Материалдар / Мынау аппақ дүние
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мынау аппақ дүние

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп сахнасына лайықталған қойылым
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Мамыр 2021
236
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мынау аппақ дүние 1 бет

Кейіпкерлері:

Автор- Әдемі

Нұрлан-Темірлан – Жасөспірім бозбала. 16 жаста.

Луиза Айғаным -неміс қызы. Ауылға келген агроном.

Қожақ- Ақиқат – шофер жігіт. Жасы жиырма бесте.

Әкім Ертай- Нұрланның әкесі.

Сандуғаш - Шынар - Нұрланның анасы.

Анна Салтанат- орыс кемпір. Нұрланның кіндік шешесі.

Төраға Дарын Егде тартқан кісі.


Нұрланның үйі. 1-көрініс. (Шаш қойысы да, киім киісі де ерекше, жас шамасы қырық пен елудің арасындағы ер кісіні көреміз. Бұл – алдағы оқиғаны көрермендерге өз аузымен баяндайтын автор.)

Автор: соғыс аяқталғалы он шақты жыл өткен. Бірінші май мерекесі жаңа бітіп, ауыл тұрғындары енді екінші мерекеге яғни, Жеңіс күнін тойлауға дайындалып жатқан шақ еді... Тым-тырыс жатқан ауылдың тыныштығын бұзған – шыбық мініп шаңдатып, шапқылап өтіп бара жатқан қара бала болады.

Бала: Неміс келе жатыр! Неміс келе жатыр! Неміс келе жатыр!

(бала құйғытып өте шығады... дауыс әлі естіліп тұр. Сахнада Нұрланның үйі.)

Шешесі: ауылға агроном қыз келді. Күнбағыс өсіреді екен... Анна апаның үйінде квартирде тұратын болды.

Әкесі: Неміс қызы екені рас па екен?

Шешесі: Рас көрінеді. Атын айтып еді, қиын екен, есімде қалмады. Ауылдың адамдары байғұсты өлтіріп қоя жаздады. Әрең арашалап алдым.

Әкесі: әңгімелесіп көрдің бе?

Шешесі: қайдағы әңгімелескен... Қазақша бідмейді. Анна кемпірдің айтуы бойынша, оңды қыз көрінеді. Е-е-е, есіме енді түсті. Аты – Лиза.

Әкесі: Лиза емес, Луиза шығар...

Нұрлан: Қашан келді?

Шешесі: Әлгінде түс қайта келген.

Нұрлан: Мен барып көріп қайтсам қайтеді?

Шешесі: Жол соғып шаршап келдің, тұштаңдамай демалсаңшы. Таң ата қайта тұрасың, әкеңнің атқа мініп мал қайырар шамасы жоқ.

Әкесі: Барсын...

Шешесі: Бармайды! (пауза). Ол қыз ешқайда қашпайды. Бір сәті түскенде көрерсің. Қарағайдай мүйізі, сайтандыкіндей құйрығы жоқ. Маруса секілді, ақсары, көккөз қыз. Шашы керемет екен. Аппақ боп иығына төгіліп жатыр, көздің жауын алады. (музыка). Өзі сенен әлдеқайда үлкен. Жиырмадан асып қалған-ау, сірә...

(Осы кезде Анна апа кіреді)

Шешесі:ААА, Анна кір, төрлет, жоғары шық. Үй ішің аман есен бе? Квәртерант қыз кіргізіпсің ғой, қызың пысық па екен?

Анна апа: Шүкір. Жаман емес... Әр нәрседен хабары бар.

Әкесі: өзі қай жақтың немісі екен, сұрай алдыңдар ма?

Анна апа: Волга бойынан көрінеді. Ата-бабасы сонау Петр патшаның тұсында жер ауып келіпті.

Әкесі: тіпті ертеде келген екен ғой. Ана тілін біле ме?

Анна апа: Ойбой, ерні-ерніне жұқпай сайрап тұр. Бұлар ана тілін өлсе ұмытушы ма еді...

Шешесі: жерсініп кетсе жақсы. Атқа да дұрыстап міне алмайды. Қашып кетпесе бопты, әйтеуір... Басы жас, байға тиіп, бала табуы керек. Біздің итшілеген тұрмысымызға шыдай алмас.

Анна апа: өзінің де түпкілікті қоныс теуіп қалар ойы жоқ-ау деймн. Әкесі Ұлы Отан соғысында фашистердің қолынан қаза тауыпты. Анасы мен екі ағасы Волга бойындағы бір қалада тұрады екен. Техникум жолдаманы осы жаққа берген көрінеді. «Срогым бір жылда бітеді, содан соң елге қайтам» дейді...

Шешесі: Кім біледі, ел көзіне күйік болмай, есі барда елін тапқаны да дұрыс шығар.

2 бет

Кеңседе. 2- көрініс: (Тоғызыншы май мерекесіне дайындалып безендірілген ауыл клубы. Клуб дегеніміз ертеректе салынған жатаған ескі үй. Астын тақтайлап, төріне сахна орнатып әдемілеп әктеген соң даңғарадай мәдениет ошағы болып шыға келген. Жұрт түгел жиылған соң ауыл ағасы сөз бастады.)

Төраға: Немістерді күл-талқан етіп, қорқауларды өз ұясында талқандаған Ұлы Жеңіс күніне арналған салтанатты жиналысымызды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер! Біздің соғысқанымыз немістер емес, неміс басқыншылары, яғни Гитлер бастаған фашистер болатын.

(Осы сәтте клубтың ойбайлап ашылатын есігі енді ғана орнаған тыныштықты бұзды. Мінбеде тұрған уәкілден бастап, жиналғандардың барлығы адамға тән әуестікпен есікке жалт қарасқан. Келген – агроном қыз екен... Нұрлан оны танымады.)

Нұрлан: (сыбырлап) Бұл кім?

Қожақ: Қайтесің оны... Коза немецкая! Жаудың тұқымы! (жұрт сыбыр-күбір сөзге көшіп, есік жаққа елеңдей бастаған...)

Төраға: Жолдастар, тынышталыңыздар! (агроном қызға) Проходите, пожалуйста, садитесь... Әй, жігіттер! Біреуің орын беріңдер!

Луиза: Ничего... Я могу постоять. (пауза)

Төраға: Жолдастар! Неміс-фашист басқыншыларын талқандап, Жеңіс туын желбіерткенімізге, мінеки, Он жыл толып отыр! (отырған жұрт тағы да агроном қызға қарады). Бұл Жеңіс бізге оңайға түскен жоқ, жолдастар! 20 миллионнан астам Совет халқы қырылды. Мыңдаған әйел жесір, мыңдаған бала жетім қалды. Украинаның, Белоруссияның қалалары мен селолары талқандалды... (Кенет арт жақтан бір айқай естіледі).

Қожақ: Олай болса, агроном қызды тірідей отқа қақтамай неғып отырмыз?! Қырып-жойып, қиратып-бүлдірген жаудың қызын осылай ауылымызда тайраңдап жүргізіп қоямыз ба?

(Агроном қыз есікті ақырын жауып шығып кетеді... Дүрліккен жұрт әрең дегенде тынышталып, клубта кино басталған. Көпшіліктің назары экранға ауғанда Нұрлан да сыртқа қарай беттеді...)


Аннаның үйі. 3-көрініс

Автор: Нұрланның өміріне ұлы өзгеріс кірді. Бұрынғы бұйығылық жоқ. Бүкіл дүние аппақ... бейне бір ән салып тұрғандай тамылжиды. Тек кіндік шешесінің үйіне әлі аяғын аттап басқан жоқ. Исі бұрқыраған ыстық борщты, аялы алақан, қамқор сөзді қанша сағынғанымен жүрегі дауаламады. Белгісіз бір сезім буынын алып, аяғын тұсап, олай қарай аттап бастырмайды. Елу жылдай жымдасып, айырылмастай қоныс тепкен екі үйдің ортасына алынбас биік қамал орнағандай. Нұрланның ендігі қолынан келер бар амалы – қос жанарын дүрбі қылып, жалықпай телміре қарай беру, агроном қыздың әрбір кірген-шыққанын қалт жібермей аңду, онымен ойша сөйлесу...


Анна: Ау, Нұрланжан, неғып тұрсың, балам? Біздің үйге жолағанды қойдың ғой, өкпелеп жүрсің бе? Жүр үйге, бейуақытта далада тұра ма кісі деген... мен сені қызыммен таныстырайын. Төрге шық, қысылма. (агроном қызға) Познакомься, этому парно я крестная мать. Его зовут – Нурлан.

Нұрлан: А?

Анна: Сендерді таныстырып жатырмын...

Луиза: Луиза. (пауза. Сиыр мөңіреді. Анна шелек алып, сыртқа шығады.)

В каком классе учишься?

(Нұрланның тілі жетпей отырғанын ұққан қыз алдымен сегіз, содан соң тоғыз саусағын көрсетіп ымдап еді, Нұрлан он саусағын тарбайтып «жауап қатты». Қыз күлді. Нұрлан да күлді. Осылай арадағы темір тордың бір шеті ептеп сөгілгендей болған. Үнсіздік... Орысша көп сөз айтты. Нұрлан кейбіреуін ұқты, кейбіреуін ұқпады. Жауаптасуға тіл құрғыры жетпейді. Осы бір ауыр да қымбат минуттарды бастан кешіп отырғанда сиырын сауып болып, Анна апасы да үйге кірді.)

Анна апа: Туу, ұлым-ау, неге шам жақпағансың? Үйдің іші қараңғы ғой... сен бұл қыздан ұялма. Өзіңнен ары кетсе үш-төрт жас үлкендігі бар. Келсін-келмесін орысшалап, белінен бір басып сөйлей бер. Ертең-ақ үйреніп кетесің...


3 бет

Луиза: Ты научишь меня ездить верхом? Хочу посмотреть на поля где растет подсолнух, но добраться можно только верхом.


Анна апа: Луиза саған, атқа мінуді үйретсінші дейді... Күнбағыс егілген даланы аралап көргісі келеді екен, тек ол жаққа атқа мініп бармасаң, жету қиын ғой.

Луиза: И так мы договрились. Утром я тебя жду. Научишь ездить верхом. Хорошо? (Нұрлан басын изеді)

Далада. 4-көрініс. Нұрлан мен Луизаның қыдырып жүр.

Автор: Неміс қызы расында да атқа мінуді білмейді екен. Нұрлан үйрете алмай көп әуреленді. Сан рет құшақтап атқа мінгізді, сан рет қолтықтап аттан түсірді. Екеуінің алдынан Қожақ шықты.

Қожақ: қатының қайырлы болсын! Немене мектепті бітірмей жатып үйленгелі жүрмісің? Жаудың қызынан әйел алсаң, жетісерсің. (қайтадан ұзап кетеді)

Луиза: Давай познокомимся

Қожақ: Кет! Кет дедім ғой мен саған! Мен сен секілді фашист жауыздармен таныспаймын. Мазамды алма!

Луиза: Зачем ты так говоришь? Я тебе не враг. Я подружиться хочу

Қожақ: Ха-ха, я тебе не враг дейді ғой, враг болмасаң әкем қайда? Менің әкем қайда? Ол Панфилов дивизиясында танкист болған! Ә, үндемейсің ә? Отан қорғау жолында сен өлтірдің оны, ол аздай үлкен ағатайым мен кіші ағатайым, әкемнің екі інісі, шешемнің бауырын қоса өлтірдің. Почему именно солар қаза табады, а? Бригадир Иса қалай тірі оралды. Сен враг болмасаң мәшинеммен барып, әкемнің сүйегін әкеліп бер Түсінікті ме? Кет! Кет дедім ғой саған! Я тебя ненавижу! Ты! Именно ты во всем виновата! А ну-уа скажи, недобитый фашист, кто убил моего отца?! Әй әкімнің баласы, немістің жаудың қызымен дос болсаң жетіскен екенсің


Луиза: Зачем он так говорить, в чем моя вина? (Жылайды) Кто это?


Нұрлан: Жылама Луиза, сенің еш кінәң жоқ, бұл Қожақ. Біздің ауылдағы жалғыз шопыр осы. Өзі тұл жетім. Туыстарының бәрін соғыс жалмады. Ал шешесі Бұқтырманың ар жағынан ат шанамен шөп тасып жүріп, мұз ойылып кетіп, суға ағып өлген. Өзі бір алыстан қосылатын аталас ағайынның қолында тұрады. Жасы болса, жиырма беске келді. Әлі үйленген жоқ. Ешкіммен ашылып сөйлеспейді. Тіпті жігіттік жасап қыдыруды да білмейді. Ойын-сауыққа да зауықсыз. Үлкендер мұны «бала кезінен оспадар, тентек» деседі... Соғыс кезінде осы ауылдағы тамам баланың асығын жинап алып: «майданға көмек» деп Бұқтырмаға ағызып жіберіпті. (пауза) Шешесі мұздың астына кіріп кетіп, бүкіл ел-жұрт іздеп таба алмаған соң, қозы-көш жердің мұзын балтамен ойып шыққан да өзі екен. Анасының көк сіреу мұз боп қатып қалған денесін тауып, қол шанаға салып үйіне сүйреп әкелген тағы өзі екен. Содан бері қаны бұзылды дейді ғой...

Луиза: Жалко. Он грубый, но красивый парень...


Аннаның үйі. 5- көрініс.

(Ертеңінде де дәл осы күйді кешті. Көше кезіп жүріп-жүріп бір уақытта кіндік шешесінің үйіне қалай барып қалғанын аңғармады. Абырой болғанда Анна апасы жалғыз екен. Агроном қызды жұмыс бабымен аудан орталығына шақыртыпты. Енді аз уақыттан соң күнбағысты орып, сүрлемге салу науқаны басталмақ. Жалғыз өзі елегізіп отырған Анна апасы Нұрлан кіріп келгенде қатты қуанды.)

Анна апа: Нұрлан-ау... Осы сен соңғы кезде өзгеріп барасың.

Нұрлан: Мен қазір бұрынғыдай емес, есейдім ғой.

Анна апа: Мүмкін солай шығар. Әйтеуір, бұрынғыдай емес, тұйықсың. Мінезің де ауыр. Бір үлкен жаңалық ашқалы жүрген секілдісің, біздің үйге де сирек келетін болдың.

Нұрлан: Мен сол үлкен жаңалықты әлдеқашан ашып қойғанмын, апа. Бірақ, ол өзіме емес, басқаға бұйыратындай...

Анна апа: Жұмбақтап сөйлейтін болыпсың. Ақылыңның толысқаны-ау...

Нұрлан: Ақылым толысқан жоқ, ауысқан секілді.

Анна апа: (шошып) Неге?

Нұрлан: Айта алмаймын, апа. Бұл дүниеге кеш келгеніме өкінем.

4 бет

Анна апа: Енді бір жиырма жылдан соң ерте келгеніңе өкінесің, балам.

Нұрлан: Бірақ, маған жиырма жылдан кейінгі емес, дәл қазіргі өмірім, қазіргі жасым керек боп тұр ғой.

Анна апа: Мен ептеп сезем... Сен біреуге ғашықсың. Солай ма? Менен сырыңды жасырмаушы едің ғой. Агроном қызды ұнатып қалған жоқсың ба осы сен? (Нұрлан басын изеді...) Біліп едім, біліп едім, құлыным. Маған сенің осы тазалығың, өтірік айтпайтын, өтірік күлмейтін, өтірік жыламайтын пәктігің ұнайды. Ендеше, сен өтірік сүйе де алмайсың. Тек ондай мінезбен өмір сүру қиын болады-ау... Бұл жалғанға аз-маз өтірік те керек-ақ... Әлі есімде, «кіндік апа, шоландағы вареньеңді жеп келдім» деп, жағал-жағал аузыңды көйлегімнің етегіне сүртуші едің. Енді міне... менен де алыстап бара жатқан секілдісің. Жақсы көретін адамың өзгерді. Жігіт болдың. Маған сенің сол балалық шағың қымбат еді. Сондықтан да мен үшін мәңгі сәби боп қаласың.

Нұрлан: Ал сіз маған мәңгі апа боласыз.

(Қария бұрышта тұрған иконға барып, шоқынды... Нұрлан Анна апасының осы бұрыштағы суретке не себептен табынып, шоқынатынын білмейтін...

«Әркімнің өз құдайы бар шығар, менің ендігі табынатын тәңірім – Луиза. Бұрышқа соның суретін қоям» деп ойлады... Бөлмені тағы үнсіздік басты. Нұрлан қайтуға оқталған.)

Анна апа: Қайда асықтың? (пауза) Жүрегіңді жараламай-ақ қояйын деп едім, бірақ айтпасам алдағандай боламын ғой. Луиза сенен төрт-бес жас үлкен және ол Қожақты ұнататын секілді. «Сол жігітті қайткен күнде де өмірге қайта алып келу керек» дейді...

Нұрлан: Ол өлген жоқ, тірі секілді еді ғой!

(Ол осы сөзді айтты да, далаға қарай тұра жүгірді...
Келесі көрініс. Күнбағыс егілген алқап маңында отырған Нұрланды көреміз.)


Нұрлан: Мүмкін емес... Мүмкін емес... Луизаның Қожақты сүйетіні жалған. Анна апа менің көңілімді қалдыру үшін әдейі айтты. Сол орыстың жаман кемпіріне жолап нем бар еді... Аузынан арақ пен шылым арылмайтын май сасыған кір-кір Қожақ Луизаның теңі ме?! Жоқ, ол оған пысқырып та қарамайды. Луиза мені жақсы көреді. Маған әнеугүні күліп қараған. Менімен бірге жидек терген. Мен оған атқа мінуді үйреттім. Мені бөтен санамай, менен еш қысылмай суға да түсті ғой. Менімен киноға да барды. Тіпті, күні кеше ғана қолымнан ұстап: «ән айтшы, маған сендердің әндерің ұнайды» деп, тесіле қараған жоқ па еді? Бірақ... «Сенің түрің Қожаққа өте ұқсайды» деп күрсініп еді-ау. Қалай ғана сезбегенмін, сонда ол... Мен арқылы Қожақты көрген екен ғой... (пауза) Жоқ! Жоқ! Жоқ! Луиза мені ғана сүйеді! (пауза) Әттең, дүниедегі асыл адамдарды жерге дән қылып сеуіп, мына күнбағыс секілді көбейтіп алса ғой, шіркін... Бәрімізге де жетер еді-ау...

Автор: Міне, осымен 1955 жылдың жазында болған оқиғаны аяқтаймын. Содан кейін не болды дейсіздер ғой... содан соң бұл ауылда пәлендей өзгеріс, не жаңалық болған жоқ. Неміс қызы тәуірленіп, әл жинаған соң Шыңғыстайдан мәңгілікке кеткен... Колхозшылар: «әйтеуір бір күні қайтып оралатын шығар»,- деп дәмеленіп жүр. Соғыстан қалған жарақаты жазылмаған Әкім дүние салды. Оның ұлы Нұрлан үш жыл әскерде болып, туған ауылына қайтып оралды.

Нұрлан: Бұл да маған тағдырдың берген сыйы болар. Бірақ... оның Луизаның маған деген сезімі жоқ. Одан кіші болғандықтан болар, ол мені өзіне бауыр санады. Оған да тәубә. Анау Қожақтың қаншама артықшылығы бар екен... Фашист, фашист – деп байғұс қыздың әбден мазасын алды. Неміс біткеннің бәрі фашист емес қой....... солай емес пе? (халыққа қарап)

Сезім шіркінге тоқтау салар бар ма жан?.. Луиза, Луиза... күндіз есімнен, түнде түсімнен кетпедің, қолдан келер шара бар ма? Менің ендігі тілегім сен бақытты бол... Мүмкін, ол да дұрыс шығар, ғашықтық сезіміне мен енді мәңгі маспын...

Иә, мен адам баласында болатын «Ғашықтық» атты сезімді басымнан кештім, сенің сезіміңдей ақ, жаныңдай таза, мөлдір – «Мынау аппақ дүние»?!. Сол бақытты маған бергеніңе рахмет!.. (Рахмет....... екі қолымен басын ұстап айқайлайды, айналып, Шыңғыстайдың тауы қоса жаңғырады.)








ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ  ЖӘНЕ  ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«ОРАЛХАН БӨКЕЙ АТЫНДАҒЫ № 44 ЛИЦЕЙІ» КММ










«Оралхантану» үйірмесі жұмысы

Театрландырылған қойылым

Оралхан Бөкей «Мынау аппақ дүние»




578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!