Материалдар / Менің Отаным - Қазақстан!
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Менің Отаным - Қазақстан!

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің Отаным - Қазақстан! Қазақ тілі балабақшада орыс топтарында. Тәуелсіздік күніне арналған оқу қызметін ұйымдастыру жоспары.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Сәуір 2022
256
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Менің Отаным - Қазақстан»


Сабақтың мақсаты:

«Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбында балаларға «Отан», «Тәуелсіздік», «Қазақстан» атты ұлы сезімді ұғындыру. Тәуелсіздік мейрамы туралы түсінік беру, балаларды туған жерін, Отанды сүюге баулу, өздері тұрып жатқан Қазақстан Республикасының тілін, дінін құрметтеуге үйрету.


Әдіс-тәсілдер: түсінік беру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Меңгерілетін сөздер:  Отаным, егеменді ел, тәуелсіз мемлекет, көп ұлтты, Елбасы, Елорда, мемлекеттік тіл.

Көрнекіліктер: Қазақстан Республикасының рәміздері, географиялық картасы,әр елдің тулары, интерактивті тақта.


       Ұйымдастыру кезең  /Психологиялық күйге келтіру/

Қуан шаттан алақай

Қуанатын келді күн

Қайырлы таң, қайырлы күн

Күліп шықты бүгін күн!

Кіріспе бөлім    (Балалар үстел басына жайғасады)

Сұрақ-жауап әдісімен өткенді қайталау,бекіту.

Балалар, бір аптада неше күн бар? (жеті күн)

Бүгін аптаның қай күні? (сейсенбі)

Кәне айтып шығайықшы

Бір жылда неше жыл мезгілі бар? ( төрт жыл мезгілі бар)

Қазір жылдың қай мезгілі? /Қыс/


Балалар, әр елдің өз рәміздері бар.

Біздің еліміздің рәміздерін кім атайды?

Балалар: / Ту, Елтаңба, Әнұран/

қазақ тілінде– ту, елтаңба, ән ұран.


Қазақстанның туының түсі қандай? (көк)

Туымызда не бейнеленген?(күн, қыран құс, ұлттық ою- өрнек)

Елтаңбада не бейлененген?(шаңырақ, жұлдыз, Қазақстан деген жазу)

Балалар,енді мемлекеттік ту мен елтаңбаға сипаттама берейік.

Балалардың әңгімелеуі: 

(ту-көгілдір мата, ортасында алтын күн,күн астында-қыран құс,тудың шетінде үлттық ою-өрнек.

Елтаңба –көгілдір аспан үстінде-шаңырақ, екі жағында- пырақтар,жоғарыда-бес бұрышты жұлдыз,төменде- Қазақстан деген жазуы бар).Өте жақсы балалар!

Ендеше, балалар, суреттерді орындарына қою арқылы өткен сөздерді

бекітеміз.(Суретте елтаңба мен тудың суреті, балалар суреттерді жабыстырып іледі).


-Балалар, кәнеки, туған жер, туған ел туралы кім қандай өлең, тақпақтар, мақал-мәтелдер дайындап әкелген екен, тыңдап көрейік?

Радмила:

И.Ғайыптың «Тәуелсіздік»

Өзіңдікі елің де,

Өзіңдікі жерің де.

Өзіңді өзің еткен Бақ,

Тәуелсіздік төрінде!

Өзіңдікі Туың да,

От пен Ауа, Суың да.

Жаса, Қазақстаным,

Белді бекем буын да!


Мирас:

«Елтаңбасы елімнің» /С.Қалиұлы/

Елтаңбасы елімнің,

Неткен әйбат, әдемі!

Тұнығындай көңілдің,

Ортада -аспан әлемі.


Маргарита:

«Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас»


Илья:

«Туған жердің жуасы да тәтті»



Диас:

«Туған жер» /Т.Молдағалиев/

Ен даласын, егін жапқан,

Бар баласы бақыт тапқан,

Менің жерім, туған елім-

Күн сәулелі, Қазақстан!


Балалар, мына суреттерге қараңдаршы? Бұл суретте әр елдің тулары берілген. Біз сол тулардың ішінен еліміздің туын тауып беруіміз керек.( әр елдің туы беріледі, балалар Қазақстанның туын тауып алу керек)


Қазақстан картасымен жұмыс

 Мынау балалар, Қазақстанның картасы. Мұнда жаңа өздерің айтқан көптеген үлкен,кіші қалалар көрсетілген. Қазақстан жерінің әсем табиғаты,  пайдалы қазбалары бейнеленген. Бұл біздің Отанымыз – Қазақстан.

Балалар, картаның жанында әріптер бар, олар адасып кетіпті. Сендер осы әріптерден Қазақстан деген сөзді шығарып ретімен тұруларыңды өтінемін. ҚАЗАҚСТАН деген сөз шықты, Жарайсыңдар!


Рефлексия:

Балалар,айтыңдаршы?!

Күннің шыққаны жақсы ма? Развести руки над головой//

Жақсы /шапалақтайды/

Желдің соққаны жақсы ма? /желді көрсету/

Жақсы /шапалақтайды/

Туған жерде жақсы ма? /құшақтарын жаяды/

Жақсы /шапалақтайды/

Қазақстандық болған жақсы ма? /бас бармақтарын көрсетеді/

Жақсы /


Мұғалім:

-Балалар, біз бүгін сендермен бірге Қазақстан, Отан, туған ел, туған жер деген ұғымдармен таныстық. Жаңа сөздерді айта білуге дағдыландық.

Мемлекеттік рәміздерді сипаттап үйрендік. Сендер өздеріңнің жаттап, дайындаған өлең, тақпақтарыңды айттыңдар. Сендерге көп рахмет! Енді, балалар, бәріміз орнымыздан тұрып, оң қолымызды жүрек тұсына қойып, «Менің Қазақстаным» Әнұранын айтайық. Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!






Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!