Материалдар / Мерекелік сценарий 1-сынып №3 Успен жалпы орта білім беру мектебі КММ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мерекелік сценарий 1-сынып №3 Успен жалпы орта білім беру мектебі КММ

Материал туралы қысқаша түсінік
8-наурыз мерекесіне арналған сценарий, бастауыш сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Шілде 2020
955
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Ана – аса қымбатты жан» 

Мақсаты: -мерекелік көңіл-күйін құру;
-ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру; 
-балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру; 
-өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу. 

Кейіпкерлер: Жүргізуші, «Кәмпит-Ханшайым» 

Ертеңгілік өткізуге қажетті құрал-жабдықтар: Безендірілген әсем зал, гүлдер, құмыра, сыйлықтар, әсем әндер жазылған үнтаспа, т.б 

Ертеңгіліктің барысы: 
Балалар залға қол ұстасып, жұптасып әдемі әуенде вальс ырғағында айналып, билеп өтеді. ( «Тәттім-ау» әуенімен)
Тәрбиеші: - Құрметті аналар, әжелер сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймыз! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке! Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген махаббат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан – ақ бірінші сөзін «Ана» деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің. Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару - ана, Ару - асыл жар, Ару – көңілдің гүлі, Ару - өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Олай болса, бүгінгі аналарға, әжелерімізге арналған Мектепалды даярлық тобының бүлдіршіндерінің «Ана - аса қымбат жан!» ертеңгілігіне қош келдіңіздер! 

Барлық балалар хормен: Құттықтаймыз анашым, 8 - ші Наурызбен!
Тәрбиеші: 
Той пердесін ашайық, 
Тойға шашу шашайық. 
Аналарды құрметтеп, 
Ән маржанын шашайық. 

Хор: «Ақ мамам» 

Тәрбиеші: - «Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры тастай мұзы да жібітеді»- демекші, балаларымыздың аналарына арнаған тақпақтарын қабыл алыңыздар!

Анам болса қасымда
Басқа бақыт не керек.
Анашымның жүрегі,
Мейірімді ғой керемет

Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар,
Құттықтаймын мерекеңмен,
Құрметті Аналар!

Наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз баланың,
Анаға айтар лебізі.

Аналарды сүйеміз
Ақылын ойға түземіз
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз.

Бәрімізге анамыз
Біз үшін күн боп жанасың
Құтты болсын мерекең
Құттықтаймын анашым!

Тәрбиеші:
Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін, 
Жылытар жүрегіңді көз көп дейін
Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге 
Қол соғып қарсы алайық «Мамочка биін» 

Би: «Анашым»
Тәрбиеші: -Балалар туған күнде, мерекелерде аналарымыз дастарханға қандай тәтті тағамдар салады. 
-Дұрыс айтасыңдар, кәмпитті балалар да, үлкендер де жақсы көреді. Кәмпитсіз дастарханның сәні кірмейді. (әсем әуенмен залға «Кәмпит –Ханшайым» кіреді) 

-Кәмпит-Ханшайым: (кіріп билейді)

Мен тәттімін, 
Балалардың сүйікті дәмімін,
Мерекенің сәнімін,
Дастарханның әрімін.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар, мені таныдыңдар ма? Мен, «Кәмпит-Ханшайыммын»
Балалар сендер өнерлеріңмен, білімдеріңді, үлгілі тәртіптеріңді көрсетіңдер.Ол үшін менің мына ыдыстағы үлкен кәмпиттер бар, онда әртүрлі тапсырмалар берілген. Сол тапсырмаларды ашып орындасақ қайтеді. Тапсырмаларды түгелдей орындасаңдар мереке соңында әкелген сыйлығымды үлестіремін. ( бір балаға ыдыстығы кәмпитті аштырады, тапсырманы барлық бала орындайды)
Тәрбиеші: -Расында да, бізге тәтті «Кәмпит-Ханшайым» қонаққа келіпті. Қараңдаршы, кәмпиттері көп екен, тәтті десе тәтті екен. Қане өнерімізді көрсетейік, тапсырмаларды орындайық.
1- кәмпиттегі тапсырма: 
Ойын: «Суретті аяқта» ( аналар ұлдарымен)
аналар орындықта отырады. Олардың қолдарына А3 қағазы (ортаса сопақша қиылған) беріледі. Аналар қиылған сопақшадан қарап отырады. Ал балалар жетпеген жерлердің суретін салады. Мысалы шаш, мойын. т.б.
2- Кәмпиттегі тапсырма : 
Ән: «Анашым, анажаным»

Тәрбиеші:- Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де мерекелерімен құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» - деп бекер айтылмаған. Келесі құттықтау сөздері сіздерге арналады.

Тақпақтар.

Тәрбиеші:

Құрметті де асыл біздің әжелер келесі ойынға сіздерді шақырғым келіп тұр.( Ойынға екі әже керек. Ұзын жіптіңортасына дейін лентаны байлайды. Кім бірінші болып жетсе, сол әже жеңеді)
3- кәмпиттегі тапсырма:
Ән: «Айдидарлы анашым»
Тәрбиеші: -«Кәмпит-Ханшайым» , енді сіз біздің балаларымыздың аналарына дайындап келген тақпақтарын тыңдаңызшы.

Көктем келді жадырап
Күн нұрымен таласып,
Жайнай берші жарқырап
Жаны жайсаң аналар!

Апатайым анашым
Ақылы мол данасың
Қамқоршысы баланың
Гүлі сенсің әр үйдің.

Анам менің анашым
Сені жақсы көремін
Мерекемен бүгінгі
Құттықтаймын мен сізді.

Құтты болсын анашым
Құтты болсын мерекең
Әр кез саған тілеймін
Ұзақ өмір жолдарын

4- кәмпиттегі тапсырма:
Ойын: «Вареники тасу» (10 қыз 2топқа бөлініп эстафета түрінде жарысады)
5- кәмпиттегі тапсырма:
Би: « испан » Ясмина
Әдемі биден кейін балапандарымыздың тақпақтарын тыңдайық:

Бізді өсірген анашым
Еңбегіңіз зор екен
Құтты болсын Анашым
Құтты болсын мерекең!

Жанымызды жайнатқан
Өзіңіз ғой аналар
Зор денсаулық, мол бақыт
Тілейміз біз балалар.

Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Аналарды құттықтап
Жырдан шашу арнаймыз.

Жүзімізге қараңыз
Бал күлкілі баламыз
Бізге қымбат күн шуақ
Бізге қымбат аналар!

Баланың да тірегі
Дананыңда тілегі
Ауырмасын ешқашан
Анамыздың жүрегі.

Ана біздің күніміз
Ананың біз гүліміз
Балаларды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.

Кәмпит-Ханшайым: -Балалар, сендер бүгін менің тапсырмаларымды өте жақсы орындап шықтыңдар. Сендерге көп-көп рахмет айтамын. Өздерің өнерлі, әдемі, тәртіпті екенсіңдер, мен сендерге ризамын. Енді мына қолымдағы ыдысты тәрбиеші апайларыңа беремін. Сендерге әкелген көптеген әртүрлі кәмпиттерім бар. Соны сыйлыққа бергім келіп тұр. Мен енді сендермен қоштасайын, басқа да балаларда мерекелер болып жатыр соған барайын. (Кәмпит-Ханшайым балалармен қоштасып шығып кетеді)
Тәрбиеші: 
Мерекені қарсы алып, 
Мәз болғанда барша жұрт, 
Гүл ұсынып қыздарға, 
Сыйлық бердім мен өзім - дей отырып қыздарға арналған сыйлығымызды табыс етуге рұқсат етіңіздер. (Ұлдар қыздарға сыйлықтарын табыс етеді) 
Тәрбиеші: 
Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым
Ұзақ өмір жүз жасап 
Ауырмашы анашым!
Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар, қарындастарымыз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын сыйлаған - анамыз емес пе? Олай болса, әр баланың өзі дайындаған аналарына сыйлықтары бар екен, соны табыс етсін!

Аналар, қалқып бақыт аралында, 
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен кешімізді аяқтайық 
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі «Ана – аса қымбат жан!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар! 
Балалар хормен: «Анамызға мың алғыс, баршаңызға мың алғыс!»
Қол ұстасып, әуенмен топқа кіреді.





Мен тәттімін, 
Балалардың сүйікті дәмімін,
Мерекенің сәнімін,
Дастарханның әрімін.
Сәлеметсіңдер ме, балалар, мені таныдыңдар ма? Мен, «Кәмпит-Ханшайыммын»
Балалар сендер өнерлеріңмен, білімдеріңді, үлгілі тәртіптеріңді көрсетіңдер.Ол үшін менің мына ыдыстағы үлкен кәмпиттер бар, онда әртүрлі тапсырмалар берілген. Сол тапсырмаларды ашып орындасақ қайтеді. Тапсырмаларды түгелдей орындасаңдар мереке соңында әкелген сыйлығымды үлестіремін. ( бір балаға ыдыстығы кәмпитті аштырады, тапсырманы барлық бала орындайды)


Кәмпит-Ханшайым: -Балалар, сендер бүгін менің тапсырмаларымды өте жақсы орындап шықтыңдар. Сендерге көп-көп рахмет айтамын. Өздерің өнерлі, әдемі, тәртіпті екенсіңдер, мен сендерге ризамын. Енді мына қолымдағы ыдысты тәрбиеші апайларыңа беремін. Сендерге әкелген көптеген әртүрлі кәмпиттерім бар. Соны сыйлыққа бергім келіп тұр. Мен енді сендермен қоштасайын, басқа да балаларда мерекелер болып жатыр соған барайын. (Кәмпит-Ханшайым балалармен қоштасып шығып кетеді)































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!