Материалдар / MS Excel электрондық кестенің көмегімен медициналық есептерді шығару.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

MS Excel электрондық кестенің көмегімен медициналық есептерді шығару.

Материал туралы қысқаша түсінік
Орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған педагогінің сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Маусым 2022
340
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Семей» Медициналық колледжі» мекемесі

Орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған педагогінің сабақ жоспары

Электрондық кестенің көмегімен медициналық есептерді шығару.

MS Excel.

(сабақ тақырыбы)


Модуль/ пән атауы: Диагностика және емдеу 3, Мейірбике ісіндегі денсаулықты нығайту / Денсаулық сақтаудағы электрондық жүйе

Дайындаған педагог: Куренова Галия Болаткызы

2021 жылғы «____» ___________


1. Жалпы мәліметтер

    1. Курс: IV.

    2. Оқу жылы: 2021-2022.

    3. Топ:: 4 леч 1к, 4 леч 2к, 4 мс 1к, 4 мс 2к

    4. Сабақ типі: Жаңа тақырыпты меңгеру сабағы



2. Мақсаты, міндеттер: Білім алушыларды MS Excel электрондық кестесінде есептеулерге қолдану жолдарымен таныстыру. Электрондық кестенің мүмкіндіктерін пайдаланып, бағандардағы, жолдардағы мәндерді дұрыс есептеуге үйрету. Қосындыларды есептеп, нәтижесін алу.

Білім алушылардың ойлау қабілетін, танымдық белсенділігін арттыру, компьютерлік жұмыс істеу шеберлігін одан әрі шыңдау және түрлі есептеулерде қолдана білуге ықпал жасау, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, жан-жақты болуға, компьютерлік сауаттылыққа, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.

Медициналық есептерді электронды кесте арқылы шығаруды, енгізуді, тиімді қолдану тәсілдерін өңдеуді меңгерту. Білім алушыны жауапкершілікке, еңбекке баулу, мамандыққа бағдарлау, ақпараттық технологиялармен ұқыпты қолдануға тәрбиелеу. Білім алушының өз бетінше болашақ мамандық саласында медициналық есептеу жұмыстарын электронды кесте көмегімен тиімді қолдану қабілеттерін дамыту.

«Денсаулық сақтаудағы электрондық жүйе» оқу пәнінің негізгі міндеттері:

1) электрондық кесте бойынша негізгі ұғымдар мен білімдерді қалыптастыру;

2) электрондың кесте бойынша біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру;

3) ақпараттық қоғамда өмір сүретін өскелең ұрпақтың адамгершілік және құқықтық негіздерінің қалыптасуын анықтау.



2.1. Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі :

- электрондық кестесінде есептеулерге қолдану жолдарымен таныстыру;

- электрондық кестенің мүмкіндіктерін пайдаланып, бағандардағы, жолдардағы мәндерді дұрыс есептеуге үйренеді;

- қосындыларды есептеп, нәтижесін алу.

3. Сабақты жабдықтау: презентация, оқулық.

3.1. Оқу – әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер:

1. О.Камардинов «Информатика», 2000ж. 243-253 беттер.

2. А. Аймұқатов «MS Excel тәжірибелік сабақтар» 30-39 беттерден конспектілеп келу. 

3. Гохберг Г. С. Ақпараттық технологиялар / Г.С. Гохберг, А. В.Зафиевский, А. А. Короткин. — М. : «Академия» баспа орталығы,2004.

4. Ефимова О. Компьютерлік технологиялар курсы : оқу құралы /О. Ефимова, В. Морозов. — М. : АБФ,1998.



3.2. Техникалық құралдар, материалдар: мультимедиялық тақта, компьютер

4. Сабақтың барысы:

4.1. Ұйымдастыру кезеңі (2 минут). – Сәлеметсіздер ме? – Отырыңыздар. – Кім кезекші? – Сабақта кім жоқ?

4.2. Оқытушының кіріспе сөзі (3 минут). Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Электрондық кестенің көмегімен медициналық есептерді шығару.

MS Excel.

4.3. Үй тапсырмасын тексеру (25 минут).

1. «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі қандай қызмет атқарады?

Құрылған «Әділет» АҚЖ азаматтардың толық, өзекті, жүйелендірілген және ең маңыздысы, тегін құқықтық ақпаратты алуы үшін оңтайлы жағдайды қамтамасыз етеді.

2. Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі Интернет желісіндегі мекенжайы қандай? Интернет желісіндегі мекенжайы: http://adilet.zan.kz

3. Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінің мүмкіндіктерін қандай? Логикалық навигация; күнделікті жаңарту, ыңғайлы заманауи интерфейс, алуан түрлі іздеу мүмкіндіктері.

4.4. Жаңа тақырыпты түсіндіру (40 минут).

Жоспары:


Электрондық кестенің көмегімен медициналық есептерді шығару.

MS Excel.


1. Microsoft Еxcel бағдарламасының шығу тарихы

2. Кестенің құрылымы

3. Электрондық кестені есептеулерге қолдану.

4. Excel –де қолданылатын арифметикалық операторлар.

5. Excel –де қолданылатын логикалық операторлар

6. Электрондық кестенің көмегімен медициналық есептерді шығару



1. Microsoft Еxcel бағдарламасының шығу тарихы. Microsoft Еxcel — 1979 жылы екі экономист студент Дэн Бриклин және Боб Френкстон үй тапсырмасын тез орындауға көмектесетін және уақытты үнемдейтін әдіс ойлап табуды шешті. Олар тарихта бірінші рет электронды кесте бағдарламасын жазып, оны Visible Calculator сөзінен қысқартылған VisiCalc (Көрсеткіш калькулятор) деп атады. Сондықтан барлық электрондық кестелер бағдарламасы, оның ішінде Excel программасы Дэн мен Бобтың арқасында жүзеге асты. IBM және Macintosh компьютерлерінде жұмыс істейтін, ең озық үлгілерді ала отырып, бүгінгі заман талабына сай жасалған, электрондық кесте құрастыратын қолданбалы программа. Excel-дің соңғы нұсқаларында график тұрғызу, күрделі функциялар арқылы есеп-қисап жүргізу және бірнеше жұмыс кітаптарымен қатар жұмыс атқару сияқты мүмкіндіктер кеңінен қолданылады.

2. Кестенің құрылымы. Кестелік құрылымды құжаттармен жұмыс істеуге арналған кең таралған құралдардың бірі Microsoft Excel. Ол сандық мәліметтермен жұмыс істеу үшін негізделген. Excel даярлайтын құжат Жұмыс кітабы деп аталады. Жұмыс кітабы жұмыс парағынан тұрады. Жұмыс парағының құрылымы кестенің құрылымындай және ол бір немесе бірнеше кестені қамтиды. Әрбір парақтың аты төменгі жағында орналасқан таңбашада көрініп тұрады. Осы таңбашаның көмегімен кітапты парақтауға болады. Таңбашаны тышқанның батырмасын екі рет басу арқылы өзгертуге болады. Әрбір жұмыс парағы жолдар мен бағандардан тұрады. Бағандардың аты латын алфавитінің бас әріптерімен жазылады. Бір жұмыс парағы 256-ға дейін баған санын қамти алады. Бағандар А-дан ZZ әріптерінің комбинацияларымен белгіленеді, ал жолдар 1-ден бастап 65536-ға дейін нөмірленеді. Бағандар мен жолдардың қиылысуы ұяшықтар деп аталады. Ол электрондық кестенің мәлімет енгізетін ең кіші элементі болып табылады. Әрбір ұяшықтың жол мен бағандардың белгіленуінен тұратын адресі болады. Мысалы: А9, D21, F5, G7, L16. Әрқашанда ұяшықтардың біреуі ағымдық ұяшық болып есептеледі және жақтаумен ерекшеленіп тұрады. Осы жақтау кестелік меңзердің рөлін атқарады және тышқанның немесе басқару пернелердің көмегімен экранда жылжыта аламыз. Мәліметтерді енгізу, пішімдеу және басқа да іс-әрекеттер осы ағымдағы ұяшықта жүзеге асырылады. Бірнеше ұяшықтар тобын ұяшықтар ауқымы деп атаймыз. Ауқымдар тік төртбұрыш қалыпты болады. Оларды былай белгілейді: A7:E25. Мұндағы А7 – тік төртбұрыштың сол жақ жоғарғы, ал Е25 – оң жақ төменгі бұрыштары. Кестенің ұяшықтарына мәліметтердің келесі үш типінің біреуін ғана енгізе аламыз. Ол мынадай типтер: Сан, Формула, Мәтін.

3. Электрондық кестені есептеулерге қолдану. Мәтіндік мәліметтерді автоматтандыру үшін автотолтыру әдісін қолданады. Оны жұмыс парағының бір бағанына бірнеше рет қайталанатын мәтіндік жолды енгізгенде пайдаланады. Мәтінді енгізу кезінде программа оны жоғарғы жолдармен салыстырып, бірдей элементтер кездессе автоматты түрде толтырады.

Сандармен жұмыс істеген кезде автотолтыру әдісі пайдаланады. Ағымдағы ұяшықтың қоршауының төменгі бұрышында кішкентай қара түсті шаршы орналасқан. Оны толтыру маркері деп атайды. Тышқанның нұсқағышын сол маркерге алып барса, оның пішіні кішкентай крест тәрізді болып өзгереді. Сол кезде маркерді тік немесе көлденең тасымалдау арқылы автотолтыру жүзеге асырылады.

Электрондық кестедегі формула деп есептеу үшін қолданылатын кәдімгі математикалық өрнектерді айтады. Формулалар белгілі ереже бойынша жазылады. Формуланы енгізу міндетті түрде теңдік (=) белгісінен басталады. Ұяшықта енгізілген формуланың өзі емес, сол бойынша есептелген мәні көрсетіледі.

Формулалардың мынандай түрлері бар:
-         математикалық;
-         статистикалық;
-         қаржылық;
-         логикалық;
-         жіберу және т.б.

Формулалар операторлардың көмегімен жазылады:
-         арифметикалық;
-         салыстыру;
-         жіберу;
-         мәтіндік

Бағдарламада деректерді жедел енгізетін екі механизм бар: автотолтыру және автоаяқтау. Үнсіз келісім бойынша ол екі механизм активті, бірақ қажетті жағдайда оларды ажыратып тастауға болады. Егер бір толтырылған ұяшықтың құрамындағы деректерді басқа ұяшықтарға енгізу қажет болса, автотолтыру функциясы сіздің уақытыңызды үнемдеп береді. Ол үшін деректері бар ұяшықты белгілеп, тінтуір нұсқағышын төменгі оң жақ бұрышыныа орнатыңыз. Нұсқар (стрелка) қосу (+) белгісіне айналады. Сол жақ батырманы басып тұрып, (+) белгісін қатар бойынша немесе баған бойынша (яғни, қажетті бағытта) жылжытыңыз.

4. Excel –де қолданылатын арифметикалық операторлар. Формулаларды енгізген кезде осы арифметикалық операторлардың кез-келгенін қолдануға болады. Төменде, формулалар бойынша есептеуге бірнеше қарапайым мысал келтірілген (әр формула «=» белгісінен басталатынын ұмытпаңыз).

Өрнек - бұл Excel бағдарламасы орындайтын жазылған есептеулер. Сіз ұяшыққа өрнекті енгізген кезде бағдарлама оны есте сақтап қалады, бірақ есептеу нәтижесі ғана көрініс табады.

Формулаларда салыстырмалы операторларды (логикалық операторлар деп те аталады) қолдануға болады. Құрамында логикалық операторы бар формула бойынша есептегенде ШЫНДЫҚ (TRUE) немесе ЖАЛҒАНДЫҚ (FALSE) мағынасы беріледі.

5. Excel –де қолданылатын логикалық операторлар

Microsoft Excel бағдарламасы қарапайым есептеулерді оңай орындауға мүмкіндік береді. Алу, қосу, көбейту және бөлу амалдарынан басқа, бұл бағдарлама мәндер жинағында орташа арифметикалық мәні мен жалпы қосындысын есептеп шығара алады. Негізгі арифметикалық амалдар көмегімен кірістер мен шығыстарды біле отырып, түскен пайда шамасын немесе қызметкер қанша сағат жұмыс істегенін және бір сағатқа қанша төленетінін біле отырып, оның еңбекақысын және т.б. есептеуге болады.

Өзқосынды. Бетте орындалатын есептеулердің ең көп тарағандарынын бірі ұяшықтар ауқымдарын қосу болып табылады. ¥яшықтар ауқымын ауқымдағы қосу (+) амалдағыштарымен бөлінген барлық ұяшыктарының мекен жайларын қамтитын өрнек жасап, қосуға болады.

Excel бағдарламасында ұяшықтар ауқымының жалпы қосындысын есептеп шығаруға мүмкіндік беретін «ҚОСЫНДЫ» жетесін жылдам шақыруға арналган Өзқосынды   - батырмасы бар. Деректерді енгізгеннен кейін пернесін немесе өрнектер жолағындағы Енгізу   батырмасын басыңыз.


6. Электрондық кестенің көмегімен медициналық есептерді шығару


4.5. Жаңа тақырыпты бекіту (10 минут).


1. Microsoft Еxcel — 1979 жылы кім ойлап тапты? Microsoft Еxcel — 1979 жылы екі экономист студент Дэн Бриклин және Боб Френкстон үй тапсырмасын тез орындауға көмектесетін және уақытты үнемдейтін әдіс ойлап табуды шешті.

2. Бағандар мен жолдардың қиылысуы не деп аталады? Бағандар мен жолдардың қиылысуы ұяшықтар деп аталады.

3. Формулалардың қандай түрлері бар? Математикалық, статистикалық, қаржылық, логикалық және т.б.

4. Әр формула қай белгісіден басталады? Әр формула «=» белгісінен басталады


4.6. Баға қою (5 минут)


5 Сабақ бойынша рефлексия (2 минут)


6. Үй тапсырмасы (3 минут)


А) А. М. Джумагалиева, Ақпараттық жүйелер, 106-110 б. оқу. Дәрісті оқу.

Б) Электрондық кестемен жұмыс


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!