Материалдар / Мұқағали әңгімелеріндегі әдемі әлем бейнесі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мұқағали әңгімелеріндегі әдемі әлем бейнесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ топырағында ақын ретінде есімі талай жұртшылыққа аян Мұқағали Мақатаев — қазақ әдебиетіндегі сонау Жүсіпбек, Мағжан салған, өзімен тетелес Т.Әлімқұлов, О.Бөкей, Т.Жармағанбетов секілді жазушылар шығармашылығымен үндес болып келетін лирикалық прозаның айқын шебері. Жалпы, әдебиеттанудағы лирикалық проза — адам образын сомдаудағы нәзік лиризмге, асқақ психологияға, адами болмысқа, шынайы да боямасыз мінез-құлыққа негізделетін ерекше жанр. Осы ретте М.Мақатаевтың әңгімелеріндегі нәзіктік пен сыршылдыққа тоқталсақ.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қазан 2021
210
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мұқағали әңгімелеріндегі әдемі әлем бейнесі





Қазақ топырағында ақын ретінде есімі талай жұртшылыққа аян Мұқағали Мақатаев қазақ әдебиетіндегі сонау Жүсіпбек, Мағжан салған, өзімен тетелес Т.Әлімқұлов, О.Бөкей, Т.Жармағанбетов секілді жазушылар шығармашылығымен үндес болып келетін лирикалық прозаның айқын шебері. Жалпы, әдебиеттанудағы лирикалық проза адам образын сомдаудағы нәзік лиризмге, асқақ психологияға, адами болмысқа, шынайы да боямасыз мінез-құлыққа негізделетін ерекше жанр. Осы ретте М.Мақатаевтың әңгімелеріндегі нәзіктік пен сыршылдыққа тоқталсақ. «Құлпытас» әңгімесі бала-көңіл, сәби-жүрек Зияштың жасандылықтан ада, адамзат ауылынан алыс кеткен адалдыққа құштар, қым-қуыт арпалысқан өмірден гөрі тазалықты, минимализмді сүйетін шыншыл көңілге ынтық, адамдар арасындағы бәрінен де қымбат сыйластықты, сүйіспеншілікті көргісі келетін әдемі әлемге құрылған шығармасы. Автор бір ғана Зияш образы арқылы тазалықтың, пәк көңілдің, байлықтан да қымбат тек қана бақыттың дәмін, өмірдің мәнін көрсетеді. Балалар әдебиетіндегі ең басты критерий балалар ойының ерексектерге қарағанда жүйріктігі, сезім жүйесінің ең жоғарғы дәрежедегі дамуы, тіпті үлкендерге «үлкендер» секілді қарауында. Міне, қанша жерден «бала ғой», «не біледі дейсің», «уақыт өте қояды» деген сықылды сөздермен алдаусыратып, «ақтап» алсақ та, бала жүректің сонау түкпірінде сақталып, жатталып қалып, үлкен өмір айдынында мәңгілікке жаңғырып тұрар ішкі дауыс екенін көп адам біле бермесе керек. Трамвайдың ішінде отырып, балалық шақтың тәтті мезетіне көз жүгіртуі адами фактордың, рационалистік көзқарастың, шынайы сезімнің осы кезден бастап санаға іргетас болып қалатынын меңзейтін көрініс. Зияш арқылы автор өмірлік көзқарастың нәзік иірімін, ешкім сезе бермейтін, көп адам бағалай бермейтін ара қатынасты, өзара келісімді, табиғаттың үндесуін, адам мен өмір арасындағы философиялық тұжырымды бір жағынан жеңіл берген бе, осындай кіп-кішкентай образға сыйдырып, шыбықтай қыздың бойына үймелетіп, керемет ойды «айтқызғанының» өзі «үлкен» адамдардың ашкөз, дүбәра, сезімсіз, көңілі соқыр, көкірегі тар сүйкімсіз мінездеріне берілген жауабы еді. Бір ғана Смағұл ағайдың образы арқылы оқушы мен ұстаз арасындағы таудай байланысты, адам жанын кішкентайдан түсінудің ерекшелігін көрсетсе, Ақыл образы арқылы жақын танысып, біліспесе де, адам жанының үндестігін, ыммен, көзбен ұғынар шынайы байланыс, сөзсіз түсіністік секілді ерекше сезімдерді білдіріп отыр. Өйткені Зияштың Ақылды ойлауы тектен тек емес еді. Ал трамвай ішіндегі кәрі адам, кондуктор, міз бақпай отырған «ересектер» аппақ қағаздай тап-таза жүректі, риясыз көңіл иесіне дақ түсірген бейнелер еді. Осы тұстағы Зияштың әкесін кінәлауы психологиялық паралеллизм негізімен астасып жатты. Жас баланың психологиялық арпалысқа ұшырап, іштей ызаланып, арпалысып, өз ойымен әлек болып, айналасынан қуаныш таба алмай, күйзеліске түсуін адамдардың қолымен жасалған дүние екенін автор ерекше образдылықпен бейнелейді. «Бұлқынған кішкентай жүректің» бойы кішкентай болғанмен, ойы орасан екенін тіпті жалдамалы пәтердің ақысына қатысты диалогқа қатысты ойынан да байқаймыз. Ойлана берген адам сөйлеуден қалады, осылайша Зияш ешкімге сырын ақтармай, ауыр ой жетегінде жүрді, алайда өздігінше саралады, таразыға теңестірді. Шығармашылықпен, шабытпен арпалысқан әке, еріне ерегіскен, үйінің берекесін қашырған, адам жанын түсінбеген, ешкіммен санаспаған әйел, екі бетке жаутаңдаған кемпір міне, осындай лирикалық-драмалық арпалысқа құрылған «үштік» жастың жүйкесіне сызат түсіреді. Әкенің де Зияштың ойын қолдап, іштей түсінгенін күнделіктегі бір ауыз сөзінен байқаймыз, себебі әке мен қыз ғана шынайы сезімнің иелері ретінде көрінді. Зияштың бейнесіндегі ауыл, ауызынан түспеген «ауыл» - утопиялық мекен, жанның жерұйығы. «...Тіпті араларындағы дүрдараз сол Зияш қазасымен бірге жоғалғандай болып, босағалары беки түскен, бір-біріне деген сыйлары артқан»[1,116], - деген ой шығарманың басты айтар қазығы. Жалпы адам баласы қолда бардың қадірін жоқта білетіні секілді, қиыншылық, қайғы түскенде ғана, ойланатыны белгілі. Осылайша, ерлі-зайыптының бір-бірінен ұялатындай халге жетіп, арасы жақындап, барға қанағат етіп, тәубеге келуі үлкен өкінішпен ұласқанын автор осындай сюжеттік шешім арқылы көрсетіп отыр. Әңгіме шағын болса да, айтар ой қорғасындай салмақты, берер тәлімі бір қаралық.

М.Мақатаевтың әңгімелері шағын әрі санаулы болса да, лирикалық прозаның шырайын шығарып, адам жанының формулаларын дөп басқан, күйбең тірлік, саяси-әлеуметтік талпыныс, философиялық байлам, көркемдік пафостан ада, таза адами қалыпты жырлауды, натуралистік, психологиялық ұстанымдар арқылы адам көңілінің пернесін нық басуды мақсат тұтқан, аз жазса да, саз жазған. Қаламгердің «Марусяның тауы» атты әңгімесінде де жас балаша қылжақтаған сүйкімсіздікті, белгілі нәрсеге көзі жетпей лық етіп айта салу, бос күлкі мен мазаққа тіреліп, арзан ойға бой ұрып, адам жанын жаралау мен қаралауды, адамның жақсы жағын көрмей, көлеңке тұсын бажайлап, көңілге тиер-ау, келер-ау деп емес, бойкүйездікке батқан пиғылды сынай отырып, Сағи шалдың әсерлі оқиғасы арқылы өрбітеді. Таудың Маруся аталғанын тілге тиек ете отырып, Сағидың көңілі таза, ары мен абыройына сызат түспеген мінезін автор образды жеткізеді, қаламгердің айтары көңілді кірлетпеу, көңілге қаяу түсірмеу, көңілмен ойнамау. Маруся тауының атауының қайдан шыққандығы жөніндегі топонимдік аңызды жазушы ерекше композициялық құрылыммен талдайды. «Қасиетті есімді қадірлей білу керек. Оны былапыт сөзбен былғамаса болар. ...Әудем жер ұзағаннан кейін, машина терезесінен артыма қарасам, қария қабір басынан кетпеген екен...» [1, 127], - деген лирикалық толғаныстағы идея адам жанының тазалығын, мөлдірлігін, көңілге кірбің түспеген риясыздығын суреттейді. Осы бір әңгіме Оралхан Бөкейдің «Аспирант қыздың тракторист жігіті» атты шығармасындағы Есеннің образын елестетеді. Сірә, Есен де шынайы көңілдің адамы еді.

Жазушының «Өзгермепті» атты әңгімесі композициялық құрылымы жағынан шағын болғанмен, диалог арқылы образ берудегі ерекше тәсілді қолданған. Шығармадағы Әбен образы эпикалық тұрғыдан алғанда, толық ашылған, оның дарақылығы, даңғойлығы, көпсөзділігі, бір сөзбен айтқанда, сүйкімсіз бейнесін жан-жақты ашады, оның мектеп оқушыларын жерден алып жерге салуы, үй ішіне маза бермей, аяқтарынан тік тұрғызуы, ұсақтығы, білуге, үйренуге, өзін дамытуға құлықсыздығы, біреудің намысына тиюі, мазасыздығы, білгішсініп көлгірсуі, өзіне-өзі есеп беріп, сырттай бақыламауы, кез келген сәтсіз оқиғаны өзінен көрмей, біреуден көруі, өмірлік позияны материалдық тұрғыда бағалауы секілді адам бойындағы мінездеулерді қаламгер дөп басып бір Әбеннің басына типтік бейнелеу тұрғысынан әдемі келеді. Лирикалық қаһарманның позициялық ішкі ойларын беруде де сұмдық тактикаларға бой алдырады. Қаламгер образдарды конфликтіге жүгіндірмей, лиризммен, терең психологиямен өрнектейді. Лирикалық қаһарманның: «...Ауқатты отбасын құрып, соның айбынды әкімі бола білген, ал ақыл-парасат, ой-сезім ше? Өзгермепті...» [1,133], - деген ойы осы әңгіменің түйінін бергендей.

Қаламгердің мейірімге, аялы алақанға, жылы құшаққа, ыстық ұяға толы шығармасы «Әже» әңгімесі. Сюжеті типтік бейнелеуге құрылған секілді көрінгенмен, шығармадағы тақырып ерекше лирикаға құрылған. Әженің психологиясы көп шығармада көрініс бергенмен, суреткерлік көркемдікпен қабыспай, ұштаспай жатады. Ал бұл әңгімедегі әже біз бірінші талдап кеткен «Құлпытас» әңгімесіндегі образдың заңды жалғасындай. Оқу бітіргеннен кейінгі лирикалық қаһарманның пікіріне анасы қарсы болғанмен, осы мезеттегі әже сөз нанымды да шынайы шығып, әңгіменің түйінін шешкендей. Жалпы, қаламгер шығармашылығындағы әже бейнесі толық ашылады: аңғалдығы, мейірімділігі, бала-келінінің көңіліне қарауы, баланың бетінен қақпауы, немере үшін бәріне даяр болу, жамандықты жуып-шаю, бейбіт өмірді қалау, ұсақ-түйекпен миды қатырмау, айналаға шуақ шашып жүру, айта берсек, көп енді, осындай қасиеттердің барлығын толық аша түскен.

Әдебиеттану ғылымында көркем шығармадағы психологизм мәселесін бірден-бір зерттеген ғалым Г.Пірәлиева бұл саладағы 3 басты ерекшелікті былай талдайды: «Біріншіден, психологиялық прозада оқиға, кейіпкер, кезең, уақыт, тақырып, идея т.б. деген мәселелер алдыңғы сапқа шыға қоймайды. Ол талап та етілмейді. Екіншіден, мұнда ең бастысы жеке адамның ішкі өмірі, өмір мен өлім арасындағы кезеңде адамзат бастан кешетін азапты тағдыр тәлкегі, кейіпкердің күрделі тұлғаға айналуы көркемдік назарға алынады. Шығармада шым-шытырық оқиғалар тізбегінен гөрі жеке адам санасындағы сапалы өзгеріс, рухани қопарылыс, ішкі сезімдік құбылыстар тереңдетіле талданады. Үшіншіден, психологиялық прозаның эстетикалық, көркемдік әлемі өзінің жанрлық, көркемдік, стильдік талабына сай жеке санада жүріп жатқан ой мен сезім қайшылықтарын, сөз бен іс сәйкессіздіктерін тереңдеп талдап, көркемдік жүйеде саралайды» [2, 10]. Міне, осы пікірдегі ғылыми тұжырым, келтірілген дәйек М.Мақатаев әңгімелеріндегі лиризм мен психологизмнің көрінісін талдаған ойымызды дәлелдей түскендей. Сайып келгенде, М.Мақатаев әңгімелеріндегі нәзік иірім, көңіл бостандығы, жан тыныштығы, адал түсіністік, өмірге мейірбандық көзқарас секілді философиялық иірімдер адам жүрегіне жол табар шынайы құбылыстар.



Әдебиеттер

1. Мақатаев М. Шығармаларының толық жинағы. Көптомдық. 4-том. Аудармалар, шығармалар Алматы: Жалын, 2013.. 320 б.

2. Пірәлиева Г. Көркем прозадағы психологизмнің кейбір мәселелері (Түс көру, бейвербальді ишараттар, заттық әлем). Монография. Алматы: Алаш, 2003. 328 бет.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!