Материалдар / Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына байланысты өткізілген «Поэзия! Менімен егіз бе едің?» атты поэзия кеші
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына байланысты өткізілген «Поэзия! Менімен егіз бе едің?» атты поэзия кеші

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау. М.Мақатаевтың поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, сезіндіру, шығармашылығының музыкасымен үндесу ерекшелігін, ақынның сөзіне жазылған әндері көпшілік назарына ұсыну.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қазан 2021
435
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Поэзия! Менімен егіз бе едің?» атты Мұқағали ақынды еске алуға арналған поэзия кеші

Кештің мақсаты: Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау.

М.Мақатаевтың поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, сезіндіру, шығармашылығының музыкасымен үндесу ерекшелігін, ақынның сөзіне жазылған әндері көпшілік назарына ұсыну.
Көрнекілігі: слайд, кітап көрмесі,ақынның өз дауысымен оқылған өлеңдері.
Сахнада ақын жайлы слайд.

«Есіңе мені алғайсың» әні (баяу ойналып тұрады)

1-жүргізуші:

Болмаса егер ақиқаттан бөтені,
Айтылған сөз арлы адамға жетеді.
Туындысы дана менен дараның
Жүректе екен жайғасатын мекені.

2-жүргізуші:

Жырыменен жүректерді тербеген,
Жан жарасын талайлардың емдеген.
Мөрі болған жиырмасыншы ғасырдың
Мұқағали сынды ақындар кемде кем.

1-жүргізуші: Ассалаумағалейкүм, қадірменді қауым!

2-жүргізуші: Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен қымбатты оқушылар!

1-жүргізуші: «Барлығы да, Поэзия, сен үшін»,–деп əдебиет патшалығының ғажайып ханзадасы һəм бірегей сардары ретінде салтанат құрған Мұқағалидың құдіретті өлеңдері халқының жүрегінде.  Шындығында, Мұқағали бойындағы  тамаша талантын жұртына арнаған.

2-жүргізуші: Ендеше, бүгінгі кешіміз Хантәңірінің мұзбалағы, ақиық ақын, тау тұлғалы талант, дарынды дарабоз, «Ғасыр ақыны» атанған, миллион сырлы сезімнің иесі – Мұқағали Мақатаевқа арналады.

1-жүргізуші:  Ақынның туған күні- 9-ақпан. Бұл күн  қай жерде болмасын жыл сайын  ақпан айында тойлана беретіні хақ.

 Екі жүргізуші бірге: Ендеше, ақын шығармашылығына арналған «Поэзия! Менімен егіз бе едің?» атты   әдеби-сазды кешке қош  келдіңіздер!!!

Ән: «Сарыжайлау» Аружан мен Наргиз

2-жүргізуші: Абаймен үндес Мұқағалидай перзенті бар халық –шынымен бақытты халық. Иә, Мұқағали – ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын. Оны біреулер «көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дауыстарға толы жұмбақ ақын» десе,

1-жүргізуші: кейбіреуі:«Жоқ ол – қара өлеңнен қаймақ қалқыған қарапайым ақын, өлеңін бәріне түсінікті тілде жеткізген таңғажайып ақын» дейді. Өзінің 1834 өлеңімен миллиондаған, тіпті миллиардтаған жүректі жаулап алып,  бірде жылатқан, бірде қуантқан Мұқағалиды  ақын емес деп көріңіз..!

2-жүргізуші: Поэзия патшалығындағы  пайымдауы өзгеден бөлек ақын жебелі жырын жүректерге ерекше үнмен, соны серпінмен жеткізді.

                      «Менің анкетам» (сахналық қойылым) (Мейірбек пен Айбибі)

1-жүргізуші:

Ән сал жаным,

Әніңмен тербет мені.

Бір сәтке тынсын тірлік жер-көктегі ,—деп ақын жырлағандай , ақын өлеңіне жазылған әнге кезек берейік.

ІІІ. «Есіңе мені алғайсың» әнімен  11-сынып оқушысы Мұқанова Ақнұрды қарсы алыңыздар.

  1-жүргізуші: Ақиық ақын  1931 жылы  Алматы облысы, Нарынқол  ауданы, Қарасаз ауылында дүниеге  келген. Әкесі Сүлеймен Ұлы Отан соғысында, Калининград майданында,  қайтыс болған. Анасының  аты – Нағиман. Әжесінің бауырында өскен соң,  Мұқағали өз анасын  «Нақа»  деп атаған екен.

2-жүргізуші: Соғыс зардабы бұғанасы қатпаған балаларға ауыр салмақ салды. Сол бір сұрапыл жылдарда әжесі мен шешесінің, екі інісінің ортасындағы бас көтерер еркек кіндіктен ересегі Мұқағали болып, бала иығын батпандай басқан отбасының ауырпалығын ерте сезе бастайды.

1-жүргізуші: Иә, ақын ерте есейді,еңбекке ерте араластыОрта мектепті бітірген соң, ауылдың хатшысы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол комитетінде болды. 1949 жылы Лашын апамызбен өз отбасын құрды. Одан соң дүниеге Алмагүл, Шолпан атты екі қызы, Айбар, Жұлдыз атты ұлдары келді. Ал, Майгүл есімді қызы 10 жасында қайғылы қазаға ұшырап, Мұқағали ағамыздың қабырғасын қайыстырды.

2-жүргізуші:  1954 – 1962 жылдары Қазақ радиосында диктор болып қызмет атқарды. Ал, 1962 – 1972 жылдарда «Социалистік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде, «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарында бөлім меңгерушісі болып еңбек етті. 1972 – 1973 жылдары Қазақстан жазушылар одағында әдеби кеңесші қызметін атқарды.

1-жүргізуші:Ақынның тұңғыш өлеңі 1948 жылы Нарынқол ауданында «Советтік шекара» газетінде жарық көрді. Ақынның шығармалары негізінен елге, туған халқына деген сүйіспеншілігін, махаббатын, өмірге деген құштарлығын жырлауға арналған.  

 2-жүргізуші: : «Поэзия, менімен егіз бе едің»– деп ақын өзі жырлағандай, Мұқағали өлең жазып қана қоймай, өз өлеңдерін шебер оқи алған ақын. Ол біраз уақыт Қазақ радиосында диктор болып та қызмет етеді. Оның дауыс ерекшелігін, оқу мәнерін қазақтың Левитаны атанған Әнуарбек Байжанбаев жоғары бағалап, өз қол астына алады. Ендеше  Қазақ радиосының «алтын қорында» сақталып қалған ақынның өз дауысына  құлақ түрелік.

(Мұқағалидың дауысымен өз өлеңдері оқылады)

1-жүргізуші:

Мен бақыттымын,
Бақытты жерде туылдым.
Айналайын Қарасаз,
Қасиетінен суының!

 2-жүргізуші:

Сенің әрбір бұлағың —
Менің әрбір қан тамырым емес пе?
Қасиетті тұрағым,
Қасиетінен суыңның!–деп тереңнен толғайды.

1-жүргізуші: Ендігі кезекті ақынның туған жер, Отан  туралы жырларына берейік.

  • «Үш бақытым» өлеңі (Наргиз)

  • «Нені аңсаймын» өлеңі (Арнат)

  • «Отан» өлеңі18+(Інжу, Зарина)

  • «Шыда» өлеңі (Айназ)

2-жүргізуші: Ақын қалам тартпаған тақырып жоқ. Жыр сүйер қауымның Мұқағали поэзиясына деген құштарлығы толастаған емес. Ендігі кезекті ақынның жас оқырмандарына берейік.

  • «Сергей Есенин» Еркежан

  • «Бота мен шұбат» Альбина

  • «Әке» Ерасыл

  • «Өмір туралы» Кәусәр

  • «Қарасаз» Мирас

  • «Ақ кимешек көрінсе» Карнелия

  • «Көреміз» Диара

  • «Анашым» Дәулет

1-жүргізуші:

Мұқағали – қазақтың саңлағы,
Мұқағали  – ән жырдың шаңырағы.
Шырқалғанда жырларың жаным толқып,
Жүдеу тартқан көңілім жадырады.

 2- жүргізуші:  Мұқағали-мәңгілік өмір! Ақын мұрасы,маржан поэзиясы-мәңгілік,болашақ ұрпақтың еншісі,қастерлеп қадірлейтін мұрасы, ақын көкірегінен буырқана ағылған жыр жанартаулары өлең құмар халыққа таусылмайтын сый, мол қазына болып қала бермек. Ақынның сөзі өлмесе, өзі де өлмегені.

 1-жүргізуші:

Шын жыр үшін туылған шалқар едің,
Шындық үшін туылған арқалы едің.
Шындығыңды ұмытар кейбіреулер,
Шын жырыңды ұмытпас дарқан елің,- деген жыр жолдарымен кешімізді аяқтаймыз.

2-жүргізуші: Көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп рахмет.

Қ.Смайылов атындағы ЖББ №43 орта мектеп жанындағы мектеп интернаты


















Егіндібұлақ ауылындағы

«Қажыкен Смайылов атындағы №43 ЖББ тірек мектебі (ресурстық орталық)жанындағы интернат» КММ













«Бүгін менің туған күнім...» атты апталықтың ашылуы


















Picture 3















Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаевтың

туғанына 90 жыл толуына байланысты

«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін...»

атты апталықта өткізілген

шаралардың есебі

15-20.02.2021





Shape1



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!