Материалдар / «Музыкадағы динамикалық күш ерекшеліктерін көрсететін белгілер»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Музыкадағы динамикалық күш ерекшеліктерін көрсететін белгілер»

Материал туралы қысқаша түсінік
Динамикалық күш ерекшеліктерін айырып, шығармада қолдана білу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Ақпан 2018
817
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



ОҚО Түркістан қаласы саз өнер мектебі





Ашық сабақ





Тақырыбы: «Музыкадағы динамикалық күш ерекшеліктерін көрсететін белгілер»











Сынып: 4 Дайындаған: Қолдасбекова А















2017-2018 оқу жылы



«Музыкадағы динамикалық күш ерекшеліктерін көрсететін белгілер»Пән аты : ОркестрСыныбы : 6Сабақтың мақсаты :Білімділігі : Динамикалық күш ерекшеліктерін айырып, шығармада қолдана білу.Тәрбиелігі : Оқушылардың халық музыка аспаптарына деген сүйіспеншілік сезімін арттыру, қазақ музыка өнерін құрметтеуге, адамгершілікке, ұлттық музыканы қадірлей білуге тәрбиелеу.Дамытушылығы : Оқушылардың саз аспаптарының үндерін тыңдау арқылы әуендік сезімталдығын, тыңдау, қиялдау қабілетін дамыту.Сабақтың түрі: Ашық сабақСабақтың әдісі: а) теориялық б) практикалықСабаққа қажетті көрнекіліктер : сазды аспаптар, плакаттар, карточкалар .Сабақ жоспары :
  • Ұйымдастыру
  • Үй тапсырмасын тексеру
  • Жаңа сабақ
а) теориялық б) практикалық
  • Сергіту сәті
  • Қорытындылау
  • Үй тапсырмасы
  • Бағалау
Сабақтың жүрісі1.ҰйымдастыруЖурнал бойынша оқушыларды түгендеу, оқу құралын тексеру.2.Үй тапсырмасы«Кеңес» күйінің оқушылармен анализ жасап, күйді соңына дейін толық ойнату. Қателерімен жұмыс жасау.

3. Жаңа сабақа) теориялық Динамика (гр:dinamikos - күшейту) – дыбыс күшін азайту немесе арттыру дәрежесі. Шығарманың мазмұны мен табиғи болмысы, орындаушылық ерекшеліктері мен дыбысты күшейту немесе азайту дәрежесі динамика белгілері арқылы көрсетіледі. Динамикалық белгілер орындау мағынасын білдіретін итальян сөздерінің бас әрпімен (кейде арнайы белгілермен де) белгіленеді.(плакатпен жұмыс жасау)

Айтылуы жазылуы мағынасы
Форте FҚатты,күшті
Пиано pАқырын,жәй
Меццо-форте mfОрташа күшпен
Меццо-пиано mpАқырын
Фортиссимо ffӨте күшті,қатты
Пианиссимо ppӨте ақырын,жәй
Крещендо Бірте-бірте күшейте
Деминуэндо

Бірте-бірте жайлата




б)практикалықЖаңадан шығарылған Х.Тастановтың «Би» күйін талдап,динамикалық белгілерді қолданып көреміз. Күй ¾ өлшемінде жазылған. Екпіні – жылдам,көңілді.Күйдің 1-цифрға дейінгі 4 тактісін пайдалана отырып f , p , , белгілерін түсіндіру,аспапта ойнату керек. Аспапта динамикалық белгілерді қолдануды оқушы түсінгенде күйді ары қарай динамикалық белгілерін қолдана отырып ойнау керек.















4.Сергіту сәті.«Бұл қай аспап» ойынын қолданамын. Әр аспапқа байланысты жұмбақтар жасырамын.Жауапты тапқан оқушы сол аспапты көрсетіп , таныстырады.

Жұмбақтар:
Сызылған үні , сүйкімді тілі ,Үрлесең ойнайтын,аспаптың түрі (Сыбызғы)Жан дүниеңді тербетеді толқытып,Бұл аспаптың естігенде саз үнінҚорқыт бабам тіл бітірген, қай аспапБұл әрине,қасиетті ........(қобызым)
Тілшікті аспап,қобыздай асқақ,Ерекше үні бар,бұл қай аспап(Шаңқобыз)Саз әлемін тербетер, ойыңды да сергітерДомбыраға ұқсайтын,қызық аспап(шертер)
Екі ішекке бір тиекті қондыраОйнаймыз біз қолымызды талдыраБілсең егер айтыңдаршы балаларБұл қай аспап?Бұл әрине.......(Домбыра)Әуені қандай тамашаТаң қалдырар бар жанды-айТабиғаттың сазындай Ғажайып аспап .........(сазсырнай)
Асықтары шашылады бетінен,Түзетеміз асықтарды шетіненБілсең егер айтыңдаршы балаларБұл қай аспап?Бұл әрине .......(Жетіген)Ұрасың оны,соғасыңЖиналып мұнда қаласыңЕстіледі жаңғыра Ғажайып аспап ........(даңғыра)
5. ҚорытындылауДинамикалық белгілер туралы балалардан қысқаша сұрап, сабақ қорытындылауға көшемін. Сабақты қорытындылау үшін «Сөздерді құрастыр» ойынын пайдаланамын. Оқушыларды екі топқа бөліп,шашырап жатқан әріптерден сөз құрастыру керек. Шыққан сөзге мағлұмат берулері керек. Әріптерді құрастырғанда бір топқа «оркестр», екінші топқа «динамика» сөздері шығады.Топтар мына сұрақтарға бір-бірін толықтыра отырып жауап беру керек.
  • «Оркестр» деген сөзді түсіндір. Оған енетін аспаптарды ата.
  • «Динамика» деген не? Динамикалық белгілерді ата.
Осылайша өткен тақырып та, жаңа тақырып та сұралады.6. Үйге тапсырмаТақырыпты оқу.Динамикалық белгілерді жаттау. «Кеңес» күйін динамикалық белгілерін сақтай отырып ойнап келу. «Би» күйін нота бойынша ойнау.7.БағалауОқушы белсенділігіне,білімділігіне, тапқырлығына қарай бағалау.
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!