Материалдар / "Менің өзгерістерім" психологиялық тренинг
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Менің өзгерістерім" психологиялық тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Психологиялық тренинг (педагогтарға арналған)
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Сәуір 2021
717
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Маңғыстау облысының білім басқармасы Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің №28 «Балдаурен» бөбекжайы жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны











« Менің өзгерістерім»

Педагогтарға арналған










Педагог – психолог: Миняжева.С.Т










Тренинг тақырыбы: «Менің өзгерістерім»

Мақсаты: Қатысушыларға өзінің ішкі әлемін түсінуге мүмкіндік беру, ондағы әлі де танылмаған дүниелерді тауып, өз тұлғасының жаңа сапаларын көруге жағдай жасау. Адамгершілікке, сезімталдыққа тәрбиелеу.

Қатысушылар:

Қажетті құралдар: шар, төрт түрлі сипаттағы әндер жазылған аудио касета, түрлі формадағы кілттер, орамалдар, А3 қағазы, қағаздан жасалған жүректер, плакат.

Жоспар:

Ұйымдастыру.

1.Кіріспе сөз.

2.Негізгі бөлім.

1. «Менің ғажайып есімімнің сыры»

2. «Менің ішкі үйімнің кілті»

3. «Сергіту жаттығуы»

4. «Менің жанымның оты»

3.Қорытынды.

1. Қорытынды сөз.

2. Жылы тілектер.

Ұйымдастыру: Қатсушыларды шеңбер жасап отырғызу, сәлемдесу, назарларын аудару.

Кіріспе: Сіздердің әрқайсысыңыздың ішкі әлемдеріңіз бар, олар бір-біріне ұқсамайды. Өз ішкі әлеміңізді әлі де танымауыңыз мүмкін. Бүгін оны тануға мүмкіндік туып отыр. Бүгінгі тренинг «Менің ішкі әлемім» деп аталады. Сіздерге сәттілік тілеймін. Осы тренингте белсенділік танытайық.

«Менің ғажайып есімімнің сыры» Қатысушылар өз атын айтады және есімінің соңғы әріпі қалай аяқталса, сонымен өзінің сапасын көрсетіп өтеді. Соңынан өз есімінің неге аталған сырымен бөліседі.

«Менің ішкі үйімнің кілті». Әркімнің ішкі әлемі өзінің ерекшеліктері мен қайталанбас ғажайып әлем болып табылады. Алайда сіздерде өздеріңіздің ішкі әлемдеріңізбен кездесу мүмкіндіктері жиі бола бермейді. Мен сіздерден көздеріңізді жұмып, өздеріңіздің ішкі әлеміңізді үй ретінде елестетулеріңізді сұраймын.

Міне, әр қайсымызда өз үйлеріміз пайда болды. Бұл үй қандай: үлкен немесе кіші, тастан жасалған ба, әлде ағаштан соғылған ба, ондағы бөлмелер ше, кең немесе тар, жайлы ма? Мүмкін сіздің үйіңіздегі жиһаздар ерекше шығар немесе бос кеңістік көп пе? Сіздің үйіңізден қандай иіс, қандай дыбыс шығады? Бөлмелеріңіз жарық па, әлде бұлыңғыр ма? Үйіңіздің айналасында не бар? Мүмкін теңіз немесе өзен жағасында шығар, үйіңіздің қоршауы бар ма? Сіздің үйіңізде адамдар бар ма, егер болатын болса, олар кімдер? Үйіңізді аралап шығыңыз – қандай эмоциялар сезіндіңіз?

Ал, енді өз үйіңізбен қоштасыңыз, сіз осы жерге қалаған уақытыңызда қайтып келе аласыз. Біртіндеп топқа оралыңыз. Әр қатысушы өзінің ішкі әлемі жайлы айтып береді.

ІІ – кезең. Жүргізуші ортаға түрлі пішіндегі және көлемдегі кілттерді қояды.

Сіздер өздеріңіз үйлеріңіз, ішкі әлемдеріңіз жайлы айтып бердіңіздер.

Бірақ, әрбір үйде біздің өзіміз аз кіретін және басқалар білмейтін бір бөлме бар, бұл қандай бөлме? Сіздердің алдыларыңызда сіздің үйіңіздің беймәлім жақтарын жасырып тұратын құпия бөлменің кілттері жатыр. Әрқайсыңыз өздеріңізге ұнаған кілтті таңдап, бұл қандай бөлменің кілті екенін және бұл бөлмеде не бар екенін айтып бере аласыздар.

Кезекпен кілтті алып өзінің «құпия бөлмесі жайлы айтып береді».

Сергіту жаттығуы. Білімгерлер шеңбер бойында орындарынан тұрады. Жүргізуші: «Менің қолымда жаңадан пісірілген өте ыстық картошка тұр, енді оны қолымызды күйдіріп алмастан, бір-бірімізге жылдам берейік».

«Менің жанымның оты». Көздері байланған қатысушылар бөлмеге кіреді. Олар бөлмеде әр бағытта тұр.

Жүргізуші: Сіздер бөтен қаладасыздар. Бөтен үйлер, көшелер, бөтен адамдар. Сіздер ешқайда асықпайсыздар, сіздерді ешкім күтіп тұрған жоқ. Сіз жай ғана күзгі жапырақтарды сықырлатып, көше бойымен келесіз.

Сұр, бұлыңғыр кеш. Шамдардың жарығы шағылысуда. Үйдің терезелеріне қараңыз, жылы от жанып тұр. Сіздің дәл алдыңызға шағын автобус келіп тоқтады, есіктері ашылды. Онда да жарық жанып тұр. Оған кіріп орын алдыңыз. Ол сізді сіз өзіңіз қажет еткен жерге алып барады.

Сіздердің алдыларыңызда төрт аялдама бар, олардың әрқайсысында өз әуені ойнап тұрады. Оның қайсысы сіздікі, өзіңіз тыңдап көріңіз, егер аялдама әуені сізге жақын болса, автобустан түсіңіз. Сіз би билеуіңізге де болады, айналаңызда сізбен түскен тағы да адамдар бар. Олар сіздің жаныңызға жақын. Ол үшін сөздің де, көзбен көрудің де қажеті жоқ.

Жүргізуші: бір аялдамадан түскен жұптарды орналастырып, көздеріндегі орамалдарды шешеді, енді жаныңыздағы адамадардың көздеріне қараңыз.

Саяхат барысында не сезінгендеріңіз жайлы әңгімелесейік. Қазір қандай сезімдесіз? Өзіңізге жұп ретінде неге мына кісіні таңдадыңыз? Сіз жандарыңыздың ұқсастығын сезіндіңіз! Енді сіздерді біріктіріп тұрған нәрсені қағазға бейнелеп көрейік. Ол нақты суреттер, символдар, бейнелер немесе қарапайым сөз болуы мүмкін. Қатысушылар оны ортаға шығып түсіндіреді.

Қорытынды: Міне, көріп отырғанымыздай, сіздердің әр қайсыларыңыздың ішкі әлемдеріңіздің бір жерінде кішкентай жылы от бар. Ол сіздерге жылылық пен тыныштық сыйлайды. Сіздер өз жүректеріңізді адамдарға қаншалықты көп ашсаңыз, сіздің ішкі әлеміңіздің жарығы, соншалықты ашық, жылы болады.

Бөтен қалада біз өзімізді қалай жалғыз сезінгенімізді есімізге түсірейік. Және жақын адам тапқанда жанымыз жайланғанын еске алайық. Жүрек оты бізді біріктірді, мен қазір кез келгеніңізге жақындап өз жанымның отын сыйлаймын.

Менің атым .......... . Мен саған өзімнің қайырымдылығымды сыйлаймын.

Біздің жанымызды біріктіру, бізге бір-бірімізді анық көруге мүмкіндік берді. Біз бұрынғыдан да қайырымды, ақылды, әдемі....... болдық. Өзіңізід сүйіңіз! Өзгелерді шын сүйіңіз! Сонда бақытқа кенелесіз!

«Жылы тілектер». Қатысушыларға қағаздан жасалған жүрек таратылады. Олар оған бір-біріне тілек жазып ұсынады.

Қатысып, көңіл қойғандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!