Материалдар / Мүмкіндігі шектеулі балаларға сенсорикалық ойынның маңыздылығы.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мүмкіндігі шектеулі балаларға сенсорикалық ойынның маңыздылығы.

Материал туралы қысқаша түсінік
арнайы бала бақшада жасайтын тәрбиешілерге арналған мағлұмат
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қаңтар 2021
307
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

   

Мүмкіндігі шектеулі балаларға сенсорикалық ойынның маңыздылығы.

Қазіргі кезде мүмкіндігі шектелген балаларды оқыту мен тәрбиелеу оның қажеттілігі мен мүмкіндіктерін жан-жақты дамыту, ақыл-ойын жетілдіру, оларды тәрбиелеу мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті.Мүмкіндіктері шектеулі балалардың мінез-құлқындағы кемшіліктерді түзету, дамыту-педагогика жүйесіндегі балалардың оқыту мен дамытудың маңызды құралы ойын арқылы балалардың ойлау қабілеттерін дамытуға болады. Қазіргі уақытта даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыстануға арналған жаңа инновациялық технологиялар шығарылып жатыр. Соның бірі сенсорлы бөлмеге тоқталып өтер болсам. Бастапқы кезден бастап, «Снузелен» немесе «сенсорлы бөлме» Голландияда ақыл–ойы кем балаларды күнделікті өмірге бейімдеу мақсатында құрылды. «Снузелен» сөзі голланд тілінен аударғанда «сезу», «түйсіну» деген мағынаны береді. Сенсорлы бөлме бұл – дамуында түрлі ауытқушылықтары бар балалар мен ересек адамдарға алдын–алу және емдеу сеанстарын жүргізуге арналып жабдықталған бөлме. Сондай–ақ, сау балалардың өмірге деген көзқарастарын жақсартуға әсер етеді. Сенсорлы бөлме адамның қоршаған ортаны қабылдауына қажет 3 басты каналына әсер етеді. Олар кинестетикалық, аудиалды және визуалды (тактильді түйсіну, дауыс және түстер арқылы әсер ету). Әр баланың өмірге қадам басқандағы алғашқы әрекеті бұл ойын. Ойын – балалар үшін айналаны танып білу тәсілі.Ойын – балалардың бір –бірімен жақсы қарым-қатынас жасауына және көңіл –күйіне жағымды эмоциялық жағдай туғызады. Мүмкіншіліктері шектеулі балалар үшін арнайы ойнайтын ойындар әлі басылымда жоқ, сондықтан ойынды таңдағанда балалардың жағдайын ескеріп отыру керек. Олар сөйлей алмайды. Өз қажеттіліктерін ыммен, қолмен , көзбен, бет-әлпетімен жеткізе алады. Балалармен ойын ұйымдастыру, оның ережелерін түсіндіру өте қиынға түседі. Олар көзбен көріп қана ұғады. Ойынды бірнеше рет қайталаймыз,көрсетеміз. Ойын кезіндегі мүмкіншіліктері шектеулі балалар шаршамау үшін, ойын түсінікті, қызықты , мазмұнды болу керек. Баларға ұнайтын ойындарды күнделікті жазып отырған дұрыс.Мүмкіншіліктері шектеулі балалар ойын кезінде бақылауды өте қажет етеді. Сондықтан балалар шаршамай, жалықпау үшін баланың денсаулығына әсер ететін ойындарды таңдап алу керек. Ойын кезінде балалардың саны да әсер етеді. Кейбір баламен жеке жұмыс жасауға , жарты топқа бөліп ойын ұйымдастыруға болады.Ойын барысында балалардың жеке басының қасиеттері қалыптасады.Бала өзінің күш-жігерін жұмсап, сезініп білдіруге мүмкіндік алып, балалармен қарым-қатынас жасауға үйренеді.Ойын кезіндегі қимыл-қозғалысы дене бітімін жетілдіріп,іс-әрекеттерді игерумен бірге, ойлау мен қиялдау, есте сақтау қабілеттерін дамытып отырады.Ойын барысында пайдаланылатын дамыту ойыншықтары балалардың психологиялық қызметін сапалы түрде өзгертуге бағытталған тиімді әсер ету құралы болып табылады.Мүмкіндігі шектеулі балалардың таным қабілетін,ой-өрісін кеңейтіп қабілетін ынтасын арттыруға дидактикалық ойындарды пайдаланудың маңызы зор.Дидактикалық ойындар үш топқа бөлінеді.

1.Заттық дидактикалық ойындар – дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.

2.Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар “Лото”,“Домино” және тақырыпты ойындар “Қайда не өседі?” “Бұл қай кезде болады?”

3.Сөздік дидактикалық ойындар

4.Санамақ ойыны санау арқылы “Суреттегілер қайда тұрады?” “Артығын алып таста?” “Көршісін тап” ойлау қабілеттерін дамыту,оған зейін аудару балалардың ой-өрісін дамытады.

Балалардың тілін дамытуға, байланыстырып сөйлеуіне, сөздік қорын дамытуға дидактикалық ойындардың маңызы зор.Дидактикалық ойындардың негізгі бағыты балаларға білім-білік, іскерлік, әдет-дағдыларды игерту мен оны бекітуге, ақыл-ой қабілеттерінің дамуына ықпал етеді.Дидактикалық ойындардағы негізгі міндеті – балалардың ақыл-ойын дамыту, білімін байыту.Дидактикалық ойын балалардың қоршаған тілін дамытуда ауызекі сөйлеу, тілдің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеуде байланыстырып сөйлеу,сөздік қорын дамыту үшін сабақта және сабақтан тыс уақытта ойналатын дидактикалық ойындардың маңызы зор.

5.Сюжеттік рөлдік ойындар мүмкіндігі шектеулі балаларға тән, сипатты ойындар болып табылады. Ол балалар өмірінде елеулі орын алады.Сюжеттік рөлдік ойындардың ерекшелігі сол, оны балалардың өздері жасайды.Ойынның дербес әрекеті айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады.Бұл ойындар ұзақ та, қысқа да болуы мүмкін.Сюжеттік рөлдік ойында бйнелеу құралы мен ойын әрекеттері болып табылады.Мысалы “Телефон” ойынында сөйлеудегі әңгіменің мақсаты - бір нәрсе жайында сұралап,бала оған жауап беруге, белгілі бір әрекетке үйрету болып табылады. “Дүкен ” ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушының әрекеттеріне, ал “Аурухана” ойынын ойнағанда дәрігер мен науқастың әрекеттеріне еліктейді.

Тәрбиешінің басшылыққа алатын негізгі ұстанымдары:

1.Тәрбиеленуші мен тәрбиеші арасындағы педагогикалық әдеп пен ынтымақтастықтың сақталуы.

2.Тәлім-тәрбие, ұсынылған ойындарды меңгерту,оның бала зердесіне әсер етуі,қабылдауы, есте сақтауы.

3.Балаларға берілген тапсырманың шектен тыс ауыр болмауы.

4.Тәрбие жұмыстары баланың денсаулығын нығайтуға әсер ететіндей болуы шарт.

5.Ойын тәсілдерінің тиімділігі іс-әрекеті жүйелі, мазмұн сабақтастығын сақтай отырып бірнеше компоненттерін құру.

6.Балалардың міндетті және мүмкіндік деңгейлерін ескеру.

Мүмкіншіліктері шектеулі балаларға іс-шара өткізу үшін барлық мамандар ойын терапиясы әдісін жақсы меңгеру керек.Бұл әдісті барлық мамандар әр түрлі бағытта қолданады. Балалардың барлығына да заң бірдей екенін ұмытпау керек, бір ерекшелігі “ерекше” балалар үшін жағдайды жасау керек және оларға ойын әрекетін қолдану арқылы оқыту оңайға түседі.

1.Баланы ойын әрекетіне қатыстыру.

2.Ойын әрекеті арқылы психикалық процестерін түзету және балалрға пәндік-практикалық әрекеттерін жүргізу.

3.Ойыншықтарды дұрыс қолдануға үйрету.

4.Ойын арқылы тәртіпті түзету.

5.Ойын арқылы сенсорлық дағдыны қалыптастыру.

6.Алған дағдыны ойын арқылы қалыптастыру.

7.Ағартушылық әрекетін түзету.

Ойынның әсері.

-Баланың білген білімін қалыптастыруға ойын әдісі қолданылады.

-Ертеректе өткен тапсырмаларды пысықтау үшін ойын түрлерін қолдануға болады.

-Бала өзінің білгенімен ойын арқылы жаңа әдістер табуға үйренеді.

-Ойын-қарым-қатынасқа үйрететін орта.

-Ойын арқылы баланың қалыптасқан дағдыларын бақылауға болады.

-Ойын –балаға жаңа нәрселер үйрету тәсілі.

-Ойын-қоршаған ортаны тануға көмектеседі.

Менің өз тобымда балалар саусақ ойындарын ұнатып ойнайды.Бұл қол буындарының қимылдарының көп қырлығы мен үйлесімдігін дамыту жаттығудың үш түрін құрайды-қысу,созу,босаңсыту.Сондықтан саусақ ойындарын жүргізгенде мынаған көңіл бөлу қажет:

-қол буындарын қысу,созу,босаңсытудың үйлесімді болуына;

-әр сасаққа жеке-жеке қимыл жасалуына.

Қорытындылай келе, сенсорикада жүргізілген әрбір сабақтар мен ойын-жаттығуларға даму мүмкіндігі шектеулі балалар қызығушылықпен қатысып, түсті, форманы, өлшемдерді жақсы игере бастады. Балалар ойынға баулып, сабақ үрдісіне қатысып жатқандарын өздері байқамайды. Сондай-ақ, жүргізілген сабақтар бойынша аңғарғанымыз бала емін еркін өз ойларын жас ерекшеліктеріне байланысты жеткізеді. Ал ата-аналар баласының кәдімгі сабақтарсыз ойындар арқылы дамып жатқанын байқайды.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!