Материалдар / "Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ" тәрбие сағаты
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ" тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлыгына пайдалануга арналган
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
706
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабықтың тақырыбы: Мың бір мақал жүз бір жұмбақСабақтың мақсаты: Оқушыларды халықтық мақал-мәтелдерді, жұмбақтардың мағынасын түсіндіруге, қазақ тілінің мәртебесін көтеруге, тез ойланып жауаптарын тиянақты жүйелі айта алуға, топ алдында еркін сөйлеуге үйрету. Бүгін жастарды ертеңгі еңбекқор, жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеу.Сайыс үш бөлімнен тұрады:1.Мақалшылар сайыс2.Көрермендер көрімдігі3.Жұмбақшылар сайысы Құрметті ұстаздар және қонақтар, бүгінгі өткелі отырған «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» деп аталатын 7 класс оқушылары арасында өткізілгелі тұрған сайысымызға қош келдіңіздер.Ән:Орындайтын:

Ел аузында көбінесе сөйлеу тілінде қолданылатын сөздердің мазмұнды саласы мақал-мәтелдер. Мақал-мәтелдер сан ғасырлар халықпен бірге өмір сүріп келе жатқан қастерлі қазына. Мақал-мәтелдер заман сынынан өткен керегіне жараған, өміріне өнеге болган. Ақ пен қараны ажырататын әділ таразы-айнымас заң, бүкіл өмірінің сан қырлы сараман ережесі болған. Мақал-мәтелдер айтылмайтын, сөз болмайтын өмір саласы жоқ. Ол өмір күресінде, жасау жолында туған адам баласының қарым-қатынас, әдеп-ғұрып, салт-сана, тәлім-тәрбие, бір сөзбен айтқанда: тұтас адамгершілік қағидаларының дастаны тәрізді.

Мақалшылар сайысымызды бастаймыз.1.2.3.

Әділ қазылар арқасымен таныстыру.Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Мустафина Мереут Сатыбалдықызы Бисенова Аягөз Қанатқызы

1 кезең бойынша Мен мақалшының алғашқы жолын айтамын, сіздер жалғасын тауып айтуларыңыз керек. Әрбір мақалға 10 ұпай1.Ақ шашты ана: «жастығым- балам» дейді 7.Ананың ізін қыз басар /Ақылды бала: «ай-күнім-анам» дейді /Атаның ізін ұл басар/2. Алып анадан туады 8.Анаңа ауыр сөз айтпа /Ат белден туады/ /Атаңа ауыр жүк артпа/3.Ана алдында құрмет 9.Ана сүті бой өсірер /Ата алдында қызмет/ Ана тілі ой өсірер4.Анадан өнеге көрмеген қыз жаман 10. Анасын көріп қызын ал/Атадан тағылым алмаған ұл жаман/ /Аяғын көріп асын іш/ 5.Ананың ойы ұяда 11.Баланың білегі ауырса/Баланың ойы қияда/ /Ананың жүрегі ауырады/6. Ананың сүті-бал 12. Ана алақанының аясы/Баланың тілі-бал/ /Ақ шынардың саясы/Ұпайын аз ойыншы ойыннан шығады. Екі ойыншы қалады. Бір бірімен ойынды жалғастырады.



2 кезең Ұпайы аз ойыншы мақал мәтелді бастайды, сол мақал мәтелден бір сөзді таңдап алап, мақал құрайды.Мысалы: Анасын сүйгеннің баласын сүй /мақал/ Балалы үйдің ұрлығы жатпас /құрастырушы/

Ұпайы аз ойыншы ойыннан шығады. Бір ойыншы қалады. Ол мақалшы болады.

Көрермендер көрімдігі: Бала туаралы Әке туралы Қыз туралы

Мәнерлеп оқу: Қадыр Мырза Әли «Ана»Оқитын: Мақсот Гүлназ

Жұмбақтар ауыз әдебиетінің ертеде келе жатқан түрі.Жұмбақ адамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының шамасын білдіреді. Жұмбақтар тапқырлықты, білімділікті талап етеді.

Жұмбақшыларды ортаға шақырамыз.1.2.3.

1 кезең Жұмбақ асырамын, сіздер шешуін табасыздар. Дұрыс жауапқа 10 ұпай.1.Кішкене ғана тостаған 7.Аласа ғана бойы барЖер дүниені бастаған /көз/ Айналдырып киген тоны бар /қой/2.Тілі жоқ өзінде 8.Аспанға ұшар бу болыпСөзі бар өзінде /қаламсап/ Жерге қайтар су болып /бұрт/3.Көзіне саусақ саласың 9.Жазда да, қыста даЖырақтан хабар аласың /телефон/ Өзгермейтін бір түсте /шырша/4.Кеудесі толған күш 10.Қос көмекшім-жарғақТабаны толған тіс /трактор/ Бірге өзіммен әр уақ..... /құлақ/5.Жайлы, жұмсақ төсегім 11.Күндіз шайқасадыКүз түскенше желінбейді Түнде айқасады /кірпік/Қабат-қабат тоным бар 12. Бар ма, жоқ па, оны анық білмейсіңҚалай оны шешемін /капуста/ Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің /ауа/ 6.Бар екен бір мақұлық шағын ғанаМекені күндіз оның биік жардаҰшпайды ол мақұлық күндіз тіпті Ұшады кешке таман күн батқанда /жарқанат/
1.Мен жүгірсем, ол да жүгіреді 3.Ашылып жабыладыМен мүдірсем, ол да мүдіреді /көлеңке/ Әр үйден табылады /есік/
2.Жарқ етсе сабау қамшы 4.Сырты жасыл, қап-қаттыНөсерлетіп жауар тамшы /найзағай/ Іші қып-қызыл, тәп-тәтті /қарбыз/


2 Қалған екі ойыншы өздерінің дайындап келген жұмбақтарын кезекпен оқиды. Дұрыс жауапқа 10 ұпай



Ортаға мақалшы -------------------------------------------------------- жұмбақшы ----------------------------------------------------- шақырамыз.

3 кезең Жұмбақшыға жұмбақ жасырамын, сол жұмбақтың жауабына мақалшы мақал құрастырады.
  • Көбелек болып келеді /Қыстағы қар-жерге ырыс
Көл-көсір болып кетеді /қар/ Жердегі ылғал –елге ырыс/
  • Ағайыны жоқ, айтары көп /Кітап-ғылым-тілсіз мұғалім/
Айтқанынан қайтары жоқ /кітап/ Кітап алтын сандық: іші толған қазына құт
  • Жұрттың бәрі сүйеді /Алпыс күнде тасыған су
Бірақ қарай алмайды /күн/ Алты күнде қайтар/
  • Көктемде ақ гүлге оранады /Шірік алмаға шіркей де қонбайды/
Күзде қолға доп болып оралады /алма/ /Алма піс, аузыма түс/

Жеңімпаз анықталады. Әділ-қазыларға сөз беріледі.

Слайды тамашалау: «Күнімде Ана!!!»

Қортындылау:

Демеңіз біз өнерді аяп келдіУақыт біраз жерге таяп қалдыКөріскенше хош сау болып тұрыңыздар «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» аяқталды
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!