Материалдар / "Наурыз - ұлыстың ұлы күні"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Наурыз - ұлыстың ұлы күні"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты " Наурыз - ұлыстың ұлы күні" 8 сынып. Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру. Балалардың ойлау, қабылдау, зейін қабілеттерін дамыту. Жүйелі сөйлеуге, мерекелік көңілін көтеру, елге деген сүйіспеншілікпен бірге, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Мамыр 2022
466
6 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітілді:

«Наурыз – Ұлыстың ұлы күні»

Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру. Балалардың ойлау, қабылдау, зейін қабілеттерін дамыту. Жүйелі сөйлеуге, мерекелік көңілін көтеру, елге деген сүйіспеншілікпен бірге, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Наурыз мерекесіне арналған суреттер, интерактивті тақта, киіз үй, шарлар, дөңгелек үстел, бесік.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезені

Сәлеметсізбе, құрметті, балалар,! Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған «Наурыз –Ұлыстың ұлы күні» атты ертеңгілімізді салтанатты түрде ашуға рұқсат етіңіздер.Балалар, міне Наурыз да келді. 22 наурыз жыл басы. Наурыз үлкен мейрам.

Көптен күткен Наурыз тойы арайлы,

Нұрға бөлеп міне жатыр манайды!

Мал біткеннің бал татыған ұызды,

Қуат болып қанымызға тарайды.

Төрт түлік мал халқымыздың сүйері,

Көңілімнің күмбірлеген күйі еді.

«Аман ба» деп мал жаның?

Бірін-бірі құшақтасып сүйеді.

Ал, балалар! Бәріміз тұрып бір-бірімізді құшақтап, бір-бірімізге жақсы тілектер айтып, Наурыз мейрамымен құттықтайық! Наурыз – Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Ақ мол болсын! Жаңа жыл бақ, береке, молшылық әкелсің!

ІІ. Әңгімелесу

Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. 21-22 наурызда күн мен түн теңеледі. Наурыз деген сөздің өзі «нау» — жаңа, «руз» — кун деген сөздерден алынып, жаңа жыл деген ұғымды білдіреді. Адамдар Наурызға дайындалады. Олар үй, арық, аула, көшені тазалайды. Ағаш, гүл егеді. Адамдар үйлерінде дастархан жайады. Ән шырқап, би билеп, ойын ұйымдастырады. — Құрметті қонақтар, балалар! Наурыз құтты болсын! (бір ата-ана шашу шашады, музыка қосу) — Наурыз — бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған халық қастерлейтін күн.

Ал, енді біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз наурыз мейрамға дайындаған тақпақтарын ұсынады.

Ортаға екі бала шығады. Екі бала төс қағыстырып аман – саулық сұрасады. Ернар : Ассалаумағалейкум Ұлыс оң болсын Ақ мол болсын!

Жандаулет: Уағалейкумссалам Ұлыс оң болсын! Пәле – жала жерге енсін!

Жүргізуші: Ұлыстың ұлы күнін, яғни төл мейрамымызды қазақ халқының ұлттық әні «Дастархан» әнімен ашқымыз келіп отыр.

Әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп, оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады. Ендеше, ақ кимешегі наурыздың аппақ қарындай, ананың аппақ арындай, әжеміз наурыз көже әкелді. Қош келдіңіз! Балалармен амандасады.

Әже : (қолында тостаған) Наурыз құтты болсын, осы мейрам әр шаңыраққа бақыт, табыс, қуаныш әкелсін! Ұлыс бақты болсын, әр күндерің жақсы болсын, ақ мол болсын, төрт –түлігі ақты болсын,

қайда барса жол болсын!

- Балалар «наурыз көже» туралы не білесіңдер?

- күріш, тары, бидай, құрт, су, тұз, сүр ет

Әже: Дұрыс айтасыңдар, балалар! Наурыз көжені дайындау үшін жеті түрлі тағам салады.

- Ал, қонақтар, балалар жыл бойы тоқшылық болсын, қазанымыз оттан түспесін, дастарханымыз кең жайылсын деген, ақ тілекпен наурыз көжеден дәм татыңыздар! - отырған қонақтарға наурыз көжені ұсынады.

Жүргізуші: Келесі кезекті осынау қасиетті мерекеге орай ұлттық ойынымыз бес асық ойынына береміз. 4оқушы ортаға шақырылады.

Жүргізуші:

Құт бауырсақ шашылып,

Наурыз тойы ашылсын

Бір бірімен мына жұрт

Көрімдігін асырсын


Біздің халқымыз осындай тамаша, тәрбиелік мәні зор салт дәстүрге бай халық.Тойды одан әрі шеге шапан рәсімімен танысып жалғастырсақ деген тілек бар. Бүгінгідей ұлы мерекеде қазақ халқының ұмытылып бара жатырған дәстүрінің бірі туралы түсінік алсақ.

Шеге шапан (дәстүр, кәде). Құда болуға баталасқан екі жақ келіскенен кейін бір-біріне сый-сияпат ұсынады. Жігіт жағы «қарғы бау» ұсынғаннан кейін жаушыға «шеге шапан» жабады. Бұл уәде пісті деген сөз. «Жаушы» жіберген жақ жігіт ауылы келе жатқан өз «жаушыларының» үстіндегі яғни «шеге шапанын» көріп, оларды шашу шашып қарсы алады. Шеге шапан - сыйлық. Жігіт жағынан қарғыбау деп аталады.

Ал балалар тұрмайық

Ойнайықта ойлалы

Күні түні он үш күн

Наурыз тойын тойлайық.

Ендігі кезекте ұлттық ойынымыз «арқан тартыс» тамашалайық.Ортаға 5 оқушыдан шақырылады. Арқан тартыс ойыны ойнатылады.

Жүргізуші:

Жүргізуші: Балалар бүгінгі мейрамға бізге бата беруге арнайы Қызыр атамыз да келіпті.Келіңіз, ата төрлетіңіз.

Қыдыр ата: Армысыздар халайық. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Жүргізуші: Қош келдіңіз! Ұлыс күні қазан толса Ол жылы ақ мол болар Ұлы кісіден бата алсаң Сонда олжалы жол болар, деп өзіңізден бата сұраймыз

Айнадин:

Азамат боп ержетіңдер,

Ақылды болып ержетіңдер

Азамат болыңдар көрікті,

Ғұмырың болсын берікті

Азамат болыңдар ардақты

Мінездерің болсын салмақты

Өнерлі болыңдар жан – жақты

Осы айтқанның бәрі қабыл болып

Алла берсін сендерге зор бақты! Аумин.

Жүргізуші: Наурыз құтты болсын! Дендеріміз сау, мықты болсын! Наурыз тойы келе берсін! Барлық халық бақытты болсын, Қош ,сау болыңыздар, халайық! Көріскенше күн жарық болсын

Жүргізуші: Осымен «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні» атты мерекелік кешіміз аяқталды.Сау болыңыздар!





















Анықтама

16 нарурыз күні 8 «Ә» «Г» сыныптарына «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні» атты тәрбие сағаты оздырылды. Тәрбие сағатының мақсаты наурыз мейрамы туралы түсінік беру. Балалардың ойлау, қабылдау, зейін қабілеттерін дамыту. Жүйелі сөйлеуге, мерекелік көңілін көтеру, елге деген сүйіспеншілікпен бірге, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.

Тәрбие сағаты барысында Наурыз меркесінің шығуы туралы оқушыларға бейнеролик көрсетіліп, Нұргүл әжеміз балаларға наурыз көженің құрамын таныстырып , баяндады. Қыздар « Бес асық» ойынын ойнап, ұлдар жағы «Арқан тартыс» ойынын ойнады. Балаларға қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы мағлұмат берілді, соның ішінде ұмыт болып бара жатырған дәстүріміз «Шеге шапан» туралы түсінік берілді. Қыдыр атамыз бата беріп тәрбие сағатымызыд аяқтадық.





Сынып жетекшісі: А.Ж.Нурмухамбетова



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!