Материалдар / «Наурыз аруы - 2017» қыз сыны байқауы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Наурыз аруы - 2017» қыз сыны байқауы

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақтың салт дәстүрін жаңғыртып, қыз-келіншектерге ғасырдан жалғасып келе жатқан қолөнерін үйретіп, насихаттау болды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2018
195
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Наурыз аруы - 2017» қыз сыны байқауы 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Егіндібұлақ ауыл кітапханасы және мәдениет үйінің ұжымы бірлесе ұйымдастыруымен «Наурыз аруы - 2017» қыз сыны байқауы өтті. Бұл шараның басты себебі: қазақтың салт дәстүрін жаңғыртып, қыз-келіншектерге ғасырдан жалғасып келе жатқан қолөнерін үйретіп, насихаттау болды. Кітапханашы Бибісара Сарыбаеваның жүргізуімен сайысқа бес үміткер ару қатысты олар: Шахан Айымгүл, Мұқаш Дария, Әйкен Арна, Қабыкенова Дария және бесінші аруымыз Серікбай Ақбота Сайыс 5 бөлімнен тұрды. 1-ші бөлім «Елімнің көркі мен боламын» таныстыру, 2-ші бөлім «Ақыл менен парасат өмірлік темір қазығым» сұрақ-жауап, 3-ші бөлім «Өнерім-ұлтымның рухы»өзінің бойындағы өнерін көрсету, 4-ші «Анадан тағлым, әжеден ғибрат» атты қолөнер бөлімі, 5-ші бөлім «Мен қазақ қыздарына қайран қалам..» үй тапсырмасы биыл елімізде өтіп жатқан «ЭКСПО -2017» көрмесін байланыстыра өнерін көрсету. Осы тапсырмаларға аруларымыз табан астында жауап беріп, өнерлерін ортаға салып, оң қолдарынан өнері тамған шеберлер екенін көрсете білді. Сайыстың алдын ала сайланған төрайымдардың яғни көп балалы ана, алтын алқа иегері Амірханова Дәметай апа және ақ жаулықты анамыз Исмайылова Ырысты және Құндыкөл ауылынан арнайы шақыртылған қонағымыз Алтынай Касымовнаның шешімі бойынша бас жүлдеге ие болған Шахан Айымгүл, 1-ші орын иегері Мұқаш Дария, 2-ші орын Әйкен Арна және Серікбай Ақбота, Қабыкенова Дария 3-ші орынға ие болды. Сайыс соңында аруларымызға сыйлықтар тапсырылды. Ақ жаулықты апаларымыз ақ батасын беріп, ризашылықтарын білдірді.Сарыбаева БибісараЕгіндібұлақ ауыл кітапханашысы
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!