Материалдар / Менің отбасым
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Менің отбасым

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасы туралы қысқаша мәлімет беру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қырқүйек 2020
266
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




ЖШС Балажан Балабақшасы













Еркетай ересек тобына арналған оқу кызметі

Тақырыбы: «Менің отбасым»










Тәрбиешісі: Әбішева Ә. Т.



Семей қаласы 2020

























Білім беру саласы: Коммуникация 
Оқу іс-әрекеті: Сөйлеуді дамыту 
Тақырыбы: Менің отбасым 
Мақсаты: Отбасы туралы түсінік беру. Өзі жанұясы туралы әңгімелесуге үйрету; үйдегі қауіпсіздік режелерінің негіздерімен таныстыру. Отбасы және отбасы мүшелері жайлы түсініктерін қалыптастыру

1. Отбасындағы сыйластық туралы әңгімелету арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

2. Үлкенге ізеттілік көрсетуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: үйдің макеті, отбасы мүшелерінің суреті.
Әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу. 
Көрнекіліктер: отбасы мүшелерінің суреттері, текшелер, үлестірмелі суреттер. 

Суретпен жұмыс. Отбасы бейнеленген суреттен оның мүшелерін айтқызу. (Ағылшынша-қазақш



- Тақтаға әкенің, ананың, баланың суреттері, екінші жағына биік таудың, бұлақтың, өсіп тұрған құрақтың суреті ілінеді.

Тәрбиешінің көмегімен мақал құрастырылады:

Әке- асқар тау,

Ата – етегіндегі бұлақ

Бала – жағасындағы құрақ.

Әке, ана, бала сөздерін қатыстырып, сөз тіркестерін құрастыру.

Мысалы: ардақты әке, аяулы ана, ақылды бала т.б.

Сергіту сәті:

Атам жылқы бағады / Бір орнында тұрып, шабу /

Ағам пішен шабады. /Шөп шаққандай қимыл жасау/

Жеңгем сиыр сауады. / Отырып қолдарын қимылдатады/

Әжем киіз қағады. /Қолдарын алға жайып, қимыл жасау/

«Кім жоқ?» дидактикалық ойыны Тақтада отбасы мүшелерінің суреті ілулі тұрады. Балалар көздерін жұмады. Тәрбиеші тақтадағы бір отбасы мүшесінің суретін алып тастайды. Балалар көздерін ашып, мұқият қарап шығып, кімнің суреті жоқ екенін айтады

- Саусақ жаттығулары арқылы санамақ айтады.

Бас бармағым- әкем,

Балаң үйрек – апам.

Ортан терек- ағам,

Шылдыр шүмек- мен.

Титтей бөбек– сен

Балалар, кім бізге өзінің отбасы туралы айтқысы келеді? (Әр баланың қолында отбасының суреті болады)
1 - бала. Менің отбасымда 4 адам бар бұл әжем, атам, шешем, әкем. Менің әжем – зейнеткер. Шешем - әкем жұмыс істейді. Анам - мектепте мұғалім. Әкем – жүргізуші. Менің ағам оқушы. Ал мен балабақшаға барамын.
2 - бала. Менің отбасымда әжем, әкем, шешем бар. Мен әкемнің анамның жалғыз қызымын. Кішкентай інім немесе сіңлім болса ғой деп ойлаймын. Мынау менің мейірімді әжем. Ал мынау тәтем, ол ауылда тұрады.
3 - бала. Мынау менің отбасым. Әкем, анам және мен. Менің екі әжем бар: (екі әжесінің атын айтады), олар мені жақсы көреді. Мынау екі атам. Олар мені еркелетеді. Бұл ағам ол Арменияда тұрады. Бұл тәтем, менімен ойнайды. Біз тату тұрамыз.

Әр халықтың өзінің отбасыға байланысты салт-дәстүрлері болады. Ал ол туралы бізге балалар айтып беред

Қазақ отбасында баланың ерте есеюіне көп көңіл бөлген . Оны жүзеге асыруда олар үлгі-өнеге көрсету, жауапкершілікке арту әдістерін шебер пайдаланған. Баланы ерте жастан-ақ жауапты іс-әрекетке тартып отырған. Мысалы, бес жасында атқа мінгізіп, бәйгеге қосу, қозы баққызу, үлкендердің арасындағы дауды шешу, келіссөз жүргізу т.с.с. істерге бірге ертіп жүрген. Сондай-ақ қазақ отбасы тәрбиесінде ғасырлар бойы қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан отбасы мүшелерінің қатынасының маңызы зор.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!