Материалдар / "Мүгедек және мүмкіндігі шектеулі оқушыларға көрсетілетін әлеуметтік қолдау және көмек түрлерін ұйымдастыру"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Мүгедек және мүмкіндігі шектеулі оқушыларға көрсетілетін әлеуметтік қолдау және көмек түрлерін ұйымдастыру"

Материал туралы қысқаша түсінік
логопед, дефектолог, әлеуметтік педагог мамандарына мүгедек, мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасайтын барлық мамандарға пайдалы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қараша 2020
370
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Мүгедек және мүмкіндігі шектеулі оқушыларға көрсетілетін әлеуметтік қолдау және көмек түрлерін ұйымдастыру»



Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы №213 жалпы орта мектебінің әлеуметтік педагогы Мырзабай Халима Арыстанбайқызы



Балаға қатысты жасалатын барлық

іс-әрекет оның мүддесін толық көлемде

ескеруі қажет.

Бала құқықтары туралы Конвенция 3-бап



Қазақстан Республикасы үздіксіз білім бру жүйесіндегі Тәрбие Тұжырымдамасындағы негізгі міндеттердің бір болып, жас ұрпақтың рухани – адамгершілік, интеллектуалды өмірі, денсаулығы, аман-есендігі үшін әлеуметтік құзыреттілік пен жауапкершіліг көтеруді үйымдастыруға жағдай жасау болып анықталған.

Аталған міндеттерді шешу жолында мектебімізде мүгедек пен мүмкіндігі шектеулі оқушыларға әлеуметтік қолдау, көмек кқрсету, қорғау мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Әрбір істі жүзеге асырудан бұрын оның жоспарын, бағыт-бағдарын анықтап, бағдарлама дайындап, соның негізде орындайтын іс-шаралардың мазмұны, жұмыс түрлері нақтыланады. (мүгедек пен мүмкіндігі шектеулі оқушылармен жүргізілетін жұмыстардың жоспары.)

Жоспар бойынша мүгедек пен мүмкіндігі шектеулі оқушылар анықталып, есепке алынады. Бұл оқушылар мектеп кітапханасындағы бар оқулықтармен толық қамтылып және бір мезгіл жалпыға бірдей міндетті оқу қорынан бөлінетін қаржыдан ыстық тамақ тартылады.

Ата-аналарымен жыл бойы әртүрлі мәселелер бойынша үнемі байланыс жасалып келеді.

Бірінші кезекте қайырымдылық акцияларынан, бюджет қаржысына алынған киім-кешектермен қамтамасыз етіледі.

Мүгедек пен мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып, білім беруде оқшаулап үйлерінде ғана қалдырмай, ұжым ортаында, арнайы білім беру мекемелеріне тартып, айналамен тығыз байланысты білім алуына көңіл бөлінеді. Бұл оқушылардың мектепішілік және мектептен тыс ұйымдарымен байланысы әр оқу жылында анықталып отырады.

Сабақ үлгерімдері, сабаққа қатысулары анықталып, қадағаланады. Мүгедек, мүмкіндігі шектеулі дегенмен адами қасиеті, қабілетінің сан қырлы екенін жекелеген өмір тәжірбиесінде көргеніміздей , сол мүмкіндігі шектеулі адамдардың өзіне дарын берілген. Ақындық, шеберлік талант көздерін аша білсе, сол қасиеттерімен қоғамға сау адамдардан да көбірек пайдасын әкелетінін көзіміз көріп жүр. Сондықтан әр баланың бойынан дарын ұшқынын үрлеп, әрі қарай дамыту міндеті жүктелді. Баланың ортадағы өзін-өзі ұстауы, айналадағы адамдармен, қатар балалармен қарым-қатынасы психикасына жақсы әсер етеді. Өзгелермен салыстыра алуы, белгіліден белгісізге ұмтылуы, өзгеден үйренуге талпынуы –жеке бас дамуына ықпал ететінін анықтау мақсатында түрлі сайыстар қарастырылады.(конкурстарға қатысу)

Үйден оқитын және мектепте оқитын мүгедек оқушылардың мектепішілік және мектептен тыс іс-шараларға қатысымына қолдау жасалады. Үйден оқитын және мектепте оқитын мүгедек оқушылардың мәдени сауықтыру шараларын тамашалауға жағдай жасалып, демеушілік көрсетіледі. Бұл оқушылардың жанұя мүшелерімен, сабақ беретін пән мұғалімдерімен байланысы, қарым-қатынасы мектеп психологтарының көмегімен түрлі сауалнамалар арқылы анықталады.Жазғы демалысын ұйымдастыру да жүйелі түрде жүргізіледі.

Тұңғыш президент Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» тақырыбындағы бағдарламасында: «Халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына жататын азаматтарды әлеуметтендіру тетігін дамыту қажет. Бұл бірінші кезекте мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі адамдар, көпбалалы отбасы мүшелері, зейнет жасындағы адамдар және т.с.с. Сонымен бірге негізгі көзқарас мемлекет қамқорлығы емес, осы азаматтардың өздеріне, өздерінң әлеуметтік пайдалы еңбекке жарамдылығына деген сенімге ие болуларына көмектесетіндей жағдай жасау» деп атап көрсетті. Осы орайда, мүгедек және мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін әлеуметтік қолдау және көмек түрлерін ұйымдастыру жұмыстарын жүйелі отыру –бүгінгі таңдағы басты міндеттердің бірі.



Жұмыстың мазмұны

Жұмыс түрі

уақыты

Жауапты

Мүгедек, мүмкіндігі шектеулі оқушыларды анықтау, есепке алу

мәлімет

Жыл бойы

Әлеуметтік педагог, медбике, сынып жетекшілер

Мүгедек және мүмкіндігі шектеулі оқушылардың ата-аналарымен байланыс

Байланыс (әртүрлі мәселелер бойынша)

Жыл бойы

Әлеуметтік педагог, сынып жетекшілер, психологтар

Мүгедек және мүмкіндігі шектеулі оқушыларды оқулықтармен қамту

Кітап беру

қыркүйек

Әлеуметтік педагог, кітапханашылар, сынып жетекші

Ыстық тамақпен қамту

Ыстық тамақ

Жыл бойы

Әлеуметтік педагог, медбике, сынып жетекшілер

Қайырымдылық акциясы

киім-кешек, оқу құралдары

Тамыз, қаңтар

Әлеуметтік педагог, сынып жетекшілер

Мектепішілік үйірме, факультативтерге қатысын анықтау

мәлімет

қараша

Әлеуметтік педагог,сынып жетекші

Мүгедектер мерекесін атап өту

конуерт

қазан

Әлеуметтік педагог, ұйымдастырушы педагогтар

Мектептен тыс ұйымдармен байланысын анықтау

мәлімет

қараша

Әлеуметтік педагог, сынып жетекшілер

Мерзімдік басылымдарға тегін жазылдыруды ұйымдастыру

Қайырымдылық акция

желтоқсан

Әлеуметтік педагог, сынып жетекшілер

Сабақ үлгерімін, қатысымын анықтау, қадағалау

Мәлімет

Жыл бойы

Әлеуметтік педагог, сынып жетекшілер

Халықаралық, республикалық, облыстық,

аудандық, мектепішілік іс-шараларға қатысуына жағдай жасау

демеушілік

Жыл бойы

Әлеуметтік педагог, сынып жетекшілер

Мәдени сауықтыру шараларын тамашалауға жағдай жасау

демеушілік

Жыл бойы

Әлеуметтік педагог,

сынып жетекшілер

Мүгедек, мүмкіндігі шектеулі оқушылардың жанұя мүшелерімен қарым қатынасын анықтау

сауалнама

Қаңтар

Әлеуметтік педагог,

психолог

Мүгедек, мүмкіндігі шектеулі оқушылардың мұғалімен, қарым-қатынасын анықтау

сауалнама

ақпан

Әлеуметтік педагог,

психолог

Әлеуметтік, тұрмыстық-материалдық жаңдайын зерттеу

Карта толтыру

ақпын

Әлеуметтік педагог,

сынып жетекшісі,

психолог

тәрбие ісі орынбасары

Мерекелік шараларға тарту

Сайыс, концерт, кеш

Жыл бойы


Мүгедек, мүмкіндігі шектеулі оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру

Лагерь, сауықтыру орталықтары

Сәуір, мамыр

Әлеуметтік педагог,

сынып жетекшісі

Мүгедек, мүмкіндігі шектеулі оқушылардың ата-аналарымен байланыс

Педагогикалық –психологиялық кеңес

Жыл бойы

Әлеуметтік педагог,

психолог

Жылдық есеп, жаңа оқу жылының жоспары

Мәлімет

мамыр

Әлеуметтік педагог



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!