, сол үшін саған мектеп білім бере алмайды ,- деген бір ауыз өтірік
сөзі оны шабыттандырғаны сонша, өзін он мың рет токқа түсуіне, лампа жасап
шығуына, әр түрлі жаңалықтар жасауына жола ашты емеспе.

балалықтан даналыққа дейін

Бастысы баланың қызығушылығын оятып, сенімін күшейткен жағдайда ғана
өз мамандығының білікті тұлғасы болып шығары даусыз.
1

Негізгі бөлім
Мен бірде үйден оқитын оқушымның үйне сабақ өтуге бардым, сабақ
арасында баланың арманы мен мақсат – мұраты халқында азырақ әңгімелестік,
сол кезде байқағаным, ол өзінің ғылым – техника саласында бір жаңалық
ашқысы келетінін, ойға алған дүиелерін елге пәш еткісі келетінін айтты. Оның
мүмкіндігі шектеулі екенін сезсемде, мен оның сенімін ұштап, қолынан
келетініне сендірдім. Сіз білесіз бе? Осы оқушым араға көп уақыт салмай – ақ,
физика пәнінен «Астрономиялық шахмат» жобасымен, республикалық ғылыми
жоба байқауының І орын жеңімпазы атанып шықты. Мінеки, бұл менің өз
тәжірибемдегі санаулы оқушыларымның біреуінің жеңісі.
Сіз білесіз бе?! Қазіргі заманның талабы басқа, тағылымы бөлек, тәрбиесі де
өзгеше. Ендеше сіз беретін білім мен тәрбие кең мағынасымен алғанда, қандайда
бір, сіздің алдыңызда отырған жан иесіне тиісті қажеттілігін қанағаттандырып
беретін, сол жан иесінің дұрыс тұлғаға боп қалыптасуына, дамуына көмек
көрсететін үлкен қадам болмақ.

сенім бар жерде жеңіс бар

Әр оқушының өмірлік миссиясы бар, бірақ көп санды оқушылар соның барар
жолы, алар асуы қандай екенін бағамдап үлгермейді. Осы тұрғысында сіздің
берер жауабыңыз, нұсқар бағытыңыз нық және шынайы болса, онда сіздің
ұстаздық мәртебеңіздің өтімділігі. ХХІ – ғасырдың талабына сай, ойы ұтымды,
арманы биік, мақсаты айқын оқушы тәрбиелеу дегеннің өзі – ғылым мен
техниканың ғарыштап дамыуына өз үлесін қосатын, қоғамдағы қажеттілікке
жауапкершілікпен қарайтын, өзіндік орыны бар, өз саласының майталманы
болатын, жаңашылдықты жақсы көретін ұлы сапарға шығатын мамандар
дайындау деген сөз.
Мен оқушыларыма сендім және олардың өзіне сенімін күшейте алдым.
Олардың жан дүниесінің қалауын сезіне алдым. Әрине мұғалім болу дегенің
кейде шахтёр кейде актёр, ал бірде педагог, бірде психолог болатын ең
қарапайым да ұлы мамандық.
2

Тәрбиедегі мақсат адамның һәм сол адамның ұлтын, асса барлық адамзат
дүниесін бақытты қылу. Қысқасын айтқанда, тәрбиедегі мақсат «Адам" деген
атты құр жалаң қылып жапсырмай, шын мағынасымен адам қылып шығару.
- Мағыжан Жұмабаев

Қотынды
Мен айтып отырған М.Жұмабаевтың бұл сөзі, осыдан тұп-тура 100 жыл
бұрын айтылған сөз болсада, өз құнын жоғалта қоймаған дана тұжырым. Мен
физика пәнінің мұғалімі болсамда, бірақ мен осы бір 10 жылдан астам
уақыттыағы тәжірибемде, мен үздік ат бапкерін, қаламы қарымды журналисті
және республикалық байқаулар жеңімпаздарын дайындап шығара алдым, олар
сол мамандықтары бойынша елге қызмет көрсете бастады. Айтайын дегенім сіз
беретін білім мен тәрбиеде оқушылардың өз сенімін назарыңызда ұстаңыз,
мақсатына құрметпен қараңыз. Кімді үлгі тұтатынын, кімге қарап бой түзейтінін
ескеріңіз.
Төгетін мейір жылылық,
Шуағын күннің ала сап.
Ұстаздық деген ұлылық,
Ұстаздық деген парасат! – шын мәнінде ұстаздықтан ұлы, ұстаздықтан құрметті,
парасатты, мәртеббелі жол кемде кем!

Пайдаланылған әдебиеттер
М.Жұмабаев ................................................... Педагогика (1922жыл. Қызылжар)
Кендзи (жапон) ...............................................Әйгілі адамдар (1989 жыл. Пекин)

3
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!