Материалдар / Менің сүйікті тобым
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Менің сүйікті тобым

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің сүйікті тобым туралы эссе.Ұстаз болу — жүректің батырлығы, Ұстаз болу — сезімнің ақылдығы Ұстаз болу — мінездің күн шуағы Ұстаз болу — адамның асылдығы. деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, ұстаз болу кез – келген адамның қолынан келе бермейтін, жауапкершілігі өте жоғары мамандық. Себебі біз мұғалімдер алдымызға келген әрбір студенттеріміз еліміздің болашағы, келешегі екендігін ұмытпауымыз керек. Елдің болашағы жарқын болуы саналы, сапалы, білімді жастардың қолында деп білемін. Мен таңдаған мамандығымды мақтан тұтамын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Маусым 2022
540
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мұғалімнің ең жауапты міндет орындайды-ол адамды қалыптастырады.

М.И.Калинин





«Менің сүйікті тобым»


Ұстаз болу — жүректің батырлығы,

Ұстаз болу — сезімнің ақылдығы

Ұстаз болу — мінездің күн шуағы

Ұстаз болу — адамның асылдығы.

деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, ұстаз болу кез – келген адамның қолынан келе бермейтін, жауапкершілігі өте жоғары мамандық. Себебі біз мұғалімдер алдымызға келген әрбір студенттеріміз еліміздің болашағы, келешегі екендігін ұмытпауымыз керек. Елдің болашағы жарқын болуы саналы, сапалы, білімді жастардың қолында деп білемін. Мен таңдаған мамандығымды мақтан тұтамын.

Қазіргі таңда Ақтау қаласы, Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығының 3 курс студенттері және «Сәулет» мамандығының 2 курс студенттеріне жетекшілік етемін. Менің ең алғашқы педагогикалық еңбек жолымдағы тобым «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығының студенттері. Қысқаша айтқанда « Сэз-19» тобы , топ 25 студенттен құрылды. Әрине құрылыс саласы болғандықтан, топта бірыңғай ер балалар оқиды.

Мен студенттерімнің оқып жатырған мамандықтарының білікті мамандары болып шығуларымен қоса,еліне еңбегі тиер,отбасына қорған болар, білімді азаматтар болғанын қалаймын.

Бүгінде 25 ұл баладан тұратын топқа жетекшілік етіп келе жатырғаныма 3 жыл өте шығыпты. Санаулы уақыттардан соң кеше ғана мектеп табалдырығынан аттап, студенттік өмірге аяқ басқан студенттерімде жас маман аталғалы отыр. Қиындығы мен қызығы қатар жүрген 3 жылда тек студенттерім ғана емес менде олармен бірге есейдім. Себебі олар оқуға түскен жылы өзімде жоғары оқуымды бітіргеніне бір жыл ғана болған, әлі де білгенінен білмегені көп жас маман едім. Әйтседе барлығы өте керемет, бір-бірімізбен тез тіл табысып кеттік. Топ старостасы Төлеп Даниал топты басқаруда зор ынтасын қосты. Барлық уақытта топпен болып, топты ұйымдастыра білді. Топтың білім алушылары колледждің және топтың барлық жұмыстарына белсене қатысып отырды, өздері де практика кезінде шыңдалды. Тобыма сәттілік, мықты денсаулық тілеймін. Алдағы мемлекеттік емтиханды ойдағыдай аяқтайды деген үміттемінЕкінші тобым «Сәулет» мамандығының 2 курс студенттері «А-20» тобы. Топта 16 ұл бала, 8 қызы бала оқиды. Бұл топты алғаныма 1 жыл ғана уақыт болды. Дегенмен, осы бір аз уақыттың ішінде бір-бірімізді танып, бауыр басып үлгердік. Студенттерімнің тәртібі өте жақсы. Үлкенді сыйлап, кішіге ізет көрсете біледі. Бұл тұрғыда ата-аналарының берген тәрбиелері зор деп білемін.

Сөзімнің соңын Мағжан Жұмабаевтың:

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты –

Қырандай күштi қанатты.

Мен жастарға сенемiн! -деген өлең жолдарымен аяқтаймын.

Мен студенттерімнің таңдап алған мамандықтарын жақсы меңгеріп, отбасына қорған, еліне адал, мен мақтанатындай тұлға болатындарына мен сенімдімін.






СЭЗ-19 және А-20 топтарының жетекшісі: Г.А.Жарылғасова

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!