Материалдар / "Мұғалім - менің мамандығым"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Мұғалім - менің мамандығым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалім менің мамандығым «Жастай берген тәрбие-жас шыбықты игендей». Ы.Алтынсарин ...Есік ашылып,тұлымдары желбіреген ер балалар мен шаштарына ақ бантик таққан қыз балалар бірінен соң бірі кіріп жатты.Бұл менің оқушыларым. Осы балалардың шат күлкісі,күлімдеген жүздері менің жүрегіме «мен кіммін?»,ұстазбын ба?,әлде анамын ба?- деген ой мазалап қоя берді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Мамыр 2019
317
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мұғалім менің мамандығым


«Жастай берген тәрбие-жас шыбықты игендей».

Ы.Алтынсарин


...Есік ашылып,тұлымдары желбіреген ер балалар мен шаштарына ақ бантик таққан қыз балалар бірінен соң бірі кіріп жатты.Бұл менің оқушыларым.

Осы балалардың шат күлкісі,күлімдеген жүздері менің жүрегіме «мен кіммін?»,ұстазбын ба?,әлде анамын ба?- деген ой мазалап қоя берді.

Ой тұнығынан ойланбастан мен ұстазбын деп айқайлағым келді.Себебі олар еліміздің болашақ үміт артар азаматтары,ертеңі.Осы күлімдеген жүздер менің өміріме,ұстаздық жолына тереңірек үңілуге жол ашты.Сол мезетте менің түсінгенім,ұстаз мамандығын жан-жүрегімен сезінген,бала жүрегіне жол таба білетін,ата-ана алдындағы жауапкершілікті сезіне білген адам ғана өз мамандық иесі бола алатынын түсіндім.

Мен сүйкімді оқушылар мен оның жанұсына енген ұстазбын.

Ата-ана маған ең қымбат баласын сеніп тапсырды.Сондықтан балалардың мектеп қабырғасындағы өмірі қалай болатындығы маған байланысты,сондай-ақ ата-ананың мектепке,ұстазға деген көзқарасының қалыптасуы да маған байланысты.Мен әр баланың жанұя мүшесі тәрізідімін,мүмкін мен әр жанұяның өмірлік досы болармын...

Мен,бала мен ата- ананың маған артқан сенімін қалай ақтауым керек?-деген ойға қалдым.Осы ойлардың жетегінде жүріп, ізденімпаздықпен аянбай еңбек еттім.Сол еңбегімнің нәтижесінде бірталай жетістіктерге де қол жеткіздім.

«Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға»-деп Абай атамыз айтқандай,ұстаз бала тәрбиелеу мен білім беру жолында үлкен сындардан өтеді.Әрине бұл жетістіктеріме мақтанбаймын,осы еңбегімнің жемісіне,еңбек іс әрекетіме,мамандығыма деген көзқарасымның қалыптасуына әріптес ұстаздарымның көмегі зор.Апайларымнан алған ең басты сабағым,балаға деген мейірімділік,қамқорлық,шыдамдылық,әрине шығармашылық ізденісте болу.

Оқушыларды заман талабына сай ,тұлға ретінде білім мен тәрбие беру үшін, қазіргі іс-тәжірибеде жүрген дамыған елдердің озық инновациялық технологияларының әдіс-тәсілдерін қолданып келемін.Шынымды айтсам кейде балаша ойнап,балаша күліп ұстаз екенімді ұмытып кетемін,ал кейде бірге өткізген қызықты да,тәтті қылықтырына тамсана тоймай бір сәт еске аламын. Міне,мен осылайша әнші,биші.суретші,әртіс,әсем сөз маманы,баланың жан-дүниесін түсіне алатын психолог-ұстазға айналдым.

Балаларға білім мен тәрбие беруде,ұлттық құндылықтырды бойына сіңіріп,ойына ұялатуға тырысамын.

Күн сайын маған үміт толы күлімдеген көздер мен балбұл жанған әдемі жүздер қарап отырады.Мөлдір бұлақтың бастауын,көзін ашып,тұнығына қану үшін таңғажайып балалар әлемін тереңірек танып,бала жүрегіне мейірім дәні мен білім нәрін себу менің басты мақсатыма айналды.

Ұстаз-киелі мамандық.Ұстаз оқушыларын білім әлеміне,еңбек жолына,танымдық қабілеттерін дамытуда аянбай еңбек етеді. Француз педагогы Жан Жак Руссо «Бала туғанда ақ қағаздай болып туады,оның үстіне шимайды қалай салсаң,қағаз бетіне солай түседі,бала тәрбиесі сол сияқты,өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді» деген сөзді әр ұстаз үнемі жадында сақтап қана қоймай,үлкен жауапкершілікпен қарау керек.

Әр мамандықтың өз қиындығы,өз қызығы бар. Ұстаз жұмысы күрделі де қызықты. Оның көптеген қырларын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес,оны тек қана шын жүрегімен,жан-тәніңмен ғана сезіне аласың. Ұстаз болу, мен үшін-үлкен бақыт.

Мектеп қабырғасында жүрген әр оқушы - еліміздің ертеңгі болашағы.

Еліміздің болашағы,ертеңі білімді ұрпақ өсіру баршаға ортақ,әрі міндет. «Бала жүрегі - кішкентай күйсандық.Ол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады»-деп Мұхтар Шаханов айтқандай біздің ұстаздарымыздың қолында әркез сол кілт жүруі керек.

«Бір жылдығыңды ойласаң арпа ек, он жылдығыңды ойласаң, тал ек,бүкіл ғұмырыңды ойласаң,бала тәрбиеле» деген дана сөздің асылдығын,үкілеген үмітіміз-бала келешегіне үлкен жауапкершілікпен қарайық...

Балалардың шат күлкісі мен күлімдеген жүздерінен,зерделі білім нәрімен сусындаған,еліміздің болашақ үміт артар азаматтары мен шәкірттердің биігін көруді арман етемін.



Кожагулова Г.К.

з













Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!