Материалдар / Мұқағали Мақатаевқа арналған кеш
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мұқағали Мақатаевқа арналған кеш

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Желтоқсан 2018
347
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1-жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді жыр сүйер қауым! 2-жүргізуші: Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың шығармаларына арналған «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби сазды кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер. 1-жүргізуші:Кезінде ақиық ақын М. Мақатаев: «Ақынмын деп қалай мен айта аламын, Халқымның өз айтқанын қайталадым. Күпі киген қазақтың қара өлеңін, Шекпен жауып өзіне қайтарамын», - деп қарапайым қазақтың қара өлеңінің жілігін шағып, майын ішті. Дегенмен, өзінің әділ бағасын ала алмай кеткен ақынның әділ таразысы халық болды. Оны күллі халық сүйіп оқыды. Мұқағали шын мәнінде, бір туар екенін халыққа таныта білді. 2-жүргізуші: Бүгін менің туған күнім ой пәләй. Мына жұртым неге жатыр тойламай Банкет жасап берер едім озім-ақ Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғанай ,- деп назын білдірген мұзбалағымыз өмірден өтседе, халық оны еш ұмытпақ емес. Міне бүгін ақынымыздың туғанына 85 жыл толып отыр. 1-жүргізуші: Айқын ән2-жүргізуші: Мұқағалидың өлеңдері шын шабыттың, қиын күйзеліс пен шын қуаныштан, шын сағыныштан туған. Ақын ұлы сезімге бас иіп, өз өлеңдерінде махаббат тақырыбын кеңінен суреттеген. Ақын Әбділда Тәжібаевтың сөзімен айтар болсақ: «Махаббат – сезім. Ол адамның ішкі рухы, тозбас қуаты. Махаббатты сезімге ерлік, жүректілік керек. Мұқағалиді құдіретті ақын ететін де сол ерлік болатын...» 8-сынып оқушылары өлеңдеріҚайырбекова Айдана «Өкінбеймін»Тілешова Аружан «Сезім»Ғалымбек Дария «Мынау аспан мынау бақ»Қайрашова Дилназ «Ғашықпын»1-жүргізуші: Қадариянов Алмас «Жалаң аяқ» ән2-жүргізуші . «Мен бір нәрсеге –поэзияның тіршілікпен бірге,яғни адаммен , табиғатпен бірге өлетініне –кәміл сенемін.Адамзат жаны қатыгез тартса тарта берсін ,Қайтсе бір парасатты адам қалады.Ол ақын ақырғы сөзі соныкі» (өзінің күнделігінен)Мұқағали өмірге көп назын білдірді .Тәттілігінен гөрі ащысын көп тартқан Мұқағали аз жырлады.Ендеше сол туындыларын тыңдайық.Ғабдулсейітова Жанерке «Шындық туралы»Абылғазина Диана «Ақиқаттың ауылы»Төкішова Салима «Өмір жайлы»Тілеуғазина Жанбота «Екі өмір»Сәрсенбаева Диана «Кешіріңдер»Әліл Ақерке «ЖҮРЕК АРЫЗЫ» 1жүргізуші: Ән көңілдің ажары демекші,- ендігі кезекті әнге береміз. Ән: «Нұр жауып тұрған көктемде»Бекенова Аружан 2-жүргізуші: Қай ақын табиғатты жырламайды ?Бірақ қайсысы қай жағынан келеді? Бұл-сұрақ: Мысалы, Пушкинді алайық: Онда табиғат пен адам және оның көш -күйі біртұтас ,Пушкин поэзиясында адам мен табиғат бірге жырланады,бір-біріен қалыспайды. Мұқағали да әсем табиғатты жыр етті.Табиғат туралы жырларына кезек берейік.Болатова Айзада «Самал есті»Абылғазина Дина «Мен таулықпын»1-жүргізуші Ән : Берікбол ән2-жүргізуші: «Аққулар ұйықтағанда» - ғажап поэма. Осы поэма жөнінде Тұманбай Молдағалиев былай деген болатын: «Бұл туындыны бір бастап оқығаннан кейін тастай алмай соңына дейін бір-ақ оқисың. Көкірегіңде ән ұялап, жырмен тербелесің. Көз алдыңнан Жетімкөлдің ерке аққуы, баласы үшін дүниенің тыныштығын, кереметін бұзып, қасиетке оқ атқан ана бейнесін, ең соңында екі бірдей асылынан қасиетінен айырылған сорлы, зарлы ананы көріп, сенде аһ ұрасың».1-жүргізуші: Бұл поэманың негізгі идеясы сұлулық, махаббат және зұлымдық туралы. Балалар, адам - табиғаттың перзенті. Дүниеде екі ана бар. Бірі тіршіліктің анасы – табиғат анасы, екіншісі адам анасы. Екеуі де мейірімді. Бұл поэмада осы екі ананың жай-күйі баяндалған.(көрніс)  2-жүргізуші : Есбол ән1-жүргізуші : Поэзия!Менімен егіз бе едіңСен мені сезесің бе, неге іздедім?Алауыртқан таңдардан сені іздедім,Қарауытқан таулардан сені іздедім.Сені іздедім кездескен адамдардан,Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан.Шырақтардан, оттардан, жалауларданСені іздедім жоғалған замандардан...... Сені іздедім.Ӏздеймін тағат бар ма?Сені маған егіз ғып жаратқан ба?» дей келе ортаға Зейнуллин Олжас «Сәби болғым келеді» , Саметханова Балжан «Арыз жазып- кетемін»,Мадинетова Мадина «Үш бақытым»Жанарбекова Аяжан «Таудай болғым келеді»Серікбекова Айзат «Күрсінбеші»2-жүргізуші: Ән Саржайлауым Қадариянова Гулмира ,қошемет1-жүргізуші Өлеңдерім жай болып атылғанда ,Атылғанда аспаннан оқылғанда .Мылқауларға тіл бітіп,керең естіп.Жанар пайда болады соқырларға.Ия ,айнақатесіз дәл солай болды.Жырының жай болып атылғаны да,аспаннан оқылғаны да бүгінгі күннің бұлтартпас шындығы.2-жүргізуші : Әке асқартау ,ана бұлақ демекші .Ақиық ақынымыз әкесіне өлеңдерін аз арнады.Олай болса әкеге арналған арнауларына кезек берсек.Жеңісханов Арна «Әкешім»Ғабдулсейітова Іңкәр «Әке»Даулетова Асылжан «Қариялар азайып бара жатыр»Қанафиянов Ербұлан «Әкеме»

1 жүргізуші: Ән Рысбекова Аймара «Айтатын саған сырым бұл»2-жүргізуші : Ақын туралы толғаулар : (9 сынып оқушылары ақын туралы жазушылар толғаулары)1 жүргізуші: Мигина Дилназ «Емханада»Саясатова Аружан «»2-жүргізуші: Ақынмын деп қалай мен айта аламын, Халқымның өзі айтқанын қайталадым. ...Күпі киген қазақтың қара өлеңін Шекпен жауып өзіне қайтарамын. 1-жүргізуші: Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің. Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!