Материалдар / Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін арттырудың негізгі факторы ретінде –әдістемелік жұмыста интербелсенді үлгілер мен әдістерді қолдану
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін арттырудың негізгі факторы ретінде –әдістемелік жұмыста интербелсенді үлгілер мен әдістерді қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін арттырудың негізгі факторы ретінде –әдістемелік жұмыста интербелсенді үлгілер мен әдістерді қолдану
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қаңтар 2018
557
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін арттырудың негізгі факторы ретінде –әдістемелік жұмыста интербелсенді үлгілер мен әдістерді қолдану Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелетіні анық»- деп атап көрсетеуі баршамыздың алдымызға аса зор мақсаттар мен міндеттер қояды. Қазақстан Республикасының 12 жылдық білім беру тұжырымдамасында педагог кадрлардың кәсіби- тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру басты мақсат екенін атай келе 12 жылдық білім беруде педагог төмендегідей құзыреттерді игеруі міндетті-деп атап көрсеткен.
  • Арнайы құзыреттілік-өзінің кәсіби қызметімен жоғары деңгейде айналысатын және кәсіби дамуын одан әрі жобалай білетін қабілет.
  • Әлеуметтік құзыреттілік- бірлескен кәсіптік қызметпен айналысу қабілеті. Қызмет ету, басқару кәсібінде қабылданған кәсіби қарым-қатынас тәсілдерін қолдана білу.
  • Білім беру құзыреттілігі- білім беру қызметінде кәсіби білімді, білік пен дағдыны, мақсат қоюшылықты игеруге деген қызығушылық және білім беру қызметінде субьективтілік пен креативтіліктің дамуына ынталылық, педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті.
Ендеше құзыреттілік дегеніміздің өзін заман талабына сай педагог қауымының өзін-өзі өзгерте алу қабілеттілігі деп түсінуге болады. Қазіргі мұғалім:Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын;Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын;Білімді, іскер, шебер болу керек. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін арттыруда мектептегі жүргізілетін әдістемелік жұмыстардың берері мол. Әдістемелік жұмыс-бұл ғылым мен педагогикалық озат тәжірибе жетістіктеріне және оқу –тәрбие жұмысының нақтылы жағдайына сүйене отырып жүргізілген, өара байланысты іс-әрекеттер мен шаралар жүйесі, ол әрбір мұғалім мен тәрбиешінің біліктілігін, кәсіби шеберлігін, құзыреттілігін жан-жақты арттыруға бағытталған (мұғалімдердің өз бетімен кәсіби білімін көтеруін, өзін-өзі тәрбиелеу, жетілдіру шараларын басқаруды қоса) шаралар, педагогикалық ұжымның ілімдік мүмкіндік шамасын дамыту және арттыру, сайып келгенде , оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру, нақты оқушыны білім, тәрбие алу және даму деңгейіне жеткізу. Мектептегі әдістемелік жұмыс – өзінің ғылыми-теориялық және әдістемелік дайындығы мен кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында мұғалімдердің жүйелі түрде жүргізетін ұжымдық және жеке іс- әрекеттері .Әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру формалары: педагогикалық кеңестер, әдістемелік кеңестер, әдістемелік бірлестіктер,проблемалық шығармашылық топтар, ғылыми-практикалық конференциялар, педагогикалық оқулар, шығармашылық есептер, реориялық семинарлар мен семинар-практикумдар, озат тәжірибе мектебі, жас маман мектебі. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін арттыруда, мектептің әдістемелік жұмысын жүргізуде интербелсенді әдістердің тиімділігі өте зор.Интербелсенді әдіс дегеніміз- оқытудың өзара белсенді жұмыс істеу әдісі.Интербелсенді әдістерді қолдану білім алушы мен білім берушінің ара қатынасын мықтай түседі.Интербелсенді әдістерге:
  • Проблемалық шығарма әдістері
  • Презентациялар
  • Пікірталастар
  • Топпен жұмыс
  • Миға шабуыл әдісі
  • Сын тұрғысынан ойлау әдісі
  • Викториналар
  • Іскерлік ойындар
  • Рөлдік ойындар
  • Шағын зерттеулер
  • Инсерт әдісі т.б
Төмендегі кестеден дәстүрлі сабақ пен интербелсенді әдістердің айырмашылығын көруге болады.
Дәстүрлі сабақИнтербелсенді әдіс
1.Мұғалім уақытының көп бөлігінде сөйлейді, белсенді.1. Оқушылар көп уақыт бойы белсенді, тапсырманы талқылайды.
2.Оқушылар тыныш отырып тыңдайды2.Мұғалім-модератор. Яғни бағыттаушы
3.Оқытудың басым түрі-түсіндіру3.Пірікталас кезінде көмектеседі, сұрақтар қояды.
4.Сабақтың негізгі бөлігі-жеке-жеке бағалау4.Бағалаудың жаңа түрлерін пайдаланады.
5.Сабақтың кезеңдері ұзақ мерзімде өтеді.5.Жұппен және топпен жұмыс ұйымдастырылады.
Осы мақсатта мектебімізде 3 айлық деңгейлік курстың ІІІ деңгейінен өткен мұғалімдердің өткізген сабақтарынан интербелсенді әдістерді көруге болады. Бұл әдістер оқушылардың қызығушылығын арттырып, өз бетімен ізденіп, ой қорытуға шақырады. Сонымен бірге оқушылардың назарын сабаққа аударуда мұғалім интербелсенді оқытудың мына шарттарымен таныс болуы керек:-жағымды писхологиялық орта орнату /биопоэма, ізгі –тілектер/-қызығушылығын арттыру үшін төтесінен қызықты да ,жұмбақты сұрақтар қою /мотивация, ұмытылыс тудыру/-ұжыммен жұмыс жүргізу /психологиялық ойсергектер, кестелер толтыру/Егер осы шарттарды ретімен орындай алса, ұстазыңыздың қандай екенін байқайсыз.Сондай-ақ мектебімізде жылына 2 рет әдістемелік күн және фестиваль ұйымдастырылады. Қараша айында өткен әдістемелік күнде әр пән бірлестігі бойынша мектеп мұғалімдерімен «Жаңа форматта сабақ беру әдістері» атты дөңгелек стол ұйымдастырылды. ІІ –жартыжылдықта мектеп мұғалімдерімен «Мұғалімнің кәсіби педагогикалық іс-әрекетіндегі әдіс-тәсілдер моделі» атты әдістемелік фестиваль ұйымдастырылды. Әр бірлестіктен бір мұғалім сабақта қолданылатын тиімді әдіс –тәсілдер бойынша презентациялар қорғады. Бұл фестивальдің де берері мол болды. Тоқсанына өтетін педагогикалық кеңесте маңыздылығы жоғары тақырыптар талқыланып, тренингтер өтіп отырады. Мысалы: «Оқыту мен оқудағы әдіс –тәсілдердің тиімділігі» тақырыбында І деңгейлік курстан өткен мұғалім коучинг өткізсе, мектеп психологы «Оқыту мен тәрбиелеу жетістіктері» тақырыбында тренинг ұйымдастырды. Мектептегі ұстаздардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, мамандардың біліктілігін көтеру, білім үрдісін мазмұны жағынан жаңарту, оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін күнделікті сабаққа енгізу басты назарда. Қорытындылай келе, мектепке қазіргі заман талабына сай тек қана педагогикалық шеберлігі жоғары, өзінің іс-тәжірибесін сын тұрғысынан қарастырып, іске асыра алатын және сабақтарында ғылыми жетістіктерді қолдана алатын құзыретті мұғалім қажет. Сондықтан әдістемелік жұмысты ұйымдастыру, мектептің даму жоспарында ең негізгі бағыт болып саналады.























































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!