Материалдар / "Музыкалық аспаптар" атты тіл мерекесінің сценарийі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Музыкалық аспаптар" атты тіл мерекесінің сценарийі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабакшадагы тіл кемістігі бар балаларга арналган мерекелік сценарий.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қараша 2018
625
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Саз әуені естіліп, залға саз жетекшісі кіреді.Саз жетекшісі: Армысыздар әлеумет кеш қонағы,Бүгін бізде тіл мерекесі аса мәнді.Қуанып зер салайық ей халайық,Балаларды қошаметтеп қарсы алайық.Осы кезде балалар музыка әуенімен залға кіреді.Саз жетекшісі:Амандасу үлкенге,Тәрбиенің басы ғой.Ал, қанекей бәріміз,Сәлем, дейік үлкенге.Балалар: Сәлеметсіздер ме қонақтар!Саз жетекшісі: Балалар көңіл күйлерің қалай?Балалардың жауабыЖүргізуші: Тіл мерекесіне қош келдіңдер! Ән мен күйді төгілтіп, Інжу-маржан шашайық. Қонақтарға әдемі Әннен шашу шашайық. Құрметті қонақтар, ендігі орындалар әдемі әнді балаларыңыздың орындауында қабыл алыңыздарӘн: «Мен кішкентай баламын»Ән аяқтала залға пошташы есік қағып, кіреді.Пошташы: Сәлеметсіздер ме! Сәлеметсіңдер ме балалар! Бұл № 4 Балдәурен ясли бақшасы ма? Саз жетекшісі: Қош келдіңіз.Төрлетіңіз! Иә, бұл дәл Балдәурен ясли бақшасының өзі. Қандай жұмыспен келдіңіз?Пошташы: Мені таныған боларсыздар, мен пошташымын. Мен жай келген жоқпын, мына қобдишаны алып келдім.Мінекейіңіз, - деп саз жетекшісіне табыстайды.Ал, балалар мен қайтайын.Менің де жұмысым өте көп, тарататын хаттарым да бар.Сау болыңыздар деп шығып кетеді.Саз жетекшісі: Жолыңыз болсын! Сау болыңыз. Балалар, қараңдаршы пошташы бізге қобдиша әкеліп берді. Өзі әдемі, ерекше қобдишаға ұқсайды. Қане, тез ашып көрейікші ішінде не барын – деп қобдишаны ашпақшы болады. Бірақ, қобдиша ашылмайды.Ой, балалар мына қобдиша ашылмайды ғой, кілті қайда екен деп,- айналдыра қарай бастайды.Осы кезде қобдииша сөйлей жөнеледі.Қобдиша: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен сыйқырлы қобдишамын.Ертегілер елінен келдім.Мені ашу үшін, менің әуенді жұмбақтарымды шешулерің керек.Жұмбақтарымды шешсеңдер ғана ашыламын.Ал, енді мұқият болыңдар! Жұмбақтар:
  • Қамыс, қурай ағаштан,
Түтікше болып ысылған.Үрмелі де ойықты,Қандай аспап сызылған? (Сыбызғы) 2. Бас, құлақ мойны бар, Үп – үлкен шанағы бар. Ысқышпен ысылғанда, Әндетіп шығар әні бар. (Қобыз) 3. Ел қорғайтын ерлікке, Әуенімен шақырған. Батылдыққа, ерлікке, Әуенімен шақырған. (Дауылпаз) 4. Ұзын мойын, екі ішек, Қатар – қатар тепкішек. Басып қалсаң бір – бірлеп, Күй шығады күмбірлеп. (Домбыра)Қобдиша: Ой, жарайсыңдар балалар, жұмбақтардың да жауабын шеше білдіңдер.Ал, енді қобдишаны ашуларыңа болады.Саз жетекшісі: Қобдишаны ашады,сол кезде күй ойнай жөнеледі.Міне, балалар қобдишаны да аштық ал енді оның ішінде не барын көрейік.Қобдишаның ішінен аспаптардың суреттерін алып шығады да. Қараңдар, бізге ертегілер елінен көптеген аспаптардың суреттерін беріп жіберіпті. Бұл аспаптардың қаншалықты атауларын атап, ажырата білетінімізді байқау үшін берген болар. Ендеше, іске сәт. Аспаптарды сипаттап көрейік.(Сыбызғы, қобыз, дауылпаз, скирипка, гитара,) суреттері берілген.Балалар аспаптарды сипаттап айтады.Осы кезде домбыраның дыбысы естіледі.Саз жетекшісі: Тыңдаңдаршы, балалар бір дыбыс естіп тұрған жоқсыңдар ма? Өзі қайдан шығып тұр, - деп жан – жағын қарап тыңдағандай болып.Меніңше, домбыраның үніне ұқсайды.Таптым, дыбыс мына қобдишаның ішінен шығып тұр, - деп қобдишаның ішінен домбыра аспабын алып шығады.Балалар бұл қазақтың ұлттық аспабы домбыра ғой.Қобдиша: Иә, дұрыс айтасыңдар, бұл домбыра аспабы. Қане, ендеше осы аспап жайлы не білетіндеріңді сұрақ қою арқылы білейін.Мұқият тыңдаңдар.
  • Домбырада ойнайтын адамды кім дейді?
  • Домбыра неден жасалған?
  • Домбыра неше ішектен тұрады?
  • Ол қандай аспаптың түріне жатады: ішекті, ұрмалы, үрмелі?
  • Неге ішекті аспап деп аталады?
  • Домбыра аспабымен не істеуге болады?
Ой,бәрекелді жарайсыңдар.Домбыра аспабы жайлы да көп бледі екенсіңдер.Рақмет,сендерге.Саз жетекшісі:Бабамыздың мұңысың сен домбыра,Анамыздың сырысың сен домбыра.Қазағымның жүрегіне жаралған,Даламыздың үнісің сен домбыра.- деп балаларымыз «Нағыз қазақ, қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» деп домбыраны әнге қосып жырламақ. Қабыл алыңыздар!Ән: «Домбыра сазы»Саз жетекшісі: Ал, енді ойын ойнауға қалай қарайсыңдар? Ойын өте қызықты, ойлау, есту,есте сақтау ажырата білу қабілетімізді жақсартуға арналған. Ойын: «Ойлан да тап!»Шарты: Аспаптарды үнінен танып, қимылынан ажырата айта білу керек.Саз жетекшісі: Көңілді өскен балалар,Күлім қағып тұрады.Мерекеге сән беріп,Шырқап та әнге салады.Енді, Қуаныш, Әкежан, Гүлназ балаларыңыздың орындауындағы мына бір тамаша әнді тарту етеміз. Қошаметтеп қол соғып, қарсы алайық.(Баян, сылдырмақ,дабыл аспаптарын қолдарына ұстайды)Ән: «Баян, дабыл,сылдырмақ»Саз жетекшісі: Құрметті ата – аналар, әріптестер балалардың жан – жақты өнеріне тәнті бола білдіңіздер. Ал, енді қаншалықты аспаптарда ойнай алатынын оркестр арқылы байқап көріңіздер.Оркестр: «Балдырған»Жүргізуші: Арайлап бүгін атты таң,Шашып бізге шырағын.Тілеймін сіздерге ақ – таңның,Қуанышын – шаттығын. – деп бүгінгі тіл мерекесін аяқтаймыз. Келесі кездескенше аман болыңыздар.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!