Материалдар / "Мультфильмді қалай жасап шығарады"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Мультфильмді қалай жасап шығарады"

Материал туралы қысқаша түсінік
мультфильмді қалай жасап шығаратынын зерттеу және өз мультфильмімді жасап шығару.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1529
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігіПавлодар облысы «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №11 жалпы орта білім беретін мектеп»-коммуналдық мемлекеттік мекемесі













Мультипликациядағы алғашқы қадамдарымыз



Бағыты: ғылым және білім









Авторлары: Алмазқызы Аружан Хамзина Назерке 4 «Ә» сыныбы

Жетекшісі: Жусупбаева Жупар Рамазановна

2016 жыл Мазмұны

Кіріспе__________________________________________________4І Теориялық бөлім
  • Мультфильмнің шығу тарихы


  • «Суреттерді жандандыру» тәсілдері


  • Мультфильмнің түрлері


ІІ Зерттеу бөлімі

2.1 Ауызша сауалнама нәтижелері

2.2 Тәжірибелер жүргізудің нәтижесі

2.3 Өзімнің мультфильмімді жасап шығаруым

ІІІ Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер





























Аңдатпа

Зерттеу мақсаты: мультфильмді қалай жасап шығаратынын зерттеу және өз мультфильмімді жасап шығару.

Міндеттері:

  • Мультипликацияның даму тарихымен танысу;
  • Мультфильм құрастырудың негізгі технологияларын зерттеп, үйрену;
  • Сыныптастарымның арасында сауалнама жүргізу;
  • Өз мультфильмімізді құру


Гипотеза : Біздің болжамымыз бойынша, мультфильм жасап шығару- оп-оңай.

Зерттеу нысаны: мультипликация кино өнерінің ерекше түрі

Зерттеу кезеңдері мен шаралары.

  • Сауалнама жүргіздік
  • Әдебиеттер мен ғаламтордан мультфильмнің шығу тарихымен таныстық
  • Бейнежазбаларды қарап шықтық
  • Жеңіл мультипликациялық технологияларға талдау жасадық
  • Өз мультфильмімізді түсірдік
  • Нәтижеге талдау жүргіздік
Зерттеу жаңалығы мен өздігінен істеу дәрежесі: барлық балалар мультфильм көргенді ұнатады. Мультфильм көрген маған да ұнайды. Осы күнге дейін көрген мультфильмдерімді санап шығу мүмкін емес. Алып қарасам, мен мультфильм туралы көп білетін сияқтымын, бірақ .... Бір күні мультфильм көріп отырып,ойландым:- Мультфильм деген не? Оны қалай жасайды,түсіреді? Осы сұрақтарға жауап таба алмадым. Сыныптастарымнан сұрап едім, олар да жауап беруге қиналды. Осы сұраққа жауап іздеп табу үшін, құрбыммен кітапханаға бардым. Жұмыс нәтижелері мен қорытындысы: Бүгінгі күні барлық балалар қызығып көретін мультфильмдері туралы мазмұнды да, қызықты ақпаратпен бөлісіп, мультфильмді түсіру жолындағы қиындықтарымызбен бөлісуді жөн көрдік және де зерттеп отырған тақырыбымыз өзекті.



Кіріспе Зерттеуге алынған тақырыптың көкейкестілігі өз мультфильмімді жасап шығару. Балалар нені жақсы көреді? деген сауал төңірегінде ойланып жауап беретін болсақ. Әрине тәтті кәмпиттер мен мультфильм көруді деп айтар едік. Біз де барлық балалар сияқты мультфильм көруді ұнатамыз. Өсе келе мен өз мультфильмімді жасап шығаруды армандап жүрмін. Осындай арманы бар құрбым да менімен бірігіп, мультфильм шығаруды қолға алдық. Бірақ оны қалай жасау керек? Неден бастау керек? Мультфильмді жасап шығарудың құпиясы неде? Мазалап жүрген сұрақтарға жауап табу үшін, зерттеу жүргізуді бастадық. Мультипликация- бұл барлық адамдарды балалық шағынан қоршап тұрған ғажайып әлем. Ер жетіп кетсек те, біз сүйікті кейіпкерлерімізбен қайта-қайта қауышудан жалықпаймыз. Отбасымызда ата-анаммен әңгімелесіп отырғанда, олардың бала кездерінде көрген мультфильмдерін әлі күнге дейін біледі екен. Әкелеріміз «Ну,погоди» мультфильмін әсірелеп айтқанда, тура көргің келіп кетеді. Сабақтарда біз мұғалімдер қолданылатын PowerPoint бағдарламасы бойынша жасалған бейнебаян, презентациялар көреміз, олар Microsoft Office бағдарламасы құрамына кіреді емес пе. Слайдтарда суреттер мен мәтін біресе көрінеді, біресе жоқ болып кетеді.Бұл бізді PowerPoint бағдарламасы арқылы мультфильм құруға жетеледі.Зерттеу нысаны: мультипликация және PowerPoint бағдарламасы арқылы мультфильм құрастыру PowerPoint бағдарламасы арқылы әр бала мультфильм құрастыруды үйренеді. Мультфильм құрастыруда шығармашылық қабілеттері мен ойлау, қиялдауға бой алдырса. Бірақ, мультфильм құру кезінде, тиісті теориялық біліммен қарулану керек.Ия, мультфильм-жанданған сурет екенін анықтадық. Осы жерде сұрақ туындайды: -Суретті қалай жандандыруға болады? –Оны істеу қиын ба, жеңіл ме? Міне осы ой бізді зерттеуге жетеледі.







І Теориялық бөлім
  • Мультфилмнің шығу тарихы
Кітаптан оқығаным, 30 тамыз 1877 жыл –суретті мультипликацияның туған күні екен.Францияда инженер Эмиль Рено көрермендерге алғашқы прак-си-но-скоп (оптикалық театр) көрсеткен екен. 1877 жылы 30 тамыздамультфильмді өнертапқыш Эмиль Рено патенттеді.Ең алғашқы мультфильмдер қолдан жасалған, боялған, ұзақтығы 15 минуттық болған екен. Сол кезде дыбыспен әрленген, іс-қимыл көрсетілім қолданылған. 1898 жыл- алғашқы мультипликациялық қуыршақ фильмі түсірілген. Авторлары Джеймс Стюарт Блэктон және Альберт Э.Смит. Фильде ағаш ойыншықтар қолданылған.1908 жыл- француз сайқымазақ-суретші Эмиль Коль белсенді түрде графикалық мультипликациямен айналысады.Ал оның екі негізгі ашылымдары-әр қимылға жеке сурет пен камераға түсірубүгінгі күнге дейін графикалық мультипликацияның негізгі принциптары болып келеді.Ол 2 минуттық мылқау «Фантасмагория» деген мультипликациялық фильм шығарған.Бұл фильм әйгілі болу себебі, алғашқы анимациялық фильм болды және басты кейіпкер Фантошада өзіндік мінезі болды.1910 жыл- Владислав Александрович Старевич-ресейлік талантты режиссер және оператор- «Прекрасная Люканида, или Война усачей с рогачами» деген әлемде алғашқы көлемді анимациялы фильм түсірген. Оның алғашқы қуыршақтық фильмі. Фильмдегі бас кейіпкерлер жәндіктер-қоңыздардың ханшайымы мен мұртты қоңыздардың махаббаты туралы. 1914 жыл- Мультфильм жасауға ең алғашқы қадамды ағайынды Люмьерлер бастаған болатын. Олар мультфильмнің кейіпкерлерін қағазға салып, оған жарық беру арқылы көрсетті. Бұл әдіс фотоаппарат пайда болғанша жалғасты. Уинзор Маккей алғаш рет басты кейіпкері бар мультфильмді құрастырды. Ол кейіпкердің есімі Герти болатын. Балалар үшін Герти динозвар қызықты болды. Маккейдің Герти ойлап табуына студенттері көмектесіп, тіпті лентасын да жасаған.Жылдар өтіп жатты, заман өзгерді, технология алға жылжып,дами бастады. Жаңа мүмкіндіктер пайда болды. Қара-ақ кадрларға түрлі-түсті,дыбысталған, компьютерлі анимациялар келе бастады.1928 жыл- атақты Уолт Дисней компаниясы Микки Маус есімді кейіпкері бар танымал мультфильмді жарыққа шығарды. Осы жылы оның алғашқы дыбысы бар анимациялық «Пароходик Вилли» атты фильмі шықты.1932 жыл- Уолт Диснейдің «Цветы и деревья» атты алғашқы түрлі-түсті анимациялық фильмі шығады.1936 жыл- СССР-да «Союзмультфильм» киностудиясы ашылады. Кеңес Одағы елдеріне мультфильм 1936 жылдары келді. Ресейде мультфильм жасау ісі жақсы дамыған. Олар балардың сүйікті кейіпкерлері бар «Ну погоди!», «Маша мен аю», «Қызыл телпек», «Бауырсақ» атты мультфильмдерді кішкентай көрермендеріне ұсынды.1937 жыл- Уолт Дисней «Белоснежка и семь гномов» атты толықметражды анимациялық филмін шығарды. «Белоснежка» Дисней Лендқа жоғары жетістік әперді, әлемге танымал болды.8 миллион доллар кіріс және кәсіби ақпарат құралдарында өз сүйіктілерін тапты.1958 жыл-Жапояда Осами Тэдзукидің қатысуымен суретті анимация-аниме әдісі ашылады.1960 жыл-«Флинстоуны» американдық телеарналарда көрсетілген сериял жарыққа шығады. Бұл ересектерге арналған алғашқы анимациялық сериал еді. 1967-1971 жылдар- алғашқы кеңес одағының мультсериалы жарық көреді, авторы Роман Давыдов.

1995 жыл- «Ойыншықтар тарихы» атты толықметражды компьютерлі мультфильм шықты.1999 жыл- «Шал мен теңіз» мультфильмі шықты, авторы Александр Петров. 2000 жылы бұл мультфильм американдық киноакадемиясының «Оскар» сыйлығына ие болады.Ресей Республикасының Мемлекет қамқорлығының арқасында осы елде «Илья Муромец», «Три богатыря» атты мультфильмдер дүниеге келдi. Осы туындылар арқылы талай орыстың баласы өз тарихы мен мәдениетiмен сусындады, отансүйгiштiкке тәрбиелендi. Анимациялық фильмдер түсiрумен айналысатын әлемдегi ең мықты  «Уолт Дисней» және «Дрим Воркс» компаниялары АҚШ-та орналасқан. «Дрим Воркс» мамандары түсiрген «Шрэк-2» мультфильмi әлемнiң көптеген елiдерiнде көрсетіледі [3].

1967 жылы- Қазақстандағы тұңғыш мультфильм түсiрiлдi. Режиссер әрi танымал суретшi Ә.Қайдаров түсiрген «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мультфильмi әлi күнге дейiн өзi биiгiнен төмендеген жоқ Бұл фильм шыға салысымен бүкіл әлем қазақ халқының қарлығашты қалай дәріптейтінін біліп, таңдай қақты. Фильм 1968 жылы Ленинградта өткен Бүкілодақтық фестивальде екінші жүлдеге ие болып, әлем елдерінің экрандарында көрсетілді. Қайдаров түсірген «Ақсақ құлан», «Құйыршық», «Қожанасыр – құрылысшы» атты фильмдер қазақ мультипликациясының жетістіктері болды. 1970 жылы қазақ мультипликациясы Орта Азиядағы жетекші орынға шықты. Осы кезеңде қазақ мультипликаторлары түсірген графикалық және қуыршақ фильмдердің саны жүзден асты. Режиссер-суретшілер Ж.Даненов пен Ұ.Қыстауовтың «Алпамыс батыр», «Айдаһар аралы», Е.Әбдірахмановтың «Тапқыштар», «Бозторғай», Б.Омаровтың «Үш шебер», «Қаңбақ шал», Т.Мұқанованың «Жібек шашақ», «Қайшы», Қ.Сейденовтың «Тігінші мен ай», «Қадырдың бақыты» атты мультфильмдері – қазақ мультипликациясы тарихында жоғары бағаланған шығармалар.2013 жыл- Қазақ анимациялық кино тарихындағы тұңғыш толықметражды анимациялық фильмге халық ертегісі – «Ер Төстік» арқау болған. «Ер Төстік» қазақ анимация тарихындағы тұңғыш толықметражды фильм ғана емес, ол, сонымен қатар, әлемдегі соңғы анимациялық 2D және 3D үлгідегі технологиялар қолданылған жоба болуымен де құнды. Осыған дейін шетелдік анимациялық фильмдермен тәрбиеленіп келген жас ұрпақ аталмыш фильм арқылы қазақ ертегілерінің көне кейіпкерлерімен қауышып, халқымыздың рухани әлемінен нәр ала бастайтынына үміт зор.2014 жыл- «Айдаһар мінген шабандоздар »Адамдар мен айдаһарлар арасындағы соғыс аяқталды. Бірақ бұл олардың қатар өмір сүруінің бастамасы ғана... Олар бір-біріне үйренісіп кетуі қажет. Айдаһарларды үйрету үшін Иккинг Айдаһарлар Академиясын ашуды көздейді. Оған бұл жұмыста оның батыл достары және сенімді айдаһарлар көмектеседі. Алда оларды көп деген қызықты оқиғалар күтуде!

Режиссердің айтуы бойынша, Қазақстанда 2009 жылдан бастап сапалы өнімдерді шығару үшін ең жақсы технологиялар қолданылады. Айта кетсек, отандық өндірушілер бүкіл әлемге танымал бағдарламаны қолдануда

  • «Суреттерді жандандыру» тәсілдері


Әрі қарай біз жобамыздың басты міндетіне көштік: суреттерді жандандыру тәсілдерін оқып-танысуға. Ең жеңіл және жай тәсілі, дәптердің ақ бетінің бұрышына фигураның қозғалысының өзгерісін салу, содан кейін беттерді парақтау. Сол кезде сурет жанданады. Біздің білгеніміз, бұрында кинеограф деген зат болыпты. Ол қағаздардан тұрады, тігілген. Көрермен, тігілген дәптердіерекше түрде парақтап отырып, анимация эффектісін бақылайды.Кинеография- мультипликация тәсілінің бірі екен.

«Сиқырлы айналғыш»Екі бірдей қатты қағаз аламыз. Бір қатты қағазға бір суретті саламыз (аквариум), ал екіншісіне-басқа сурет саламыз (балықты) Екеуін жабыстырамыз, ортасынан қарындаш сиятындай орын қалдырамыз. Енді қарындашты аалақан арасына қойып,а лға-артқа жылдам айналдырсақ, екі сурет бір-біріне үйлесіп тұрады, сонда бізде аквариумдағы балық болып шығады.

Ал тордағы құс қарындашқа емес, екі жіпті екі жаққа жылдам айналдырса, олар бір сурет болып көрінеді.Бұл ойыншық 19 ғасырдың ортасында өте әйгілі болыпты.

«Мультиктер»Мұндай суреттерді біздің аналарымыз сыныптастарымен мектепьте жасапты. Есіңе түсіріп бізге айтып берді. Ол да анимация түрі. Қағаздың біреуіне кеменің суретін, екінші бетіне,мысалы түтіндеп келе жатқан кеменің суретін салады екен. Енді бірінші қағазды қарындашқа ораймыз да астыңғы суреттің үстінен алға-артқа жүргіземіз. Сол кезде кеме жүзіп жүргендей болады да оның мұржасынан түтін шығып жатқандай сезінесің. «Киноқұрылғы-диірмен»

Тағы да киноқұрылғы-диірмен жасап шығаруға болады екен. Ең алдымен пішіндер әзірлеп, желімдеу керек. Диірменнің ортасында-түрлі қозғалыстағы суреттер. Қаламды айналдырған кезде диірмен айналады да жақсы кино шығады.

Барлық тәсілдермен танысып, оларды істеп көргеннен кейін, біз жаңа заманауй түсірілім тәсілдеріне көштік. Ол үшін бізге мультфильм түсіру технологиясы туралы біліміміз жеткіліксіз болды, сондықтан ғаламтор желісінен мультфильмнің қандай түрлері болатыны жайлы анықтадық.

  • Мультфильмнің түрлері
Технологиялық үдеріс жағынан:
  • Құмды анимация- ол жеңіл ұнтақ (иленген құм,тұз,кофе) жіңішке етіп шыныға шашып шығады және араластырады, қозғалыстағы суретті көрсетеді (барлық іс-әрекеттер қолмен орындалады, кей-кезде қылқаламды қолдануға болады)
  • Ермексаз анимациясы-ермексаздан түрлі фигуралар жасау арқылы, әр кадр суреттерін жеке мүсіндеу арқылы орындалады


  • Қуыршақты анимация-көлемді анимация тәсілі. Ондай анимация жасау үшін қуыршақ-актерлар мен сахнаның сұлбасы қолданылады.
  • Компьютерлік анимация-кадрлар арнайы компьютерлік бағдарламалар арқылы жасалады.
  • Суретті анимация-мультипликация технологиясы, бір кадрға көрінетін қағаздарға кейіпкерлерді салып бір-бірінің үстіне қояды.


Мақсаты бойынша мульфильмдер
  • Дамытатын
  • Оқыту
  • Тәрбиелік
  • Танымдық
  • Ойын-сауық болады.


Шығару елі бойынша:
  • Ресейлік
  • Жапониялық
  • Франциялық
  • Американдық
  • Ағылшындық және басқа


Ұзақтығы бойынша
  • Қысқаметражды
  • Толықметражды


Жасына байланысты
  • Балаларға арналған
  • Ересектерге
  • Жас жеткіншектерге
        

ІІ Зерттеу бөлімі

2.1 Ауызша сауалнама нәтижелеріБалалар мен ересектер арасында сауалнама жүргіздік, қорытындысын диаграммаларда келтірдік. Гипотезаны тексеру үшін,бізді қызықтырған сұрақтарға жауап іздеп зерттей бастадық.Алдымен 4 сыныптардың оқушыларына сұрақ қойдық: -Сен мультфильм көресің бе? Сұралған 40 баланың ішінде барлығы мультфильм көреді екен

.

2 сұрағым: -Мультфильм қалай жасайтынын білесің бе? Балалардың 75 % білмейді екен. 25%    білеміз деп болжам айтты.   

3 сұрақ-Қай елдің мультфильмін көресің деген сұраққа 60 % балалар ресейлік, шетелдік деп жауап берді, тек қана 40 % балалар қазақ мультфильмдерін көреді екен 2.2 Тәжірибелер жүргізудің нәтижесі Құмды анимация

Қуыршақты анимация “Суретті жандандыру” “Пеленг” диапроекторы арқылы мультфильм көру Әрі қарай біз өзіміздің мультфильмімізді түсіруге кірістік. Қалай сиқыршы болуға болады?1 қадам: -Мультфильм әзірлемесін құрдық.
  • қадам: Суреттер салдық (кадрлар әзірледік)
  • Paint графикалық редакторын аштық
  • Сурет салдық (1 -2-3-4кадрды), еске сақтадым
  • 2-4 қадам жасап, ойлап тапқан әзірлемемізді аяқтадық та, сақтап қойдық
  • қадам: Мультикті жинақтау
  • PowerPoint бағдарламасын қостық
  • Мұқаба бетін әзірледік
  • Слайд қою командасын орындадым
  • Кадрлардың барлығын қойдым
  • Қорытынды слайдты безендірдік
  • қадам: Слайдтарды жүргізуді ұйымдастырдым
  • Слайдтардың ауысу жылдамдығын орнаттым (автоматты түрде-1 секунд)
  • Барлық слайдтарға қолдану өлшеміне қойдым
  • қадам: Мультфильмді көру
  • басынан бастап көрсету тарауын таңдап, орнаттым
  • қадам: Мультфильмді сақтап қойдым
Қорытынды: қызықты, бірақ өте қиын, үлкен дайындықты талап етеді.Осының бәрін орындауға бізге апайымыз көмектесті.

2.3 Өзімнің мультфильмімді жасап шығаруымЖасалған тәжірибелердің мақсаты- «Ағаштар неге ашуланды» Бердібек Соқпақбаевтің шығармасының желісі бойынша мультфильм құрастырып, шығару. Жасалған тәжірибенің нәтижесі бойынша қорытынды шығаруға болады, әркім сиқыршы бола алады. Өзіңнің қиялын мен шығармашылық қабілетіңді көрсете алса.Рөлдерде: Алмабек достарымен, ормандағы ағаштар.Суреттеме: адам айтса нанғысыз ғажап оқиға желісі, Алмабек отырғызған жас шыбықтарды күтпегені үшін, ағаштардың Алмабекті жазалауы, тәрбиелік мәні зор оқиға.



ІІІ Қорытынды Ия.... мультфильм түсіру сондай оңай жұмыс емес! Бір минуттық мультфильм түсіру үшін шамамен 200 кадр керек. Кейіпкерлердің қозғалысы жақсы, біркелкі болу үшін, 24 кадр секундына ауысу керек. Құрбым екеуіміз түсірген мультфильмімді сыныптастарымызға көрсеттік. Оларға қатты ұнады. Жұмыс үдерісінде түсінгеніміз, біздің болжамымыз расталмады. Мультфильм көру-өте қызықты және көңілді, ал оны түсіріп шығару- оңай емес. Енді біз білеміз, мультфильмнің не екенін! Мультфильм-бұл көп адамдардың тынымсыз еңбегі, шығармашылығы,уақыты және өте қызықты іс.Ұсыныс:Жобаны қорытындылай келгенде, келесі ұсыныстар жасаймыз:1. Барлық балаларға тек қана қазақ мультфильмдерін көруге насихаттау2. Әдебиеттік оқу пәнінде берілген шығармаларға мультфильм құрастыруға бағыт-бағдар беру, түрлі сайыстар ұйымдастыру “Кішкентай режиссер”, “Мен сиқыршымын ”3. Оқушыларға ақпараттық технологияларды үйрету, бастауыш сынып кабинеттеріне мультимедиа кабинеттерімен жабдықтаса



Пайдаланған әдебиеттер:

  • 1. Асенин С.  Волшебники экрана  - М., «Искусство», 1974. – 145с.
  • Гамбург Е., Пекарь В.. Художники ожившего рисунка, Союз кинематографистов СССР, 1984 г.
  • Саймон М. Как создать собственный мультфильм – НТ Пресс, 2006.- 337с.
  • Сайты в Интернете:
  • И.Вано «Рисованный фильм» (книга в Интернете):
    578тг - Сатып алу
    Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
    Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!